1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16068) 12 қараша, бейсенбі 2015
Бұдан он жыл бұрын кiсi қолынан мерт болған Заманбек Нұрқадiлов қазасының құпиясы қашан ашылады?
Бүгiн саясаткер Заманбек Нұрқадi­ловтiң қаскөйлердiң қолынан қаза тапқанына 10 жыл толды. Бұл күн – Қазақстан тарихындағы ең қаралы күндердiң бiрi. Сол тұста бетiмен жер басқандай болған билiк әлi күнге дейiн осы қаралы күндi ұмыттыруға тырысатындай. Зәкең түгiлi, жесiрi Мақпалдың аты аталса, кiрпiдей жиырылатындар аз емес. “Өзiн-өзi үш рет атып өлтiрдi” деген сандыраққа жұртты сендiргiсi келген де солар. Қазақтың өзге жұрттан ерекшелiгi, бәлкiм, кемшiлiгi – iштен тынатындығы. Әдiлетсiздiкке ашық қарсылық көрсете алмайды. Тым бей­қам, тым бұйығы. Бұйығы болмаса, сол кездегi iшкi iстер министрi Бауыржан Мұхамеджановтың “Нұрқадiлов өзiн-өзi үш рет атып өлтiрдi” деген мазағына көнер ме едi?! Халықтың осы бұйығылығын пайдаланғандар аз уақыттың iшiнде аса ауыр қылмыстарды бiрiнен соң бiрiн iркес-тiркес жасап жiбердi. Және дегенiне жеттi де...
Сейсенбi күнi астаналық бел­сен­дi, “Антигептил” қозғалысының мүшесi Мақсат Iлиясұлының үстiнен қылмыстық iс қозғалғаны белгiлi болды. Мұны М.Iлиясұлының өзi әлеуметтiк желiдегi парақ­шасында хабарлады. Белсендiнiң айтуынша, қылмыстық iстiң қозғалуына әлде­бiреудiң өзiнiң үстiнен түсiрген домалақ арызы түрткi болған. М.Iлиясұлына құқық қорғау органдары қандай айып тағып отыр? Домалақ арыз түсiрген кiм? Жалпы, соңғы кездерi азаматтық белсендiлердiң үстiнен қылмыстық iс қозғау нелiктен жиiлеп кеттi? Бiз осы сұрақтарды
Қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған соты үш айдан берi айналдырған “Серiктiң соты” мәреге жақындап келедi. Ол өткен аптада Топар жылыжайы жайлы соңғы эпизодты қарауға кiрiстi. Эпизодтары екшелгендерге жауап беруге дайындалуды ескерткен судья Исламхан Есенбаев сот үдерiсiнiң ақырғы айналымға шыққанын аңғартты. Сосын заттай айғақтар зерттеледi, жарыссөздер жалғасады. Одан әрi үкiм шығарудың да ауылы алыс емес...
Әлеуметтiк желi дүрлiгiп жатыр. “ҚР президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметi теңгенiң “туған күнiне” орай ең үздiк құттықтауға байқау жариялапты” дейдi фейсбуктағы құдашалар. Несi бар, бастама дұрыс. Туған күн десе, өре түрегелетiн халық емеспiз бе, менiң де құйысқаным көтерiлдi. Құдай қаласа, құдашалармен билемек ойым бар. Бiрақ қайда барарымды бiлмей, дiлгiрдiм. Астананың туған күнi болса ғой, Арқаны бетке алып, заулай жөнелер ем. Ал теңгенiң туған күнi...

10 қараша күнi Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы №2 сотта “ЖасАй” медицина орталығының жетекшiсi Жасан Зекейұлының талап-арызына байланысты сот отырысы өттi. Бұл жолғы процесте талапкер тарапы “Жас Алашта” жарияланған “Академик отбасымен соттасып жүр” атты мақалаға қатысты жасалған сараптамасын ұсынды. Сонымен қатар сот отырысында жауапкерлер тарапынан Ж.Зекейұлына қарсы талап-арыз жасалды.

