1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16073) 1 желтоқсан, сейсенбі 2015
Ресейдiң “белгiлi бек­би­кесi” Владимир Жириновский “Говорит Москва” радиосына берген сұхбатында былай дедi: “Ыстамбұлды жер бетi­нен жоқ қылып жiберу оп-оңай. Ядролық бомбаны ең әуелi бұғазға тастау керек, содан су деңгейi 10–15 метрге дейiн көтерiледi де, 9 миллион тұрғыны бар Ыстамбұлды әп-сәтте шайып кетедi”. Бұл бұл ма, Жириновский Түркияны тап бiр өз қолымен жасап алғандай-ақ: “Ядролық қарумен бұл елдi жермен-жексен етiп, жойып жiберу керек” дедi.

Ресейдiң СУ-24 ұшағын Түркияның   F-16 жойғыш ұшағы атып түсiргенде Владимир Путин бiрден қарымта жауап қайтарды. Түркияның әрекетiн “ту сыртымыздан соққы жасау” мен “лаңкес­терге болысу” деп бағалаған ол түркиялық тауарларды Ресейге кiргiзбеудi, екi ел арасындағы чартерлiк рейстерге тыйым салуды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Бұдан бөлек Мәскеу Түркиямен арадағы визасыз режимдi алып тастады.

Кеше Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев кезектi жолдауын жариялады. Бiр ерекшелiгi, “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму” дейтiн тақырыбы iлгерiдегi жолдаулардан солғын көрiндi. Неге олай екенiн тарқатып жату артық. Дамыған отыздықтан дәмелi мемлекеттiң жағдайы құлдыраған мұнаймен бiрге кейiн сырғыды. Қымбатшылық жұртты жаналқымнан алды. Дегенмен президент “Бұл дағдарысты да жеңемiз” деп көптi сендiруге тырысты.

Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Берiк Бисен­құлов қамауда отырған саясаткер Владимир Козлов өзiн мерзiмiнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығаруды сұрап, өтiнiш бiлдiргенiн мәлiмдедi. Тiркелмеген “Алға” саяси пар­тиясының бұрынғы жетекшiсi Владимир Козлов 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезiнде “әлеумет­тiк алауыздық туғызды” деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айы­рылған-ды. 
Қыжыртпа
Қазiр бiреуге бiреу өкпелейтiн заман емес қой, негiзi. Бiрақ неге екенiн кiм бiлсiн, Дариға Назарбаеваның “көңiлi пәс”. Премьер-министрдiң орынбасары  Астанада өткен әйелдердiң IV Еуразиялық саммитiнде сыр ашты. “Әдемi киiнiп, әдемi прическа жасап, әдемi сырғаларды тағып отырған қыздарға қарағанда қайдағы дағдарыс деймiн...”. Мiне, әйелдер саммитiндегi сөзiн алғашында ол осылай бастаған.
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРIН ЖЕКЕМЕНШIК КОМПАНИЯЛАРҒА ҚАЙТА БАСҚАРТПАҚ
Кеше халыққа арнаған жолдауында президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық бiрыңғай зейнетақы қорының активтерiн бас­қарудың жаңа да ескi тәсiлiн ұсынды. Ол – бiрыңғай зейнетақы қорының активтерiн басқаруды Ұлттық банктiң құзырынан алып, жекеменшiк компанияларға беру. Жаңа да ескi дегенiмiздiң себебi, ұлттық бiрыңғай зейнетақы қоры құрылғанға дейiн зейнетақы салымдарын онсыз да жекеменшiк қорлар мен жекеменшiк ком­пания­лар басқаратын.

– Iшiп отырған шайыма шашалып қалдым. “Лего ниндзяго”, “Тасбақа ниндзя” сияқты ойын кейiпкерлерiн аузынан тастамайтын төртiншi сыныптағы ұлымнан мұндай саяси сұрақ күтпеген едiм. Бақсам, тұңғыш президент күнiне шығарма жазуға апайлары тапсырма берiптi. Ендi қайтпек керек? “Хабар”, “Қазақстан” телеарнасы немесе “Егемен Қазақстан”, “Айқын” газеттерiнiң сайттарына кiрiп, көздi жұмып тұрып, кез келген мәтiнiн көшiре салса, шығармаға дап-дайын дүние.

