1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16079) 22 желтоқсан, сейсенбі 2015
Елiмiзде жұрттың бәрi жабылып, МС Сайлаубек дейтiн “құбылыстың” тiлiн ұғуға тырысып жатқан тұста, көршi Қытай елi тағы бiр қазақстандық “дарынмен” қауышты. Қытайға ресми сапармен барған Кәрiм Мәсiмовтiң ханзуша былдырлағанын түсiнбесе де, тақ-тұқ сөйлейтiн қытай жұрты ана тiлдерiне зор құрмет көрсеткен қазақ үкiметiнiң басшысына қол соқты. Қошеметке майдай ерiген Мәсiмов Alibaba Group басқармасының төрағасы Джек Ма мырзаға “кеңесшiм болыңыз” деп жабысты. Осындайда “Әли баба және қырық қарақшы” дейтiн шығыстың ертегiсi ерiксiз еске түседi екен. 

2014 жылдың қаңтарынан берi теңге 125 пайызға, ал жыл басынан берi 85 пайызға құнсызданды. ТМД кеңiстiгiнде биылғы жылы дәл теңге тәрiздi құнсызданған валюта жоқ. Әлсiз дейтiн валюталар – беларусь рублi ­– 54,3 пайызға, украин гривнасы 48,7 пайызға арзандады. Жаздағы девальвацияға дейiн “рубль қанша пайызға құнсызданса, теңге де сонша пайызға құлдырау керек” деп жар салған сарапшылар мен бизнес өкiлдерi сап тыйылды.

Негiзi мадақ-марапаттың адамға еш зияны жоқ. Қайта көңiлiңе жел бiтiредi. Қошемет пен құрметке бөленген сайын қиялың қияны шарлап, өзiңдi зор сезiнесiң. Мұның бәрi апырып-жапырып жұмыс iстеуiңе – сеп. Мiне, осы тұрғыдан алғанда Нұре­кеңнiң Ресейде “Жыл адамы” деп танылуы үлкен жеңiспен, аса iрi жетiстiкпен пара-пар жаңалық. Бұған бар қазақ қуануы керек. Бiрақ iштей “тфә-тфә, көз тимесiн” деп қоюды да ұмытуға болмайды. 

18 желтоқсан күнi таңғы сағат 7-8 шамасында Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинова мен тiлшi Юлия Козлованың үйiне төтеннен тiнту жүргiзiлдi. Журналистердiң үйiн астан-кестең еткен полицейлер өздерiнiң бұл әрекетiн “қасақана жалған ақпарат таратты” деген жауаппен түсiндiрген. Кезiнде соттың шешiмiмен жабылған “Республика” оппозициялық газетiнiң тiлшiлерi арада көп уақыт өтпей Nakanune.kz сайтын ашқаны мәлiм.
Қоғам белсендiлерi Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбеталиннiң үстiнен қозғалған “ұлтараздықты қоздырды” iсi бойынша сот процесi 18 желтоқсанда өтуге тиiс едi. Алайда сол күнi жауапкерлер тарапынан бiр емес, үш рет сотқа сенiмсiздiк бiлдiрiлiп, судья қайта-қайта үзiлiс жариялауға мәжбүр болды. Сот процесi басталмай тұрып бiр топ азаматтық қоғам белсендi­лерi Алмалы аудандық сот ғимаратының алдында С.Мәмбеталин мен Е.Нарымбаевты

17 желтоқсан күнi Ресей президентi Владимир Путин жыл қорытындысына арналған үлкен баспасөз жиынын өткiздi. 2001 жылы басталған бұл дәстүрлi шараға сол тұста 500-ге жуық журналист қатысса, биыл тiркеуден өткен БАҚ өкiлдерiнiң саны 1400-ге жуықтаған. Ресей басшысы журналистердiң сауалына 3 сағат 10 минут бойы тапжылмай отырып, жауап бердi. Баспасөз жиынын “Россия-1”, “Россия-24”, Бiрiншi арна телеарналары мен “Маяк”, “Вести ФМ”, “Радио России” радиолары тiкелей эфирде таратты.

