1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16086) 19 қаңтар, сейсенбі 2016
Парламенттi таратуды ұсынып, президентке өтiнiш жасаған мәжiлiсмендердiң екi көзi Ақордада. Бiрақ президент әзiрге өз байламын айтқан жоқ. Арадағы үнсiздiктiң орнын мәжiлiстiң үндеуiн құптаған пiкiрлер толтырып жатыр. Бұл ендi “депутаттардiкi дер кезiнде көтерiлген мәселе” дейтiн ойды жұрттың санасына сiңiру амалына ұқсайды. Бiр қызығы, Н.Назарбаев ешқашан өз байламын дереу жасаған емес. Басқадай айтсақ, ұсыныс түсе сала елп ете қалған кезi жоқ. 2011 жылы да “халық қалаулылары” аяқасты “бүлiнгенде” iшiндегiсiн бiр апта бойы сақтап келген. Өткен жылғы президент сайлауында да

Дамыған 30 елдiң қатарынан үмiттi Қазақстанның қазiргi жағдайы “қашпаған сиырдың уызын күткен” алаң­ғасардың арманын еске түсiредi. Өйткенi қара алтынның құны төмендегенде-ақ экономиканың өкпесi қысылды. Бұл – бiздiң табиғи байлықтардың есебiнен ғана күн көрiп келе жатқанымызға дәлел. Ал дамыған 30 ел деген қандай мемлекеттер? Бұл жөнiндегi топтастырулар әртүрлi. Мәселен, БҰҰ өзiне мүшелiкке өткен 193 мемлекеттiң iшiнен алғашқы отыздықты iздегенде әлеуметтiк жағдайы мен демографиялық көрсеткiште­рiне басымдық бередi.

Ақорда қоршауының алдында жапан даладағы қу қазықтай қалқайып жалғыз пошта жәшiгi тұр. Бұл жәшiкке ай сайын Ақорданың “квартплатасы” салынбайды. Елiктiргiсi-желiктiргiсi келген жарнама газеттерi мен хабарландыру да мұнда мүлдем жатпайды. Маңдайшасында “президентке арналған өтiнiштер үшiн” деген айдары бар осы ерекше пошта жәшiгiне қаңтардың ортасында бiр топ адам зорға жеттi. Жағдай былай болды:

2006 жылдан берi Батыс елдерiнiң санкцияларына iлiнген Ираннан кеше бұл шектеулер iшiнара алынып тасталды. Бұл әлемдiк қор биржаларындағы мұнай бағасына бiрден әсер еттi. Brent маркалы қара алтын барре­лiнiң бағасы 28 дол­ларға түстi. Иранның әлемдiк мұнай саудасының нарығына шығуы онсыз да сұра­ныс­тан әлдеқашан артып кеткен ұсынысты тағы арттырды. Санкциялары алынатыны былтырғы жылдың күзiнде-ақ белгiлi болғанда,

– Биылғы жыл соңында мұ­най баррелi 20 долларға дейiн құлдырайды деген кейбiр болжамдарға байланысты, облыс басшылығы бiрқатар iс-әрекет сценарийiн әзiрледi, – дедi облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев “СНПС -Ақтөбемұнайгаз” компаниясының бас кеңсесiндегi мұ­найшылармен кездесуде. компания директорына жағдай мүл­дем нашарлаған кезде, мұнайшыларды ең кемi 50 пайыз жалақы көлемiн сақтап, бел­гiлi бiр мерзiмге кезек-кезек ақысыз еңбек де

“Жас Алаш” газетiнiң өткен жылғы 29 желтоқсандағы санындағы Абай ауданының бiр топ ақсақалы қол қойған “Ибрагим Төкеннiң көксегенi не?” деген мақаланы бейжай оқып шығу мүмкiн емес. Абай музейiн аттай отыз жыл басқарған белгiлi абайтанушы, әдебиетшi-ғалым Ибрагимов Төкен ағамыз республикалық басылымдардың бiрiне сұхбат берiп, оның атын айғайлатып “Тобықтының Құнанбайы –нағыз қанiшер” деп қойыпты. “Қарсы пiкiр” айдарымен мақалаға Абай ауданының қадiрлi, ардагер ақсақалдары қол қойыпты. Олардың пiкiрiне сенер болсақ, Құнанбай заманы болса Төкен Ибрагимовты да Қодар мен Қамқаның артынан жөнелтер едi. Әттең, ол заман жоқ. Олай деп айтуымызға басты себеп, ардагер ағаларымыз қызды

“Отан соғысы” қай соғыс?” атты қаламгер Мырзан Кенжебайдың мақаласын оқығаннан кейiн ерiксiз ойдан ой туындап кете барды. Қазақ халқын «мың өлiп, мың тiрiлген» деп бекер айтпаған ғой. КСРО кезiндегi саясаттың ықпалы шығар, ол кезде бiздерде бiр партия, бiр Отан болатын. КСРО – бiздiң мәңгiлiк мызғымайтын ұлы Отанымыз деген ұғым бойымызға терең тамырлаған кез ғой. Сондықтан да «Отан үшiн от кешсең де өлмейсiң» деген Бауыржан ағамыздың жалынды ұранынан қуат алып, өзге елдiң өкiлдерi сияқты, қазақтар да беймәлiм соғысқа беймезгiл аттанып жатты.

Нұрмахан Оразбековтiң дүниеден озғанына да қырық күн.
Осындайда еске түседi ғой, Нұрағаң “Орталық Қазақстан” газетiн бас­қар­ған жылдары оған мына менен етене болған ешкiм де жоқ. Ол маған жан сырын сабақтап айтатын. Шапағаты да көп тидi. Қ.Сұлтанов баспасөз секторына кадр сұрағанда бiрден менi ұсынды. Нұрекең менiң екi тiлдi қатар меңгергендiгiмдi жоғары бағалайтын.

