1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (16071) 24 қараша, сейсенбі 2015
Халқымыздың аяулы ұлы, қазақтың аса көрнектi композиторы Әблахат Еспаев дәл ертең, яғни қарашаның 25-i күнi мерейлi 90 жасқа толады. Бiрақ неге екенi белгiсiз, телеарналарымыз да, радиомыз да, баспасөз де бұл ретте жым-жырт. Әблахат Еспаевты еске алып жатқан да, еске алу шараларын өткiзiп жатқан да ешкiмдi көрмедiк... Әблахат Еспаевты ұмытып кету, ұмыту мүмкiн бе? Әблахат Еспаевты ұмыту дегенiмiз – мына күнделiктi тiрлiкте бiзбен қоян-қолтық қойындасып, бiте қайнасып, санамызға әбден сiңiстi боп кеткен “Ұстазым менiң, ұстазым”, “Әлi есiмде”, “Қайдасыңдар, достарым?!”, “Маржан қыз”, “Сағыныш екен бала кез” және
Қыжыртпа
“Қарты бар үйдiң – қазынасы бар” деген мақалды жақсы көрсең, айта бер! Ауылға барып айт, ағайынның арасында айт! Бiрақ билiкке араластырма! Өйткенi бiр орынға жабысып, 25 жыл отырғандар бара-бара қарттан қазымырға айналады. “Жалғыз өзiм ғана, орнымды басатын ешкiм жоқ” дейтiн астамшылыққа берiледi. Демек, қартың қарт емес, ендiгi жерде қыртқа айналды деген сөз.

Париждегi терактiлерден соң Франция президентi Франсуа Олланд Ресей және АҚШ-ты “Ислам мемлекетiне” қарсы бiрiгiп тойтарыс беруге шақырды. Франсуа Олланд Батыс елдерi Ресеймен бiрге коалиция құруы керек деп есептейдi. Мұны лезде iлiп алған В.Путин “Ислам мемлекетiнiң” үстiнен дүркiн-дүркiн зымыран тастады. Ресей кемелерi Францияның теңiз флотымен бiрiгiп әрекет етсiн деген тапсырма бердi.

Францияға ресми iссапармен барған Ұлыбритания премьер-министрi Дэвид Кэмерон “Ислам мемлекетi” лаңкестiк ұйымына қарсы бiрiгiп күресемiз деген келiсiмге келдi. “Бiз “Ислам мемлекетiнiң” нысандарына жасалатын соққыларды күшейтемiз. Жерорта теңiзiнiң шығыс ауданына “Шарль де Голль” iрi соғыс кемесi келiп жеттi”, – дедi Франция президентi.

Реформадан көз ашпайтын саланың бiрi – денсаулық сақтау саласы. Өткен аптада осындай кезектi жаңа жоспарымен бөлiсуге Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова парламентке келдi. Әйтсе де, бұл жолы депутаттар министрдiң реформаларын бас шұлғып тыңдаудан жалықты ма, әйтеуiр бүгiнгi күнгi медицина саласындағы олқылықтарды сөз етiп, сын тезiне алды.

Бiлiм және ғылым министрлiгi “Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын дайындап, парламенттiң қарауына тапсырды. Жаңа заңда мұғалiмнiң беделiн көтеруге бағытталған талаптар енгiзiлген. Бұл туралы газетiмiздiң биылғы 91 нөмiрiнде жазған едiк. Мұғалiмнiң беделiн көтеру де қазiргi қоғамның өзектi тақырыбының

ОҒАН САУМАЛДЫҢ ДА СЕПТIГI ТИIП ЖАТЫР
Туберкулездi кейде қазақтың дертi деп те атайды. Бұл тым асыра айтылған сөз шығар, дегенмен атың өшкiр құрт ауруының қазақты көбiрек төңiректегенi рас. Тарихи деректерге қарағанда 19-20 ғасырларда қазақ даласында бұл аурудан көз жұмған қазақтың саны өте көп болған. Басқаны былай қойғанда, сол дәуiрлерде құрт дертi ұлтымыздың қаншама атақты адамдарының өмiрiн жалмады. 
Өткен аптада “Мұқағали” журналының 10 жылдығы аталып өттi. Басылымның бас редакторы Батық Мәжитұлымен сұхбатымыз айтулы датаға орай өрбiдi... – Кезiнде Алаш қайраткер­лерi – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы бастап, Мұх­тар Әуезовтер қостап, абайтану үрдiсi қалыптасты. Соның басты мiнберi “Абайдың” журналы болған екен.
Абай – қазына. Таусылмайды және арзандамайды.
Сот залынан
Қазiр түсiнiк берiп жатқан айыпкерлердiң тiрлiгi осыған ұқсайды. Экс-премьер Серiк Ахметов айыпкерлердiң ең соңынан жауап беретiнiн осының алдындағы мақалада жаздық. Ондай өтiнiштi ол жайдан-жай жасамағаны анық. Сiрә, өзiмен кiмдердiң “үзеңгiлес” болғанын тағы бiр безбендегiсi келген сыңайлы. Қазiр айыпкерлер үшiн сындарлы сәт, керек десең, кiмнiң кiм екенiн көрсететiн кезең. Себебi

Танымал тележүргiзушi Динара Сәтжан Астанада “Бәйтеректен” “Керуенге” дейiн жаяулатып жалғыз жүруге жүрексiнедi. Есесiне, сонау алыстағы Лондонның ескi көшелерiнде беймарал қыдырып жүре бередi екен. Қазақ телеарнасының “жұлдызы” Динара Сәтжан бұған дейiн ешкiмге ашып айтпаған осы iшкi құпиясын полиция қызметiне қатысты өткен жиында бүкпесiз жариялай салды.

