1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 (16067) 10 қараша, сейсенбі 2015

Мырзекеңе мың да бiр рақмет! Бұл кiсi не айтса да, iшi-бауырыңды елжiретiп айтады. Арыдан ойлап, тереңнен толғап айтады. Мақтаса майын тамызады. Әрi кiмдi мақтау керек екенiн де жақсы бiледi. Бiр қызығы, өзi мақтап жүрген адамды өзгелер мақтаса, өрiсiне бөтен мал түсiп кеткен шақар шалдай ширығатыны бар. Осыны ұғып алғаннан кейiн де шығар, әйтеуiр, Мырзекеңнiң “миына ши жүгiртетiндер” көбейдi қазiр.

МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ОСЫНДАЙ КҮДIКТI ОЙЛАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДI
Таяу уақытта қазақстандықтарды тағы да бiр қорға ақша аударуға мiндеттемек. Медициналық сақтандыру деп аталатын бұл қорға әрбiр азаматтың жалақысының белгiлi бiр пайызы ұсталады. Әзiрге медсақтандыруға айлық табысымыздың нақты қанша мөлшерi ұсталатыны белгiсiз. Белгiлiсi, ендiгi жерде зейнетақы қорына аударылатын 10 пайыздық ақша секiлдi өзiмiздiң денсаулығымыз үшiн де ақша төлеймiз.
Ұлттық банк басшылығына Данияр Ақышев келгелi берi теңгенiң бағамы күрт құлдырай бастаған едi. Өткен жұмада Қазақстан қор биржасындағы кешкi сессия­да доллардың бағамы 310 теңгеден асты. Кешегi саудада доллар бұдан да қымбаттай түстi. Бар гәп ­– Ұлттық банк валюталық саудаға араласуын тоқтатқаннан кейiн басталды. Бас банкке жаңа төраға келгелi берi теңгенiң айыр­бастау бағамы күн сайын құлдырап бара жатыр
ЕНДIГI ТIЗЕРЛЕУIМIЗ ҚАЙ ТIЗЕРЛЕУ?..
Адам “айтам!” деп айтпайды, әбден күйгеннен, күйiнгеннен кейiн айтады екен... Осыдан бiраз бұрын Ресей мен Қазақстан “28 панфиловшылдар” деген фильмдi бiрiгiп түсiрмек бол­ған-ды. Рас, фильмнiң сценарийiн жазатын да, түсiретiн де –орыстар. Ал қазақтар әдеттегiдей қосалқы жұмыстарға жегiледi: жалпылама көрiнiстердi ұйымдастырады, эпизодтық көрiнiстерге түседi және т.т. Бұл фильм­ге Ресей –2 миллион доллар, Қазақстан 1 миллион доллар қаржы бөлмек боп шешiлген.
The Sunday Times газетi­нiң жазуынша, Египеттiң кө­гiнде жарылып кеткен ре­сейлiк А321 жолаушылар ұшағын кiм жарып жiберге­нiн британдық барлау қыз­метi бiледi. Британ үкiметiндегi се­нiмдi ақпарат көзiне сiлтеме жасаған басылым былай деп жазды: “Барлау қызметiнiң басшысы 224 жолаушы мiнген ұшақтың әуеде жарылып кеткенiне сенiмдi”.
Шiлiңгiр шiлденiң аяғындағы алдын ала тыңдауды айтпағанда, экс-премьер Серiк Ахметов пен қарағандылық қалған қызметкерлерге қатысты қоғам көз тiккен соттың басталғанына бүгiн — тура үш ай. Айыпкер орындығында отырғандар ғана емес, олардың ет-жақындары да үрейден үрпиi­сiп, үмiтiн үкiлеген үш ай! Ендi қашанға созыларын кесiп айту қиын. Әйтеуiр, көбi кетiп, азы қалғаны анық. “Серiктiң соты” атанған осы оқыс оқиғаның айналасында айтылып жүрген
Үмбетбай Уайдин–80
Жақсы түс көрдiм мен кеше,
Жақсы күн жақын ендеше.
Жақсы сөз айта тұрайық,
Жақсылық аман келгенше!
Атырау қаласының ортасындағы ескi ғимаратта отырған №3 мүмкiндiгi шектеулi балалардың мектеп-интернатын АМӨЗ-дiң қасына көшiрдi. Оған наразы ата-ана бұл жағдайды мүгедек балаларды кемсiту ретiнде қабылдады. Атыраулық белсендi мұнайлы облыстың кемтар балалардың жағдайын жасар мүмкiндiгi бар дейдi. Атыраудағы мүмкiндiгi шек­теулi балаларға арналған мектеп-интернаттың 80 орынға лайықталғанына қарамастан онда 200-ге тарта
БҰДАН НЕГЕ САБАҚ АЛМАЙМЫЗ?
Гомель облысында 1994 жылы 9-сыныпта оқыған Диана Балыконың “Чернобыль және менiң тағдырым” атты шығармасын назарларыңызға ұсынамын. “1992 жылдың ақпан айында менi Брагиннен Гомель ауруханасына алып келдi. Бөлмеде төрт кiсi болдық. Бәрiмiздiң диагнозымыз – лейкоз, екi күннен соң, қасымдағы екеуiн бiр жаққа алып кеттi, бiз Оля екеумiз қалдық.
Күлкiнiң түрi көп, әрине. Соның iшiнде “ызалы күлкi” деген бар. Ыза болғаның сонша, ерiксiз мырс ете қаласың. Осы ызалы күлкiден туған бiраз жазбаларымды “Сүзеген сөзге” әдейi жолдап отырмын. Неге бiз тек рахаттанып, жағамыз жайлауға кетiп күлуiмiз керек? Бiз ыза болған нәрсеге сiз де ыза болып, ызаланып күлiп байқаңыз!
Құдай маған әкiмдiктi бере салды, басыма бақтың өзi келе салды. Қалаға әкiм болған күнi ертеңiне орынбасарларымды жинап алдым, “сендер ұйықтап жүре бересiңдер ме?” деп бiраз қинап алдым. – Халықтың көңiлiн көте­руiмiз керек! Ол үшiн батырларымыздың пәленбай жылдық тойын өткiзейiк. Кiмде қандай ұрандаған ұсыныс бар? – деп сұрадым мен. Орынбасарларымның бiрi ойланып, екiншiсi столды сау­сағымен тықылдатып, үшiн­шiсi төбеге қарап қал­ды.

