1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99-100 (16077-78) 15 желтоқсан, сейсенбі 2015
Бiздiң қағаз жүзiндегi Тәуелсiздiктi тойлап жүргенiмiзге дәл 24 жыл болды. Ал iс жүзiндегi Тәуелсiздiктi... Ендi ерiксiз осы жерде Ататүрiктiң түрiк жастарына арнаған өсиетi еске түседi: “Ей, түрiк жастары! Сенiң бiрiншi мiндетiң – түрiк Тәуелсiздiгiн қорғау және сақтау! Сенiң тiрлiгiңнiң де және болашағыңның да жалғыз негiзi, жалғыз тiрегi – осы, Тәуелсiздiк! Бұл – сенiң ең қымбат байлығың!”.Ататүрiктiң айтуынша, бiздiң ең жалғыз сүйенiшiмiз де, ең жалқы тiрегiмiз де – Тәуелсiздiк! Ал ендi бiз өз Тәуелсiздiгiмiздi, ең қымбат байлығымызды қайтiп қорғап, сақтап жүрмiз?
АШЫҚ ҮНДЕУ
Қазақстан Республикасының президентi – Н.Ә. НАЗАРБАЕВҚА
Қазақстан Республикасының премьер-министрi К.Қ. МӘСIМОВКЕ
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қ.К.ТОҚАЕВҚА,
Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы Қ.Қ. ЖАҚЫПОВҚА,
Басқа да басшылық қызмет­те­гi лауазымды тұлғаларға, Саяси партиялар мен Қазақстандағы iрi бизнестiң көшбасшыларына (жеке тiзiм бойынша)

Желтоқсанға қатысқаны үшiн оқудан шығарылып, одан жетi жылға сотталып, оның екi жыл екi айын түрмеде өткiзген, алаңға барғаны үшiн ағайын-туысын “қудалатып”, жұмыстан “шығар­ған”, бiр сөзбен айтқанда, 1986 жылдың ызғары мен азабын бiр кiсiдей көрген Құрманғазы Рахметовтен бүгiнгi жастардың өздерiне деген көзқарастарын сұрап көрген едiк.   

Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн ату жазасына кесiлген, кейiн ақталған қаһарман төртеудiң бiрi – Ертай Көпесбаевтың отбасы әлi күнге баспанасыз жүр
Алматы облысының әкiмi А.Баталов мырзаның, барша қайырымды азаматтардың назарына!

Келесi жылы желтоқсан оқиғасына 30 жыл толады. Мына жайттың ақиқатына жетiп алуымыз керек. 1986 жылғы оқиға кезiнде алаңда жастардың ұстап шыққан лозунг-жазбаларды кiм жазды? “Әр ұлтқа – өз көсемi”, “Каждому народу – своего вождя” деген жазбаны бiз жазып алып шықтық” деп иемденушiлер көп. Осы уа­қытқа дейiн тiс жармай келдiм.

Жаңаөзендегi қанды оқиғаға биыл төрт жыл. Еңбекақысын талап еткенi үшiн сотталғандардың мойнындағы қамыт әлi алынған жоқ. Олар мерзi­мiнен бұрын бостандыққа шықты. Бiрақ шартты түрде, олардың басқан қадамы артының ашылмауына мүдделi­лердiң бақылауында.  Адам атқан жағалылар да бостандыққа шықты. Арасында шенi жоғарының шашбауын көтерiп, оқ атпадым деп iштей күңкiлдеп, онысын дәлелдеп айта алмаған, айтуға тырыспаған, қантөгiстегi бейнекөрiнiстен кiмнiң оқ жаудырып, жығылғанды жұдырықтап жатқандардың кiм екенiн бiлсе де үндемегендер бар.

1986 жылдың 17 желтоқсан күнi алаңда тұрған жастарға екi сөмкесiн арқалап алып шай, нан тасыған апамызды әлi күнге таба алмай келемiн. “Жас Алаш” газетiне бiрнеше жыл бұрын “Сол апам әлi бар ма екен?” деген мақалам жария болды. Содан берi еш хабар ала алмай жүрмiн. Әлi есiмде

Иә, қазақта осындай аталы сөз бар. Расында да, шындығын жоғалтқан орта, ақиқатынан айырылған қоғам алға баспайды, жалған дүние мен өтiрiкке былғанған күйi тұңғиыққа бата бермек. Қазiргi қазақ қоғамында даму, iлгерi басу бар ма? Жекелеген жағдайда болмаса, жалпы алғанда, дамудан, алға өрлеуден айырылған қоғамға айналып барамыз.

