1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (16069) 17 қараша, сейсенбі 2015

Экономиканың нелiктен керi кетiп бара жатқаны ендi белгiлi болды. Қайта үкiметке рақмет, “бiздiң халық нансоғар екен” десе, талай қазақ жеп отырған талқанына қақалып қалуы мүмкiн едi. Мiне, соны ескерген ел басшылары жұрттың жүрегiне тимейтiндей “жылы-жылы” сөздер айтып жатыр. Әсiресе “арзан нанға байлар да ортақ” дейтiн Асылжан Мамытбековтiң пiкiрi қандай жағымды! “Нанды турап, бөлшектеп сатқан жөн” дейдi оның орынбасары жаңалық ашып.

Үрей, қорқыныш, есеңгiреу, дүрлiгу... Франция астанасы Париж қарашаның 13-i, жұма күнi осы сезiмдердiң құшағында қалды. Бiр мезетте қаланың жетi жерiнде ұйымдастырылған лаңкестiк шабуылдан 130-дан астам адам қаза тауып, 300-дей адам жараланды. Кешкi сағат 21:20-да Stade de France стадионында Германия мен Франция ұлттық құрамаларының арасында жолдас­тық кездесу өтiп жатқан сәтте D есiгiне қарама-қарсы Сен-Денидегi Жюль Римэ көшесiнде алғашқы жарылыс болды. Оқиға орнында екi адам қаза тапты.

Қарашаның 13-i күнi Алматыдағы Алмалы аудандық 2-сотында Жасан Зекейұлының “Жас Алаш” газетiне қарсы шағымы бойынша сот процесi аяқталды. Сот шешiмiмен “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайға, тiлшiсi С.Мәдиге, газет оқырманы Қабен Мұқанұлына, Гүлия Әлиханқызы мен оның әкесi Әлихан Әбiлбекке жалпы сомасы 40 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ “Жас Алаш” газетiне Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақаланы терiстеу де мiндеттелдi.

Екi аптаға созылған Топардағы жылыжай “жырынан” кейiн “Серiктiң соты” ақырғы айналымын аяқтады. Барлығы 324 том қылмыстық iс қаралды. Егер күтпеген жерден кездейсоқ кедергi кездеспесе, ендi екi аптаның бедерiнде үкiм де шығып қалар... Бұл сотта байқалған бiр басты кемшiлiк – куәгерлердiң қатысуын қамтамасыз ету болды. Айып­керлер мен адвокаттардың айтуынша, олардың ең қажеттiсi келмей (30%) қалды.
Таяуда Бiлiм және ғылым министрлiгi “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын дайындап, парламенттiң қарауына тапсырды. Жаңа заңда мұғалiмнiң беделiн көтеруге бағытталған талаптар енгiзiлген. Ұстаздың қадiр-қасиетi, беделi – қоғамдағы өзектi тақырыптың бiрiне айналғалы қашан.

Жыл сайын “Ақтөбе” футбол командасын қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттен 3 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалып келедi. “Мына қиыншылық уақытта бюджет қаржысын қайтарымы жоқ “Ақтөбе” футбол клубына төгiп, легионерлердi асырап отырғанша, неге билiк басқа спорт түрлерiн дамытуға назар аудармайды?” деген түйткiлдi бiрнеше жылдан берi көзiқарақты жұрт айтып келген едi.

ОТАНДЫҚ ӨНIМНIҢ ТIГIЛУI ҒАНА ӨЗIМIЗДЕН, АЛ МАТАЛАРДЫ ҚЫТАЙ МЕН ТҮРКИЯДАН АЛДЫРАДЫ
Қыркүйекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға барған сапарында батыс өңiрдегi облыс әкiмдерiнiң басын қосып, жиын өткiздi. Осы жиында президент: “Жеңiл өнеркәсiп елiмiзде жандана бастады. Мысалы, мына менiң үстiмдегi кәстөм Қазақстанда жасалған. Сенбесеңiздер, белгiсiн көрсетейiн.

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесi Тараз қаласында салтанатты жағдайда аталып өттi. Сол тойда қазақ күресiнен “Еуразия барысы­ның” жүлдесi сарапқа салынған болатын. Бұл жарыста бас жүлденi Қазақстан құрамасы жеңiп алып қазақ жұртын қуантты. Екiншi, үшiншi орындарды грузиндер мен өзбектер иелендi. Бiз қазақ жiгiтте­рiнiң жеңiсiне риза болдық. Бiрақ жарыс ұйымдастырушылары қазақтың салт-дәстүрiн бiлмейтiнiн көрсеттi.

