1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16064) 29 қазан, бейсенбі 2015
Қазақта “үмiтсiз – шайтан” деген сөз бар. Бұл тек шайтанда ғана үмiт болмайды, адам сенiм және үмiтпен өмiр сүредi, ал үмiтi жоғалса, өмiрiнiң мәнi жоғалады дегендi бiлдiрсе керек. Расында да, адамды бұл пәниде ұстап тұратын – сенiм мен үмiт қана ғой. Бұл екеуiнен ажыраған адам шарасыз күйге түсiп, өмiрден қол үзедi. Бiздiң қоғамды осындай шарасыздық, амалсыздық, лажсыздық қатты жайлаған. Әдiлеттi еш жерден таппай iшi күйiкке толы жұрт тығырықтан шығарар жолды қайдан, кiм­нен iздейдi? Әлбетте, мем­лекеттен, сол мемле­кеттiң билiгiнен.

Құдайға шүкiр, жастар өсiп жатыр. Мысалы, күнi кеше ғана “Болашақ” бағдарламасының қос түлегi – Нұрлан Кеңесов пен Әсет Байсынов ОҚО әкiмi аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Екеуi де отыздан жаңа асқан жiгiттер. Ал Ақтөбе әкiмiнiң орынтағына 43 жастағы Бекбол Сағын отырды. Алматы шаһарын қырықтағы Бауыржан Байбек басқарып келедi. Жиырмадан жаңа асқан президенттiң жиен-немересi

Украинамен арадағы қақтығыстың түйiнi шешiлмей жатып Ресей тағы бiр соғыс отына май құйды. Бұл жолы Шам жерiнде. Таяу Шығыстағы соғыста В.Путин өзiн “қару асынған арбитр” сезiнетiндей. Соғыстың аты – соғыс. Тарихтағы ешбiр соғыс дәл әрi бiрсыдырғы өткен емес. Путиннiң Шам жерiндегi “соғыс арбасы” да бiрде тегiс, ендi бiрде кедiр-бұдыр жолмен тетiректеп келедi.
ОСЫ “НЕГЕ?” ТӨҢIРЕГIНДЕ ПIКIР АЛЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН. ӨЙТКЕНI МӘСЕЛЕ ДIНИ САУАТСЫЗДЫҚТА ҒАНА ЕМЕС...
Қазiр дiндегi ағымдар, дiн атын жамылғандар мәселесiне бүкiл әлем назар аударуда. Терiс пиғылды дiни ағымдар бүлiншiлiк әкелетiн күшке айналды. Бұл күш мемлекеттердi соғысқа килiктiрiп, халықтың қаны төгiлуде. Кеше ғана байлықтан басы айналып жүрген арабтар өзара қырқысып, тоз-тоз болуда. Жат ағымдардың Қазақстанда әрекет ете бастағаны да шындық.

Көрнектi ақынымыздың 80 жылдық мерейтойы аталып өттi. Туған жерiнде. Көрнектi ақынымыздың дүниеден озғанына да бiраз жылдың, нақтырақ айтсақ, аттай 6 жылдың жүзi болған-ды. Солай бола тұрса да, ҚР Парламентi Сенатының депутаты Лаззат Махатұлы Тұрлашов ақынның отбасына емес, ақынның өз атына (тiрi деп ойлаған болуы керек) құттықтау жiберiптi.

ҚЫЛМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАМАНЫ ҚЫТАЙ БИЛIГI ЕШҚАШАН БЕРМЕЙДI
 ҚХР ең жоғары билiгiнiң органы саналатын “Рынмин Рыбао”(Халық газетi) 2015 жылдың 25 тамыздағы санының 11-бетiнде Қытайдың Қоғамдық қауiпсiздiк министрлiгiнiң осы жылдың 22 тамызындағы бұйрығына сiлтеме жасай отырып, ендiгi жерде Қытай қоғам қауiпсiздiк (iшкi iстер) тарауларының 18 түрлi шектен шыққан, сорақы анықтаманы(газеттiң төл сөзi) бермейтiнiн жариялады.

Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғындары осылай дейдi. Ұлы жiбек жолының бойында, Бұғыты тауының етегiнде орын тепкен елдiмекен сүттей ұйыған бiрлiгiмен дара. Өткен сенбi күнi осы ауыл өзiнiң 50 жылдық мерейтойын атап өттi. Иә, қазiр кiм той жасамай жатыр деуiңiз мүмкiн, әрине. Бiрақ нұралықтар өткiзген ұлан-асыр шараның өзгеге үлгi боларлық тұсы көп. Ендi тарқатып айтайық.

