1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (16072) 26 қараша, бейсенбі 2015

Түркияның Сириямен шекаралас аймағында ресейлiк әскери ұшақты атып түсiруiн В.Путин “ту сырттан жасалған соққы” және “террористерге болысу” деп бағалады. Қауiпсiздiк бойынша шұғыл жиналыс өткiзген түрiк президентi Ережеп Тайып Ердоған “шекараны бұзып кiрген ресей ұшағы бес минут iшiнде 10 мәрте жасалған ескертудi елемегенiн”, “Түркия өз шекарасын қорғағанын” мәлiмдедi. АҚШ-та пiкiр айтуға кешiкпедi. “Түркияның ресейлiк F «СУ-24М» жойғыш ұшағын атып түсiргенi Ресейдiң Сирияға араласуында, Асадты (Сирия президентi Башир Асад – ред.) қолдап, қарсыластарын соққылауда сұрақты мәселе бар екенiн тағы да байқатты.

ИГЕРIЛМЕЙ ЖАТҚАН ТРИЛЛИОНДАРҒА КIМ ЖАУАП БЕРЕДI?
Биылғы жылы мұнай бағасы құлдырағандықтан, бюджеттiң кiрiс бөлiгi 40 пайызға қысқарғанын президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың өзi айтқан. Өткен аптада үкiметтiң кеңейтiлген отырысында дағдарыс кезiнде бюджеттiң әрбiр тиынын шақтап, шашауын шығармай жұмсау керек­тiгiн де өзi шегелеген. Бiрақ бюджеттiң кiрiсi ортайғанына қарамастан, шығыс бөлiгiн­дегi ақша игерiмiн таппай тұр.

Кеше ғана “Дамыған 30 елдiң қатарына қосыламыз” деп аттандап жүрген қазақ билiгiнiң даусы қазiр құмығып естiледi. Өйткенi жағдай күннен-күнге қиындап барады. Ал қиындық ең алдымен қарапайым жұртшылықтың қабыр­ғасына бататыны белгiлi. Мұны үкiмет бiлмей отырған жоқ. Мәселен, күнi кеше ғана ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн халықтың саны 1 миллионға дейiн артуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi. Бұл – ресми мәлiмет.

Бiзде “Ақынды еркелету керек!” дейтiн бiр жеңiл сөз бар. Немене, ақын еркелей­тiн бала ма, шаға ма? Жоқ, шолжың ба? Әй­теуiр, осы сөздiң ар жағында әлдекiм­дердiң “Ақынды алдай салу керек!” деген әзәзiл саясаты, зымыстан жымысқылығы, шолақ түсi­нiгi жатқан сияқтанады да тұрады... Ақынды ең әуелi бағалай бiлуiмiз керек. Егер бағалай бiлсек, бүгiн бүкiл қазақ халқы 80 жылдық ме­рейтойын атап өткелi отырған Жұмекен ақын, Жұмекен Нәжiмеденов – ұлы ақын.

Ақтөбе облысы әкiмiнiң идеология жөнiндегi орынбасары Сара Нұрқатованың туған ұлы Максим Чаркин облыстық бiлiм басқармасының орынбасары, ал келiнi Алуа Қасымова жастар саясаты iстерi басқармасының орынбасары болып қызмет атқаратыны республика көлемiнде айтарлықтай шу туғызды. Облыстың әлеуметтiк саласына жауапты Сара Нұрқатова жергiлiктi журналистердi шақырып, ұлы мен келiнiн бiр айдан берi барынша қорғап бақты.