Кейбiреулер өзгенiң беделiн салып жүрiп билетiн өткiзiп, концерт қояды. Ән жаздыру, киiм тiктiру, кешiңдi өткiзетiн жердiң сахнасын безендiру – ақша. Мәселенiң бәрi қаржыға тiрелетiндiктен, оларға неге тегiн концерт өткiзбейсiң деу ақылға қонымсыз шығар. Дегенмен де эстрада әншiлерiнiң арасында елдi аралап, тегiн концерт өткiзiп жүргендер де бар. Солардың бiрi – Серiкбол Сайлаубек. 
Ол ән салғанда шауып келе жатқан тұлпардың дүбiрiн, үлбiреп тұрған гүл­дiң самал желдiң үлпiлi­мен әсем қозғалысын, аққу­лар­дың айдынды қақ жарып махаббат сазымен тербелiп жүзiп келе жатқан көрiнiс­тердi көруге болады. Роза Тәжiбайқызы Бағланованың өмiрден өткенiне де көп болмаса да қауесет сөздер желдей естi. “Азаттық” сайтында Гүлбәну Әбенова “Аш құрсақ қыз билiктiң байлықа да жеткiзетiнiн түсiндi” (24.03.2011жыл) деген мақаласын жариялап, былай деп жазды.
ӨМIРҚҰЛДЫҢ ӨНЕРIН КӨРГIҢIЗ КЕЛСЕ
ҚР Мәдениет қайраткерi, “Серпер” жастар сыйлығының иегерi, әншi, термешi Өмiрқұл Айниязов 19 қарашада (сағат 19:00-де) Республика сарайында ән кешiн өткiзедi. Өмiрқұлдың концертiнде Сәуле Жан­пейiсова, Асылбек Еңсепов, Серiкбол Сайлаубек, Асхат Тарғын, Димаш Құдайбергенов, Ғалымжан Жолдасбай, Алтын Айниязова, “Ағайындылар” тобы ән шырқайды.
1957-58 жылдары 9-сыныпта оқып жүрге­нiмде, сол кездерде өнер, радио саласында iстеген Мақсұтбек Майшекиннiң редакторлығымен шыққан “Қазақ халқының әндерi” жинағынан “Бiр бала” әнiнiң мәтiнiн қойын кiтапшама жазып алғанмын. Әннiң сөзi мынандай: “Бiр бала” (халық әнi) Талдан таяқ жас бала таянбайды
Көрерменге “заманауи жырау” лақап атымен танылған Жан Ахмадиев пен SMITTY төртiншi бейнебаянын түсiрiп, көпшiлiкке ұсынды. “Қазақпыз ғой -4: Кризис” деген әнiн автор өзiн-өзi өртеп жi­берген марқұм Ерлан Бектiбаевтың рухына арнапты. Қоғамдағы келеңсiздiктi, ащы шындықты рэп жанрында жеткiзетiн орындаушының төртiншi бейнебаянында

Қазiргi уақытта жадымызды жаңғыртып, ұлттық санамызды сауықтыру, рухани төрт құбыламызды түгендеу – барлық қазақтың бас­ты борышы ғана емес, әрбiр қазақтың адамдық та, азаматтық та қастерлi мiндетi. Мұның себебi – бiз кеше бодан болып, қызыл кеңес империясында құрсаған отаршылдық қамытын кисек, бүгiн елiмiз тәуелсiздiк алып, соқа басымыз бостан болғанмен, бiз жойқын жаһандану шабуылына ұшырап отырмыз.

Қандасымыз, АҚШ-та кәсiпқой бокстың қазанында қайнап, шыңдалып жүрген Қанат Ислам әйгiлi менеджер Эл Хэймонмен келiсiмшарт жасасты. Кәсiпқой бокста Хэймонның абырой, беделi өте жоғары. Басқасын былай қойғанда Хэймон кiшi Флойд Мейвезер­дiң жекпе-жектерiн ұйымдастыруда көп еңбек сiңiрдi. Британдық Әмiр Хан, америкалық Питер Куиллин сынды саңлақтардың кәсiпқой бокста тасы өрге домалауына серпiн бердi.

Астаналық “Барыс” хоккей клубы 12 мың жанкүйерге арналған сәулеттi аренасын лық толтырудың амалдарын ойластырып, бiр шешiм­ге тоқталғандай. Ол – өз айдынындағы жеңiстерiнiң санын көбейтiп, әр ойын сайын автокөлiк ойнатып отыру. Бiрақ бұл ақша емес пе? Әр ойын сайын көлiк сатып алуға да қыруар ақша кетпей ме? Бүгiнгi доллар шарықтап, экономикалық дағдарыс

«АҚЖАЙЫҚ» ОРТА ТОЛТЫРДЫ
Келесi жылы премьер-лигада ойнайтын 12 клубтың қатарына оралдық “Ақжайық” қосылды. Бiрiншi лигада өзге клубтардан қара үзiп, топ жарған оралдық “Ақжайық” ендi ел чемпионы атану жолында тартысады. Ал былтырғы ел бiрiншiлiгiнде 5-орын алған қызылордалық “Қайсар” “ескi әдетiмен” бiрiншi лигада ойнайтын болды. 
Кездейсоқтық па, әлде...
Ұлыбританияның Чешир аймағында №15 нөмiрлi касса бар. Таңқаларлығы сол, мұнда жұмысқа орналасқан кассирлер екi-ақ апта жұмыс iстегеннен кейiн жүктi болады екен. Қазiр сол аяғы ауыр болған 24 әйелдiң 30 баласы бар.