1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (16076) 10 желтоқсан, бейсенбі 2015

“Халық – Құдайдың екiншi аты” дейдi қазақ. Мұны жұрт бiлгенiмен, шендiлер ұқпай жүр. Дұрысы, қыстырмайды. Қыстырмайтыны – шонжарлардың көпке қоқаңдауынан, қазақты “жалқау” деп мiнегенiнен, жалақы ала алмай жаны күйiнген жұмысшыларды бүлiкшiге балауынан, шеттен келген қандасқа шекеден қарауынан көрiнедi. Мемлекеттiң байлығын оңды-солды шашу да – халықты сыйламаудан туған сықпыт. Жемқорлықтың асқынуы да – халыққа жаны ашымастықтың белгiсi.

Талғар қаласында тұратын мұғалiм Ботагөз Исаева – әлеуметтiк желiдегi сепаратизммен күресушi белсендiлердiң бiрi. Б.Исаеваның шағымы бойынша бұған дейiн ресейпиғылды сепаратистiк ұйымның әлеуметтiк желiдегi парақшасы жабылды. Қазiргi кезде Жамбыл облысының Қордай ауылында блогер Ермек Тайшыбековтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесiне себепкер болған да – Б.Исаева. Алайда ұлт араздығын қоздырды деген баппен сотталып жатқан Е.Тайшыбеков Б.Исаеваның үстiнен де дәл осы бап бойынша арыз түсiрген болатын.

Бiр қарағанда, Армения демократиялық даму жолын таңдаған секiлдi болып көрiнедi. Бiрақ референдумға о бастан қарсы болған оппозиция оның нәтижесiне күмән келтiрiп, плебисциттi заңсыз деп тануға шақыруда. Олардың пiкiрiнше, парламенттiк республикаға көшу ең алдымен ел президентi Серж Саргсянға тиiмдi. Себебi екi мәрте сайланып үлгерген қазiргi президент 2018 жылғы сайлауға заң бойынша қатыса алмайды.

Таяу уақытта парламент депутаттары жол жүру ережелерiндегi (ЖЖЕ) айыппұлдар мәселесiн қарас­тырады. Былтырдан берi мың құбылып өзгерген жол жүру ережесiндегi айыппұлдарға қатысты “Жас Алашта” сан рет мақала жарияланғаны мәлiм. Естерiңiзде болса, 2014 жылғы сәуiр айында басталған айыппұл төлету талаптары 2015 жылы да жал­ғасқан едi. Сол тұста Қазақстандағы жол жүру ере­жесiне байланысты төленетiн айыппұлдар көлемiнiң шектен тыс көптiгi қоғамды да шулатқан.

Қазақстандағы тұтыну кәрзеңкесi қайта қаралмақ. Бұл туралы таяуда Денсаулық сақтау және әлеу­меттiк даму министрлiгiнiң өкiлдерi мәлiмдедi. Алайда тұтыну кәрзеңкесi бүгiн-ертең емес, 2018 жылға қарай жаңартылуы мүмкiн. Және 2012 жылдан берi “келесi жылы жаңартылады” деп күтiлген кәр­зеңкенiң жақын арада өзгере қоярына сенiмнен гөрi күмән басым.

СТЕПНОГОРСК ДЕГЕН ҚАЛА БАР
Жол түсiп, Степногорск қаласына бара қалсаңыз, ат басын тiреп, жөн-жоба сұрайтын кiсi таба алмай қиналасыз. Әрине, қалалық әкiмдiкке барып, әркiммен бiрер ауыз тiлдескен боласыз. Бiрақ мардымды мәлiмет алу қиын. Әсiресе, ұлты басқа ше­неу­нiктер бiрдеңе сұрай қалсаң, “мынау қайдан адасып жүрген адам” дегендей үрке қарайды.
Өткен аптаның басында ғана 44 доллардың үстiнде тұрған мұнай баррелiнiң бағасы осы аптада 40 доллардан төмен межеге бiр-ақ түстi. 2009 жылғы ақпаннан берi қарай алтын құны бұлайша арзандап көрмеген. 39,88 долларға дейiн құлдыраған мұнай баррелi қазiр 40 доллар шамасында саудаланып жатыр. Қара алтынның бұлайша арзандауына ОПЕК-ке мүше елдердiң мұнай өндiру квотасын қыс­қартпауы себеп екенi айтылып жатыр.