Шымкенттiң төрiнде орналасқан А.С.Пушкин атындағы облыстық кi­тапханада талантты жас ақын, Түр­кiс­тандағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi журналистика факультетiнiң IV курс студентi, көптеген халықаралық, республикалық жыр додасының жеңiмпазы, 2014 жылғы “Шабыт” фестивалiнiң Гран-при иегерi, ордабасылық оғ­лан – Батырхан Сәрсенханның “Мейiрiм ғаламшары” атты жаңа жыр жинағына арналған тұсаукесер өттi.

МАИ қызметкерi жүргiзушiге:
– Бұл жерде жылдамдық – сағатына 40 шақырым, ал сiз сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүрдiңiз, сонша қайда асығып барасыз?
– Сiздi жаңа жылыңызбен құттықтап, дәметiп тұрған сыйлығыңызды беруге.
I981 жыл – баяғы 60-жылдарда Хрущев кеңес халқы коммунизмде өмiр сүретiнiн айтқан уақыт. Коммунизм орнамағанымен, Қазақстанда бәрi бар деу қиын десек те, бiрақ тегiн орта бiлiм, жоғары бiлiм алу, емделу және басқа да әлеуметтiк жағдайлар жасалғанын жоққа шығаруға болмас. Коммунистiк саясат билеп тұрған заман едi. Он шақты жыл өткен соң бәрi күйрейтiнiн ол кезде кiм бiлген... Абай мен Ленин (Достық) даңғылдарының бұрышында облыстық партия комитетi­нiң Саяси оқу үйi салынып жатқан кез.
“Oxfam” халықаралық ұйымының соңғы зерттеуiнше, әлемдегi шiрiген байлардың тек бiр пайызына жататындарының байлығының жалпы сомасы азамзаттың қалған бөлiгiнiң табысын қоса алғандағыдан да көп. Ұйымның бұл зерттеуi Швейцарияның Давос қаласындағы дүниежүзiлiк экономикалық форумда жарияланды.
Маңғыстау облысының әкiмi Алик Айдарбаевтың назарына
Жаңаөзендегi оқиғада жамбасынан оқ тиiп жараланған Қайрат Досмағамбетов Мәскеуде жасалған соңғы отадан кейiн үйiне оралды. Орда бұзар       жастағы жiгiттiң ендiгi арманы – отбасын Жаңа­өзенге көшi­рiп, жаңа өмiр бастау. Ал оның ағасы Мақсат Досмағамбетовтiң өмiрiне түрмедегi үш жыл өшпестей iз қалдырды. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын бостандыққа шыққанымен, ол өмiрi үшiн күресiп ке­ледi.

Жылдың басы мен аяғында жазылу науқаны жүрiп, кез келген басылым үшiн қауырт шақ басталады. Солтүстiк аймақтарда оқырманы аз қазақ тiлiндегi басылымдар үшiн бұл тiптi қиын кезең. Әрине, әкiмдiктерге берiлетiн ресми тiзiмге кiрген “Егемен Қазақстан”, т.б. басылымдардың жөнi бөлек, жоғарыдан арнаулы бекiтiлiп берiлген тираж бар, iшкi саясат бөлiмдерi ол жоспарды қайт­се де орындау үшiн барын салып, бұрыннан үйреншiктi “ерiктi түрде мәжбүрлеу” әдiсiмен жаздыра бе­редi. Ал, жоғарыдан

Өткен аптаның жексенбiсiнде Тараз қаласында күрес түрлерiнен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ел бiрiншiлiгiнде топ жарған, жүлдегер атанған балуандар ендi Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасы үлестiрiлетiн халықаралық турнирлерде, Азия чемпионатында белдесуге түседi. Ел чемпионатын грек-рим күресiнiң шеберлерi бастап берiп, кiлемге 59 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiндегi балуандар шыққан-ды. Бұл салмақ дәрежесiнде қанжығамызда Рио-де-Жанейро жазғы Олим­пиа­дасының жолдамасы бар.
Кеше Алматы облысы, Еңбек­шiқазақ ауданы, Бәйтерек ауы­лындағы бокстан олипиадалық даярлау орталығында “Астана арландары” клубының алтыншы мау­сымға әзiрлiгi жөнiнде жиын өттi. БАҚ өкiлдерi клуб басшылығы бапкерлер құрамы мен “арландарды” таныстырып, биылғы жыл­ғы жоспары жөнiнде айтып бердi. АИ-БА-АИ-БА-ның тың жобаларының бiрi бүкiләлемдiк бокс сериясында екi рет топ жарған жалғыз ұжым – “Астана арландары”. «Бiз былтыр­ғы маусымдағы жетiстiгiмiздi қайталап, шыққан биiгiмiзден төмендемеуге күш саламыз», – дедi клубтың бас менеджерi
Осыдан бiр жарым жыл бұрын Еуропадағы ең бай кемпiр қайтыс болды. Оның аты – Мария дель Росарио Каэтана Альфонса Виктория Евгения Франциска Фитц-Джеймс Стюарт и Сильва. Аты-жөнге ғана емес, лауазымға да бай едi. Оның 40 лауазымы бар болды. Үш рет күйеуге шыққан. Бiрiншi күйеуiнен алты баласы бар. 87 жасқа келгенде әлемдегi ең бай кемпiр тағы күйеуге шығады. “Өлген соң өзiнен жиырма жас кiшi күйеуiне бiрде-бiр тиын қалдырмапты”, – деп жазды кейбiр ақпарат құралдары.