АЛМАТЫ ТҰРҒЫНЫ ХАЛЫҚТЫ ТОНАУДЫ ТОҚТАТУДЫ СҰРАП, ХАТ ЖАЗДЫ
Бюджеттiң тесiлген бүйiрiн халықтың қаржысынан толтыру үрдiсiнiң белең алғаны сондай, елiмiздегi iрi компаниялар да белгiлi бiр пайыз арқылы тұрғындарды ашық тонауды жалғастыруда. Таяуда ғана ақпарат құралдары “Қазақтелеком” АҚ-тың қызмет көрсетудегi белгiленген 2 пайыз түсiмi президенттiң қызы Әлия Назарбаева басқаратын кәсiпорындардың есепшотына түсетiнiн хабарлады. Осы мәселеге байланысты өз зерттеуiн жүргiзген алматылық Сәкен Шардаров президент Н.Назарбаев пен оның қызы Әлияның атына хат жолдады.
ЖОЛ АПАТЫ БIР ОТБАСЫНДАҒЫ ТӨРТ БIРДЕЙ АДАМНЫҢ ӨМIРIН ҚИДЫ
Таяуда Шымкентте төрт бiр­дей жанның өмiрiн қиған жол апаты болды. Оқиға 22 қарашада Байтұрсынов кө­шесiнiң бойында болған. Қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бағытына шығып кеткен “Lexus” көлiгi “Ауди 80” көлiгiмен соқтығысады. Соқтығыстың қатты болғаны соншалықты, “Джип” көлiгi “Ау­дидi” ондаған метрге дейiн сүйреп барған. Жол апатынан “Аудиде” отырған бiр отбасының төрт мүшесi қаза тапты
ЖАПАНДА ЖАТҚАН ЕЛГЕ ЖОЛ КЕРЕК ЕМЕС ПЕ?
Күре жолдан қиыстау жат­қан Бестөбе кентiне арнайы шаруасы болмаса, әркiм ат басын бұра бермейдi. Бiрақ әңгiме оның қашықтығында емес, жолының жағдайсыздығында. Бес­төбеге жетем десеңiз, әуелi Астанадан 200 шақырымнан артық жол жүрiп, Степногорск қаласына барасыз. Бұл екi ара жолы нашарлау болғанымен, әйтеуiр, асфальттiң жұрнағы бар.
Қалалық сот азаматтық iс қарады. Мәселе онда қандай шешiм қабылданғанында емес, одан әлдеқайда маңызды!
Қара басқанда “Мысты өңiр” газетiнiң басшысы Зәуреш Исмагулова қа­зақша қақпайды екен. Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының мiнберi­нен қазақша сөйлегенiн қайтейiн, ауылдағы алты қазақ — бесеуi (судья, хатшысы, прокуратура өкiлi, талапкер мен жауапкер) алтыншысын тiлмаш­тыққа тартып, әрең түсiнiстi...
Кентау қаласының тұрғыны Орынбек Ақмамбетов 1967 жылы Канаданың Монреал қаласында өткен халықаралық көрмеге қатысқан. Жас кеншi әлемдiк көрмеде геологтардың Қаратау баурайынан кендi қалай тапқанын және Кентау қаласының құрылу тарихын таныстырған. – 60-қа жуық мемлекет қатысқан көрме өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған едi. Онда жасанды аралдар жасалып, АҚШ, Австрия, Вен­грияның және өзге де елдер­дiң түрлi тақырыптарда көр­ме­лерi көрсетiлдi.
“Шымкенттiктер” деп бөлiп сөйлейтiндердi көрсем менiң зығырданым қайнайтын болды. Өйткенi “шымкенттiктер” сөзi маған шеттету, кемсiту, қорлау ұғымын тудырады. Биыл ерте көктемнен бастап күннiң екiншi ауысымында сабақтан кейiн жұмыс iстеу үшiн өзiме ыңғайлы жұмыс қарастырдым. Қалада жұмыс iстеймiн деушi­лер­ге жұмыс көп екен. Бiрақ маған жұмыс табылғанымен, сол жұмысқа орналасу өте қиынға соқты.

Жақында ғана елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде түпкi тамыры пұтқа табынушы кельт халықтарынан бастау алатын америкалықтардың жын-ойнақ мейрамы Хэллоуиннiң аталып өткенi баршамызға белгiлi. Егемендi ел болып, еңсенi ендi тiктеп жатқанда ұлттық сананы улап, ұрпақты аздыратын бұл мейрамның ұлтқа берерi бар ма? Әлде қазағымыздың ата-бабадан аманат болып қалған ұлт­тық құндылықтарының ендi ұрпаққа қажетi шамалы ма?