Қазақстан мектептерiндегi бастауыш сынып оқушыларын тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету тоқтатылып, ата-аналар тарапынан үлкен наразылық тудырғаны мәлiм. Әйтсе де, президент Н.Назарбаевтың “әр оқушыға әке-шешесi бәлiш сатып алуына ақшаны өз қалтасынан шығарсын” деген бiр ауыз сөзi басым түстi. Сөйтiп, оқушылар осыған дейiн бiр мезгiл берiлетiн тегiн тамақтан қағылды.
Дәрiгер мамандығының қыр-сырын меңгерiп, сол жолды таңдау үшiн үлкен жүрек пен табандылық қажет. Осындай табанды дәрiгердiң бiрi – алашордашы Асылбек Сейiтов. 1894 жылы Омбыда аудармашы отбасында дүниеге келген Асылбек жастайынан оқуға құштар болып өстi. Шешесi Қадиша Омбыдағы “Үш жүз” партиясының негiзiн қалаушы Мұқан Әйтпеновтiң туған қарындасы едi. Ол 26 жасында 6 баламен жесiр қалды. Осы 6 баланың iшiндегi ерекше дарынды, таланттысы Асылбек болды. А.Сейiтов 1911 жылы Томск мемлекеттiк университетiнiң медицина факультетiне оқуға түстi.

Менiң балалық бал дәу­ренiм Ташкент қаласының маңындағы қазақ ауылында өттi. Бұрындары орталық Азиядағы көне де мәңгi жас қала – Ташкенттiң аспанмен таласқан әсем ғимараттары мұнарланып алыстан көрiнетiн. Бүгiнде ол мен туып-өскен ауылымнан таяқ тастам жерде тұр. Сонау кеңестер дәуiрiнде ауданымыз Калинин “ақсақалдың” атымен аталатын. Ал бүгiнде өзiнiң тарихы мен салт-дәстүрiне берiк өзбек туысқандар оны “Зәңгi ата ауданы” деп ресми түрде атайды.

Мен №33 орта мектептiң 11 “а” сынып оқушысымын. Мектеп оқушысы ретiнде мектеп оқулықтарына қатысты өз наразылығымды бiлдiр­гiм келедi. 2016 жылы, бұ­йыртса, ҰБТ тапсырамын. Таңдау пәнiм – әдебиет. Жiтi дайындалудың барысында 5 пен 11 сынып оқушыларының кiтаптарынан халқымыздың белгiлi адамдарының, ақын- жазушылардың туған, дүниеден өткен жылдары және т.б мағлұматтар әртүрлi.

Жақында Астана қаласындағы көше атауларын “ағылшын тiлiнде жазу керек” деген хабарды теледидардан құлағым шалып қалды. Менiңше, бұл дұрыс емес. Онсыз да елордада кейбiр көшелердiң аттары қазақша, орысша, ағылшынша жазылып тұр. Қайта оларды алып тастап, қазақша нақышпен көркемдеп жазу керек. Неге десеңiз, бiрiншiден, қазақ тiлi – Қазақстанның мемлекеттiк тiлi.

Күз болса да, жаным аңсайд көктемдi,
Самал есiп, жел тербетiп, өпкендi.
Аймаласа әсем гүл мен көбелек
Пәк тәнiмдi көк кiлемде көктемгi.
Колледжде бiрге оқыған курс­тас қыз күз басында тұрмыс құрды. Ауқатты әкесi аянып қал­ған жоқ. Жасауын қымбат дүниемен толтырды. Мейрамханада аста-төк той жасап бiр шалқытты. Ше­шесi де жарқырап, жасау-жабдығын, қыздың киiм-кешегiн, көрпе-төсегiн түгендеп зырылдап жүрдi. Не керек, кiсi қызығарлықтай көрiнiс едi бұл. Сырт қараған адам­ға төрт құбыласы түгел бой­жеткеннiң ұзатылу тойы екенi рас.
“АҚ ЖЕЛКЕН” 90-ҒА, “ҰЛАН” 85-КЕ ТОЛДЫ
Бiздiң балалар бастауыш сыныпта “Балдырған” журналын оқиды, одан iлгерiлей келе “Ұлан” газетiне көшедi, жоғары сыныптарға қарай аяқ басқанда “Ақ желкен” журналымен достасады. “Балдырғанды” iнi-қарындастарына қалдырып, “Ұлан” мен “Ақ желкендi” есейгенде де қи­май жүретiндер бар.

