1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (16070) 19 қараша, бейсенбі 2015
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСIНIҢ МӘЛIМДЕМЕСI
Соңғы уақытта елiмiздi 1937-шi жылдың елесi кезiп жүрген сияқты күн кешуде­мiз. Билiк дағдарыс кезiнде шынайы демократияны орнатып, азаматтардың құқықтарын қорғайтын және дамытатын қадамдарға барудың орнына, керi­сiнше, авторитарлық, өзiмшiл тәсiлдерге бой алдырып келедi. Мемлекетiмiзде ешқандай саяси оппозициялық пар­тия қалған жоқ. Азаматтардың өз ойын, пiкiрiн бiл­дiру, соның негiзiнде саяси қозғалыстар мен партиялар­ға бiрiгу құқығы билiк тарапынан зор кедергiге ұшы­рау­да. Мiне, биыл 9 жылға жуық уақыт болды,

Сонымен, “Қоғалымавиаға” тиесiлi Airbus A321 ұшағының апатын Ресей теракт деп таныды. Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке бет алған ұшақтың бортында жарылыс болған. Ресей президентi Владимир Путин арнайы қызметке “терактiлерге жауаптыларды тауып, жазалауды” тапсырды. Ресейлiк ұшақтың жарылысы, Франция­дағы терактiлер Сириядағы соғыстың жаңа кезеңiне әкеп соқтырмақ.

Бiз де қызықпыз негiзi. ЭКСПО өткiземiз деп құры далиып жүре берiппiз. Ең құрса, көрменiң басты нысаны саналатын домалақ ғимаратқа ат қоюды да ойламаппыз. Соның кесiрi мiне, Ахметжан Есiмовтiң иығына салмақ болып түстi. Бiрақ Ахаң ақылды жiгiт қой, қиыннан жол тауып кеттi. Оның орнында басқа бiреу болса, қайдағыны айтып, президенттен ұрыс естiп қалуы мүмкiн едi. Ал Ахметжан өйткен жоқ. “

Сейсенбi, қарашаның 17-сi күнi “Ж.Зекейұлының “Жас Алаш” газетiне, журналиске, оқырманға, қайын атасына, әйелiне қарсы берген талап арызы бойынша Алмалы ауданының №2 аудандық соты шығарған шешiмi туралы” деген тақырыпта баспасөз жиыны өттi. Жиынға қоғам қайраткерлерi, азаматтық қоғам өкiлдерi мен журналистер қатысты. Тiлшiлер тарапынан бе­рiл­ген сұрақтар соттың қалай өткенiмен байланысты қойылды.
“Жас Алашты” 1949 жылдан берi жаздырып алып, үзбей оқимын. Мамандығым заңгер болғандықтан, “Жас Алаш” газетiн “батыраштар” мен “қотыраштардан” сот алдында қорғаған күндерiм де болды. Оқырмандардың заңға қатысты сауалына газет бетiнде жауап та бердiм. Осыдан бiраз жыл бұрын болған оқиға есiмнен кетпейдi. Адвокаттық қызметпен Оңтүстiк Қазақстан облысының Жетiсай ауданы, Есентаев ауылына бардым.
Алматы қаласы Алмалы ауданының соты “Жас-Ай” директорының талабын қанағаттандырып, Жасанның алдына “Жас Алашты” жығып берiптi. Ендi елдiң мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген ұлт басылымының тiлшiлерiнен пәлен миллион өндiрiп, мұртын майламақшы екен. Осы шешiм онсыз да көңiлi пәс халқымның, Алтайдан Атырауға дейiн созылып жатқан байтақ жұртымның жүрегiне сұғылған қанжардай қабылданып жатыр.
Өткендегiдей емес, Ақмола облысының әкiмi әжептәуiр жуасып қалыпты. Қазан айында ғана мұң-зарын айтып алдына келген Калачи тұрғындарын кабинетiнен тырқырата қуып шыққан Сергей Кулагин қазiр сондағы қылығына ұялып отыр. Алдымен облыс әкiмiн ұятқа қалдырған оқиғаны еске түсiрейiк. Ұйқы ауруынан әбден мезi болған Калачи тұрғындары Кулагиннiң есiгiн қағады. Iшке кiрген соң, iшiне сыймаған “запыранды” ақтарады ғой. Ал әкiм не дейдi?

Жақында Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданының Шаян ауылына табиғи газ беру басталды. Осылайша, шалғайдағы ауылдарға да “көгiлдiр отын” келiп, ел мәре-сәре болып жатыр. Дәлiрегi, “Бейнеу – Бозой – Шымкент” магистральдық газ құбырынан тартылатын “Шалдар” автоматтандырылған газ тарату стансасы iске қосылды. Салтанатты шараға облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов пен “ҚазТранГаз” АҚ бас директоры Қайрат Шәрiпбаев қатысты.

