1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16065) 3 қараша, сейсенбі 2015

Өткен аптаның соңында Лениндi “далаға қалдырғысы” келмеген коммунистер Астана әкiмшiлiгiне хат жазып, “күн көсемнiң” ескерткiшiн өзiне лайықты жерге тұрғызуды өтiнiптi. Бұл туралы “Азаттық” радиосы егжей-тегжейлi жазды. Ондағы деректерге қарасақ, бұл Лениндi аңсайтындардың Астана басшылығына жолдаған алғашқы хаты емес екен. Бiрақ ешбiр хатқа “оңды жауап” келмеген. Қысқасы, қала басшылығы “қасарған” сайын коммунистер де ентелеп қоймайтан сияқты. ҚХКП-ның Астана қалалық бө­лiм­шесiнiң хатшысы Марат Әу­бәкiров әлгi үшбу хатында бүй дептi: “Қазiргi азаматтар тарихты ұмытып бара жатыр. Мақсатымыз – Лениннiң бюстерi, ескерткiштерi жаман жерде жатса, соны бiлiп, жинап, дұрыстау жерге орналастыру. Сосын мемориалды кешен ашылса деймiз”.

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетовтiң қызметтен кеткенi сарапшылар мен журналистер қауымы үшiн анау айтқандай жаңалық болған жоқ. “Қ.Келiмбетов әне-мiне кетедi екен” деген алыпқашпа әңгiме қыркүйек айы­нан берi гулеген. Ақыры сол ақпарат расқа айналды. Президент Н.Назарбаев Қ.Келiмбетовтi қызметiнен босатып, орнына Данияр Ақышевтi Ұлттық банк төрағалығына ұсынған. Кеше сенат өзiнiң отырысында прези­денттiң бұл ұсынысын бiрауыздан қолдады.

Қазақстанның Бiлiм және ғылым министрлiгi “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын дайындап, жақында осы құжатты парламент қабылдады. Сонымен елiмiздiң бiлiм саласында бұл жолы қандай өзгерiстер күтiп тұр? Жаңа заңда мұғалiмнiң, педагогтың беделiн көтеруге бағытталған бiрқатар талаптар енгiзiлген.

ҚР Қылмыстық кодексiнiң 174-бабының 2-бөлiгi бойынша айып тағылған азаматтық белсендiлер – Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлинге жұрт қолдан келгенше қолдау бiлдiрiп жатыр. Бұл қолдау әлеуметтiк желiмен ғана шектелмей, жанашырлар уақытша тергеу изоляторына жеделхаттар, қажеттi керек-жарақтар жiберуде. Белсендiлердiң отбасылары да азаматтарды қорғауға бар күшiн салып, мәлiмдемелер таратуда.

Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының шешiмiмен азаматтық қоғам белсендiлерi Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбеталин екi айға қамауға алынғаны мәлiм. Екi азаматты да нақты дәлел-дәйексiз, әлеуметтiк желi парақшасындағы жазбалары үшiн абақтыға жабуға шешiм шығарған судья тiптi Е.Нарымбаевтың денсаулығын да назарға алмады. 

“Серiктiң сотында” металлургия және металөңдеу индустриалдық паркiне (ММИП) тазарту құрылғысын орнату кезiнде кеткен кемшiлiкке қатысты бейнебайланыс арқылы жауап берген алматылық куәгерлер арасындағы Ержан Орымбетовтiң сөзi осындай ойға жетелейдi. Егер оны қызметтен қуғанда жалақысын жырымдамай толық берсе, түк пәле жоқ екен...

Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов әңгiменiң майын тамызып айтады екен. Ол өткен аптада Сенат депутаттарына Монако түрмесiнiң кереметi туралы “дәрiс оқып” бердi. Сенаттың қырық жетi депутаты дәп бiр заң факультетiнiң үлгiлi студенттерiндей аузын ашып, көзiн жұмып отырып тыңдады. Кейбiрi әңгiменiң әсерiнен қиялға берiлгенi соншалық, Монаконың “курорт-түрмесiн” жүйрiк қиялымен шарлап кеткендей күй кештi.

