1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16063) 27 қазан, сейсенбі 2015
Сұмдық оқиға! Адам жанын түршiктiретiн жағдай! Тiптi айтудың өзi ауыр. Бiрақ үнсiз қалуға болмайды. Қаршадай қазақ баласы өз-өзiне қол салды, қыршынынан қиылды. Тараздағы “Нұр Отан” партиясы ғимаратының алдына барды да, соңғы сөзiн айтты. Сосын үстiне жанармай құйып, шырпы тұтатты. Бiттi. Ел аман, жұрт тынышта өрiмдей жас өлiм құшты. Кiм кiнәлi? Оны мұндай қадамға итермелеген не? Бұл елiмiздегi өзiн-өзi өртеу оқиғаларының алғашқысы ма? Жоқ. Бұған дейiн де жаға ұстатарлық талай оқиға болды. Ал мынау соңғысы болып қала ма? Соңғысы болу үшiн не iстеуiмiз керек? Мiне, бұл – ел-жұрттың жабыла талқылайтын, үкiметтiң дереу қолға алатын мәселесi.
ЭКСТРЕМИСТЕРДI ӘЛЕУМЕТТIК ЖЕЛIДЕН АУЛАУ ОПЕРАЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде бiр “бәлекет” бап бар. Өзi бiр құдды тәуелсiз жандар үшiн ойлап табылғандай-ақ. Ол – 183-бап. “Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистiк материалдарды жариялауға рұқсат беру” деп аталады. Онда былай дейдi: “Ұлттық, рулық, нәсiлдiк, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағыттал­ған, тектiк-топтық айрықшалықты, соғысты насихаттайтын, билiктi күштеп басып алуға, билiктi күштеп ұстап тұруға, мем­лекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан кел­тiруге немесе конституциялық құрылысын күш­теп өзгертуге, сол сияқты
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов өткен аптада Бiрыңғай ұлттық зейнетақы қорындағы 1 триллион теңге экономиканы қаржыландыруға жұмсалатынын мәлiм еттi. “Бiр триллион теңгенiң 400 миллиарды мемлекеттiк бюд­жет­тi қолдауға жұмсалады. Қалғаны әртүрлi жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Оның iшiнде банктер арқылы қаржыландырылатын құрылыс та бар”, – дедi бас банкир. Бүгiнгi күнi Бiрыңғай ұлттық зейнетақы қорында жинақтал­ған активтердiң сомасы 5 триллион теңгеден асады.
17 қыркүйек күнi Франция премьер-министрi Мануэль Вальс Әблязовтi Ресейге экстрадициялау туралы қаулыға қой қойғаны белгiлi. Сарапшы Максим Казначеев Regnum ақпарат агенттiгiнде жариялаған сараптамасында Франция бұл қадамға Ресеймен арадағы қарым-қатынасын жұмсарт­қысы келгендiктен барды деп жазады. Әуелi М.Казначеев баяндаған жайттарға тоқталып, сараптаманы мазмұндап шықсақ.
“Металлургия және металөңдеу” индустриалдық паркiне (“ММИП”) тазарту құрылғысын орнату эпизодында бұл жолы құнды құжат — қатаң есепте тұратын №000368 баспабет (бланк) додаға түстi. Тергеушiлердiң түсiндi­руiн­ше, Серiк Ахметов жобада бекiтiлген және мемле­кеттiк сараптамадан өткен чехиялық жабдықтарды ана­ғұрлым арзанына айырбастауға рұқсат сұраған өтiнiштi құрылыс iсi және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөнiндегi агенттiкке өзi қол қойып, осындай баспабетпен жолдаған.
Биыл маусым ортасынан ауғанда Астанада алтыншы халықаралық “Astana Mining & Metallurgy” (АММ 2015) конгресi өттi. Оған он сегiз елден алты жүзден астам делегат қатысты. Көпшiлiктiң қалың ортасында мен де жүрдiм. Әрине, “делегат” мәртебесiнде емес. Түстi металлургия тақырыбына жазған мақалам үшiн “Алтын Гефест” жүлдесi салтанатты жағдайда тапсырылды. Еңбегiнiң еленгенiн кiм жек көрсiн?! Мен де марқайып қалдым. Алайда айтайын дегенiм, бұл емес. Басты тақырыпқа көшпес бұрын сәл-пәл шегiнiс жасауға тура келедi.