Әр ұлттың өмiр сүру жолын айқындайтын, оның ұлт болып қалыптасып, мемлекет ретiнде қанатын жаюына себепкер ұлы мақсаттар болады. Алашорда көсемдерiнiң түпкi мақсаты да дәл осындай ұлттық идеядан бастау алған-ды. Cондықтан ұлық мерекеде тәуелсiздiк жолында аянбай күрескен, тұңғыш демократиялық алаш үкiметiн құрған, Әлихан Бөкейхан көтерген Алаш туының астына жиылған жандардың ерлiгi мен еңбегiн айтпай кету аруақтың алдында да, ұрпақ алдында да кешiрiлмес

Ертүрiктiң бесiгi атанған Түр­кiстан қаласында Тәуелсiздiк тойы бiр апта тойланды. Күннен-күнге түрленiп келе жатқан рухани астанада Тәуелсiздiктiң 24 жылдығына арнап 24 игi шара ұйымдастырылды. Осы игi шаралардың аясында қалада 9 әлеу­меттiк нысан iске қосылды. Тарих қойнауына кетiп бара жатқан жыл Түркiстан үшiн ерекше болды десек асыра айтқанымыз емес.
– Мына жерге диванды қоя­мыз, ана тұста телевизор тұрады. – Жоқ, бұл ұйықтайтын бөлме ғой, қарамайсыз ба, қабырғасында тұсқағазы жоқ. Кiсi күте­тiн зал анау, тұсқағаз жапсырыл­ған! – Мейлi, осыны зал жасаймыз. Тере­зесiнен күн жақсы тү­седi. Жарық көп. Диванды осындай қойған дұрыс. – Диваныңды онда қоймайсың!!!

2008 жыл. Ұлттық кiтапхананың алдынан қызыл костюм, ақ кепкi киген аңыз адам, үлкен ақын Өтежан Нұрғалиевтi көзiм шолып қалды. Ол кiсiден өзiм қызмет iстеп жүрген “Жұрағат” журналына сұхбат алу ойымда едi. Оның үстiне Өтежан ағамыз жетпiс деген мерейлi жасқа келiп отыр. Несiн айтамыз, кез келген басылымға сұхбат бермей­тiн, сәтi түсiп бере қалған жағдайда жур­налистiң өзiн қағып-сiлкiп алатын мiнездi ақынның көңiлiн тауып, көсiлтiп бiр сөйлетудi армандап жүрушi едiм...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЫҢ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕСIН ЖЕҢIП АЛДЫ
Қазақ киношысы Жасұлан Пошановтың “Шлагбаум” атты фильмi Марракеш қаласында (Марокко) өткен халықаралық фестивальда арнайы жүлдеге ие болды. Қазiр халық қайтадан бай мен кедейге бөлiне бастады ғой. Ж.Пошановтың фильмi де дәл осы мәселеге, бай мен кедейдiң қақтығысуына ар­налған.
Менiң бастығым – әулие! Әй, нағыз әулие, сары да емес, жасыл да емес, нағыз әулиенiң өзi! Мен қазiр айтайын не болғанын, содан кейiн сендер де оны өзде­рiң-ақ “нағыз әулие” дейсiңдер. Әнеугүнi бәрiмiздi шақырып алды. Не дедi дейсiңдер ғой? Былай дедi: “Жағдай жаман, дағдарыс алқымнан алды. Девальвация мен Инфляция деген екi жалмауыз кемпiр де бiздi құрсауына алып, қысып барады.

Қазақстан – жас мемлекет. Ал жас мемлекеттiң жүрегi ешқашан лүпiлiнен жаңылмауы керек. Әсiресе, дәл қазiргiдей адамзатттан ұят қашып, күштiнiң әлсiзге тiзе батыруы бел алған кезеңде. Бай мен кедейдiң арасы алшақтаған кезеңде. Әлем­дегi қым-қуыт оқиғалар үлкен жанжалдарға ұласып жатқан кезеңде. Мiне, осындай аласапыран заманда әр мемлекет, әр халық өзiн-өзi қорғау қабiлетiн күшейтуi қажет.

