1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16075) 8 желтоқсан, сейсенбі 2015
АЛ ОНЫ ТАЛҒАЖАУ ЕТКЕНДЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙIП БАРАДЫ
Алматының базарларында “дағдарысқа қарсы” сауда нүктелерi ашылды. Бұл жердегi тауарлардың баға нарқының өзгелерден ерекшелiгi сондай, кез келген қазақстандықтың қалтасы көтерердей. Ал ендi бұл қандай арзан тауар десеңiз, айтайық, сатылымдағы барлық заттың жарамдылық мерзiмi әлдеқашан өтiп кеткен. Яғни жарамсыз азық-түлiктер. Аты айтып тұрғандай, жарамсыз тауарлардың бұл түрi Алматының барлық базарларында сау­далануда. Бiр таңғаларлығы, сатушылар өзiнiң мерзiмi өтiп кеткен макарон өнiмдерiн, кәм­питтер мен шұжықтарды сатып тұрғанын жақсы бiледi. Сонымен

“Көк теңiз, алтын құм, тамаша жағажайдағы бесжұлдызды қонақүй және алыс-жақын төңiректе бiрде-бiр ресейлiктi кездестiр­мейсiз”. Кейбiр түркиялық демалыс орындары Ресей санкцияларынан кейiн осындай жарнамаға көшкен. Мұнысы “ре­сейлiктер келмесе де, қылшығымыз қисаймайды” дегендерi болса керек. Расында да, шет мемлекетпен алыс-берiс қарым-қатынасты үзудiң салдарын алдымен Мәскеудiң өзi тартады.

“Хабар” мен “24kz” телеарналарының Лондондағы тiлшiсi Бэла Құдайбергенова жұмысынан босады. Оның “Ары қарай өтiрiк айта алмаймын, жұмыстан кетемiн” деген сөзi әлеуметтiк желi қолданушылары тарапынан қызу қолдау тапты. Журналистiң бұл кетiсiн “Су iшкен құдығына түкiрдiге” балап жатқандар да бар. Алайда “өтiрiк айтудан шаршадым” дегенiне ешкiм де дау айта алмаса керек.

Бензиндi бөшкелеп iшетiн мешкейлiгiнен еуропалық миллиардерлер тұра қашатын, есесiне, дарақылығымен ел-жұрттың iшiн күйдiрмек қазақ байларының дүкеннен азық-түлiк тасуға, одан қалса, қалың кептелекте жұмысқа барып келуге мiнетiн кәдiмгi “Land Cruiser” джипiне “Ұлы дала елi” атты сапа белгiсi бұйырмай қалды. Бұл не қылған белгi дейсiз ғой? Бұл – қазақстандық бренд! Қазақстандық шикiзаттан қазақстандық жұмысшы қолымен қазақстандық компания шығарған өнiмге ендi жыл сайын осы белгi берiлмек. Және жайдан-жай берiле салмайды.

Қазақ “Заманына қарай – амалы!” деген, қанатты қағида қалдыр­ған. Мұны бiреулер басқаша көпiр­те­тiн көрiнедi. Алайда “Серiктiң сотына” сәйкес­тен­дiрсек, “дамбалы” да, “адамы” да емес, “амалы” екенi айдан анық. Әйтпесе, қарша бораған қыруар қаражат кiмнiң қалтасында кеткенiн дә­лелдей алмай, елдi дүдә­мал күйге түсiрiп қойған Әлжан Ақмолдаевты, Думан Нұрбаевты және Ғұмар Рақымжановты айыптау жағы қылмыстық жауап­кер­­шi­лiк­тен босатуды соттан сұрай ма?

Ақтөбе металқұрастырмалары зауытының директоры ЭКСПО-ның жұмыс көлемi, нысандар құрылысына қандай технологиялар қолданылатыны жөнiнде ақпараттың жеткiлiк­сiздiгiн Ақтөбеге кәсiпкер­лермен кездесуге келген Ахметжан Есiмовке тiке айтты. Аймақ кәсiпкерлерiн көрме нысандарын салуға қатысу мүмкiндiктерi мен шарттары және Есiмовтың кепiлдiгi алаңдатады.