Бiз – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентiнiң ақсақалдарымыз. Шетпеде тә­уелсiз ақсақалдар ортасы бар. Бұл ақсақалдық ортаны алғаш ұйымдастырған Маңғыстаудың абыз ақсақалы, халық шежiрешiсi, марқұм Жетi­бай Жылқышыұлы болатын. Бiз Шетпе кентiнiң орталығынан зейнетақымызға кеңсе жалдап алып, сол жерде жетi жылдай халыққа қызмет жасадық. Бiздiң ақсақалдар ортасы қоғамдық негiзде құрылған. Со­ның өзiнде талай елдiк мә­селелерге араласқанымыз елдiң есiнде болар.
Ол купедегi жарықты сөндiрiп, дәлiзге шығып, терезе алдына барды. Сыртта қою түн. Бiр разъезден жаңа ғана өтсе керек, артта қалған пәкене үйлердiң шамдары ғана жарқ-жұрқ етiп көрiнiп қалды. Қалғаны ат тұяғының соңында қалып бара жатқан аспандай кең қазақ даласы, өз жерi. “Далаңның кеңдiгi мен әсемдiгiн көру үшiн де осындай ұзақ жолдарға шығу керек” деп ойлады Қаһарман. Әйтпесе құдық түбiндегi құрбақаға аспан алақандай ғана болып көрiнедi....
Бала күнiмiзде әкемiзден гөрi анамыздың ықпалы мықты болғаны рас. Әлi есiмде, шешем “олай етпе, бұлай етуге болмайды” деген сынды сөздер айта бастаса, “неге?” деп сұраудан жалықпайтынмын. Сондайда анамның тапқырлығы ма, басқалай ма, әйтеуiр ол кiсi “солай етпейтiндей” етiп, санамды иландырып қоятын. Ол кезде суды көшенiң басындағы құдықтан таситынбыз. Сонда үнемi байқайтыным, шешем жолдың жиегiмен жүретiн де, үйге таяғанда келесi бетке өту үшiн оң-сол жағына қарап, содан кейiн ғана өтетiн.
ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН ӘДЕТТЕР
Ағылшын ғалымдары қатыгездiк пен қорқақтық секiлдi рухани дерттердiң де тұқым қуалайтынын анықтады. Клиникалық орталық қызметкерлерi жеке адамның бойындағы үрей мен оның ашушаң мiнезi тегiне байланысты деген тұжырым жасады деп жазады “Сегодня” басылымы. Букингем университетiнiң зерттеушiлерi адам бойындағы қорқыныш пен мейiрiмсiздiк тұқым қуалайтын қасиет екенiне әбден көз жеткiздi.

Дәрiгерге келген келiншек: “Не iстерiмдi бiлмеймiн. Сiздiң көмегiңiз керек. Екi балам бар. Бiрi бiрiншi сыныпқа барады. Ал екiншiсi әлi бiр жасқа да толған жоқ. Өкiнiшке қарай, аяғым ауырлап қалыпты. Бiрiнен кейiн бiрiн туып, миым ашитын түрi бар. Сол себептi iштегi баланы алдыртып тастағым келедi”, – дейдi. Бiр сәт ойланып қалған дәрiгер: “Олай болса, сiзге қауiпсiздеу түрiн ұсынайын”, – дейдi. Дәрiгердiң сөзiне разы болған келiншек басын изеп, келiскен сыңай танытады.

Сүйiктiңiзге, күйеуiңiзге махаббатыңызды жеткiзудiң бiр тәсiлi – оны мақтау. Мақтауыңыз шынайы болу керек. Кез келген iсiне алғыс, өзiне мақтау сөздердi айтып жүрсеңiз, ерiңiзге майдай жағары сөзсiз. Сiз ерiңiздi қалай мақтайсыз? Ерiңiздiң сымбатты екенiн айтыңыз. Спортпен айналысатын болса, денелi, тұлғалы екенiн жеткiзiңiз. “Сiздiң қорғаныңыз, арқа сүйер тiрегiңiз” екенiн жиi айту арқылы өзiңiздiң әйелге тән нәзiктiгiңiздi, еркелiгiңiздi ұмыттырмайсыз.