Энергетика министрi Владимир Школьник жанар-жағармай акциз мөлшерiнiң көбейтiлуi бензин бағасына әсер етпейдi деп мәлiмдедi. Школьникке сенсек, бензин қымбаттамайды. Алайда министр бұған дейiн де талай рет “қымбаттамайды” деген бензин литрiнiң бұл күнде қанша пайызға қымбаттағанын ескерсек, сенiмнен гөрi күмәнiңiз артары сөзсiз.

Алматылық полицейлер жаңа жобаны iске қосты. Ендiгi жерде әрбiр тұрғын өз көршiсiнiң қырағы бақылауында болмақ. Жобаның өз атауы да қызық, “көршi бақылауы” деп аталады. Алматы қаласы, Медеу аудандық полицейлерi тұрғындарға өз көршiле­рiн бақылауда ұстауға ұсыныс жасады деп хабарлайды қалалық Iшкi iстер департа­мен­тiнiң баспасөз қызметi.
Ақтөбе облысы әкiмiнiң идеология жөнiндегi орынбасары Сара Нұрқатова Қазақстанды қалай қиқулатқанын көрдiк. Сара апасындай бола алмаса да, соған “ұқсауға” тырысатындардан “Қазақмыс” компаниясы да құралақан емес. Кейде ондағы “КәсiпҚазақмыс” кәсiподағын отбасылық ұйым ба деп қаласың...
Түрiкменстан президентi Гурбангулы Бердымұха­медовтiң әнi мен сөзiне жазылған “Алға, алға, тек қана алға, сүйiктi отаным – Түрiкменстаным” атты әндi концерт кезiнде төрт мыңнан астам адам орындады. Сөйтiп, бұл ән Гиннестер рекордтар кiтабына ендi. Түрiкменбашының бұл әнi Түрiк мәдениетi халықаралық ұйымының биылғы жылға белгiленген астанасы Мары қаласында өткен концерт кезiнде шырқалған.
Ақиқат айтылды ма? Бұл – бiз жауап беретiн сауал емес. Сараптайтын – судья! Өткен аптада “айыпкерлер айтысына” экс-премьер Серiк Ахметов соңғы нүкте қойды. Түсiнiктер тоқайласқан сөзжарыс сонымен сарқылды. Ендi жарыссөз басталады. Сосын үмiтiнен үрейi үстем үкiмнiң де төбесi көрiнiп тұр...

Бала кезiңде бастан өткерген айрықша оқиғалар арада қанша жыл өтсе де ұмытылмайды екен. Қарабай деген жезде­мiз болатын. Әкемнiң шешесiнiң (әжемнiң) сiңлiсiн алған. Алпыстарды алқымдап қалған бұл кiсiнi бiздер “жезде” деп емес, “көке” деп сыйлайтынбыз. Өзi жуас, момын кiсi. Балажан. Бәрiнен де бiзге әңгiмешiлдiгi ұнайтын. Сонау Ащысай қаласынан жыл аралатып жолы түсiп тұратын. Бiр қызығы, ол кiсi автобуспен немесе басқадай бiр көлiкпен емес, үнемi ат мiнiп келетiн.

Баяғыда, мектепте оқып жүр­геннен есiмде қалған бiр оқиға бар. 7-сыныпты бiтiруге шақ қалғанда өзiмiзге математика пәнiнен берген мұғалiмiмiз Дариға апай аяқасты қайтыс болды. Қайғылы оқиға мектепте болды. Екi күн бойы “басым қатты ауырып жүр” деген Дариға апай үшiншi қабатқа көтерiле бергенде, сұлқ түсiптi. Мектеп әкiм­шiлiгi бiрден жедел жәрдем шақырғанымен, олар апайымызды құтқарып үлгермедi. Ол мұғалiмдер бөлмесiнде жатқан күйi о дүниеге аттанған. Дәрiгерлер апайдың миына қан құйылып қайтыс болғанын айтты.