Жақында дүниежүзiлiк ирандардың “Ахли Бейт” атты ұйымының төрағасы, аятолла Хасан Ахтари Арменияның дiнбасы, каталикос Екiншi Гарегиннiң шақыруымен Ереванда болып қайтты. Ереван университе­тiнiң студенттерi­мен кездесу кезiн­де аятолла Ахтари “парсылар мен армяндар – туыс халықтар” дедi. Ал Ереван университетiнiң ректоры Арам Симонян бұдан да асып түстi. Ол

Ардагерлер ұйымы менiң меншiгiм емес
Құрметтi “Жас Алаш” газе­тiнiң редакциясы!  Га­зет­тiң 2015 жыл­ғы 27 қазандағы №85 санында жарық көрген бiр топ ақсақалдардың “Ақсақал атына лайық болайық” деген хатына байланысты түсiнiк бермекпiн. Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Амангелдi Ғұмаров деген мен боламын.
Кеше Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында “ұлтараздығын қоздырды” деген желеумен қамауға алын­ған қоғам белсен­дiлерi Серiкжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаевтың iсi қаралды. Қоғам арасында ерекше алаңдаушылық туғызған айыптауға бай­ланысты сот қандай үкiм шығармақ? Әдi­лет­тiлiк салтанат құра ма, әлде ескi сүрлеумен жазықсызды жазалау қайталана ма?

Латвияның астанасы Ригадан жағымды жаңалық келдi. Түркия, Болгария, Германия, Израиль және басқа да көптеген мемлекеттер (барлығы 19 мемлекет) қатысқан “Riqa Symphony 2015” конкурсында 12 жастағы Думан Марат Гран-придi жеңiп алды. Сыйлықты Думанға танымал продюсер Игорь Крутой тапсырды.

Ертеде Қызылқұмдағы Тамды ауданына Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрi А.Үркiмбаев келедi. Аудан орталығында жергiлiктi белсендiлермен жиын өткiзедi. Шаруашылықты аралап, хал-жағдайын бiлейiн десе, шөлдiң жолы өзiне таныс әбден. Ауданның бiрiншi хатшысы: “Бiр озат қойшының үйiн дайындатып қойып едiм. Сонда барайық”, – дейдi. Барады, әрине...

Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Ұзаққа созылған ауыр сырқаттан от ауызды, орақ тiлдi журналистерiмiздiң бiрi, өткiр де батыл қаламгер, баспагер Нұрмахан Оразбеков дүниеден озды. 78 жасқа қараған шағында. 1991 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облыстық “Орталық Қазақстан” газетiнiң маңдайындағы “Барлық елдердiң пролетарлары, бiрiгiңдер!” деген ұранды алып тастап

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылы түгiн тартсаң май шыққандай құйқалы, құнарлы жерге орналасқан. Ауылдың солтүстiк шығысынан басталған қалың қияқты шилi өңiр түу алыс­тағы Зайсан көлiне дейiн жал­ғасады. Сондықтан болар, кеңес үкiметi орнамас бұрын қазақ даласын ақсөңке сүйекке толтыр­ған “Ақ қоян”, “Жалпақ қоян” секiлдi атақты жұттар Ақсуатты мекендеген байлардың мұртын да бұза алмаған.