Сәлем салу – ертеден келе жатқан дәс­түрiмiз. Алайда келiндердiң сәлем салуы дұрыс емес дегендi естiп қалдым. Дiнiмiзде сәлем салу дұрыс емес пе сонда? Иiлiп сәлемдесуге ешбiр көрнектi ислам ғалымы “ширк” деп үкiм шығармаған. Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Иiлiп сәлем бермеңдер, олай iстеу «Алла тағалаға серiк қосуға жатады, яки тозақта азапталасыңдар» деген тәрiздi еш­бiр хадисi жоқ.
Жатсам да, тұрсам да жанымды жегiдей жейтiн уайымым бар. Дүниеге бес бала әкелген анамын. Құдайға шүкiр, төрт балам үйлi-баранды, балалы-шағалы. Тек тұңғыш қызым әйел бақытын сезiнбеген күйi өмiрден өтетiн болды. Бұл күнде жасы елуге таяған қызым жалғыз күн кешуде. Тұрмыс құрмады. Балалар мектеп жасындағы кезде отағасы кенеттен бақилық болып, тұрмыстың ауыртпалығы осы тұңғыш қызым екеумiздiң мойнымызға түстi.
Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң бас қаласы Абу-Дабиде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты бүгiн мәресiне жетедi. Елiмiзден барған қыз-жiгiттерге 1 алтын медаль бұйырды. 55 келi салмақ дәрежесiнде белдесуге түскен Мағжан Шәмшiдин араб елiнен әлем чемпионы атанып қайтты. Тәуелсiз Қазақ елiнiң тарихында дзюдо күресiнен жастар арасында әлем чемпионы атанған жалғыз бал­уан бар. Ол – Елдос Сметов. 2010 жылы Мароккода өткен әлем чемпионатында Елдос Сметов 55 келiде күресiп, финалда жапон Сейко Фуд­жиямидi жығып, әлем чемпионы атанды.
Дзюдо спортынан Астанада өткен әлем чемпионатында ­фра­н­­­цуздың алыбы Тедди Ринер әлем бiрiншiлiгiнiң алтын медалiн иелендi. Бұл жеңiсi оның әлем чемпионатынан олжалаған алтын медалiнiң санын сегiзге жет­кiздi. Яғни Тедди Ринер – әлем чемпионатының сегiз дүркiн чемпионы. Өзге балуандарды қайдам, осы әлем чемпионатындағы
ТАРТЫС ЕНДI ҚЫЗБАҚ
Премьер-лиганың 30-турында iрi есеп тiркелген жоқ. Мәселен, Қызылорданың “Қайсары” қарағандылық “Шахтерден” 0:1 есебiмен ұтылды. Димовтың 69-минутта соққан голы кеншiлердiң қанжығасына үш ұпай бөктердi. Дәл осындай нәтиже “Тараз” бен “Тобыл” тартысында тiркелдi. Ойынның негiзгi уа­қытында есеп ашылған жоқ. Бас қазы Атажанов қосымша екi минут үстеп, Пищур 92-минутта гол соқты да “Тараз” футболшыларының мерейiн үстем еттi. 
САЯХАТШЫ АЮ
Австралияның пошта қыз­меткерлерiнiң қателiгiнен ойыншық пүлiш аюы бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке қарай 329 мың шақырым “жүрiп өтiптi”. Австралияға бес рет “келiптi”. Екi рет Мексикада “болыпты”. Бүкiл АҚШ-ты “аралап шығыпты”. Сөйтiп, саяхатшы-аю иесiне тек қана үш жылдан соң “оралыпты”.
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бiрi Бауыржан Момышұлы 1944 жылы былай деп жазды: “Ақпанның 15-i күнi Алматыдағы кеселханаға түсе салысымен, көңiлiмдi сұрағалы көптен көрiспеген бiр таныс орыс әйел Сахарова дейтiн келiп отырып, қазақша жазылған бiр парақ қағазға көзi түсiп:
– Бауыржан, почему вы пишете по-казахский?– деп маған таңғала сұрақ қойды.
– Вы меня удивляете, Нина Александровна, почему я не должен писать по-казахский на родном языке? – дедiм мен.