«КӨСЕМСӨЗДIҢ КӨСЕМI»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде белгiлi ғалым, алаштанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аманқос Мектептегiнiң “Көсемсөздiң көсемi” еңбегiнiң тұсауы кесiлдi. Бұл еңбекте алаштың ардақты ұлы Халел Досмұхамедұлының көсемсөздерiнiң негiзiнде қазақ қоғамы өмiрiндегi өзектi де
...1992 жылдың сәуiр айының соңғы күндерiнiң бiрi. Уәделi сағатта қазақ киноөнерiнiң майталманы Ескендiр Мұхамеджанұлы Тынышбаевпен сұхбаттаспақпын. “Әке көрген оқ жонар” демек­шi, Ескендiр кәсiби мамандық таңдауда қазаққа тосындау көрiнген техника мен шығармашылық өнердi ұштастыруды мақсат еттi. Тұрар Рысқұлұлының ақылы әрi тiкелей көмегiмен 1930
Жуырда ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде америкалық “National Giographic” фотографы Райн Белл қазақстандық журналистер мен фототiлшiлерге, студенттерге кәсiби шеберлiк сағатын өткiздi. Жалпы, өз басыма жақсы, пайдалы кездесу, сұхбат болды. Өзектi мәселелер қозғалып, қажеттi ақпараттар мен кеңестер берiлдi. Көкейде жүрген сан сауалдарға жауаптар алынды.
Бүгiнде Берлинде (Германияда) өтiп жатқан IFA 2015 көрмесiнде Поларойд   компаниясы “Snap” атауымен өзiнiң қызықты жаңа өнiмiн ұсынды. “Snap” – миниатюралық принтер құрылғысы орнатыл­ған компактiлi шағын фотокамера.Қондырғы көлемi 50 – 75 мм фотосуреттер шығара алады. Бiр суреттi шығаруға 1 минуттай уақыт кетедi. 

Жұмағұлов Айбол Тұяқбайұлы. 1982 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiн бiтiрген. Бүгiнде Парламенттiң Инженерлiк орталығында инженер маманы.

Қытайдың Алтай өңiрiнен арнайы шақырыл­ған, этнография және табиғат түсiрiлiмдерiнiң шеберi,   Алтай аймақтық фотосуретшiлер қоғамының  мүшесi, халықаралық фотобайқаулардың жүлдегерi Бақытхан Әсетұлының   “Фотосын” сағатына шақырамыз!  Мекен-жайы:  Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың    журналистика факультетi. 230 ауд. 26 қараша (бейсенбi), 2015 жыл. Сағат 17-00 де.

Бала кезiмiзде әкемiздi көргеннен-ақ есiмiздi жиып ала қоятынбыз. Өйткенi әкемiздiң мiнезi қатал едi. Әсiресе, мен үшiн сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын әкемнiң көзiнше орындау қияметтiң қияметi болатын. Шындығын айту керек, есеп сабағын шығаруға келгенде өте шорқақпын. Әкем есеп-қисапқа бейiм, шемiшкеше шағады. Мәселе есептi оқып, “пәлен шақырымнан келе жатқан пойыздың жылдамдығын шеше алмай, басым қатады.

Әлем чем­пионатының бiтуiне әлi бiрнеше күн бар ғой. Медаль да қанжығамызға бөктерiлер. Бұйырмағанды соңынан қос ат парлап қусаң да жеткiзбейдi. 56 келi салмақ дәре­жесiн­де сынға түскен Арли Чонтей қара күшiн көрсете алмай қайтты. Бiрiншi сайыс жұлқи кө­теру сынында ол 132 келiмен ғана шектелдi. Ал серпи көтеруде 150 келiге тапсырыс бергенiмен, орындай алмай, жарыстан шет қал­ды. Чонтей жаттығу ке­зiнде 150 келiнi оп-оңай басынан асырушы едi ғой.
ЖЕҢГЕН АЗ, ЖЕҢIЛГЕН КӨП АЛДЫ
Бокстың бүкiләлемдiк кеңесiнiң (WBC) чемпиондық белбеуi мексикалық Сауль Альвареске бұйырды. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Альварес пуэрторикалық Мигель Коттоны ұпай басымдығымен ұтты. 12 раундқа созылған тартыста қазылар мексикалық боксшының басымдығын алға тартты. 25 жастағы Альварес кәсiпқой бокста

Демек, заманға күйлеу – жаманның iсi. Жаманның әрекетi. Заманға күйлеу – жақсылық емес, жамандықтың белгi-сипаты. “Заманға күйлеу”, “заманына күйлеу” дегенiмiз – өз уақытының құлы болу, уақытшалықтың сойылын соғу, өткiншiнiң шашбауын көтеру деген сөз. Бiр сөзбен айтқанда, ұлттық құндылықтарды, мәңгiлiк құндылықтарды естен шығарып, өткiншi науқан мен уақытша шара-шақпытты әуезе көру деген сөз.