1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16085) 14 қаңтар, бейсенбі 2016

Бұл қазақтың бiлмейтiнi жоқ. Президент сайлауы едел-жедел өтiп, Назар­баев тақымын “нықтап” алған соң-ақ дүйiм жұрттың назары Мәжiлiске ауған. “Ендi парламент тарайды” деген әңгiменi сол тұста басқаны қойып, ауылдағы келiн-кепшiкке дейiн айтып жүрдi. Қиырдағы сыпсың сөздiң ұшығы Астанаға жеткенде Мәжiлiс депутаты Тұрсынбек Өмiрзақов оны шөпауыз әйелдердiң өсегiне теңеп, ел iшiндегi ызыңға “тойтарыс” бергендей болған. Бiрақ көптiң көкейiндегi күмән бәрiбiр сейiлген жоқ. Мiне, ендi ол ақыры шындыққа айналды. Кеткiсi келiп тыпыршыған депутаттардың президентке жасаған өтiнiшi кеше Владислав Косаревтiң аузынан атқып шықты.

ЕЛДI ОСЫ АХУАЛҒА ӘКЕП ТIРЕГЕН ҮКIМЕТ БАСҚА НЕ IСТЕЙ АЛАДЫ?
Мұнай бағасы арзандаған сайын теңге бағамы да тербелiп, құлдырау үстiнде. Қара алтын баррелiнiң құны 31-ге түсiп едi, теңгенiң доллар­ға шаққандағы бағамы Қазақстан қор биржасындағы сейсенбiлiк сауда кезiнде 367 теңгеден асып түстi. Айырбастау пункттерi сол күнi долларды 370 теңгеден сата бастаған.

Өз елiндегi экономикалық дағдарысқа мұхиттың ар жағындағы алпауыт мемлекеттiң валютасын кiнәлап, тығырықтан шығудың жолы ретiнде құты қашқан көршiсiнiң құны кеткен ақшасына көшудi ұсынғанды кiм дер едiңiз? Бұл ақыл-есi кемдеу адамның сандырағы немесе өз елiне опасыздық ойлаған жанның сөзiне ұқсары анық.

Өткен жылдың соңы оралдықтар үшiн ғана емес жалпақ Қазақстан үшiн де ерекше жаңалықпен аяқталды. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы iрi бизнесмендердiң бiрi Барлық Меңдiғазиев жиырма жыл бойы құрған жеке бизнесiнен бас тартып, оны 180 адамдық ұжымының иелiгiне бердi. Бизнесмендi құны 40 миллион долларға бағаланған жеке кәсiбiн жұмысшыларға сыйлауға не мәжбүрледi?
Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрына – 90 жыл
13 қаңтар– қазақ ұлттық кәсiби сахна өнерiнiң қара шаңырағы деп саналатын Мұхтар Әуе­зов атындағы академиялық драма театрының туған күнi. Кеше, яғни 2016 жылдың 13 қаңтарында елiмiздегi осынау даңқты театрдың шаңырақ көтергенiне дәл 90 жыл толды. “Театр тобырды халыққа айналдырады” дейдi Томас Манн. Немiс ойшылы бұл жерде театрдың қоғамдағы орны мен қыз­метiн ғана айтып тұрған жоқ, сонымен бiрге театрдың мiндетi мен мақсатын да белгiлеп берiп отыр.

Сот залына сығылыса кiрiп, сыртқы киiмдерiн қолдарына ұстап, бiрiне-бiрi мiңгесе отырған, орын жетпегенi қаздиып тiк тұрысқан жүз қаралы кiсi 13 қаңтардың басты жаңалығы – мәжiлiс депутаттарының тарап кетуге өтiнiш жасағанын естiгенде мырс етiп бiр күлдi де, бұл тақырыпты одан әрi қозғамады. Бұл топ тiптi қымбаттап жатқан тауар бағасына, сағат сайын құлдырай құнсызданған теңге бағамына да бас қатырып, сөз таластырмады.

15 қаңтар – Заманбек Нұрқадiловтiң туған күнi
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында дүние есiгiн ашқан жандар қазiр зейнет жасынан астық. Ата-әже болдық. Өмiрдiң ащы-тұщысын бiраз татып өстiк. Ендiгi қалған жасымызда бiреуге жалтақтап, жағымпазданатын жайымыз жоқ. Алладан болмаса, адамнан қорқатын кезiмiз емес. Асарымызды асадық, жасарымызды жасадық деп айтуға боларлық жерге келiп қалдық. Сондықтан да маңдайға, пешенеге жазылғанын көре жатармыз деп жал­ған сөйлеуден, бiреуге жала жабудан мейлiнше аулақ болуға тырысамыз, көрген-бiлгенiмiздi, көңiлге түйгенiмiздi ашып айтып, өмiрден ақ-адал күйде өткiмiз келедi.
Ұлт мақтаныштары ұмытылмайды. Кезiнде кеңес заманының ұр да жық саясатының құрбаны болып, қызыл им­перия­ның қылышына iлiнiп кеткен саңлақтарымыздың салған соқпақтары сайрап жатыр. Сол асыл тұлғаларымыз туралы бүге-шегесiне дейiн бiлмей, туған тарихымыз түгел деп айта алмаспыз, сiрә.