Ақтөбе облысының әкiмi Бер­дiбек Сапарбаев әкiмдiкке таға­йындалғаннан бергi 1,5 ай iшiнде облыстың 12 ауданының 9-ын аралап шықты. Сапарбаевтың өзгеше сапарлары ел адамдарына қызық болып көрiндi ме, әуелгi кезде жұрт тосылыңқырап қалды. Жолда келе жатып кез келген ауылға көлiгiнiң басын бұрып, кез келген адаммен сөйлесе кететiн басшыны ақтө­белiктер бұрын-соңды көрмеген едi. Оның үстiне

Қазанның 28-i күнi Павлодардағы ауданаралық мамандан­дырыл­ған сот облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтан 500 мың АҚШ доллары көлемiнде ақша бопсалады деген айыппен тұтқындалған журналист Я.Голышкинке, мемлекеттiк қызметкер А.Бахралиновке, полиция майоры Ф.Алиясовке, кәсiпкер Н.Сүлейменовке қатысты үкiмiн оқыды. Сот барысында бұларға алдын ала келiсiп, аса үлкен көлемде ақша бопсалады және кәмелет жасқа толмағандарды ауыр қылмыс жасауға тартты деген айыптар тағылған.

Қазанның 31-i күнi Ресейдiң “Қоғалымавиа” әуе компаниясының А321 жолаушылар ұшағы Мысыр көгiнде апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы 224 адамның бәрi көз жұмды. Апатқа қатысты сарапшылар түрлi болжам айтуда. Коммерсант басылымының жазуынша, әлдебiр күштi жарылыстың салдарынан ұшақ әуеде бөлшек­тенiп, жерге шашылып түскен. Бiрнеше шақырым аумаққа шашыраған ұшақ бөлшектерi осыны айғақтайды.
Жуырда Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” ҚР Заңы қабылданды. Осы өзгерiстер мен толықтырулардың iшiнде көптi ойландыратын бiр мәселе бар. Бұл жөнiнде Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов “

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясынан шу шықты. Ақша бермесе, сынақтан өткiзбейтiн тойымсыз ұстаздарынан зәрезап болған студенттер амалсыз журналистерден көмек сұраған. Аты-жөнiн атамауды өтiнiп, NUR.KZ тiлшiсiне сұхбат берген тәлiмгерлердiң әңгiмесi жұрттың жағасын ұстатты. Осы оқиғадан кейiн ЖОО әкiмшiлiгi iшкi тексерiс жүргiзiп, 4-курс студенттерiнен ақша жинаған 3 мұғалiмдi анықтапты

Көңiлiне сәл бiрдеңе ұнамай қалса, көзiнен жасы моншақтап қоя беретiн бойжет­кендердi жiгiттердiң көбi ұнатпайды. Әрине, орынсыз жылап-сықтауды кiм жақсы көрсiн?! Алайда ғалымдар жылаудың денсаулыққа аса пайдалы екенiн дәлелдеп отыр. Тiптi ашуланған жағдайда сазарып-безерiп, үн­сiз отырып алатын адамдарға қарағанда бiр жылап алып, артынан жайнап шыға келетiн жандар өзiне ғана жақсылық жасап қоймай, айналасына да жағымды әсер қалдырады екен.  