Менiң достарым – үлкен бiлiм ордасына түсудi мақсат етiп және сол үшiн 11 жылдық мек­тептi үздiк бiтiрген, сөйтiп, асқақ армандарына жеткен талапты жастар.   Бiздi тағдыр әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-де кезiктiрдi. Университеттiң шәкiрт тәрбиелеуде ұзақ жылдардан берi қалыптасқан озық дәстүрi бар. Студенттерге терең бiлiм беру­дi, бiлiктi маман даярлауды көздейдi. ҚазҰУ қалашығы кiшi­гiрiм мемлекет тәрiздес.
СҰЛУЛЫҚ ТӘЖI ӘЛИЯҒА БҰЙЫРДЫ
«Қазақстан аруы – 2015» ұлттық конкурсында ақтаулық ару Әлия Мергенбаеваның бағы жанды. 17 жастағы бойжеткен Маңғыстаудағы туризм колледжiнде оқиды. Байқауға елiмiздiң әр өңiрiнен жиылған 30 бойжеткен қатысқан едi. Қазылар алқасының iрiктеуiнен кейiн олардың тең жартысы жарыстан шығып қалды.

Адам баласы қоғамдық орындарда (кино, театр, қоғамдық көлiктерде) орын таңдағанда 89 пайыз жағдайда өзiне ұқсас жандардың жанындағы орынды таңдайды екен. Бұл жердегi әңгiме психологиялық ұқсастықтарға қатысты. Ғалымдардың айтуынша, адам өзiн жайлы сезiну үшiн өзiне ұқсайтын адамдарды магнитше тартады.

Жуырда ақпарат желiлерiн “Қазақ студенттерi қымыздан балмұздақ жасаудың жолын тапты” деген жағымды жаңалық жаулап алды. Иә, өте қуанышты жаңалық. Қымызшыл қазақтың бүгiнгi ұрпағына басқа емес, жастардың өзi қымыздан балмұздақ жасап берiп жатса, оған қалай қуанбауға болады? Павлодарлық студенттер Асхат Айтжанов пен

Кәсiпқой бокста 20 жекпе-жек өткiзiп, барлығын жайпап, 15 жекпе-жегiнде қарсыласын есiнен тандыра сабаған жампоз Қанат Ислам елге келдi. Қарағанды қаласында өтiп жатқан халықаралық турнирге құрметтi қонақ ретiнде қатысып, бокс­шылардың аяқ алысын байқаған боксшыны аз-кем әңгiмеге тарттық.

Қарағанды қаласында бокс­тан халықаралық турнир мә­ресiне жеттi. Ел спортына еңбегi сiңген бапкер Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнирдiң финалдық айқастарында күтпеген нәтиже тiркелдi.Финалда 49 келiде қытайлық Хенг Лю қарағандылық Ақниет Балтабаевқа қарсы ай­қасқа түсiп, күмiс жүлденi мiсе тұтты. 
ӘКIМНЕН ФУТБОЛШЫ БАЙ
Ай сайын жалақысына   67 мың еуро алған футболшы қай­туi керек? Әрине, жанын сала ойнап, ұжымның абыройы үшiн барын салуы керек.  Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаев “Ақтөбе” футбол клубының ойыншыларына төленiп келген жалақының сомасын естiгенде көзi атыздай болыпты. Әкiм облыстық футбол қауымдастығының жиынында қауымдастықты
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМ ҚАТЕРЛI IСIКПЕН АУЫРМАЙДЫ
Британ университетiнiң ғалымдары таңғажайып жаңалық ашты. Жұртқа жақсылық жасаған адамның жасы ұзақ болатын көрiнедi. Және олар қатерлi iсiк, жүрек ауруларына шалдықпайды екен. “Бiреуге жақсылық, жомарттық жасасаңыз, денсаулығыңыз да жақсарады”, – дейдi Кливкленд қаласындағы емхана дәрiгерi Майкл Макки.