1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16087) 21 қаңтар, бейсенбі 2016

Қазақ басшысы жуырда ғана “Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы” 1998 жылғы Жарлығына толықтыру енгiзiп, тағы бiр мерекенi өмiрге әкелдi. Оның атауы – “Алғыс айту күнi”. Уақыты – 1 наурыз. Ал неге 1 наурыз? Бұл – бiрiншi сұрақ. Екiншi сауал – БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған Бүкiләлемдiк “Алғыс күнi” (11 қаңтар) тақия­мызға тар келдi ме? Мiне, осы екi сұрақ қазiр жұрт арасында абың-күбiң әңгiме туғызып жатыр. Сондықтан оған өз тарапымыздан жауап iздеуге тырысайық.

Әншi Абай Бегейдiң “Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын...” деп басталатын әнi той-томалақ, көңiл көтерер кештерде таптырмас дүниенiң бiрi. Ойнақы әуендi, жеңiл сөздi осы әнге атақты чемпион Илия Ильин мен Серiк Сәпиевтер депутат ретiнде билеп тұрса, өздерiнiң пiкiрiн бiлмеймiн, ал өзiм оны қаламас едiм. Кез келген саяси науқанда “бүйректен сирақ шығарғандай” болып,

Үш жылдан берi Франция түрмесiнде отырған қуғындағы кәсiпкер әрi саясаткер Мұхтар Әблязов жуырда “Республика” басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы қиындықтарды шешу жолдары туралы ойларымен бөлiсiптi. Дағдарыстан тоқырап, әрi қарай қалай дамимыз деген жолайрыққа келгенде, сырт көзге көп нәрсенiң анық көрiнетiнi белгiлi. Мұнайдың баррелi 10 доллар кезiнде билiкке келген тоқсаныншы жылдардағы жаңа толқын өкiлiнiң пiкiрiмен танысқан соң, газетiмiзге аударып басуды жөн санадық.

11 қаңтардан бастап Алматы қаласының қоғамдық көлiктерiнде енгiзiлген жолақысын төлеудiң “Оңай” карталық жүйесiне наразы №65 бағыттағы автобустың жүргiзушiлерi дүйсенбi күнi Абай көшесiнiң бойына 20 шақты автобусты қаңтарып тастап, қарсылық шарасын ұйымдастырған. Бұл бағыттағы автобусқа қарасты “Тұлпар” автопаркiнiң өкiлi наразылыққа қатысқан сегiз жүргiзушi жұмыстан шығарылғанын айтты.

Қостанай облысының әкiмi Архимед Мұхамбетовтiң назарына
Бейiмбет Майлиндi есi дұ­рыс, исi қазақтан кiм едi деп сұрау, зор қателiк болар. Майлиндi бiлмеу, қазақ баласына ауыр күнә арқалаумен бiрдей. Амал қанша, Бейiмбеттi бiлмейтiн, керiсiнше Таранның қандай адам екенiн танып бiлмесе де, ұлы жазушы Майлиннен жоғары қоятын адамдар барын көргенде есiм­нен танғандай болдым. Мен, 2013 жылы жазда, баламның жұмыс
“Оралмандар депутат болсын” бастамасын көтерушiлердiң бiрi Ауыт Мұқибекұлы “Жас Алаш” газетiнiң сұрақтарына былай жауап бердi: – Депутат болуға дайынсыз ба? – Кiм, мен бе? – Иә, сiз? – Бiз “мынау адам депутат болсын” деп еш­кiмдi ұсынған жоқпыз. Бiр миллион қазақ (шеттен келген ағайын санын айтып отыр – ред.) iшiнде мен бiр-ақ адаммын. Олар өзара ақылдасып, “бiр адамды ұсынамыз” десе, ұсынатын шығар.
“Жас Алаш” газетiнiң кезектi санын оқи отырып, жезқазғандық Сәбит Қамысбайдың “Елеусiз кетер ер емес едi” (22.12.2015 жыл) деген мақаласына көңiлiм құлазып қалды. Онда автордың “жамбылдықтар академик М.Үр­кiмбаевты елеусiз қалдырды” дегенi орынсыз ендi. М.Үркiмбаевтың қазасы тек жамбылдықтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып кеткенi мәлiм.