Мемлекеттiк тапсырыспен таң атырып, кеш батырғыш, алайда елге де, шенеунiкке де пайдасы жоқ газет, журнал, телеарна, сайт, радиоларды алдағы уақытта қайтпек керек деген мәселе қайтадан көтерiле бастады. Қарашаның 16-сы күнi Астанада “Құқықтық медиа-орталық” қоғамдық қоры шағын жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттiң қаржыландыру жайы аз-кем сөз болды.

Нан қымбаттайды дегелi Арқабайдан маза кеттi. Шиеттей алты бала. Бала бiткеннiң негiзгi корегi нан ғой. Көзi iлiнiп ұйқыға кеткенше жейтiндерi осы нан. Құмшекердi бетiне сеуiп жiберiп жегенде нанды бала жесiн. Қайсыбiр жылдары дүкен бiткен қаңырап бос қалғанда бидай сатып алып, диiрменге ұн ғып тартып та күн көрдiк ғой. Тәуекел! дейдi iштей. Өзiмiз де алды-артымызды ойламай, дарақыланып кетiп едiк.

Сот залынан
“Серiктiң сотында” айыпкерлер жауап бере бастады. Олардың ұзын-ырғасы — 21. Экс-премьер бәрiнiң жауабынан кейiн, ең соңынан сөйлейтiнiн бiрден айтты. Негiзгiлердiң қатарына жататын кейбiреуi қылмыстық iстiң күрделi әрi ауқымды екенiн алға тартып, дайындыққа уақыт сұрады. Мұнда ең “батыры” Бауыржан Әбдiшев болды. Көмiрлi қаланың кезiндегi “қожайыны”, қоршаған ортаны қорғау вице-министрi қызметiн атқарған,
Баладан оның демалысы мен ойынын, ұйқысын тартып алудан өткен қатыгездiк жоқ
ХХI ғасырдағы Қазақ елiн бiлiмсiз деп ешкiм де айта қоймасы анық. Расында да, профессорларымыз бен академиктерiмiз он мыңдап саналады емес пе?! Және олардың “ашып тастағандары” да аз емес шығар. Бiрақ бәрiбiр бiлiмiмiз бен ғылымымыз тұралап жатыр. Әлемге “мұнайлы ел, ши­кiзат базасы” деген атағымыз әйгiлi болғанымен, әлi күнге дейiн мұнай өнiмдерiн, техниканы, құрылыс материалдарын,

Сәрсенбiнiң сәтiне деп үстi-басымды қаққыштап, кекiлiмдi тарағыштап таңғы дәмге отырып едiм, дастарқан басындағы стратегиялық әлдебiр өзгерiстердi аңғарып қалдым. Бiрiншiсi – бәйбiшемнiң түсi бұрынғыдан суықтау – алдыма жарты пiрәндiктi тоқ еткiзiп тастай салды. Бұған дейiн бүтiн пiрәндiк болушы едi, мынасы қалай деген сұрау­лы жүзбен кемпiрге бажырая қарадым.

2000 жылдың ақпан айында Алматы шаһарындағы Фурманов көшесiнiң бойындағы үйдiң (Қарасай батыр көшесiмен қиылысында) қабырғасына халқымыздың бiртуар ұлдарының бiрi, академик, жазушы, аудармашы Ебiней Арыстанұлы Бөкетовке арналған мемориалдық тақта орнатылған едi. Бұл шара Алматы қаласы әкiмдiгiнiң шешiмiмен ғалымның 75 жылдық мерейтойына орай жасал­ған-ды.

Абдолла Жұмағалиев пен Баубек Бұлқышевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өттi
Шымкенттегi “Отырар” кiтапханасында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан от жүректi қаламгерлер–публицист, жазушы Баубек Бұлқышев пен жалынды ақын Абдолла Жұмаға­лиевтi еске алуға арналған “Қос қаһарман қаламгер – Абдолла мен Баубек” атты әдеби кеш өттi.  Биыл сәуiрде белгiлi жазушы, “Алаш” сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың ұйымдастыруымен “Шымкенттен Шұбайқызылға” атты жоба қолға алынған болатын
Ұзын бойлы, кең жауырынды, қараторы өңдi, түзу қыр мұрынды қария танысып, жөн сұрасқан соң:
– Жасым жетпiс төртте. Атым – Жеңiс, Омбының қазағымын, – деп өзi туралы бiраз сөйледi.
– Кемеров облысы сiз­дер­ге жақын ба?
– Иә, жақын.

