1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №01 (16083) 6 қаңтар, сәрсенбі 2016
ЖАҢА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРIСТЕР ШЕТЕЛДIК ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ ҮСТЕМДIГIН ШЕКТЕСЕ КЕРЕК
Инвестициялар және даму министрлiгiне қарасты байланыс комитетi елiмiзге хабар тарататын шетелдiк телеарналардағы жарнамаларды “ке­­суге” қажет құрал-жабдықты орнатудың шектi мер­зiмiн шiлденiң 1-iне дейiн ұзарт­ты. Жаңа жылдан бастап күшi­не енген “Телехабар тарату” туралы заңның өзгерiстерi Қазақстанға хабар тарататын барлық шетелдiк телеарнаны жарнамадан түсетiн табыстан қағады.
Қарым-қатынасы бұрыннан аса мәз емес екi мемлекет – Сауд Арабиясы мен Иранның арасына сызат түсуi алыс-жақын жердегi Таяу Шығыс және Африка елдерiн қақ жарды. Иран мен Сауд Арабиясының ашық текетiресi аймақтағы ғана емес, әлемдегi ахуалға әсер етерi сөзсiз. Өткен сенбi күнi Сауд Арабиясы “лаңкес­тiкке қатысы бар” деп сотталып, өлiм жазасына кесiлген 47 адамға қатысты үкiмдi орындады.

Жаңа жылдық шырша да, мерекеден кейiнгi демалыс та ұмыттыра алмайтын дүниелер болады. Бiз солардың қатарына өткен жылы әлдекiмдердiң аузынан шыққан өрескел ұсыныстарды да қосқанды жөн көрiп отырмыз. Өйткенi қымбатшылық қысқан халықты қияңқы ұсыныстарымен қажағандар аз болған жоқ. Олардың бiрқа­тарынан президентке жағыну мен жеке басқа табынудың 

Неге екенiн кiм бiлсiн, әйтеуiр бiздiң қазақ кiрме сөздердi өте баяу қабылдайды. Әсiресе билiк тарапынан айтылған “модный” сөздердiң мәнiн ұғып болғанша кейде айлар емес, жылдар өтедi. Бiр қызығы, жоғарыдан тарайтын көп-көрiм сөздердiң соңы көбiнесе “ция” деген жалғаумен аяқталып жүр. Оның ендi жақсысы да, жаманы да бар. Кейбiрiн халық түсiндi, кейбiрiн әлi ұққан жоқ. Мәселен, күнi кеше президент “имитация” деген бiр сөздi айтқаны сол едi, қыр қазағы иығын қиқаң еткiзiп, бiрiнiң бетiне бiрi қарады. Мұнысы – “бұл не тағы?” дегенi. Ертең “Жас Алаштың” бетiне қарағанда да түк таппай жүрмесiн деген оймен iзiн суытпай осы тақырыпқа “килiккендi” жөн көрiп отырмыз. Индустриализациядан имитацияға дейiнгi қаптаған “...цияны” түсiндiрмек үшiн қаламның сиясын аяймыз ба, ендi...

Азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң соты бүгiн даумен басталды. Сотқа төрағалық етiп жатқан судья Марал Жарылғасова сотқа бақылаушылар мен журналистердi кiргiзуден бас тартты. Кең залға үш-ақ тiлшiнi кiргiзуге рұқсат берген судьяның бұл әрекетiне қарсылық бiлдiрген Е.Нарымбаев пен С.Мәмбетәлин сотқа қатысудан бас тартты. Ай-шайға қарамаған судья сотты бастап жiбермек болды. Бiрақ

Одан бiз не күтемiз?
Биылғы жылдың алғашқы күнiнен бастап Қазақстанда бiрқатар жаңа заңдар мен ережелер күшiне ендi. “Жас Алаш” солардың кейбiрiне арнайы тоқтала кетудi жөн санады. 2016 жылы қаңтардың 1-iнен бастап жұмыс берушiге жұмысшыны, қызметкердi жұмысқа алу мен шығаруды жеңiлдететiн жаңа Кодекс күшiне ендi.

Әлемнiң көптеген елдерiнде материалдық байлықтың, спорттың және мағынасыз, мазмұнсыз, тек ырғақ қуаты ғана алға шыққан жеңiл әндердiң бiрiншi орын­ға көтерiлiп, адамды адам ететiн рухани құндылықтардың ең кейiнгi қатарға ысырылуына байланысты, талай тағдырлардың түсiнiгi, дүниетанымы, әрi олардың өз замандастарын бағалауы да үлкен өзгерiске ұшырады.

Шетелде өмiр сүрген қазақтардың да шекесi шылқыған жоқ. Мысалы, Моңғолия қазақтары сан қырлы тағдыр тауқыметiн бастарынан өткiздi. Олар – негiзiнен Шыңжаң (Қытай) өлкесiнен 1860 жылдары ау­ған қазақтардың үрiм-бұтағы. Моң­ғолия қазақтары 1911 жылдардағы Жалама салған лаңды, 1917 жылы қазан төңкерiсiнен қашқан ақтар мен қызылдардың қызыл қысымшылығын, 1928-1932 жылдардағы Сталиннiң нұсқауымен болған алпауыт байлардың дүние-мүлкiн тәркiлеуiн, 1937- 1939 жылдардағы халық жауын (моңғолша – эсэргүү) жазалау науқанын бастан кешiрдi. Менiң бала кезiмдегi келеңсiз оқиғалар әлi есiмде