Жақында ғана террорлық шабуылға ұшыраған француз астанасында тағы бiр жаһандық түйткiл – климаттың өзгеру мәселесiн талқылауға арналған әлемдiк форум өттi. Қарашаның 30-да Парижде бас қосқан 150-ге жуық елдiң басшысы 12 күн бойы әлем елдерiне ортақ Жердiң температурасын Цельсий бойынша 2°C-тан асырмау туралы жаңа келiсiмге қол жеткiзуге тырысты.

Ұлытау ауданы әкiмдiгiнен телефон шалды. Жол азабын тартқан жас жiгiт. “Темiр жолдың пайдасы мен зияны бiрдей болды. Салған кезде ауыр салмақты автокөлiктер тас жолды талқандап кеткен” дейдi. Өтiнiшi – соны жазу. “Жергiлiктi газеттiң жанайқайы кiмге жетедi? Облыстағы әрiптестерiңiз “Қарақұмның” қайда екенiн бiлмейтiн де шығар?!” дегендi қосып қойды. Соған қарағанда, бұл бүгiн көтерiлiп отырған мәселе емес... Сосын уақыт оздырмай шалғайдағы шаруашылыққа шығып кеттiк.
Қоғамдық қабылдауға 35-40 жас аралығындағы қазақ келiншек келдi. Үш баласымен күйеуден ажырасқанын, күйеуi үш балаға алимент төлемей, қашып жүргенiн айтып жылады... Осы келiншектiң iзiн суытпай елудi еңсерген тағы да қазақ әйелi келдi. Тiршiлiк құқайынан әбден тозған, шаршаған. Бес баласы бар, күйеуi iшiмдiкке салынған, өзi жұмыссыз... Жүрек сыздатады... Махамбетше айтсақ, елi үшiн “Ереуiл атқа ер салған, егеулi найза қолға алған” қазақ азаматтары қайда? Қолына найза алмай-ақ қойсын, күрек алып болса да “қара қазан, сары бала қамы үшiн” еңбек етсе

Көршiм ауырып, төсекке таңылғанын естiп, арнайы барғанмын. Көңiлiн сұрап, тезiрек сауығуына тiлектестiк бiлдiрiп қайттым. Сол барғанымда оның үйiнде он шақты ағайын-туыстары да көңiл сұрап келiп отырғанын көргенмiн. Көршiм Исаның отбасында үйелмелi-сүй­ел­мелi төрт баласы, қарт шешесi бар. Әйелi бала күтiмiмен үйде. Жалғыз Исаның тапқан ақшасымен күнелткен отбасының туған-туыстары бақуат тұратын сияқты. Өзiм барғанда кездестiрген туыстары ылғи “Джиппен” жүрген байшыкештердей көрiндi.

Медицина ғылымы адамның денсаулығы туралы көптеген мәлiметтер алуға болатындығын анықтап отыр. Адамның қолы, яғни саусағы, алақаны, тамырлары, терiсi, тiптi, тырнақтарының орналасуы, ұзындығы арқылы аурудың бар-жоқтығын, дерттiң болу- болмауын бiле аласыз. Денсаулығы мықты адамдардың саусақтары иiлгiш келедi екен.

Өмiр болған соң үй болып, отбасын құрудың түрлi формалары көрiнiс тауып жатады. Адам өмiрiнде екеу болып, шаңырақ көтерудi маңызды iс деп бiлемiз. Бiрақ отау құрғандардың жүз пайызы да махаббаттың әлегiне түспей-ақ үйлене салады. Некенiң қиылуы үшiн махаббат қана керек емес деп бiледi. Бүгiнгi қоғамда үйленудiң қандай жолдары бар? Қандай себептер некеге апарады?