Жаңаөзен оқиғасы қанша адамның тағдырын күл-талқан еттi, қанша адамды мүгедек қылды, жақындарынан айырылған қанша отбасын зар илеттi. Бұл оқиға Қызылсай ауылының тұрғындары – Кенжебаевтар отбасының үш мүшесiнiң өмiрiн жалмады. Оқиғадан кейiн Жаңаөзендегi уақытша қамау абақтысындағы ұрып-соғу мен адам төзгiсiз азаптаудан Әсемнiң әкесi Базарбай Кенжебаев қаза тапса, бiр жылдан кейiн анасы Тiлектес Кематбаева дүниеден озды. Әке-шешесiнен айырылған Әсем былтырғы жылы Жаңаөзен оқиғасының үш жылдығы қарсаңында ауыр науқастан көз жұмды.

Өкiнiшке қарай, Жаңаөзен оқиғасынан кейiн тағы бiр маңызды куәгер – Александр Боженкодан айырылып қалдық. Александр Боженко туралы көп жазылды, көп айтылды. Оның сот кезiнде құпия куәгер болудан бас тартып, өзiне құқық қорғаушылардың қысым жасағанын жайып салуы – ерлiкпен парапар iс. 2012 жылы “37-нiң” соты аталып кеткен процесте небiр сұмдықтар айтылды.

          Александр Боженконың қазасы кездейсоқтық емес деп есептеймiн. Өйткенi құқық қорғау­шылардың оқиғаға дейiнгi ереуiлге, ереуiлге шыққан мұнайшыларға қатысты қарым-қатынас бұрыс болды. Ереуiлшiлердi заңсыздыққа барып жатыр деп қабылдап, iс-әрекет еттi. Роза Төлетаеваның қызына жасалған қысым, Наталья Әжiғалиеваны он бес тәулiкке қамау, Айман Оңғарбаеваның ұлын ұрып-соғу осыны көрсетедi.

Жексенбiнiң кешiнде елдегi жетекшi (жетектегi дегiң келедi) телеарналар президент Назарбаевтың елдегi БАҚ өкiлдерiнiң атынан шақырылған екi журналистпен бейресми кездесуiн көрсеттi. Оның алдында президенттiң баспасөз хатшысы Дәурен Абаев “Елбасына журналистер өткiр, ыңғайсыз сұрақтар қойды” деп елдi елеңдетiп қойған.

Ақын Ақсұңқарұлы Серiк ағам телефон шалды: “Нұрағадан айырылып қалдық! Өзiңе көңiлi өзгеше едi, соттың соңында жүрiп естiмей қалмасын дегенiм ғой!?”. “Орекеңнiң” өктемдiгiн мойындамай өмiрден өткен Оразбек! Нұрмахан Оразбек!..
Әдебиет әлемi Әбiшiнен айырылды. Қазақтың Кекiлбаевынан!.. Төрт ай табан тоздырған “Серiктiң соты” осы аптада аяқталды. Үрейлi үкiмдi естiген ел тегiс теңселiп кеттi. Билiктегiлерге бұқараның бұлай бүйрегi бұратынын бұрын байқамаппын!..

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында “ұлтараздықты қоздырды” деген айып тағылған қоғам белсен­дiлерi Серiкжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаевтың iсi қаралуда. Алғашқы сот отырысының барысы жөнiнде өткен нөмiрiмiзде хабарлағанбыз. 10 желтоқсан күнi жалғасқан сот процесi жауапкерлер мен олардың адвокаттарының өтiнiштерiн мәлiмдеуден басталды.