Мен – Жаршапқан ауылының перзентiмiн. Әкем осы ауылдың қойын бағыпты. Қазiр бұл елдi ме­кендi Шу ауданының картасынан қан­ша iздесеңiздер де таппайсыз. Ол сол кездегi саясаттың құрбаны болып кеткен. Колхоздарды iрiлен­дiру ке­зiнде елi “Новый путь” колхозына (қазiргi “Жаңа жол” ауылы) көшiрiлiп, жерi егiс­тiкке пайдалану үшiн тегiс­телiнiп кеткен. Анам

Осы оқиға есiме түссе, әлi күл­кiм келедi... Бұдан бақандай 20 жыл бұрын бiз ауылда сақпанда жұмыс iстеп жүргенбiз. Содан бiр күнi Құрал дейтiн досымыздың туған күнi болатын болды. Жылына бiр келетiн туған күндi атап өткен жақсы, әрине. Бiрақ оған да әжеп­тәуiр ақша керек қой.
Елдiң тәуелсiздiгi, ұлттың азаттығы үшiн басын бәйгеге тiккен талай арыстардың табанының iзi қалған, бар ғұмырын осы қалада өткiзiп, осы арадан топырақ бұйырған қайраткерлердiң күмбез, мазарлары да Алматыда. Отызыншы жылдары қолдан ұйымдастырылған аштық, отыз жетiншi жылдардағы қуғын-сүргiн, зобалаң кезеңiнде атылып, айдалып, қынадай қырылған жазықсыздардың қаны да Алматыда төгiлдi.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында, әр кездерде өз ойын бүкпесiз, батыл жазатын “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнен “Америкадағы қазақ” деген мақаланы оқыған болатынмын. Сол мақаланы өзiме сақтап қалмағаныма бұл күндерi өкiнем. Онда АҚШ-қа ресми сапармен барған Кеңес одағының делегациялары құрамында болған қазақ азаматының (жазушы ма, әлде ғалым ба, ұмыттым) сол жаққа соғыс салған тағдырдың тауқы­метiмен кетiп,

“Жас Алаш” газетiнде көтерiлген “Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес” деген мақала ауылдық мектепте 45 жыл ұстаздық қызмет атқарған менi бей-жай қалдырмай, қолыма қалам алғызды. Мұғалiмдердi қоғамдық жұмыстарға тарту iсi кеңес үкiметi орнаған алғашқы жылдардан бастау алды. Ол жылдарда оқыған бiлiмдi адамдар мұғалiмдер болды.

Мен пәлсафашы емеспiн. Алайда ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарғандықтан, бiлiм туралы бiрер сөз айтуға құқылымын. “Қазiргi бiлiм Кеңес тұсындағы бiлiмнен анағұрлым нашар” деп жатады кейбiр бiлгiрлер. Жаны бар сөз. Бүгiнде бiз бiлiмнiң сапасына емес, көрсеткiшiне әуес болып алдық (Өкiнiшке қарай, мұндай әуестiк медицина саласы сықылды мемлекеттiк
2016 жылдың басы Павлодардағы “Нефтехим LTD” се­рiктесiгi үшiн қайғылы оқиға­мен басталды. 4 қаңтар күнi сағат 18.45-те аталмыш се­рiктестiктiң ұнтақты поли­пропилендi қаптау учаскесiн­де өрт шығып, ол 150 шаршы метр аймаққа жайылған. Тiлсiз жау ауыздықталған соң, кәсiпорында облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Д. Тұрғановтың төрағалығымен жедел iс-қимыл штабы құрылды.
Әңгiме
“Жоқ болды жоқтауың асқыр. Мүләйiмсiп, тәлiмсiп қасымнан шықпаушы едi, қайда ғана құрыды екен, а? О, Құдай Ана, құрсағыма бiт­кеннiң мойнын терiс бұрғызып қо­йып едiң, ендi мынауың не? Не қылғаның тағы да? Апыр-ай, осынша қатыгез, осынша мейiрiмсiз, осынша аяр деп кiм ойлаған оны? Оңбаған, нағыз найсаптың өзi екен барып тұрған!”
Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасы биылғы жылдың еншiсiнде. Сарша тамызда барша әлемнiң спортшыларын бауырына жинайтын Бразилияда бағымызды асыруы тиiс саңлақтың бiрi – Алмат Кебiсбаев. Алмат былтыр қыркүйек айында АҚШ-тың Хьюстон қаласында күрес түрлерiнен өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленiп, Олимпиаданың жолдамасын да уысына түсiрдi. Ендi тек алаңсыз әзiрлiк қана қажет.
Ауыр атлетикадан елiмiздiң ұлттық құрамасының серкелерi Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов, Ермек Өмiртайдың допинг дауына iлiгуi мүмкiн екенiн ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы (IWF) мәлiмдеп, дау ушыққан едi. Тiптi өзге елдердiң басылымдары бiзге 50 мың АҚШ доллары көлемiнде айыппұл салды деп те таратты. Осы мәселеге байланысты елiмiздiң ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин бүй дедi: “Ауыр атлетика
АБЫРОЙ АЛАСАРМАУЫ ҮШIН...
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымын “Астана арландары” 23 қаңтарда бастайды. АИБА-ның осынау жобасына бес жылдан берi үздiксiз қатысып келе жатқан “Астана арландары” екi рет топ жарды. Биыл да сол биiктен төмендемеудi көздейдi. Алтыншы маусымға “арландарды” Нұрлан Ақүрпеков бастаған бапкерлер