Ауылға барған әрбiр туысымыз ол үйге соқпай кетпейдi. Өйткенi ол үйде бүкiл ағайынға сыйлы жеңгемiз Бибiгүл бар. Екi үлкен көшенi жағалай жайғасқан 15-20 үйлi бiр атадан тараған ағайын-туыстың әрбiрiнiң шаңырағында бiр ақжаулықты бар ғой. Бiрақ үлкен-кiшi үшiн Бибiгүл жеңгемiздiң орны бөлек. Ағайын-туыстың ауылына көшiп барғанымызда менiң жасым 10-да едi. Өзiм қатарлас бала-шаға күнұзақ ойнайтын жер де, тамақтанып, жататын орын да сол Бибiгүл жеңгемнiң үйi болатын.
Кеңес заманында бiраз дәуiр­ле­ген қазақ қылқалам шеберлерi бейнелеу өнерiнде iрiлi-ұсақты тұлғаларды қалыптастырған едi. Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, М.Кен­баев, Қ.Телжанов, Т.Исмаилова, А.Ғалымбаева, С.Романов,    Ү.Әжиев, Антощенко-Оленев, Сидоркин және т.б. суретшiлер – сол кезде өнер әлемiнде еркiн қалықтап, артына мол мұра қалдырған тұлғалар. Әубәкiр Ысмайлов, Қанафия Телжанов, Сахи Романов сынды азаматтар қазақ өнерiн, соның iшiнде сурет өнерiн ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге көте­рiп
Жүсiбi Батыраштың қағып өттi,–деп айтқан жолдарын Сәкен Сейфуллин 1935 жылы Ақан серiнiң “Таңдамалы өлеңдерi” деген жинағында келтiрген. Батыраштың Көккөзден тараған ұрпақтарының айтуынша, өлеңдегi Жүсiп Батырашұлы Батыраштың Сағынай асына барған ұлы екен. Жүсiп өлерден аз-ақ бұрын туыстары барып, Құлагер туралы шындықты сұраған. Яғни Жүсiп өлгенше басқалар түгiлi өз туыс­тары Құлагердiң өлiмiн Жүсiптен көрген ғой.
Ел спортының ертеңгi өркендерiн оқырмандарымызға кеңiрек таныстыру мақсатында “Үмiт” айдарын ашқан едiк. Дзюдодан жасөспiрiмдер арасында өткен әлем чемпионатының алтын медалiн иеленген Бауыржан Жауынтаевты, спорттың осы түрiнен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңiмпазы Мағжан Шәмшiдиндi оқырмандарымызға кеңiрек таныстырғанбыз. “Үмiт” айдарының бұл жолғы қонағы – мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.
ЖАРЫС ӨТТI ЖҮЛДЕ ҚАЛДЫ
Бокстан Қазақстан кубогы мен бәйгеге тiгiлген 25 миллион теңге сыйақы Оңтүстiк Қазақстан облысының командасына бұйырды. Шымкент қаласында өткен тартыста оңтүстiкқазақ­стандықтар Астана қаласының боксшыларын 6:4 есебiмен жеңдi. Қазақстан кубогының финалдық тартысынан кейiн биылғы жылдың үздiктерiн марапаттау рәсiмi де өттi.
ӘЛЕМДЕГI ЕҢ ҮЛКЕН ОТБАСЫ
Зиона Чан отбасымен бiрге Мизорам атты үндi штатының бiр ауылында тұрады. Оның 39 әйелi бар. Мұндай көп әйел бұл жақта әлi ешкiмде болмаған. Және Чанның осы әйелдерден 94 баласы мен 33 немересi бар. Олар 100 бөлмелiк 4-қабатты үйде тұрады. Кешкi асқа 30 тауық, 60 келi картоп кетедi. Ал егер күрiштен тағам жасалса, күнiне 100 келiдей күрiш желiнедi екен.

Ұлым Ұбаев Нұр­сұлтан Нұр­­жанұлының жасы 23-те. Екi аяғынан мүгедек. 9 айлығынан бастап сүйреп келемiн. Апармаған емханам жоқ. Отандық дәрiгерлерге бiр­неше ота жасаттым. Бiрақ еш көмегi болмады. “Балаңыз аяғынан тiк тұрып кету үшiн Сеулге (Корея), не болмаса Германияға апарып емдетуiңiз керек!” дейдi арнайы мамандар. Бiрақ жал­ғызiлiктi ананың оған шамасы қайдан келсiн?!..

Бiзге қандай ұлттық идея қажет? Осыдан он шақты жыл бұрын қоғам қайраткерi Болатхан Тайжан осы сұраққа былай деп жа­уап берiптi: “Ұлттық идея – Қазақстанда жан-жақты дамыған Қазақ мемлекетiн құру. Өйткенi кез келген мемлекетте қай халықтың жергiлiктi тарихи хақы бар – сол мемлекет сол халықтың мемлекетi. Бұл жерде басқа ұлт өкiлдерi тұрмасын деген әңгiме