Тарих көшiнде сан қилы аласапыранды басынан өткiзiп, “мың өлiп, мың тiрiлген” қазақ ұлты қайраткер ұл-қыздарға кенде болмаған. Азаттықты аңсап кеткен ата-бабаларымыздың арманы орындалып, егемен ел болдық.   Тарихшы-ғалым Мәмбет Қой­­гелдi “Тұрар Рысқұлов” деректi фильмiнде берген сұхбатында: “ХХ ғасырда қазақ халқы несiмен бақытты десеңiз: өзiнiң жеке басының мүддесi үшiн емес, халқының болашағы жолында қызмет жасаған тарихи тұлғалардың көп болғандығымен қазақ халқы бақытты”,

Ақпарат құралдары алдымен Жаңа жыл мерекесiне дайындыққа Шымкент қалалық әкiмдiгi биыл қазынадан 80 миллион теңге бөлгенi жайлы жарыса жазды. Шымкентте Жаңа жылды тойлауға бұрын-соңды мұншалықты қаржы қарастырылмаған екен. “Дағдарыстың кезiнде бұл неғылған шашылу?”, “бұл қаржыны одан да басқа мұқтаждыққа жұмсаса болмас па едi?” деген сыңайдағы сыни қоғамдық пiкiрлердiң туындауы да осыдан. 

“Қолда барда алтынның қадiрi жоқ” дейдi қазақ. Айна-қатесiз айтылған ақиқат сөз. Осы сөздi айтқан қазақ кезiнде Абайдың үстiнен арыз-шағым ұйымдастырып, әуре-сарсаңға түсiрген. Абайды аяқтан шалып, айықпас ауруға ұрындырған. Оны аз десеңiз, әлдебiреулер әкiреңдеп Абайға қол көтерген. Көзi тiрiсiнде көп құқай көрген. “Қайран сөзiм қор болды, тобықтының езiне” деп күңiренген.

“Хабар” және “24.kz” телеарналарының Лондондағы меншiктi тiлшiсi Бэла Құдайбергенованың “өтiрiк айтудан шаршадым, жұмыстан шығамын” деген мәлiмдемесi журналистiк ортада, әлеуметтiк желiде үлкен дүмпу тудырды. Бiз Б.Құдайбергенованың өзiне хабарласып, оның мұндай қадамға нелiктен бар­ғанын анықтаған едiк.

Электронды сайттардың бiрiнен “Павлодарға ақын да, “Алтын домбыра” да керек емес!” деген мақаланы көзiмiз шалды. “Керекулiк зиялылар мен шығармашыл жастар биыл ақындар айтысында үздiк шығып, бiрнеше бас жүлде иеленген жас ақын Аспанбек Шұғатаевқа пәтер сұрап, облыс басшылығына хат жазған екен.

Кезiнде Кремль Қазақстаннан не­мiс автономиясын да ашпақ болды ғой. Бұл автономия неге ашылмай қалды? Талантты жазушы Думан Рамазанның деректi әңгiмесiнде осы мәселе сөз етiледi. Мұнда кейiпкерлердiң ғана аты-жөнi өзгертiлген, ал қалғанының бәрi өмiрдiң өзiнен алынған. 1979 жылдың көктемi. Маусымның 14-iншi жұлдызы. Целиноград қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы
Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Қазақ жұрты Әбiш Кекiлбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Қазақстанның халық жазушысы, көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, Еңбек Ерi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Әбiш Кекiлбаев Астанадағы Ұлттық пантеонға жерлендi. 77 жасқа қараған шағында.

Жақында Алматы қаласындағы “Достық үйiнде” Халық батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай “Бауыржан Момышұлы мұрасы және жаңа қазақстандық партиотизмдi қалыптастыру мәселелерi” атты республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкiмi аппаратының “Қоғамдық келiсiм” КММ, “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгi, әл-Фараби атындағы

Менiң балалық шағымдағы ауылым дариясы асып-тасып жатқан, аң-құсы ну тоғайды мекен ететiн, адамдары жайдарлы, мейiрiмдi, шапағатқа толы мекен — Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Қожатоғай елдi мекенi. Есейiп, қызмет iстеп, ару қала Алматыға келген күннен бастап кiндiк қаным тамған жердi, алаңсыз, кiршiксiз бала күнiм өткен жердi сағынбаған күнiм болған емес.

“Жетпiс жыл қызыл империя билеп, ислам жолын ұстануымызға көп кедергi жасады” деп аһ ұрамыз. Ал ендiгiмiз не? Ша­тырлатып соққан, көздiң жауын алатын мешiттерiмiз неге қаңырап бос тұр? Құ­дай­ды ауызға алса аруақтан қорқатын, әр сөзiнен ұлағатты имандылық үйiрiлiп тұратын қазыналы қарттарымыз қайда   кеттi?

