1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16080) 24 желтоқсан, бейсенбі 2015

Жабайы деген онша жақсы сөз емес. Жалмауыз одан мың есе жаман. Бiрақ бiздiң қоғамда жабайылар мен жалма­уыздар аз емес секiлдi. Бiр қызығы, мұны бiз аңдамаймыз. Ал сырт көз бiрден байқайды. Мәселен, жуырда ғана Қазақстанға келген Беларусь азаматы Евгений Шапошников қазақтың жол сақшыларын жабайыға теңеп кеттi. Намысың келедi, әрине. Бiрақ амал кем.

Жаңа жыл қарсаңында Мәскеуге бiрқатар посткеңестiк елдiң басшысы жиналды. Беларусьтiң батькасы, билiгiн ұзарту үшiн жақында ғана конституциялық реформаны сәттi жүзеге асырған армян президентi Серж Саргсян, Қазақстанның мәңгi басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, оған елiктеп тәжiк парламентiне “Ұлт көшбасшысы туралы” заң қабылдат­қан Эмомали Рахмонов және Кремль­дiң кез келген бастамасын қолдауға дайын қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев – мiне, осындай қонақтар Сирия мен Украинада

АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы айналасы 2-3 аптада шарықтап кеттi. Бiр доллардың құны 348-350 теңгеге дейiн көтерiлiп, қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны анық. Алаңдатпай қайтсiн, елiмiздегi тауар бiткеннiң 80-90 пайызы сырттан, дәл сол доллармен сатып әкелiнедi. Мiне, соның салдарынан сауда сөрелерiндегi заттардың бағасы да доллармен бiрге аспандап кеттi.

Еуроодақтың сыртқы iстер және қауiпсiздiк саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини апта басында Астанаға сапармен келдi. Қазақстан мен Еуроодақ екiжақты кеңейтiлген әрiптестiк және ынтымақтас­тық жөнiндегi келiсiмдi бекiттi. Қазақстан тарапынан бұл құ­жатқа сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов қол қойды. Еуро­одақпен келiсiм 29 саладағы қа­рым-қатынасты қамтыған.

Серiк Ахметов сотына соңғы нүкте қойылғаннан кейiн он шақты күн өткен соң ақпарат әлемiне тағы бiр мәлiмет тарады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, “Қаржы полициясы қызметкерлерiнiң ашық хатын” әзiрлеген Дәулет Сәрсенбаевтың үстiнен қозғалған iс аяқталған. Ол кiнәсiн мойындап, ашық хатта аты аталған бiрқатар шенеунiктер мен олардың отбасынан кешiрiм сұраған.

БЕЛСЕНДI АЗАМАТТАРДЫҢ IСIН ҚАРАУ ПРОЦЕСI ТАҒЫ ДА КЕЙIНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотында қаралуға тиiс Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәм­бетәлиннiң iсi бойынша сот про­цесi осымен төртiншi рет кейiнге қалдырылды. Бұған дейiн судья Марал Жарылғасова процесте бейне жазу жұмысын жүргiзу мәселесiн шеше алмай, iстi қарау­ды кейiнге шегергенi мәлiм. Ал бұл жолы Е.Нарымбаевтың денсаулығына байланысты келесi сот отырысы желтоқсанның 22-сiне қалдырылды.
Қазiргi кезде Қазақстанды “полиэтникалық мемлекет” деп атау өрiс алып бара жатыр. Ал мемлекет “полиэтникалық” деп аталау үшiн ұлттардың сандық ара-қатынастары қандай болуы керек және олардың бiрге тұрған тарихи мерзiмi қаншалықты болу керек? Осы мәселелердi анықтау үшiн статистика мәлiметтерiне сүйенiп көрейiк. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқы 17,5 миллионнан асады екен.

Осы жылдың мамырында Ақтөбе қаласындағы №20 мектеп-лицейiнiң директоры Ольга Бажитова жеке кәсiпкерден 500 мың теңге пара алып жатқанында құ­рықталды. Оқу жылы аяқталарда мектеп асханасында оқушыларға ас әзiрлеумен айналысқан жеке кәсiп­кердiң жұмыс актiсiне қол қоюға директорға осындай көлемде пара берiлген. Зейнеткерлiкке кетуiне бiр ай қалғанда парақор атанып, абыройсыздыққа ұшыраған 35 жыл үзiлiссiз шәкiрт тәрбиелеген Ольга

“ҚазАгроҚаржы” АҚ-ның ұраны – ауылды нақты қолдау. Елiмiздiң экономикасының өн бойына қан жүргiзу мақсатында құрылған “ҚазАгроҚаржы” акционерлiк қоғамы 15 жылдан берi ауыл шаруашылығы саласына серпiн берiп келедi. Биылғы жылы “ҚазАгроҚаржы” АҚ құны 40 миллиард теңгеден асатын 73 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап, жұмыстың 85 пайызы орындалды. 62 инвестициялық жоба дер уақытында iске қосылып, 1 254 адам жұмыспен қамтылды.

