1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (16074) 3 желтоқсан, бейсенбі 2015
БҮГIНГI АШЫҚ АУКЦИОН ЕРТЕҢГI ЖАСЫРЫН ТОНАУҒА АЙНАЛМАСЫН
Желтоқсанның 3-де Қазақстанда тұңғыш рет жер асты қазба байлықтарын пайдалану құқығы аукцион арқылы сатылады. Елiмiз үшiн маңызы зор шара туралы ақпаратты Инвестициялар және даму министрлiгi небәрi 20 жолға сиғызып жiберiптi. Ал шындығына келсек, бұл ерiншек молданың қысқа қайыратын “құлһуалласы” немесе жылда осы ғой дейтiн президенттiң жауыр жолдауы емес, ертеңгi ұрпақтан алатын қарыздың әңгiмесi.

Алматы облысының тiзгiнi Амандық Баталовқа өткен жылдың тамыз айында ғана тиген. Бiр жарым жылға жетер-жетпес уақыт iшiнде талапшыл әкiм талай шар­уаның басын қайырды. Соның бiр дәлелi, күнi кеше президент өзге әкiмдердi Амандықтан үлгi алуға шақырды. Өзi бiлiп бiрдеңе тындырмаған шендiлердiң өзгеден үйренiп қарық қыларына сенбесек те, Баталов секiлдi басшылардың көбеюiне бiз де тiлектеспiз.

ХВҚ юаньға жаңа мәртебе бердi
Халықаралық валюта қоры Қытайдың ұлттық валютасы – юаньдi негiзгi халықаралық валюталардың қоржынына қосты. Долларды бiраз уақыттан берi өкшелеп келе жатқан юаньнiң резервтi валютаға айналғаны анау айтқандай жаңалық емес. Өйткенi Халықаралық валюта қоры соңғы бес-алты жылдан берi юань еркiн айырбасталмайтын валюта емес деген себеппен оны қоржынға қосудан бас тартып келгенiмен, аспанасты елiнiң ақшасына деген сұраныс жылдан-жылға артып келедi.
Қазақтың байлары ақпа­құлақ оқушыдан әрмен. Ана құлағына айтқаның мына құлағынан шығып кетедi. Әйтпесе “шетелдегi тыққан-пыққан ақшаларыңды заңдастырыңдар” деген сөздi президент қанша рет айтты? Бiр емес, бiрнеше рет! Оны ұғып жатқан бiреу бар ма? Жоқ. Ел басшысы сөйлеп жатқанда менiң атымды атап қалар ма екен дегендей көздерi жыпылықтап отыратын жуандар былай шыға бәрiн ұмытып кетедi.

Осы жылғы наурыз айында Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мемлекеттiк әлеуметтiк нысандарға қатысты жаңа ереже бекiткен едi. 212 нөмiрлi бұл ережеден кейiн мектеп, аурухана, әскери бөлiмдердегi асханаларды жалға алу-беру құны 9(!) есеге бiр-ақ шарықтады. Министрдiң әлеуметтiк нысандардағы тамақтану орындарын бұлайша қымбаттатуға арналған бұйрығы түрлi заң бұзушылықтармен қабылданған.

Елдегi жұмыссыздар саны – 441 мың адам. Соңғы статистикалық ресми дерек осындай. Ал “Атамекен” ұлттық кәсiпкерлер палатасы басқарамасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев болса, “бес жарым мың кәсiпорын 70 мың маман таппай жүргенiн” айтады. Сонда Қазақстанда жұмыссыз да көп, маман таппай зарыққан да көп пе екен? Жағдайды түсiнiп болмайсың. Әсiресе, шенеунiк­тердi.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технологиялар және инжиниринг университетiнде маңғыстаулық желтоқсаншылар Айша Айтжанова мен Тоқтар Әжiғұловтың және кәсiпкер азамат Мұхтар Сейдалиевтiң белсене араласуымен “Тоғанай Т” баспасынан жарық көрген “Алматы 1986 Желтоқсан” айғақ-кiтаптары 8 томдығының тұсаукесер рәсiмi өттi.

900-астам қазақстандық отбасылар баспаналы болды. “Нұрлы жол” мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Талдықорған, Ақтау, Қызылорда және Ақтөбе қалаларының тұрғындары да баспаналы болуда. Сонымен, Талдықорған қаласында бөлiнуге арналған пәтерлердiң жалпы саны – 30, ал олардың жалпы алаңы – 1.7 мың шаршы метрдi құрайды. Ақтау қаласындағы ондай пәтерлердiң жалпы саны – 100, алаңы – 5.7 мың шаршы метр.

Президент өз жолдауында “Заманына қарай дамбалы” деген сөздi айтып қалды. Соғыстан кейiнгi, 1947 жылғы бiр оқиға осындайда еске түседi. Онды ауылына «7 қазан күнi «Октябрь революциясының 30 жылдық мерекесiн тойлаңдар» деген тапсырма жетедi. Сол кездегi Маңғыстау ауданының орталығы – Таушықтан келген өкiл “мерекеге” деп 20 метр қызыл мата әкелiптi.