Кешқұрым едi, бiр қыз, обалдағы-ай, үстiнде iлiп алар киiмi жоқ, көшеде–е, күздiң қара суығында дiрдек қағып, жүгiрiп келедi. Жабыстырып, ақ матадан тiгiлген калготки ма, бiрдеңе киiп алған. Сырттай бақылап тұрмын... Тақыр кедейдiң қызы болды, аяғында туфлиi де жоқ, аяғының ұшымен жүрiп әйелдер аяқ киiмi дүкенi маңына келдi. Терезеден қарап, күрсiндi. Жынды ма деймiн, екi

Ел президентi екi езуi кө­пiрiп, сөйлеп жатыр, сөй­леп жатыр:
– Қазiр жұртшылықтың жағдайы жақсарды, айлығы көбейдi...
– Бұрын кiм шетелге барып демалушы едi? Ешкiм де! Қазiр бiздiң халықтың басым көпшiлiгi шетелдiң қымбат курорттарында демалады...
– Балаларымыз не iшем, не кием деп ойламайды, бәрi даяр, бәрi дайын.
– Қос-қостан мәшине мi­нiп жүрген отбасылар қаншама! Тiптi 5–6 мәшинеден мiнiп жүрген отбасылар да бар...

Германиядан неге философтар көп шығады? Және бәрi де әлемдiк деңгейдегi философтар. – Сен немiстiң әйелдерiн көрдiң бе әуелi? Аяқ-қолы балғадай, екi иығына екi кiсi мiнгендей, бойы екi метрге жуық... Сен де ерiксiз философ болып кетерсiң!

Үш айға созылған “Айтыс алаңы” жобасы өзiнiң мәресiне жақындады. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген суырып салма ақындардың арасында семейлiк Рүстем Қайыртайұлы, қызылордалық Мұхтар Ниязов, алматылық Болатбек Оразбаев, ақтөбелiк Ершат Қайболдин жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финал 20 қараша күнi өтедi. Ал финал – 27 қарашада. Естерiңiзге сала кетсек, бағдарлама екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм – “Тақырыптық айтыс”. Ақындарға

ҚОС ҰЛЫҢ ДА ҚУАНТТЫ
Өткен аптаның сенбiсiнде қос бiрдей қыранымыз кәсiпқой бокстағы кезектi жеңiсiн ме­рекеледi. Жанат Жақиянов Монако княздiгiнде венесуэльалық Йонфрез Парехоны ұпай басымдығымен ұтып, жеңiл салмақта WBA тұжырымының уақытша чемпиондық белбеуiн ие­лендi. Парехоны жеңгенен кейiн Жақия­новтың рейтингтегi көрсеткiшi жақсарып, 41-сатыға орнықты.
...Алматыға ұшып келемiн. Бұл қалада қазақ футболының асқары Құралбек Ордабаевтай, Сейiлдә Байшақовтай  аяқдоптан ұлт мақтаныштарының бiрi Асқар Қожабергенов өзiнiң футбол планетасында бiрге жүрген дос, аға-iнiлерiн жинап, өзiнiң 50 жыл ғұмыр кешкенiн саралап, өмiрдiң мәңгiлiк еместiгi жайлы сырласпақ екен. Менi де шақырыпты!
Асқаржанның футбол алаңына шыққан жылдары әлi есiмде. “Қайраттың” қорғаныс шебiнде алаңға шыға келгенде – еңселi, iрi денелi, iшiнде жанартауы
БҰЛ ӨМIРГЕ ҚОНАҚ ЕКЕНIМIЗДI ҰМЫТЫП КЕТЕТIНIМIЗ ЖАМАН-АҚ...
Өмiр бар да өлiм бар. Оны бәрiмiз жақсы бiлемiз. Бiрақ бұл өмiрге қонақ екенiмiздi ұмытып кететiнiмiз жаман-ақ... Мына өмiрде адамдар әр­түрлi жағдайда қайтыс болып жатады: қартайып немере­лерiнiң ортасында немесе аурудан, табиғат апатынан, көлiк апатынан және т.т.