1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16066) 5 қараша, бейсенбі 2015
АСА ҚАУIПТI БАКТЕРИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН АЛМАТЫДАҒЫ ЗЕРТХАНА КЕЛЕР ЖЫЛЫ САЛЫНЫП БIТЕДI
Бұдан бес жыл бұрын АҚШ-тың қаржысына Алматыда биологиялық зертхана салатыны мәлiм болғанда ресейлiк сарапшылар шабына шоқ түскендей шоршыған. Ресейдiң стратегиялық зерт­теулер институтының Орал аймақтық-ақпараттық сараптамалық орталығының директоры Дмитрий Попов былай деген: “Бұл зертхананы екi мақсатта пайдалануға болады. Ресей шекарасының шебiнде мұндай нысан салу Ресей мен Орталық Азия елдерiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiредi”.
АШЫҚ ХАТ
Ақтөбе облысы қазбаға қаншалықты бай болса, улы қалдыққа да соншалықты бай. Соңғы жылдары аймақтағы мұнай өндiрушi қытайлық компаниялар мен оның серiктестерi (ЖШС-ТОО) жердiң асты-үстiнiң астан-кестеңiн шығаруда. Тау-тау мұнай қалдықтары мен септиктер төгiлген сай-сала, ой-шұңқырға ауылдың малы жайылады, адамы су iшедi. Қытайлардың қылмысты iстерiн дәлелдейтiн фото, бейне айғақтар жетерлiк

Көңiлiңiзге келсе де айтайық, қазақ – қызық халық. Қызық болатыны, өзi – бiр жақта, сөзi – бiр жақта. Сосын мақтанғанда алдына жан салмайды. Мысалы, 2012 жылы бiр қазақ “Қазақстан-2030” бағдарламасы мерзiмiнен бұрын орындалды” дедi. Демек, бiз 2030 жылдан аттап өттiк. Бiреулер қадамы қатып, бiр орында тұрып қалған, ендi бiреулер керi кеттi. Ал бiз Байқоңырдан көтерiлген “Протондай” аспанға шаншылдық.

Алматының Алмалы аудандық 2-сотында «Жас Алаш» газетiнiң үстiнен жазылған шағым бойынша сот отырысы өткен сейсенбi күнi жалғасты. Алдыңғы сотта газеттi қолдап келген азаматтарды кiргiзуге рұқсат бермей, сотты жабық өткiзуге әрекеттенген судья Айнұр Бейсеуова бұл жолғы процестiң ашық өтетiнiн мәлiмдедi. Сот отырысында екi тараптың талап-арыздары мен қарсылық шағымдары тыңдалды.  

Бiз, Маңғыстаулық ақсақалдар, “Жас Алаш” газетiнiң жарты ғасырдан бергi тұрақты оқырмандарымыз. “Жас Алаш” алты Алашқа тарайтын, ақиқатты қалайтын қазақтың жоғын жоқтап, Алаштың арын арлайтын қазақтың бас газетiне айналды. А.Байтұрсыновша айтқанда, бұл газет “халықтың тiлi, көзi, Һәм құлағы” бола бiлдi. Сондықтанда бiз “Жас Алашты” асыға күтiп, тұшына оқимыз.

ҚАРСЫЛЫҚ
“Жас Алашты” не үшiн жазықты етпек болды? Iстiң мән-жайын түсiндiр­сеңiздер екен. Газетiмiздi қорғау үшiн бiз не iстеймiз? Осындай сауалдарымен, талап-тiлектерiн бiлдiрiп жатқан жанашыр көпшiлiкке мәселенiң мәнiсiн ашып айтқанды жөн көрдiк. Төменде iстi қараушы сотта келтiрiлген “қарсылықты” ықшамдап жарияладық. Мәртебелi судья! Сiздiң өндiрiсiңiзде қаралып жатқан азаматтық iс бойынша

Әлемнiң алпауыт елдерiнiң басшылары Қазақстанға жиi сапарлайтын болды. Соңғы бiр-екi айдағы сапарларды сараласақ, Астанаға Украина президентi Петр Порошенко, Ресей прези­дентi Владимир Путин, жақында Жапония премьер-министрi Синдзо Абэ, ендi мiне, күнi кеше ғана АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Джон Керри келiп кеттi. Керридi қабылдаған күннiң ертесi президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапармен ұшып кетiп, сол елдiң премьер-ми­нистрi Дэвид Кэмеронмен

Кереку өңiрiндегi орыстiлдi ағайындардың бiразы қазақ ұлтына қатысты кез келген оң мәселеге одырая қарайтыны бар. Бiр қызығы, бұл өңiрде басқалардың жоғын жоқтап, қазақтың ұлттық мүддесiне қарсы шыққан адам “интернационалист” атанып, құрметке бөленедi. Ал қазақтың тiлi мен оның ұлттық құндылықтарын қорғаған кiсi қолма-қол “ұлт­шыл”, “ұлт араздығын қоздырушы” болып шыға келедi.

Сөз арасында айта кетейiн, мен биыл 70-ке толып, “Нобель сыйлығының лауреаттары” деген айдармен кiтап шығарып едiм. Кiтап аты – “Ұршықтайын иiрген сөз мәйегiн”. Бұл кiтапқа И.Буниннен бастап он төрт елдiң сөз зергерлерiн топтастырдым. Бiз, аудармашылар деген халық пәлендей асыға қоймайтын жұртпыз ғой. Әйтсе де, “қазан аузы жоғары” демекшi, бiраз тыныстап алып, Нобель сыйлығы лауреаттарының шығармаларын одан әрi аудара бермекке бел шешкенмiн.