Қазақстанның БАҚ-тары бақаша бақылдап: “Қарашаның тура 30-ында президент Нұрсұлтан Назарбаев теледидардан туған халқына Жолдауын жайып салады, соған тас-түйiн әзiр отырыңыздар, өзге майда-шүйдеге алаңдап, аңғармай қалмаңыздар!” деп “ұран” тастағаннан кейiн Қарағанды шаһары, Михайловка шағын ауданының азулы ақсақалдарының бiрi һәм бiрегейi (бұл неге бөстi демеңiздер, вообще бар ғой, бұл күнде өзiңдi-өзiң мақтамасаң, ешкiм де сенi мақтамайды) ретiнде менiң де дегбiрiм қатты кетiп едi.

“Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты”. Ресей президентi В.Путин­нiң ТүркСОЙ-мен қатынасты үзiлдi-кесiлдi тоқтату туралы жарлығы ерiксiз “Ресей президентi сақалын да бояп жiберген жоқ па екен осы?” деген ойға алып келедi. ТүркСОЙ –1993 жылы құрылған ұйым. Әзiрбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, Түркия мемлекеттерiнiң Мәдениет министрлерi бас қосып, жиын өткi­зiп, осы ұйымды құрған-ды.

Facebook әлеуметттiк желiсiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi әрi басшысы Марк Цукерберг тұңғыш рет әке атанды. Қуанышы қойнына сыймаған әке сейсенбi күнi әлеумет­тiк желiде әйелi Присцилла Чан екеуi қызды болғанына сүйiншi сұрап, нәрестесiне арнап хат жазыпты. Қызымыз бойжеткенде оқиды деген ниетпен жазылған хатта Цукерберг өзiнiң иелiгiндегi Facebook әлеуметтiк желiсiнiң 99 пайыз акциясын бiрте-бiрте сатып, оны өмiрiнiң соңына дейiн қайырымдылыққа жұмсайтынын айтады.

МИНИСТР МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ МҰНЫСЫ НЕСI?
Ауызекi тiлде және әдебиеттерде “Екi қошқардың басы бiр қазанға сыймайды” деген сөз көп айтылып жатады. Неге еке­нiн қайдам, осы сөздi естiгенде ұдайы көз алдыма бiр ыдыс­тағы жемге таласып, бiрiн-бiрi сүзгi­леп жатқан екi қошқар елестейдi де тұрады. Мұның астары түсi­нiктi ғой. Бiрақ тереңiрек ойлап қарасаңыз, бұл сөздiң түпкi мағынасы әлдеқайда кеңiрек екен. Шамасы бұл өзiнiң тұп­нұсқасын жоғалтқан, соған қарай мәнi де “майысқан” сөз сияқты.   “Екi қошқардың басы бiр қазанға сыймайды” емес, дұрысы “екi қойдың басы бiр қазанда қайнамайды” болуы керек.

Қазiргi күнi “Ән де, әншi де көп бола берсiн, уақыт өте келе iрiктелiп, ең үздiктерi ғана қалады...” деген тұжырым үстемдiк құра бастады. Және мұндай пiкiрдi өзгелер емес, белгiлi өнер иелерiнiң өздерi айтып отыр. Сонда өңшең ортанқол, тiптi түкке тұрғысыз туындысымақтар мен орындаушылар арасынан екшелiп, жөнi түзу бiреуi қалам дегенше тыңдарманның талғамы қиратылып, музыкалық өресiнiң топастана беретiнi неге қаперге алынбайды?

Қазақ көрермендерiне “Қатаң романс”, “Гусар балладасы”, “Тағдыр тәлкегi немесе жеңiл буыңызбен”, “Қыз­меттiк роман”, “Екеу­ге арналған вокзал”, “Гараж” және өзге де кинофильмдерiмен жақсы таныс режиссер Эль­дар Рязанов дүниеден озды. 88 жасында. Өлерiнен бiрер сағат бұрын әйелi Эммаға “Менiң фильм­дерiмдi қойып бершi, қарап жатайын...” деп өтiнiш етiптi.
Бiздiң сүйiктi қаламыз Арқалық өзi өмiр сүрген осы 59 жыл iшiнде небiр “атаққа” ие болды. 1950 жылдары Қызылқозы кеншi­лерiнiң жертөле қазып тұруына байланысты “Копай-город” атанса, 1956 жылдан бастап Арқалық қаласы болып құрылды. 1970 жылдары Торғай облысы ашылып, Бүкiлодақтық комсомол құрылысы болып шешiм қабылданып, “Город юности – Аркалык” та болдық.
“Жас Алаш” газетiнiң 91-санында “Қайсысы дұрыс?” деген тақырыппен жарық көрген оқырман ойына өз пiкiрiмдi қосуды жөн көрдiм. Кентаулық Нарбек Мұсабаев өткен ғасырдың елуiншi жылдары Мақсұтбек Майшекиннiң редакторлығымен шыққан “Қазақ халқының әндерiндегi” “Бiр бала” әнiнiң мәтiнiн құп көредi екен.