АҚШ-тың ұлттық ғарыш агенттiгi Марсқа ерiктiлерден тұратын алғашқы экспедицияны 2031 жылы жiберемiз деп отыр. Бiрақ оған қызу дайындық әлдеқашан басталып кеткен. Ерiктiлер iрiктелiп алынғанын бұған дейiн хабарлаған едiк. Ендi Марсқа ұшатын аппараттардың жабдықтарын дайындау, сапарды жоспарлау жұмыстары басталды. NASA Марсқа ұшатын ерiктiлер Қызыл ғаламшардың қай аймағына, қай нүктесiне қонғаны дұрыс, соны талқылауды бастады.
ТОЗАҚҚА ҰҚСАС ҒАЛАМШАР
Эдинбург университетiнiң астрономдары Чилидегi оң­түстiкеуропалық обсерваторияның инфрақызыл телескопы арқылы Жерден 75 жарық жылы қашықтығында орналасқан ғаламшардың суретiн алды. Ғаламшардың диа­метрi Юпитердiкiне ұқсас, бiрақ салмағы сегiз есе ауыр. Ғаламшар бес сағаттың iшiнде бiр айналым жасайды. Ғалымдар шартты түрде PSO J318.5-22 деп атаған
Ғасырлар бойы бiресе патшалық Ресейдiң, бiресе кеңестiк Ресейдiң бодандығында рухы жаншылып, ұлттық болмыс-бiтiмiнен айырылудың аз-ақ алдына жеткенде Алла оңғарып, азаттық алдық. Бұл ұлы дүбiрге қос ауыз жыр жазу қолынан келетiн ақынжанды қазақ қызу атсалыстық. Еркiндiктi, Ерлiктi жарыса жаздық, жарыса жырладық. Алайда...
«ЖАМБЫЛ» ЖУРНАЛЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!
“Қазақ әдебиетi” газетiнiң осы жылдың №41 санында “Жам­был” журналы: “тарландар мен таланттар” деп аталатын шолуда: “Жамбыл” журналын оқығанда менiң көз алдыма санама өмiрi өшпестей жазылып қалған бiр сурет елестейдi. Есiңiзде ме, сонау Түйеөркеш­тегi ғажап көктем көшi. Бозбала Абайдың жас Тоғжанды алғаш көруi. Сүйiндiк үйiндегi қонақасы. Қалай едi? “Қарабастың өткiр сары кездiгi қыстан қалған семiз жаяны да
Он күнге тарта әлемнiң ауыр атлеттерiн төрiне жинап, Хьюстонның қойнауында дода өткiзген АҚШ-қа ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы разы шығар. Әлем чемпионатын жоғары деңгейде сән-салтанатын келiстiре ұйымдастырғаны үшiн. Бұл әлем чемпионатында Қытайдың ауыр атлеттерi көш бастау үрдiсiн үзбей темiрдi “саз балшықтай илей алатындығын” тағы да дәлелдедi.
ҰПАЙ ҰСТАТПАЙ ҰТТЫ
Бакуде күрес түрлерiнен голден гран-при додасы мәресiне жеттi. Бұл турнирге әлем чемпио­наттары мен құрлықтық додаларда олжа салып жүрген балуандар қатысты. Еркiн күрестен Дәулет Ниязбеков (61 келi) пен қыздар күресiнен Айым Әбiлдина (58 келi) қола жүлде еншiледi.   
«ДЖЕКТIҢ БЕРГЕН 20 ДОЛЛАРЫ БIЗ ҮШIН 20 МИЛЛИОН ДОЛЛАРДАН АРТЫҚ»
Жақында ғана Техас штатындағы мешiтке вандалдар шабуыл жасағанда, Джек Свонсон атты бала мешiт қызметкерлерiне өз қаржысын әкеп табыстаған едi. Джек бұл ақшаны өзiне iPad сатып алу үшiн жинаған екен. Әрине, ислам орталығының мүшелерi жетi жасар баланың бұл әрекетiне қатты тебiренгендерiн айтады.
Үлкен әдебиетшi, белгiлi философ С.Мережковский “Жақсы газет тобырды халыққа айналдырады, ал жаман газет халықты тобырға айналдырады” дейдi. Осыдан екi жүз жыл бұрын айтылса да, бұл пiкiрдiң мәнi ескiрген жоқ. Демек, газетке жазылу, жазылатын газеттi дәл әрi дұрыс таңдау–оңай-оспақ тiрлiк емес, аса маңызды мәселе. Сiз де жазылатын газетiңiздi дұрыс әрi тиiмдi таңдай бiледi деп сенемiз,