“Өлiм – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады” деген қазақ халқы бақиға көшкен адамды мәңгiлiк жер бесiгiне қондыруға, марқұмды ақ жуып, арулап жерлеп, соңын күтуге ерекше мән бергенi баршаға аян. Әйтсе де, оның бергi жағында әр әулеттiң шама-шарқына, қайтыс болған адамның абырой-атағы мен дәулетiне орайластырыла атқарылатын iс-шаралар да бар.

Жақында “Жас Алаш” га­зетiнде “Алматыға қаһарман қала атағын беру керек” (06.01.2016 жыл) деген мақала жарық көрдi. Мен мақала авторының ұсынысына толықтай қосыламын және ризашылық бiлдiремiн. Өйткенi Алматының басынан не жағдай өтпедi?! Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Кеңестер одағының жау қауiп төндiрген аймақтарынан көшiрiлген зауыттарды қайта
Қазiргi күнi ауданымызды, облысымызды, республикамызды дамытуға белсендi үлес қосып жүрген тұлғаларды құртудың бiр жолы – “парамен ұстау” әдiсi болып тұр. Торға тоғыту үшiн әзiрге ең “ұтымды әдiс” – осы. Кешегi тарихымызға көз салалықшы. Алаш ардақтылары – Сұлтанбек, Тұрар, Нәзiр­лер, үш арысымыз Бейiмбет, Сәкен, Iлиястар жазықсыз жаланың құрбандығына айналды.
...Отбасының қандай болмағын әу бастан әйел адамға байланыстырып қойған. Ал мен мұнымен келiспеймiн. Бүгiнде сүйiп қосылған некелi жарын көптеген ер-азаматтар шаңыраққа қалдырып, өз­дерi көше кезген сылқымдармен көңiл жарастырып жүргенiне таңғалмайтын да болдық. Әлеуметтiк желiлердiң өзiнде әйелiн жамандаған ер-азаматтарды көрмей­мiз, кiлең ерiне налыған нәзiк жандылар. Сырласатын адам таппаған соң, желiдегi “ақылдыларға” жан сырын ақтарғандары бұл
Жайығым жатыр дөңбекшiп,
Мiнезiңдей сенiң жан апа!
Күрсiнем үнсiз кейде өксiп,
Өзiңдi iздеп жан апа!
Алдыңғы бiр жылдары “ақырзаман болады” деген лақап БАҚ арқылы тараған едi. Ол өтiрiк болып шықты. Мұндай көрiпкелдiк өтiрiк бола бередi. Себебi ақырзаманның болар-болмасы бiр Аллаға ғана аян. Жас кезiмде ақсақал-қариялар: “Ақырзаман жақындағанда құсың қарға болар. Ай­ғай-шу көбейер, бала аласа туады, ата-анасымен жағаласа туады. Адамдар бiр-бiрiне қатыгез болады. Жер тақыр, адам пақыр болады” деп айтушы едi.

Сонымен, былтыр бүгiнгi Қазақ Елiнiң түп-тамыры делiнiп жүрген Қазақ хандығының 550 жылдығын да тойлап тастадық. Алты алашқа ат шаптырып, қалталы кәсiпкерлерге сауын айтып өткiзген «ас та төк» осы думанның Қазақстанда жылына әлденеше мәрте дүйiм жұртты дүбiрлетiп жататын тойлардан айта қаларлықтай айырмашылығы болды деу де қиын-ақ. Бұл думанның бәрi, әсiресе