Бiр күнi күнделiктi әдетiм бойынша ақыл-есi толысқан, түрiне қарап көз тоятын, қынама бел, қолаң шаш өзiмiз­дiң қаракөз қыздарға экскурсия өткiзiп келе жаттым. Тура мұражайдың үшiншi қабатына орналасқан Өзбекәлi Жәнiбек ағамыздың тапсырысы бойынша, өнерлi азамат Қырым Ал­тынбековтiң қолынан шыққан Торғай қызының сәукелесiне келгенде тебiренiп сала бер­дiм:

Жақында Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Айыртау селосынан келген Қырықбай Бұқарбаев деген алпысты алқымдаған ағамызбен дастарқандас болдым. Әлгi ағамыз өмiр бойы ауыл шаруашылығында жылқы, сиыр, қой бағыпты. Қазiр сол Айыртау селосына бес түлiк малды бағатын шопан табу мұң болғанын жеткiздi. “Бұл тек бiздiң ауылда ғана емес, шал­ғайдағы ауылдарда да шопан жетiспейдi.

Жыл сайын жылдың соңында өзiмнiң сүйiктi газет-журналыма жазылу мақсатында ауылымыздағы пошта мекемесiне арнайы барамын. Алайда жыл өткен сайын баспасөздi үйге жаздыртып оқитындардың қатары сиреп бара жатқанын байқаймын. Сондай сәттерде өткен заманның еншiсiнде қалған баяғы пошта жүйесiнiң жұмысы мен қазiргi “Қазпоштамыздың” жағдайын салыстырып, көңiлiм жабырқайтыны бар.

«Жас Алашқа» жазылыңыз!
Қазақтың қаржы-қаражатты, мал-мүлiктi, ақшаны, байлықты жалпылама атаумен “дүние” дейтiнi де белгiлi. Қазақтың әйгiлi ғұламасы Мәшһүр-Жүсiп бүй дейдi: “Дүниеге көңiл бұруға болар, бiрақ көңiл берме! Өйткенi дүниенi сен қимасаң да, дүние сенi қиып кетедi. Уай, ғапiл бейшаралар, қиямет күнiнде Құдай “Ақыл бердiм, қандай орынға жұмсадың?”,

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының бiр топ ата-аналары көктемде “Жас алашқа” арызданып, оқу орнындағы жайсыздықтардан хабардар еткен едiк. Сiздерге рақмет, басылымдағы жанайқайдан соң физика-математика мектеп-интернаты жабылмайтын болды. Дегенмен оқу жағдайы түзелiп кете қойған жоқ.

Денесiнiң биiктiгi мен көлденеңi бiрдей осы бастықты мен жиi көрiп тұрам. Және бiр қызығы, қашан көрсем де оның телефонмен сөйлесiп тұратынын байқаймын. Бұл кiсiмен кездесуiм өткен жылы болған едi. Баспасөзге жазылу жұмысының жай-жапсары қалай болуда екен деген мақсатпен меке­ме­сiне бас сұққанмын. Бiр жақсысы, бастықтың алды бос екен. Хатшы қыз “кiре берiңiз” деген соң iшке

Желтоқсандықтардың атын жамылып жала жауып, ұлттық мәселелерге тiкелей араласып жүрген азаматтарды абақтыға жабуға себепкер болған “үштiк” – Гүлбаһрам Жүнiс, Нұрлыбек Қуанбаев, Бейсенбай Құсбековтердiң әрекетi 1937-38 жылдардағы қазақтың сүт бетiне шығар қаймақтарын қойша көгендеткендердiң жымысқы әрекетiн еске түсiрдi. Бүгiнгi билiктiң қолжаулығы болудан арланбастан, ар-намысты “жиып қойып”, лас iске бар­атындарды қайтiп “желтоқсандық ұлт патриот­тары” деймiз?

“Ең бастысы, жолдама иелендiм. Ендi Рио де Жанейро жазғы Олимпиадасының алтын медалiн олжалауға күш саламын. Естерiңiзде шығар, Серiк Сәпиев 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатының финалында ұтылып, күмiс медальдi мiсе тұтты. Бiр жылдан кейiн Лондон жазғы Олимпиадасында ол алтын медальға қол жеткiздi” деген едi Данияр Елеусiнов Катарда өткен әлем чемпионатының финалында жеңiлгенде.
ҚЫРАННЫҢ САМҒАУЫНА ҚИЯН КЕРЕК
Қанат Ислам сенбi күнi кәсiпқой бокстағы кезектi жекпе-жегiн өткiзедi. АҚШ-тың Майами қаласында өтетiн айқаста қандасымыз мексикалық Алексис Камачоға қарсы тұрады. Камачоның Қанаттан жасы да үлкен, кәсiпқой бокста өткiзген жекпе-жегi де көп. Ол осы күнге дейiн 26 мәрте айқасып, бес айқасында жеңiлiптi, қалған жекпе-жегiнде жеңiске жеткен. 10 раундтық жекпе-жекте жерлесiмiз өзiнiң күш-жiгерiн көрсетедi деп сенемiз.