Бұрын ауылда жүргенде онша байқалмайды екен, қалай аудан орталығына келдiм, солай шежiреге ден қоятын болдым. Өйткенi мұндағылар сенiң руыңды жәй ғана қызығушылықпен сұрап алады да, саусақтарын бүге түсiп, сенiң жетi атаңды жетi жаққа су тегiн бөлшектеп бередi. Содан кейiн сенiң жоғарыда тiреп тұрған көкеңнiң есiмiн бадырайта айтады. Ал сен болсаң ол көкенi сырттай бiлгенiңмен, өмiрi көрмегенiңдi айтып шыр-пыр боласың.

...Айтыскер ақындарымыздың iшiнен қазiргi заманның кем-кетiктерiн дөп басып айтатын ақындарымыз бар. Менiңше, олар жалтақтамайды, жалпақтамайды. Бұған жеке басым қатты қуанамын. Нағыз ақын жалпақшешейлiк­тен алыстау болуы керек деп ойлаймын. Сiздерге өзiм сыйлайтын айтыскер ақын Рауан Қайдаровтың өлең жолдарын жолдап отырмын.
Мектеп кезiнен арманым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу едi. Арманым жүзеге асып, ҚазҰУ-дың механика-математика факультетiнiң автоматтандыру және басқару мамандығының студентi атандым. Ендi бiзге тек оқу керек. Жақында құрбым бiздiң жатақханамызға келiп, таңдайын қағып кеттi. Жатақханада студенттерге барлық жағдай жасалған:оқу бөлмесi, компьютер сыныбы, әр қабатта жеке-жеке асхана, бөлмеде жылы,салқын су және тегiн WiFi желiсi бар.

Мен 10-11-сынып оқып жүрген кезiмде “Жас Алаш” газетi жас ақындардың өлеңiне конкурс жариялаған едi. Және авторлар жасырын атпен берiлген болатын. Ұмытпасам, Ан Габи (Семей жақтан) деген бүркеншiк атпен жас ақынның өлеңi жарияланды. Бiрақ Ан Габи деген атпен шыққан ақын туралы хабар болмай кеттi.

Ниджат Рахимов Хьюстондағы әлем чемпионатының алтын медалiн иелендi. 77 келi салмақ дәрежесiнде сынға түскен Ниджат елiмiздiң қоржынына осы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлде – алтын медальдi салып бердi. Хьюстон төрiндегi жүл­деге талас жөнiнде сәл ке­йiнiрек. Әзiрбайжан ауыр атлетикасын басқарған Джа­хангир Аскеров бармағын шайнап өкiнiп жатқан шығар.
Атыраудағы халықаралық турнир жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Ресей, Әзiрбайжан, Марокко елiнiң негiзгi боксшылары қатыс­қан додада бәсеке төмен болған жоқ. Былтыр Оңтүстiк Кореяда өткен әлем чемпионатында 48 келi салмақта әлем чемпионы атанған соң 51 келiге ауысу туралы ойландық. Неге? Өйткенi 51 келi – Олимпиадалық салмақ.
ЕКI ЖҮЛДЕ БҰЙЫРДЫ
Қытайда өткен гран-при додасында елiмiздiң дзюдошылары 1 күмiс, 1 қола жүлденi олжа тұтты. Қыздар арасында Галбадрах Отгонцецег 48 келiде белдесiп, қола жүлде иелендi. Ерлер арасында Максим Раков (100 келi) финалда моң­ғол Тувшинбаяр Найданнан ұтылып, күмiс жүлденi мiсе тұтты.
АҚШ-тың кинорежиссерi, продюсерi, әртiсi, жазушысы, төрт рет “Оскар” сыйлығының иегерi Вуди Аллен көп нәрседен қатты қорқады. Мәселен, кеңiстiктен, биiктiктен, лифтiден, тiптi құрт-құмырс­қа, шыбын-шiркейден, арахис майынан, ашық түстi гүлден, жан-жануарлардан.

Қазақтың арманы не? Тәуелсiз ел болу. Өзгемен терезесi тең мемлекет құру. Ешкiмнiң алдында бүгежектеп-бүгiлмейтiн, уайым жеп, үгiлмейтiн ұрпақ тәрбиелеу. Бұған алғышарттың бәрi бар. Жерiмiздiң асты-үстi тұнған байлық. Ол – бабалардан қалған мұра. Оның иесi – қазақ. Бiрақ бiз неге еңкiшпiз? Тәуелсiздiгiмiз неге жартыкеш? Келешегiмiз неге бұлыңғырланып барады?