Теледидардан Жаңа жылды тойлауға бөлiнген ақшаны естiп, ойға қалдым: Ақтөбеге – 27 миллион, Ақтауға – 49 миллион, Павлодарға – 40 миллион. Ау халайық, осындай удай қымбатшылық заманда осыншама қаржыны ысырап етiп Жаңа жылды қалай тойламақшымыз?! Кеше ғана президент Н.Назарбаев ел қоржынын үнемдеңдер деп шенеуiктерге тапсырма бердi емес пе?

Екi сыбайлас әңгiмелесiп отыр. Бiрi::
– Осы бiздiң халықтың қалтасын қаға бергенiмiз ұят болмай ма?
Екiншiсi:
– Болмайды! Ұялса, қалтасына ие бола алмаған халық ұялсын!
Жарыстың түрi көп бiзде.
Бұрын:
Ат жарыс,
Атақ жарыс,
Сөз жарыс болушы едi,
Ендi «азуы алты қарыс»

Қарашаның 25 жұлдызында (2015 жыл) “Қазақстан” телеарнасындағы “Айтуға оңай” бағдарламасынан ұлы композиторымыз Әбiлахат Еспаевтың 90 жылдығына арналған хабарды тыңдадым. Хабарда марқұмның қасиеттерi, адамгершiлiгi туралы жақсы айтылды. Жақсы хабарға елжiреп отырғанда төбеден жай түскендей жағдайға ұшырадым. Ол жағдай мынадай едi:

...Мемлекетiмiз жемқорлықпен күресуде. Алайда жемқорлар көбеймесе, азайған жоқ. “Перiште де алтын көрсе, жолдан таяды” деген мақал бар. Адам дүниненiң құлы болса, қалайша пара алма деп айта аламыз? Жемқорлар ұсталып та жатыр, жазасын алып та жатыр. Алайда тоқтайтын түрi жоқ. Менiңше, пара алушыны жазғырмай, пара берушiнi жазалап, тәртiпке шақырса дұрыс болар едi...

Бей-берекетi шыққан берекесiз тiрлiктi бейнелеу­ге келгенде қазақ қалам­герлерi “шiлдiң боғындай бытырап” деген бейнелi сөз тiркесiн қолданады. Ал шындығында, жылқыша тебiн­деп жайылатын бiрден-бiр құс – шiлдiң боғын табу өте қиын. Түнде бiр-бiрiне ұйыса түнеген шiлдiң боғы бiр жерде үйiлiп қалады. Оны аңшы түгiл далада мал қайырып көп жүретiн кез келген қазақ жақсы бiледi.

Ауыр атлетикадан елiмiздiң ұлттық құрамасы АҚШ-та өткен әлем чемпионатынан табысты оралды. Қоржынымызға 2 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальдiң түскенiн, жалпыкомандалық есепте үшiншi сатыға жайғасқанымызды өткен нөмiрде (“Қазақтың күшi әлемнiң мысын басуы үшiн...”, №95, 1 желтоқсан 2015ж.) жаздық. Хьюстондағы доданың күмiс медалiн иеленген Алмас Өтешовтен осы әлем чемпионаты жөнiнде аз-кем тiлдескен едiк.

САҢЛАҚ САПҚА ҚОСЫЛМАЙ...
Қарағанды қаласында бокстан Ғ.Жарылғаповты еске алуға арнал­ған дәстүрлi турнирге ұлттық құраманың белдi боксшылары да қатысып, бақтарын сынайды. Қазан айында Катарда өткен әлем чемпио­натындағы сәтсiздiктен кейiн кейбiр салмақтарда серкелер мықтылығын дәлелдей алмаса, жылы орнын босатуы тиiс. Келесi жылы өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына жолдама үлестiретiн

Үлкен қайнағамыздың бойжеткен қызы Ақтөбедегi бiр бай әулеттiң баласына тұрмыс­қа шықты. Екеуi шетелде бiрге оқып жүрiп сөз байласып, биылғы жазда үйлендi. Құда болар әулеттiң баласын үйлендiруi де тез болды, алатын қызының ата-тегiн, тұқым-тұяғын сұрап жатпас­тан, құда түстi де, тезiрек үйлендiрiп тынды. Бұл бiр жағынан қыз берер жақтың туысқандары –бiздер үшiн де тосындау жағдай болды.

“Адам бойындағы асыл қасиеттердi дамыту үшiн алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат iздейдi, қалайша махаббатты қорғайды” дейдi Үндiстан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерi, философ Махатма Ганди.