1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16084) 12 қаңтар, сейсенбі 2016

Алматыда азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң үстiнен өтiп жатқан сот Қазақстан қол қойған барлық халықаралық құқықтық конвенцияларды ашықтан-ашық бұзуда. Айыпталушылардың денсаулығы нашарлап, сотқа қатыса алмайтын ауыр халде болғанына қарамастан, судья Марал Жарылғасованың көпе-көрнеу олар сотқа жеткiзiлсiн деп пәрмен беруi, адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылардың судьяға бiлдiрген қарсылықтарын қабылдамауы,

Халқымыздың аяулы ұлы, аса көрнектi әдебиетшi-ғалым, сыншы, драматург Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толды. Табиғатта сом алтынның аса сирек кездесетiнi сияқты өмiрде де шын ғалымдар өте аз болады. Қайым Мұхамедханов та сол аздың бiрi едi. Әдеби ортаның Қайым Мұхамедхановты абайтанушы деп танитыны да белгiлi. Сонымен бiрге Қ.Мұхамедханов халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов туралы да ғаламат мол бiлетiн. М.Әуезовтiң шығармашылығын да, өмiрiн де, ортасын да, тағдырын да. Мәселен, менiң өз басым үшiн Қайым Мұхамедханов – №1 әуезовтанушы.
СПОРТ КОММЕНТАТОРЛАРЫНЫҢ ТIЛI ҚАШАН ТҮЗЕЛЕДI?
Бүгiнде “Ел болам десең – телеарнаңды түзе” деген сөз мәтелге айналып, өзектiлiгiн танытып тұр. Жұрт сан алуан ақпаратты электронды ақпарат құралдарынан алатын, интернеттен iздейтiн, телеарналарға көбiрек телмiретiн заман туды. Сол телеарналарымыздан көпшiлiктiң сүйiп көретiн көрсетiлiмдерiнiң бiрi – спорт хабарлары.

Дағдарыс алқымнан алып, қымбатшылық қарашаны қысқан, теңгемiз шетелдiк валюталардың алдында тiзерлеген тұста, билiк не iстедi? Ескi тәсiлдi тағы қолданды. Қолда қалғанды сатуға кiрiстi. Қазақстанда кезектi жекешелендiрудi бастады. Ауқымды шара мемлекеттiң жыртық бюд­жетiн жамауға қажет қаржы көзiн табу үшiн бе, әлде мемлекеттiң үлесiн азайту арқылы экономиканы басқаруды оңтайландыру мақсатында жасала ма, ол арасын ашып айтқан ешкiм жоқ.

Биылғы жыл Ақорданың белсендiлiгiмен басталды. 2 қаңтар күнi үкiмет басшысы мен президент әкiмшi­лiгiнiң жетекшiлерiн жинаған Н.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiнде кеңес өткiзген. Ал 6 қаңтар күнi дәл осы реформаға арналған саяси мақаласын жариялады. Бiр ескеретiн нәр­се, ол жарыққа шықпай жатып билiктiң асырауындағы БАҚ президенттiң мақаласына пiкiр жинауға әзiрлендi.

Судья Марал Жарылғасованың сот жүргiзудiң негiзгi принциптерiн бұзуы, айыпталушыларға емделуге мүмкiндiк бермеуi, денсаулығының ауыр халiне қарамастан сотқа қатысуын талап етуi, ақпарат құралдарының өкiлдерiн сотқа кiргiзбеуi, т.б. әрекеттерi азаматтық қоғам өкiлдерiнiң наразылығын тудырды. Сотқа қатысып жүрген азаматтық белсендiлер жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидiң атына хат жазып, Алматы

Аязы ызғарлы Астанада күннiң көзi сәл жылып кетсе, жергiлiктi тұрғындар “шымкенттiктер көбейiп кеттi ғой, қайтемiз..” деп әзiлдеп күлетiн. Осы қыста күлуден қал­дық. Желтоқсан бойы түсте шыл­қылдаған су кешiп, таңертең және кешке көктайғақта тасбақадай жыбырлап, жылы киiмнен терлеп-теп­шiп, иiстенiп әуреге түстiк. Әйтеуiр қаңтардың басына қарай қар түсiп, аз да болса, аяз қысып қалды.