Қаңтардың 28 градус қатты аязында Павлодар қаласында төтенше жағдай орын алып, көпқабатты 25 үй және бiр мектеп пен балабақша жылусыз қалды. Жылу жүйесiнде апатты жағдай болғаны жайлы 9 қаңтар күнi сағат 14.00-де белгiлi болған. “Жүйенiң зақымданған бөлiгi тек 10 қаңтар күнi ғана табылды. Бәрiнен қиыны, жылу жүйесiнiң тесiлген

“90 жас көрейiн деген жасым ба едi, быламық татайын деген асым ба едi” деп Жамбыл атамыз айтқандай, 90 жасқа жетпесек те, аурухананың быламығын жеп, бiр күрделi отаға дайындалып жатқалы да 15 күн болды. Алланың жазуы болар, қайдан, қашан, неден келген дерт екенiн, әйтеуiр, барлық зарттемелер жүрек пен өкпенiң, басқада iш мүшелерiмнiң отаға жарамды екенiн анықтап бердi.

Жастайымнан әкем Кеңес ауылдың қарасақал-ақсақалдарын жинап әңгiме-дүкен құратын. Кешкi астан соң Бахтияр, Сейтмұрат, Жәнтiк, Амандық, Данияр сынды аталарымыздың қиыннан қиыстырып айтқан әңгiмелерi әлi күнi есiмде. Сол кiсiлердiң қолдарына су құйып жүрiп, кейде әңгiмелерiнiң ақырына жете алмай ұйықтап қалады екенмiн. Қаладағы СПТУ-ды бiтiрiп,

Менiмен сыныпта оқыған бiр жiгiт бар. Оның ғылымға деген икемдiлiгiн құрметтеймiн. Сөз жоқ, ғылым үшiн көп нәрсе бере алатын адам. Және онысына кәмiл сенемiн. Ал адамдармен қарым-қатынас жағынан – нөл! ... Оның әкесi де сондай болған деседi. Әлi де сондай. Бiрге оқыған кiсi айтады: жас кезде бiрге болдық, өстiк, есейдiк, оқу бiтiрдiк дегендей.
Жазылған жайдың жаңғырығы
Жаңа жылдың қарсаңында облыстық физика-математика мектеп-интернатының ата-аналары қуанышты хабарға кенелдi. Ақтөбе облысы әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың тiкелей араласуымен оқушылар уақытша паналап отырған қаладағы №46 балабақша ғимаратында қала беретiн болды.

Қазiргi заманда тойдың өзiн қазекеңдер бiр-бiрiмен жарыса өткiзiп жатады. Той көлiгiне “Гелендваген”, “Хаммер” сынды шетелдiк маркаларды жалдап, тойға торт, концерттiк нөмiрлер мен “пузырьки” шақырту сәннен қалмай келедi. Шығынға бiршама батып үлгеремiз. Алайда өмiрде бiр-ақ рет болатын осынау бақытты сәттi естен кетпестей етiп өткiзген де жақсы.

16 қаңтар күнi Атырау қаласында жекпе-жектен “Алаш айбыны” деп аталатын халықаралық турнир өтедi. Осы сында елiмiздiң намысын қорғайтын спортшылар Голландия, Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген саңлақтар­ға қарсы айқасады. Халықаралық турнирдiң ұйымдастырылуына мұрындық болған “Алаш Прайд” клубының президентi Данияр Қасқарауовтан сайысқа қатысатын спортшылар мен клубтың өзге саңлақтарының биылғы жылдағы жоспарын сұрадық.

“Алмас Өтешовтi де, Жасұлан Қыдырбаевты да алмастыратын атлет жоқ. Биылғы Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында медаль иеленедi деп сенген саңлақтардың бiрегейi бұлар” дедi ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкерi Алексей Ни. Расында да 94 келi салмақ дәрежесiнде көш бастап келе жатқан осы екi алыбымыз. Былтыр Хьюстонда өткен әлем чемпионатында тыйым
 «ФАНТОМАСТЫҢ» ЗИРАТЫН ТОНАП КЕТТI
“Фантомас” киносындағы Фантомас рөлiн француздың белгiлi әртiсi Жан Маре (1913 – 1998) сомдаған едi. Ол сонымен қатар жүз шақты киноға да түскен. Алайда Жан Маре өз көрермендерiнiң есiнде “Орфей” (1950 жыл), “Граф Монте Кристо” (1954 жыл), “Қуылғандар” (1995 жыл) киноларымен қалды.