1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (16088) 26 қаңтар, сейсенбі 2016

Жұма күнi жарыссөздi едел-жедел өткiзiп жiберген судья Марал Жарылғасова сол күнi кешке азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлинге қатысты сот үкiмiн оқыды. Алмалы аудандық соты С.Мәмбетәлиндi екi, ал Е. Нарымбаевты үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Сондай-ақ сот үкiмi бойынша,   екi белсендi де түрмеден босап шыққаннан кейiнгi бес жыл мерзiмде саяси-қоғамдық қызметпен айналыса алмайды.

30 елге қара, өзiңе қара
1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған.

Ендi ол тұрғылықты жерiн, iстеп жүрген жұмысын өзгертпеуi тиiс. Құзырлы орындарға ескертпей, бiр жаққа барып келуiне да болмайды. Көпшiлiк жүретiн шараларға қатыспауы, көңiл көтеретiн қоғамдық орындарға түнгi уақытта жоламауы мiндет. Үш жыл бойы! “Алауыздық тудырды” деген айыппен iстi болған астаналық белсендi Болатбек Бiләловке қаңтардың 21-i

Қазақстандағы сайлаудың сықпыты – жердiң қыртысы секiлдi қатпар-қатпар. Бетi жылмиып жатқанымен, астында не бар екенi жұмбақ. Дегенмен соңғы сайлаулар жұрттың бәрiн “геологқа” айналдырып жiбердi. Қазiр есi дұрыс қазақ “жердiң астында” не болып жат­қанын атынан түспей-ақ айтып бередi. Мәселен, асфальт­та жүрген бiздiң өзiмiз Мәжiлiс сайлауының алты қатпарын арши
ҚЫТАЙ ТIЛIН МIНДЕТТЕУ ТУРАЛЫ ШУДЫҢ ҚИСЫНЫ МЕН АСТАРЫ
Өткен аптаның соңында жергi­лiктi “Ақтөбе-таймс” басылымы “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директорының (21.08.2015 ж.) компания қызметкерлерiнiң қытай тiлiне жетiктiгiн тексеру туралы бұй­рығына қатысты мақала жариялаған. Оның арты бiраз шуға ұлас­ты. Ал қаңтардың 13-iнде бас директор Ван Цзэнъжэнънiң ұжым алдында жылдық есеп беруiне қатысқан облыс әкiмi
Қазақстанда түстi металлургияның Қарашаңырағы атанған Қарсақбай зауыты қазiр шойыннан шомбалдап тетiктер құяды. “Қазақмыстың” қолына қараған бiр қауым ел “Шықпа, жаным, шықпа!” дегеннiң кебiн киген. Бiрақ бүгiнгi айтайын дегенiмiз бұл емес. Лондонда 1908 жылы өткен акционерлердiң жалпы жиналысында баяндама жасаған ағылшын инженерi Горвей Жезқаз­ғанда мыстың қыруар

Орталық Азия, оның iшiнде қазақ даласы – жылқының отаны, оған дәлел жүздеген мың жылқы сүйектерi табылған энео­лит дәуiрiндегi Ботай қонысы. Ботайлықтар – әлемдегi алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер. Демек, XXI ғасырда егемендi ел атанғанда мемлекетiмiздiң басты шарушылығы – жылқы өсiру, халқымыздың сүйiп iшетiн сусыны – қымыз, ұлттық идеямыздың негiзi – тұлпар болуға тиiс.

Қашаннан-ақ сынақ алаңына айналып, реформадан көз ашпаған елiмiздiң бiлiм жүйесiн алда тағы да өзгерiстер күтiп тұр. Мектептер ендi бес күндiк оқу аптасына көшпек. Сонымен бiрге бiлiм берудiң жаңа стандартына сәйкес, бiрқатар жаңа пәндер де енгiзiлмек. Негiзi бес күндiкке көшу соңғы 1-2 жылда жиi көтерiлген мәселе болатын. Алайда оқу бағдарламасындағы жүктеменiң көптiгi салдарынан сенбiдегi

Адам өлтiру мен өзiн қорғаудың арасы кейде қылдай нәзiк келедi. Бұл жерде полиция, заңдылықтың сақта­луын қадағалау органдары мен сот iстiң байыбына барып, анық-қанығына жетпесе, бармақ басты, көз қыстыға жол берiлсе, жапа шегушi мен кiнәлiнiң орны ауысып кетуi тым оңай. Бiз баяндағалы отырған қанды оқиға осы сөзiмiзге нақты мысал болады.