«Халықтың бір бөлігін үнемі алдауға болады, белгілі бір уақытта халықты тұтастай алдауға да болады, бірақ бүкіл халықты жаппай және ұдайы алдауға болмайды». Десек те біз әлі де биліктің ойлап тақан «уәждеріне» ұзақ жылдар бойы, ұдайы иланып келеміз. Билік өзінің саяси режимін сақтап қалуға, өмірін ұзартуға негізделген, түрлі бұл ойын ережелері мен мифтерді халық арасына таратып отырады. Көпшілік сол сүреңмен өмір сүреді. Мен бұл мақалада халық арасына кеңінен таралып кеткен «аңыздарға» байланысты қарсы уәждеріммен бөліскім келеді. Сонымен...

Прокуратура саласының зейнеткерi, Ескелдi, Ұйғыр аудандарында, Қапшағай қаласында прокурор қызметiн абыройымен атқарған заңгер, термешi Әбiш Әдiлбековтiң үшiншi дискiсi жарық көрдi. “Ғасырлар үнi” деп аталатын дискiсiндегi жыраулардың жауһарлары үш ғасырдан сыр шертедi. Дискiдегi қымбат қазына жөнiнде Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Ермұрат Үсенов былай дейдi: “...

Жапон елiндегi Хатико есiмдi ақылды ит туралы американдықтар түсiрген атақты “Хатико” фильмiн көргендер де, көрмегендер де бар шығар-ау. Көр­мегендер болса, фильмнiң сюжетiн баяндап берейiн. Басты кейiпкер – Хатико деп аталатын ит иесiне өте адал, ақылды болады. Иесi бермейiнше ас iшпей, күнде соңынан iлесе жұмысқа шығарып салады, ал кешке жұмысынан қарсы алады.
Жаңа жылдық демалыс кезiнде елiмiздiң телеарналары концерттi жиi көрсеттi. Бiр арнадан Қайрат Нұртастың концертiн көрсетсе, ендi бiрi Төреғали Төреәлiнiң жеке шығармашылық кешiн ұсынды.  Сөз өнерiн зерттеушi болмасақ та, сөз қадiрiн салмақтап, саралай аламыз. Төреғали Төреәлiнiң үлкен сахнадағы алғашқы концертi сөз жоқ, тамаша өтiптi. Теленұсқасын көрiп қуандық.

Қазақстанның Movig кинокомпаниясы мен ағылшынның компаниясы Әмiре Қашаубаев туралы фильм түсiрмек. Осы фильмде Әмiренiң рөлiне кастинг өткiзiп жатыр. Әншiнiң рөлiн сомдауға 25-40 жас аралығындағы актерлiк шеберлiктi кәсiби меңгерген, тенор дауысты, ағылшын тiлiн “Upper Intermediate” деңгейiнде бiлетiн актер қажет. Актердiң ағылшын тiлiн бiлгенi дұрыс та шығар.

Үш жiгiттен жасақталған “Саламат” деген топ бар екен. Қазақ эстрадасында қашаннан берi жүргенiн бiлмеймiн, өткенде теледидардан осы топтың “Махаббатты армандаймын” деген әнiнiң бейнебаянын көрдiм. Бейнебаянда үш жiгiттiң үш аруға ғашықтық сезiмiн сездiруi суреттеледi. “Сен мына жанарымның iшiндесiң...” деп басталатын Мұқағали Мақатаевтың өлеңiнiң сазгер үш шумағын алыпты да, қайырмасына “Махаббатым өзiмде” деген өлеңiнiң екiншi шумағын телiптi.

Таеквондо спортын Қазақ даласына Мұстафа Өзтүрiк әкелдi деп мақтанамыз. Қазақтың айбоз ұлы Мұстафа шығыс жекпе-жек өнерiн жетiк меңгерiп, әлемнiң алты дүркiн чемпионы атанды. 7-дан иегер атанды. Қабылдың қаблан ұлы Мұстафа шыққан биiкке қазақ балалары ат шалдыра алмай келедi. Бiздiң таеквондошылар әлем чемпионатының алтын медалiн иеленген емес. Жазғы Олимпиада ойындарында тек Арман Шiлманов қола жүлдегер атанды.
БАЛУАНДАР БАРЫН САЛСА...
Ертең Тараз қаласында күрес түрлерiнен Қазақстан чемпионаты басталады. Бес күнге созылатын ел бiрiншiлiгiне ұлттық құраманың белдi балуандары да қатысып, күштерiн сынайды. Әзiрге балуандарымыздың қанжығасында Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының үш жолдамасы ғана бар. Грек-рим күресiнен Алмат Кебiсбаев пен Досжан Қартықов, еркiн күрестен