Соңғы марапат. Шардара ауданының әкiмi Қамытбек Айтөреев О.Төлегеновтiң «Өскен өңiрде» жұмыс iстегенiне 30 жыл толуына орай алғыс хат тапсырды. 2014 жыл, күз айы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесi Оңласын Төлегенов артында өшпестей мұра қалдырған, өз жұмысына шынайы берiлген талантты фототiлшi едi. Ол өзiнiң отыз жылға жуық ғұмырын шығармашылыққа арнап сырлы ды сұлу Шардараның фотошежiресiн жасап кеткен бiрегей маман.
Сюрреализм (фр. surrealisme) — 1920 жылы Францияда пайда бол­ған өнер саласы. Ол аллюзияларды қолдану мен пiшiндердi үйлестiру­мен ерекшеленедi.  Сюрреализмнiң негiзiн қалаған Босха алғаш рет көрерменге қатты байқалмайтын шындықты көрсеттi. XIX ғасырда Редон әлем бейнелеу өнерiнде қайта жаңалық ашты. Ол – сюрреализм. Редон өрмекшiнiң iшiне адам бейнесiн салды (“Жылап тұрған өрмекшi”,1881).
Өткен ХХ ғасырда да бүгiнгiдей ғарышта жерсерiктерi ұшып жүр­мегенiмен, ақпараттарды табу қажет болды. Ғылым мен техника саласындағы алдыңғы қатарлы, озық жаңалықтардың барлаушыларға көмегi тидi. Әрине олар ескiргенiмен, нағыз шпиондық камералармен танысып көру қызықты болар.  Кодак фирмасының К-24 камерасы

Осылайша, әлемнiң 38 тiлiнде шығып, 80-нен астам елге тарайтын беделдi басылым қазақтiлдi оқырмандарға қарай қадам басты. Бұл бiр жағынан дүниежүзiнде 60 миллионнан астам оқырманы бар журналдың Орталық Азия аудиториясына бет бұрғанын бiлдiредi. Сонымен қатар, әлемдiк деңгейдегi шетелдiк журнал Тәуелсiз Қазақстан тарихында тұңғыш рет ана тiлiмiзде басылып, мемлекеттiк тiлдiң халықаралық

Жуырда “Қазақстан ғарыш сапары” ҰК” АҚ  Питтсбург уни­верситетiнiң (АҚШ) өкiлi Рональд Лапортенiң (Ronald Laporte) сұрауы бойынша қысқа мерзiмде Қостанай облысындағы геоглифтерi бар ауданды суретке түсiрдi. Торғай геоглифтерiн алғаш рет 8 жыл бұрын 2007 жылы қостанайлық зерттеушi  Дмитрий Дей ашып, «Торғай дискавери» жобасын iске қосты.  Осылайша, онымен америкалық Питтсбург

Жазира Жаппарқұл 2011 жылы Парижде өткен әлем чемпионатында ересектер арасындағы додаға қатысып, 69 келiде 13-сатыға тұрақтады. Буыны беки қоймаған қыз ересектер бәсекесiне алғаш қосылғанда-ақ қарымдылығын байқатты. 2010 жылы Сингапурде өткен жасөспiрiмдердiң Олимпиадасынан алтын медальмен оралған Жазира 2014 жылы Алматыда, былтыр АҚШ-та өткен әлем чемпионаттарында күмiс жүлде олжалады.

ТАҒЫ ДА ҚОРҒАЙДЫ
Сенбi күнi Қытайда GRAND PRIX K1 and MMA 155 pound халықаралық турнирi өтедi. Осы сайысқа елiмiздiң атынан қатысатын Бейбiт Назаров KUNLUN FIGHT ұйымының чемпиондық белбеуiн қорғап, ханзу Жанг Липингке қарсы айқасады. Бейбiт KUNLUN FIGHT ұйымының чемпиондық
КҮЛШЕ ҚЫЗДЫҢ АЯҚ КИIМIНЕ ҰҚСАС ШIРКЕУ АШЫЛДЫ
Тайваньда ертегiдегi Күлше қыздың хрустальды аяқ киiмiне ұқсас шiркеу салынды. Оның биiктiгi – 16,7 м, енi – 10 м. Құрылысты салуға 686 000 доллар жұмсал­ған. Шiркеу 8 ақпанда, Қы­тайдың жаңа жылы тойлан­атын кезде ашылмақ. Билiк өкiлдерiнiң айтуынша, шiркеу күнде жұмыс iстемейдi. Мұнда тек неке қию рәсiмi өткiзiледi және тойға дейiнгi суретке түсу салтанатты шаралары өтедi.