Мен Меллатхан мырзамен 1963 жылы таныс­тым. Ол кезде Шыңжан университетiнiң филология факультетiнде оқып жүр едiм. Ал Меллатхан мырза Шыңжан халық баспасында аудармашы болатын. Меллатхан мырза қытай тiлiн өте жетiк бiлетiн. Ол Жин Биң-жы деген қытай екеуi қазақша-қытайша мақал-мәтелдер сөздiгiн жасап, оны жарыққа да шығарды.

Жуырда электронды ақпарат құралдарының бiрiнен “Бөгенбай батырдың ұрпақтары оның дулығасын мұражайға сатқалы жатыр” деген хабарламаға көзiм түскен соң, кәдiмгiдей абыржып, Ерейментаудың аудандық әкiмдiгiмен хабарластым. Сөйтсем, бұл жалған ақпарат екен. Қазiр сенсация iздеген жас журналистер жетерлiк, солардың бiрi мәселенiң анығына жетпей, бере салса керек. Бiрақ әлеуметтiк желiлердiң бетiне шығып кеткен соң, оны бүкiл Қазақстан жұртшылығы оқитыны

“МАРХАБАТ-МИРАС” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
“Мархабат-Мирас” қоғамдық қоры құрылған үш-төрт жылдан берi өзге ұйым, мекемелермен, әсiресе әкiмдiк­тер­мен, мәслихаттармен бiрге жұрт­шы­лықты, айрықша жас ұрпақты патриоттық рухта, Мәңгiлiк Ел мұраттарына адалдыққа тәрбиелеу, көркем әдебиетке, кiтапты талғап оқуға бетбұрыс жасау, жас қаламгерлердi қолдау мақсатында
Олимпиада алтынының қазақ  баласына бұйырмағанына – 35 жыл
Қазақ балуандары арасынан тұңғыш болып жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалiн иеленген Жақсылық Үшкемпiровтiң жетiстiгiн қайталай алмай келе жатқанымызға 35 жыл болды. Әмiрәлiнiң жалғыз ұлы жаһанға қазақ дейтiн ұлттың балуандық өнердi қалай шебер меңгергенiн дәлелдегенiне де – 35 жыл.  4-8 қараша күндерi Ақтөбе қаласында күрес түрлерiнен Қазақстан кубогы үшiн
Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыда екi мұз айдыны сарайы салынып жатқанын айтты. Алматы қаласында 2017 жылы бүкiләлемдiк қысқы универсиада өтедi. Осынау додаға арнайы салынып жатқан мұз сарайының бiрi 12 мың жанкүйерге арналса, екiншiсiне 3 мың көрермен сияды. Министр спорттық резервтi әзiрлеу үшiн жастарға арнап қысқы спорт түрлерiнен салынатын спорттық нысандардың көбеюiне алабөтен көңiл бөлiне­тiнiн айтты.
«ЕСЕМДI ЖIБЕРГIМ КЕЛМЕЙДI»
Әлемнiң экс-чемпионы филиппиндiк Мэнни Пакьяо келесi жылдың көктемiнде ақырғы айқасын өткiзiп, спорттағы мансабын аяқ­тайтыны жөнiнде айқтан. Бiрақ оның қарсыласы кiм болатыны белгiсiз. “Пакьяо кiшi Флойд Мейвезерден есесiн қайтару үшiн қарымта айқас өткiзуге бел буды” деген сөздiң жаны бар секiлдi. “Есемдi қайтару үшiн бiз Флойдтың промуо­терлiк компаниясымен ке­лiссөз жүргiзiп жатырмыз” дейдi Пакьяо. 
Боямасыз өмiр
Алдау да, арбау да мына заманда түк емес екен ғой. Әсiресе, қаржы мәселесi жөнiнде. Сiзге жағдайын түсiндiрiп, жаны қысылып қыл ұшында тұрғанын айтып, Алла атымен ант етiп, көңiлiңiздi босатып қомақты қаржыны қолға түсiрiп алады да, iзiм-қайым жоғалады. Iздесең – дерегiн таппайсың. Қылмыскердей “қашып жүргенi”. Сәтi түсiп кездесе қалсаң, “не бопты сонша, жанымызды алып... Жағда­йым келгенде беремiн” дейдi безерiп.