Жаңа жылдан бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын айыппұл сомасы мен жаза көлемi де өзгердi. Осыған орай, назарларыңызға ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк айыппұл мен жаза түрлерiнiң 2016 жылғы мөлшерiн назарларыңызға ұсынып отырмыз:

“Жас Алаш” газетiнiң “Маң­ғыстауда жалақыны талап еткендердi соттап жатыр” (29 желтоқсан, 2015 жыл, № 103-104) деп аталатын мақаласына жауап келдi. Мақалада еңбек жағдайын жақсартуды талап етiп, бел­сен­дiлiк танытқан Techno Тrading LTD компаниясының операторы Абай Қалиевтi компания директоры Әдiл Ниязовтың “ар-абыройыма нұқсан келтiрдi, әлеуметтiк алауыздық тудырды” деп айыптап, сотқа бер­генi туралы жазылған

«Жас Алаш»: Сiз айтып отырған сақтандыру полисi заң бо­йынша ерiктi түрде болуы керек. Алайда ақшаға қысылған клиенттiң банк шарттарына амалсыз келiсетiнi түсiнiктi. Алайда несиенi мерзiмiнен бұрын төлеген соң, сақтандыру келiсiмшартында көрсетiлген ақшаны өзiңiзге қайтара аласыз. Ең алдымен, келiсiмшартты мұқият оқып шығыңыз.

ҚАБА САҚАЛ – ЗАҢҒА ҚАЙШЫ
Тәжiкстанда полиция қызметкерлерi 2015 жылы қанша адамның сақалын қырғаны туралы есеп бердi. Тәжiк тәртiп сақшылары Хатлон облысында 13 мың ер-азаматтың сақалын алыпты. Одан бөлек, былтыр екi мыңға жуық әйел хиджаб киюден бас тартыпты. Хиджаб сататын 162 сау­да нүктесi жабылған. Тәжiк мәдениетi мен дәстүрiне жат құбылыспен күрес науқанын ел билiгi былтыр көктемде

Атаулы жиын, съезд, форум, салтанатты жиындардан соң өтетiн кештерде қазақ өнерiн мейлiнше аспандатуы тиiс кәсi­би бiлiм, дағдысы мол сайдың тасындай саңлақтар да ұлттың намыс-мүддесiн ескермей, әл­дебiр өзге халықтардың ән, арияларын асқақтатқан боп, тайраң қағудан  тыйылар емес. Мысал керек пе? Қай­сы бiрiн айтасың, толып жатыр.

Қызметiнен қысқарып қалған Қисықтың құлағынан әйелi Сылқымның ызыңы кетпейтiн болды. Күнде бiр пәленi шығарып, ызыңдайды да тұрады. – Әй, Қысқарған, – дедi Сылқым Қисыққа өзi қойған жаңаша атпен, – осы сенi не үшiн қысқартты-ей, не үшiн қысқартты? Анау Көбiктi қысқартпай, сенi қысқартқаны несi?

СОРЛЫ ЕДIК НЕТКЕН...
Жанымның жапырақтары тоналып бiттi,
Қыз бенен қызық қажетсiз тiптi.
Бақытсыз, бақсыз күндердi кешкен,
Қазағым үшiн көңiлiм күптi.

Қазақстанның футбол федерациясы 2005 жылдан берi УЕФА бағдарламасы бойынша төрт жүзден аса дипломды жаттықтырушыны оқытыпты. Қазiр бұрынғыдай жаттықтырушыларды оқыту мәселесiне қарсы шығып, оны артық қаржылық шығын деп есептейтiндер жоқ. Ал бұрын қарсыластар көп болатын. Тiптi аты әйгiлi клубтың директоры өзгелердiң кеудесiнен басқандай етiп:

АЛҒАШҚЫ АДЫМ СӘТТI
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымын “арландар” абыроймен бастады. Қарағанды қаласында өткен алғашқы тартыста әзiрбайжандық “Баку оты” (Baku Fires) клубының боксшыларын 4:1 есебiмен ықтырды. 49 келi салмақта Темiртас Жүсiпов Джавид Дадашовты дiңкелетiп, 3:0 нәтижесiмен ең­сердi, яғни үш төрешi де бiр­ауыз­дан Темiртастың тегеурiндi екенiн мойындады.
Боямасыз өмiр
Ол шоқпыт киiз төселген қоржын тамда дүниеге келдi. Жоқшылық, кедейшiлiктiң дәмiн ерте татты. Әке-шешеден де ерте айырылып, ерте есейдi. “Мен тас жетiммiн, тақыр кедеймiн” деп, көз жасын селдетiп жата бермей, тiршiлiкке қам жасады. Жiгерiн жанып, намысын қамшылап, өз қатарынан қалмай оқыды, “шоқыды”.