Жақында ЮНЕСКО-да халықаралық “Конкорд” академиясы мен “Алаш” ғылыми-зерттеу орталығы және халықаралық “Адам капиталы институтының” ұйымдастыруымен “Қазақ хандығына – 550 жыл” тақырыбымен ғылыми-көпшiлiк конференция өт­кiзiлдi. Конференцияны халықаралық “Конкорд” академиясының президентi Г.В.Томский мырза кiрiспе сөзбен ашты. Қазақстанның

Қазақ хандығы – ХV – ХIХ ғасырлар арасын қамтитын бергi тарихымыз. Мұның ар жағында Алтын Орда, одан әрi Көк түрiк, оның ар жағында Ғұн дәуiрi жатыр. Қазақтың қазiргi кең-байтақ жерiнде Қазақ хандығынан бұрын, Жошы басқарған Алтын Орда мемлекетi құрылды. Оның саяси орталығы қазiргi Қазақстан жерi болды. Алтын Орда 1445 жылы құлағаннан кейiн оның аймағында бiрнеше хандықтар құрылды. Қазақ хандығы – Алтын Орданың бiрден-бiр мұрагерi.

...Намаз оқымасам да, Құдай деген адаммын. Бiреудiң ала жiбiн аттамаймын, өтiрiк айтпаймын, жала жаппаймын. Ал мына оқиғаны естiгенде, Құдайдың барына тағы бiр көз жеткiздiм.  Ауылда төрт айда бiр отбасынан 3 адам қайтыс болыпты. Өзiмнiң ауылдан кеткенiме бақандай 35 жыл. Бiрақ қайтыс болған апайды өте жақсы бiлемiн. Бiздiң көршiмiз едi...
Адам қанша жасқа келсе де, мына дүниеден небiр жақсылық, қуаныш немесе зәбiр көрсе де, басына қандай iс түссе де алдымен ата-анасын, бауыр етi – баласын, бауырларын, достарын және... алғашқы мұғалiмiн есiнде мықтап ұстайды. Басқаны қайдам, менiңше, солай. Бұл – еш жерде жазылмаған, бiрақ көкейде мықтап тоқыл­ған қағида ма деймiн.

Абылай хан ел аралап жүрiп, қалмақтың қарғысшыл адамына кезiгiп, “Қарғыстың ең жаманы қандай?” деп сұрапты. Әлгi қалмақтың бiрiншi қарғысы мынау екен: “Шөбiң жапырылмасын!” “Маған кедей бол дегенiң ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса, бiр менiң кедейлiгiм кемшiлiк емес” дептi сонда Абылай. “Екiншi қарғысым – күлiң шашылмасын!” дептi қалмақ. “

Менi қатты толғандыратыны – қазiргi таңда болып жатқан қымбатшылық және теңгенiң құлдырауы. Ауыл шаруашылығы ми­нистрi Асылжан Мамытбековтiң кешегi теледидардан сөйлеген сөзiн естiген қара халық ми­нистрдi бiр сыбап алған шығар. О заманда бұ заман “нанды бөлiп сат” деген министрдiң орынбасарының қай айтқан сөзi?! Мүмкiн, күнiге мейрамханадан тамақтанатын министр мен оның орынбасарының үйiнде үзiк нан қалатын шығар.

Ертең АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Елiмiздiң ұлттық құрамасы осынау додаға 15 атлетiн алып барды. Хьюстондағы әлем бiрiншiлiгiнде келесi жылы өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамалары бөлiске салынады. Жазғы Олимпиада ойындарына төрт көзiмiз түгел баруымыз үшiн жiгiттер командалық есепте үздiк алты құраманың қатарында тұруы керек. Ал қыздарымыз үздiк тоғыздыққа енуi қажет.
АЯҚДОП ӨРГЕ БАСУЫ ҮШIН...
Маған Айсұлтан Назарбаевтың бастамасына көзқарасыңыз қалай деген сұрақты көп қояды.  Айсұлтанның қазақстандық футболдың дамуына қызығушылық танытқаны әрине, қуантады. Оның бастамасы көптеген адамдардың футболдың бүгiнгi жағдайына көңiл аударуына себеп болды. Маған оның ашық, жария түрде өзiнiң көзқарасын бiлдiргенi ұнады.
ДОСТЫҢ ДА ДОСЫ БАР
Ұлыбританияда бiр қызық оқиға болды. Британдық 25 жастағы қыздар – Гейл мен Рэчел кiшкентайынан бiрге өстi. Екеуiнiң қуаныштары да, сырлары да, құпиялары да бiр едi. Көп жылғы достық Гейлдiң жан досы Рэчелдi адамның миына кiрмейтiн.... айуандықпен алдап соғып, ақыры Рэчел оны сотқа берумен тынды. Есейген екi дос бiр-бiрiне қандай жiгiттердiң ұнайтынын жақсы бiлдi.