Қарап отырсам, мен Оңласын ағаймен бала кезiмде танысыппын. Әлде сегiз, әлде тоғыз жасымда. Бiздi таныстырған бүгiнге дейiн әкемнiң сурет альбомында тұрған бiр жапырақ газет – “Өскен өңiр”. Ол газеттiң бiздiң үйге келген күнi де әлi күнге көз алдымда.  Ол кезде Қазақстан – бiз үшiн арманымыздағы алыс мекен, қиялымыздағы қиыр қоныс едi. Әкем Шардарада тұратын ағайынының үйiне қыдырып барып, әлгi туысқан бауырының сол ауданның газетiне шыққан суретi бар алақандай қиындыны алып келген

Бiздер, Қызылорда облысы Арал ауданы Бекбауыл стансасының бiр топ тұрғыны, “Қызылорда – Сексеуiл”, “Түркiстан – Сексеуiл” бағытындағы жергiлiктi пойыздың ке­лесi жылдан бастап тоқтатылатынына байланысты қатты алаңдаулымыз. Себебi жергiлiктi пойыздың жүру кестесi бiзге тиiмдi әрi оның бағасы алысқа қатынайтын жүр­дек пойыздарға қарағанда арзанырақ, 

Жуырда жақын ауылдағы үйлену тойына қатыстық. Әлден уақытта “Жастар келедi!” деген дауыс ес­тiлдi. Үлкендер отырған жаққа имене басып екi жас кiре бердi. Егiз гүлдей екi жасты көргенде, әрине, әркiм-ақ толқыды. Әсiресе, күйеу жiгiттiң атасы, екiншi дүние­жүзiлiк соғыстың ардагерi Ақан ақсақал ерекше тебiре­нiп, орнынан да тұрып кеттi.

Сұлутөбем, менiң сұлу мекенiм,
Есiм бiлiп жапқан жерiм етегiм.
Кетiп барам бiр белгiсiз жыраққа,
Мен тұсыңнан қалай сенiң өтемiн.

Жарық дүниеге не жетсiн, шiркiн! Сонда да болса, бiр-ақ рет берiлетiн өмiрдi өз қолымен қиюға соншалықты құлшынатындардың әрекетiн қалай ұғамыз? Неге өз-өздерiне қол жұмсайды? Неге атылады, неге асылады, шыр­қау биiкке көтерiлiп, құлап өледi? Пойыздың астына түсiп, қидаланады? Не себептi өз денелерiн от-жалынға орайды? Бұ дүниеге келген ешбiр пенде қашып құтыла алмайтын ажал емес

«Құстар әнi»
Халқымыздың аяулы ұлы, аса көрнектi композиторымыз, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тiлендиев туралы көркем фильм түсiрiлiп бiттi. Бұл фильм “Құстар әнi” деп аталады. Фильмдi түсiрген – Рашит Сүлейменов. “Құстар әнi” фильмi 5 се­риядан тұрады. Бұл фильм “Хабар” телеарнасының тапсырысы бойынша түсiрiлген.

Елордалық “Астана” футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiндегi алтыншы матчын Ыстамбұлда өткiздi. Түрiктiң “Галатасарай” клубына қарсы ойында итжығыс түсiп, еурокубокты ойындардың биылғы додасын аяқтады. 62-минутта Патрик Твумасидiң соққан голына 64-минутта Селжүк Инан қарымта қайтарды. УЕФА Чемпиондар лигасына биыл алғаш рет қосылған елордалық клубтың жеңiстi дәстүрi келесi жылы да жалғасқай.

КҮШТIГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТI
Хьюстонда өткен әлем чемпионатына 69 келiде қатысып, күмiс жүлде алған Жазира Жаппарқұлды ел-жұрты күтiп алып, құрметтегенде қарулы қыз былай дедi: “Келесi жылы өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына жолдама иелендiк. Ендi алаңсыз әзiрленiп, елiмiзге жазғы Олимпиаданың алтын медалiн алып беру керек”.
СТАҚАН ӨЗДIГIНЕН ҚОЗҒАЛА АЛА МА?
Жақында Гондурас республикасының “Teleceiba” телеарнасында тiкелей эфир­де бiр қызықты оқиға болды. Екi тележүргiзушiнiң алдындағы су құйылған стақан өз-өзiнен қозғала бастайды. Түкке түсiнбеген екеуi бiр-бiрiне таңғала қарайды.