“Жас Алашым” соттасып жатыр” дегелi дегбiрiм қалмай, жатсам да, тұрсам да ойланып жүрмiн. Қайран, “Жас Алашым” менiң! Кiмдермен соттасып, кiмдермен айқаспадың? Бұл жолы кiмдердiң көлеңкесiн басып кеттiң екен? Бiрақ сенiң жалтақтап, жалтармайтыныңды, жағымпазданбайтыныңды, шындықтың бетiне тiке қарайтыныңды бiлсем де, артыңда сан мыңдаған оқырманыңның тұрғанын, олардың да сенiң тiлеуiңдi тiлейтiнiн айтқым келедi.

ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛI ҚАЛАЙ ӨТТI?
Шығармашылығы тек прозамен ғана емес, әдебиеттiң толысқан жанры драматургиямен де тығыз байланысты жазушы, “Парасат” орденiнiң иегерi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Рахымжан Отарбаев туған жерiне нағыз театр мерекесiн сыйлады. Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстаннан қатысқан 12 театрдың спектакльдерi алты күн бойы аншлагпен жүрдi. 
....Биылғы жылдың ерек­шелiгi: Қазақ хандығының 550 жылдығын – ел көлемiнде атап өту. Осы жағдайға байланысты өскелең ұрпаққа не айтуға болады, нендей тағылым беруге тиiспiз?! Әрине, елдiгiмiздi танытуда, бiздiң халықтың да ежелден келе жатқан өз тарихы, өз салт-дәстүрi, өз хандары мен билерi, өз ұстанымдары бар екенiн, iргелi ел болғандығын айтумен бiрге, хандарымыздың ақылдылығы мен кемеңгерлiгiн,
Жақында “Жас Алаш” газетiнен ақтөбелiк оқырман Жазира Әбiлқасымованың “Тойға туған шешесiн шақырмады” (№86, 29 қазан, 2015 жыл) деген мақаласын оқы­дым. Оқыдым да, өз жастық шағым есiме түстi. Жас кезiмде мен де мақала авторы Жазираның құрбысы секiлдi туған анамның ғана емес, әкемнiң де қадiрiн бiлмедiм. Қырықтың қырқасынан асқаннан кейiн ғана асыл да аяулы ата-анамды шарқ ұрып iздейтiндi шығардым. Бiрақ бәрi кеш едi.

Талас – Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен, ақын, ойшыл Жүсiп Баласағұнның 85 тараудан тұратын “Құтты бiлiк” атты еңбегi бар. “Құтты бiлiкте” кемел мемлекеттiң сипаты баяндалады. “Кемел мемлекетте өмiр сүретiн адам да кемелдену жолын iздеуi керек. Адам баласының қадiр-қасиетi бiлiм мен ақылда” болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әртүрлi топтардың, әр кәсiп иелерiнiң, ел бегi, уәзiр, көпес, ақын және тағы басқалардың қандай болу керектiгiн көрсетедi. Оқып, ойға қаласың.

Менiң әкем Сұлтанәлiнiң екi ағасы болған. Үлкенi Тұрсынбай – 1939 жылы әскер қатарына алынады. Үйiне тек 15 жылдан кейiн ғана, қызы Клара 16 жасқа толғанда бiр-ақ оралды. Бiрде-бiр туысқаны немесе ауылдастары “Тұрсынбайды бұл өмiрде көремiз-ау” деп ойламапты. Iнiсi Құматай да 18 жасында өз еркiмен екiншi дүниежүзiлiк соғысқа аттанады да… хабарсыз кетедi. 