Жатақханадағы студенттер “жаңалық ашуға” келгенде алдарына жан салмайды. Олар жоқтан бар жасау­дың шеберi. Әсiресе, асыққанда амал тапқыш. Мына бiр суреттердi интернет иiрiмдерiнен сүзiп алдық. Қай елде, қай қаланың қай жатақханасында түсiрiлгенi белгiсiз. Бiрақ студенттiк өмiрдiң қызықты күндерiнен сыр шертедi. Ерiксiз езу тартқызатын бұл суреттердi жастар үлгi алсын деп ұсынбағанымызды оқырман түсiнедi деген үмiттемiз. 
КУРСТАСЫН ПЫШАҚТАДЫ
Шымкенттiк колледждiң студентi өзiнiң курстасына бiрнеше жерден пышақ жарақатын салды деп хабарлады ОҚО IIД баспасөз қызметi. Бұл оқиға Шымкент көшелерiнiң бiрiнде болған. Аулада жiгiттердiң төбелесiп жатқаны туралы хабар IIБ-нiң Абай полиция бөлiмiне келiп түскен. Бiрақ полицейлер оқиға орнынан денесiнiң
Келесi жылы қызық қуғанды қысқартыңдар! Қарағанды облысының әкiмi Нұрмұхамбет Әбдiбековтiң тоғыз айдағы аймақтың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi талқыланған отырыстағы сөзiнiң сыңайы осыған сайды.  “Келесi жыл қиын болады, сондықтан бар мүмкiндiктi шашыратпай, шоғырландырыңдар. 2016 жылы әртүрлi той өткiзуден тыйылыңдар.
МЕНIҢ МҰҢЫМ
Абай айтқан кемел жасқа келдiк. Бұл торығудың толысуға, ақылдың парасатқа, жастың жасамысқа толайым бет бұруы деген сөз. Жасына лайықты сөз өру, өмiр сүрiп жатқан кезеңдi ғана емес, келешектi де ой-таразыға салу жақсы мен жайсаңға жарасар жағдаят. Бiздiң әр күнiмiзде, әр сағат-сәтiмiзде бабалар ерлiгi мен бiр­лiгiнiң тасқа да, тағдырымызға да бедерлеп, бейнелеп қалдырып кеткен қасиеттi Қолтаңбасы жатыр.
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТIМIЗДIҢ ҮЛКЕН ҚУАНЫШЫ
Кеше ҚР Ұлттық кiтапханасының Көрмелер залында Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ҚР Ұлттық кiтапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, көрнектi прозашы Әлiбек Асқаровқа “Социализм әңгiмелерi” мен “Әйел парасаты” топтама әңгiмелерi үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымы аясында құрылған Халықаралық Жазушылар одағының “Ұлт мақтанышы” төсбелгiсi табыс етiлдi. Төсбелгiнi “Бейбiтшiлiк әлемi” халықаралық қазақ шығармашылық бiрлестiгiнiң өкiлеттi өкiлi Мұхамедқали Баймұқанов тапсырды.
БИОЛОГИЯ ПӘНIНIҢ МҰҒАЛIМI
Дебби Хиркенс оқушыларды сабаққа қызықтырудың жаңа бiр тәсiлiн ойлап тапты. Ол биология сабағына қаңқаның суретi салынған майка киiп келдi. Әрине, бұл киiмi үшiн Дебби алдын ала мектеп директорының келiсiмiн алған едi. “Әр оқушының мiнез-құлқы секiлдi әр пәнге деген көзқарасы да әртүрлi. Сондықтан оларды өз пәнiме қызықтыру үшiн осындай әдiске бардым. Бiрде интернеттен адамның қаңқасы мен iшкi ағзаларының суретi салынған трико мен майкыны көрдiм де ойланып қалдым.

Дзюдо спортынан әлем чемпионы атанған балуандарымызды санамалар болсақ, он саусаққа толмайды. Ересектерден бастасақ, 2009 жылы Максим Раков Нидерландыдан әлем чемпионы атанып қайтты. Биыл жазда Астанада өткен әлем чемпионатында Елдос Сметов әлем бiрiншiлiгiнiң алтын медалiн иелендi. Ересектер арасында алған алтынымыз әзiрге осы. Жастар арасында 2010 жылы Елдос Сметов Мароккода әлем чемпионатының алтын медалiн олжалады.

БЕС КЕЗЕҢДЕ БАҒЫН СЫНАЙДЫ
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақ елiнiң үмiтi Элизабет Тұрсынбае­ва әлемдiк гран-при додасының екiншi кезеңiнде 7-орынға табан тiредi. Элизабеттiң гран-при додасының бiрiншi кезеңiн­де (Skate America) төртiншi орын алғанын жазғанбыз. Әлемдiк гран-при додасының бiрiншi кезеңi АҚШ-та өткен-дi. Екiншi кезеңi Канадада жалауын жел­бiретiп, америкалық Эшли Вагнер топ жарса, ресейлiк Елизавета Токтамышева екiншi сатыға тұрақтады.

Бiрлiктi болу, бiртұтас болу, бiрауызды       болу – кез келген халықты мұратына жеткiзедi. Бiрақ бұл бүгiн әлдебiреулер айтып жүрген “бiрлiк” емес. Өйткенi бiрлiк – “тағдыр салды, мен көндiмнiң” керiне айналмауы керек. Бiрлiктi елдi ешкiм тiзеге баса алмайды, тiлi мен дiнiнен ажырата алмайды. Бiрлiктi ел оған жол бермейдi.