Румынияның иттерiне дейiн бақытсыз! Желтоқсанның ортасында осы елдiң бес мыңдай қойшысы(!) Бухарестке асыға жетiп, парламент ғимаратын басып алды. Ашуға мiнiп, қамшысын аспанға үйiрген малшылардың жолын башпайынан бақа­йына дейiн қаруланған полиция да бөгей алмады. Шеру өткiзу үшiн бiр ай бұрын әкiмдiкке өтiнiш тапсырмаған, көше қоз­ғалысын бөгеп, қала

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕР ДАҒДАРЫСҚА ҚАРАМАСТАН САЛЫНАТЫН БОЛДЫ
Шымкенттегi туберкулезге қарсы диспансер ғимаратының қала ортасында орналасқанын, осыған алаңдаған тұрғындардың ауру жұқтырып аламыз ба деген қауiппен балаларын көшеге шығарудан да қорқатынын “Жас Алаш” газетiнде бұған дейiн жан-жақты жазған болатынбыз.

Аунап өткен ай артымен, күн­тiзбеден бiлiнбей жылжып шыққан осы жылы шетелдерде, халықаралық аренада Қазақстан туралы ең көп талқыланған тақырып қандай? Елiмiзде биыл есте қаларлық әр­түрлi жағдай көп болды. Бiрақ, интернеттегi Google, Yandex секiлдi iздеу қызметтерi бойынша көптеген шетелде Қазақстанға қатысты 5 әрiп, 4 цифрдан құралған бiр сөз iздеуге өте көп түсiп, алдыңғы шепке шығыпты

...Баламның үстелiнiң үстiнде кiшкентай ескерткiш тұр. Оны маған Зейнеп апа сыйлаған. Үй­ге келгендердiң бәрi сол шағын ескерткiштегi батыр бейнесiне қызыға қарайды, кiм келiп көрсе де, әуелi алақанымен аялап сипайды. Басқа дүниеге назар ау­дармаса да, дәл сол ескерт­кiшке кәдiмгiдей көңiл бөлiп, көз тоқтатады. Өйткенi ол – туғанына 105 жыл, өмiрден өткенiне ширек ғасырдан астам

Қазақтың балуан балаларының жазғы Олимпиаданың алтын медалiн олжалай алмай жүргенiне 35 жылдан асты. Мұның кiлтипаны неде? Шәмiл Серiковтi, Жақсылық Үшкемпiровтi, Дәулет Тұрлыхановты туған қазақтың алтын құрсақ аналары балуан тумайды дегенге сенемiз бе? Олимпиадалық спорт санатына жататын күрес түрлерiнен (грек-рим, еркiн, әйелдер күресi) Тәуелсiздiгiмiздi алғалы Олимпиада чемпионын шығара алмай жүрмiз.

Қарағанды қаласында өткен Ғ.Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде ұлттық құраманың белдi боксшылары жарқырап көрiне алған жоқ. Әлем чемпионатының, Лондон Олимпиадасының күмiс жүлдегерi Әдiлбек Ниязымбетов (81 келi) жартылай финалда сүрiнiп, қола жүлденi мiсе тұтты, әлем чемпионы Жәнiбек Әлiмханұлы (75 келi) күмiс жүлденi қанағат еттi.

ИЛЬИН – ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ
Екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин докторлық диссетарция­сын сәттi қорғады. Ғылыми жұмысын қорғап, философия ғылымдарының докторы атанған саңлақ спорттан қашан кететiнiн де айтты. “Менiң жасым 27-де, спортты 32 жасымда доғаруым мүмкiн. Қазiр жаттығумен ғана шектелмей,
Қызық екен
Әлемге танымал адамдардың бiразы жастайынан денсаулығынан зардап шексе, ендi бiрi сұрықсыз, кейiпсiз болған екен. Мысалы, Бiрiншi Петр iрi тұлғалы адам болғанымен, керiсiнше, басы өте кiшкентай екен. Сталиннiң бойы – 160 см. Сондықтан суретшiлер оны ұзын бойлы етiп көрсетуге тырысып, суретке әрдайым төменнен түсiрген.