Жақында iссапармен Көк­шетау қаласына барып қайттым. Таксиге мiнсем, бiр келiншек отыр екен. Жол қысқарсын деген оймен, ананы-мынаны әңгiме еттiк. Ке­лiншек: “Балам үйленетiн едi. Шақырту қағаздарын тарату үшiн төркiнiме бара жатырмын” дедi. Әйел адам емеспiн бе, мұндай кезде құдалар арасында болатын ырым-сырым туралы сөз еттiм. Серiктес келiншектiң “Құдағиым өлi-тiрiге қой әкелiңiздер, ал арақ-шарап әкелмеңiздер” дегенiн естiгенде,

Өткен жылы ата-бабамыз тiрлiк еткен, өмiр сүрген Маңғыстаудың Бозашы түбегiнiң төменгi бөлiгiне ат арылтып бардық. Сөйтiп, осы өңiрде өмiр кешкен киелi де қастерлi бабамыз, ерен атбегi, зайырлы Отарбай атамыздың басында бас қостық. Отарбай бабамыз қарулы, қуатты, тұлғалы, бай адам болыпты. Бiрде ол кiсi жылқысын түгендеп бiтiп, “демалайыншы” деп, өрiсте бiр төбенiң баурайында жата қалыпты. Көзi iлiнiп кеткен екен,

Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа үзiлмей жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерiнiң бiрi – жеңге мен қайны, жезде мен балдыз, нағашылы-жиен, құрбы-құрдас болып әдемi әзiл қағыстыру. Әрине, жағымды әзiл, ұтқыр жауап жаныңды жадыратып, көңiлiңдi сергiтiп, айналаңды шуаққа бөлегендей әсер бередi. Бiрақ... әзiлдiң де әзiлi бар-ау. Мысалы, қайнысы: “Шiркiн, бiздiң ағамыз қиядан iлiп түсер нағыз қыранның өзi ғой. Жеңгемiздi көрмейсiң бе, қырықтың қырқасына шықса да әлi күнге қырдың қызыл

Қазан айында Катардың бас қаласы Дохада өткен әлем чемпионатына елiмiзден сегiз боксшы барып, екi күмiс медаль иелендi. Ресей құрамасының алты боксшысы әлем бiрiншiлiгiне қатысып, Катардан 2 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль олжалап қайтты. Әзiрбайжан құрамасының сапында сегiз боксшы қатысып, 1 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль иелендi. Көршiмiз Өзбекстан құрамасының тоғыз серкесi әлем бiрiншiлiгiде дуға түсiп, 3 күмiс, 3 қола медаль арқалап қайтты.

БIР МАНСАБЫНАН БАС ТАРТТЫ
Ерлан Қожағапанов бiр қызметiн өткiзiп бердi. Ол “Астана” президенттiк кәсiби спорт клубының директоры мансабы мен Қазақстан футбол федерациясының президентi қызметiн қоса атқарып келген-дi. Күнi кеше мәлiмдеме жасап, президенттiк клубты басқарудан бас тартатынын айтты. “Футбол федерациясының атқаратын шаруасы шаш етектен
ИЕСIНIҢ ҚАРЫЗЫ ҮШIН ИТIН ҚАМАУҒА АЛДЫ
Сот орындаушылары банк­тен несиеге ақша алып, қайтара алмай жүрген адамдардың жанды жерiн тапты. Олар қымбат тұратын әрi қарызданушылардың жақсы көретiн мысығын не болмаса иттерiн “тұтқындауда”. Жақында Ставрополь өл­кесiнiң сот орындаушылары банкке 200 мың рубль қарызы бар адамға егер қарызын тездетiп өтемесе, мысығын (сфинкс тұқымды) алып ке­тетiн­дерiн айтып қорқытқан.
«Жас Алашқа» жазылыңыз!
Қазақтың мың ғасырда да құнын жоймайтын екi мақалы болса, соны бiрi – осы шығар. Өйткенi ауруын жасырған ажалсыз өледi. Кемшiлiктi жасыру мен өтiрiктi сапыру да – ауру. Ауру болғанда, алапат iндет. Егер жасырып-жабу, өтiрiк көлгiрсу, шындықты бүркемелеу жоғарыдан басталса, онда қауiп еселене түседi.