“Ел басқарған Қонаев орнынан түсiп, орнына ешкiм танымайтын Колбин келдi” дегенде әрбiр саналы қазақ “бұл қалай?” деп ойға қал­ғаны анық. Бақыткүл де бiр топ студентпен алаңға барды. Сол аласапыран сәтте басынан соққы алып, итке таланса да құламай топ болып қоршауды бұзып шығып, құтылған едi. Алайда сұмдықтың көкесi ертеңiнде болды.

Асабаның той басқарушы екенi де мәлiм. Бiрақ осы асабалардың деңгейi қандай? Олар қазақтың ұлттық дәстүрiн дәрiптеушi бола алып жүр ме? Асаба, өзiнiң iс-әрекетiмен, мә­­дениеттiлiгiмен, сөздерiмен, әзiл-қалжыңымен, халықты бiр­ден баурап алса, тойға келген ел де тыныш отырып тынығып қайтады. Бұл шараның тәрбие­лiк мәнi өте жоғары.

Үндiнiң фильмдерiн кезiнде сүйiп көрушi едiк. Аудандағы жалғыз кинотеатр­ға үндiнiң киносы берiледi деген күнi адам сыймай қалатын. Рас, “Кезбе”, “Биле, биле”, “Кек пен заң” секiлдi фильмдерге сол замандағы жастар елiктеп өстi. Өйткенi фильмдердiң тәрбиесi мықты, айтар ойы терең едi. Бiз де сол киноларды көруге ынтық болдық, өз арамызда әңгiме еттiк. Бiрақ үндiнiң киносына, салт-дәстүрiне табынып кеткен жоқпыз.

Ауыл болсын, қала болсын, әйелдердiң үй тiрлiгiн ұқсатуы кемiп барады. Уақыт жоқтықтан ба, әлде ақша табудың соңына түскендiктен бе, келiншектердiң үйдегi барды ұқсатуынан гөрi базар жағалауы көбiрек болып жүр. Бардың берекесiн келтiретiн алтын қолды аналарымыздың көшi де үзiлiп бара жатыр, қазiргi солардың көзiн көрген, өне­гесiн алар орта жастағыларымыздың әжелерден қалған жолды жалғастырып жатқаны шамалы.

– Семейдiң Қараауыл атты киелi мекенiненмiн, – деп бастады әңгiмесiн Айша апай. – Мектеп бiтiрген жылы қиялдарымның өрiсi кең, мақсатым биiк, өжет қыздардың бiрi едiм. Алайда үйдегiлер жоғары бiлiм алуыма түбегейлi қарсы болды. Мен бой бермеген соң, әкем Семейге аттандырды. Ал мен Семейдi басып өтiп, ешкiмге айтпастан, Алматыға жөнелдiм. Бағымды сынап, қазiргi әл-Фараби атындағы университетке құжаттарымды тапсырдым.

Ресейдiң Грозный қаласында Ресей федерациясының президентi кубогы үшiн халықаралық турнир өттi. Ел намысын қорғаған алыптарымыз Қап тауының қойнауында тау қозғап қана қоймай, әлем рекордын жаңалады. Алдымен елдiң аузында жүрген Илья Ильиннiң әлем рекордын екi рет жаңартуы турасында. 105 келiде сынға түскен екi дүркiн Олимпиада чемпио­ны Илия Ильин жұлқи көтеруде 191 келiмен тоқтады.
БЕСЕУДIҢ БIРI
Кәсiпқой бокста 19 жекпе-жек өткiзiп, барлығында жеңiске жеткен қандасымыз Қанат Ислам Бокстың әлемдiк ассоциациясының (WBA) рейтингiнде үздiк бестiкке ендi. Мамыр айында рейтингтiң 6-сатысында тұрған Қанат желтоқсан айында 5-сатыға көтерiлдi. WBA Fedelatin тұжырымының чемпионы Қанат әйгiлi менеджер Эл Хэймонмен келiсiмшарт жасасып, бiрлесе жұмыс iстеп жүр.