1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (16089) 28 қаңтар, бейсенбі 2016
ӨЗI ЖАРЫМАҒАН ҚАЗАҚСТАН КӨРШIГЕ ЕТ САТҚАЛЫ ЖҮР
Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарының жартысына жуығын бауырына басқан Қытай ендi аграрлық салаға да ауыз салды. Осы аптада ауыл шаруашылығы министрлiгi Қы­тайдың бiрнеше ком­паниясымен бiрлескен iс-қимыл жоспарына қол қойды. Ресми мәлiмет бұл шараларды “100 нақты қадамның” жөн-жоралғысымен байланыстырып жатыр. Ал халық көңiлiнде бұл – Қытай экспансиясының жаңа қадамы емес пе екен деген күмән басым.

Қаңтардан бастап елiмiз жаңа Еңбек кодексiмен өмiр сүре бастады. 8 жыл бойы еңбек қатынастарын реттеп келген бұрынғы заң былтыр аяқ астынан ескiрiп қалды. Бұған “Ұлт қадамы –100 нақты қадам” дейтiн Н.Назарбаевтың кезектi “жаһандық” бағдарламасындағы “еңбек қатынастарын ырықтандыру” деген сөзi себеп болды.

“Би-Би-Си” арнасының “Панорама” бағдарламасы зерттеу жүргiзiп, Ресей прези­дентi Владимир Путин құны 40 миллиард долларға жуық құпия байлыққа иелiк етедi деген қорытындыға келген. Ұлыбританияда дүйсенбi күнi кешкiсiн көрсетiлген бағдарламаға сұхбат берген Путиннiң бұрынғы жақындары мен қашқындағы экс-шенеунiктер бұл долбарды растай түседi.
АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ АЛДАРҚАТА САЛУ ҚИЫН БА?
Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек Астанада журналистермен баспасөз жиынын өткiздi. Жас әкiм қаланың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы баяндап, дауға айналған «Оңай» төлем жүйесi, Алматыдағы туризм мәселесi, метро құрылысының жалғасы мен балабақша бағасы туралы сұрақтарға жауап бердi. Әкiмнiң сөздерiнiң тобықтай түйiндерi төмендегiше.
Сәбит Оразбаев – 80
29 қаңтар – Қазақстанның халық әртiсi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, сахна өнерiнiң тарланы Сәбит Оразбаевтың туған күнi. Ертең Сәбит ағамыз мерейлi 80 жасқа толады. “Театр өнерiне келгенде бiз өзгеден алсақ, сыртқы үлгiнi ғана аламыз. Өз өнерiмiздi қалыптауға себеп болатын көпке бiрдей заңын, өлшеуiн ғана аламыз. Ал ендi өнердiң жаны мен денесi боларлық нәрсенiң барлығын бiз өз елiмiзден, өз етiмiзден, өз бойымыздан аламыз және оны өз пiшiнiмiз етiп шығарамыз” дейдi Мұхтар Әуезов. Бұл жерде ұлы жазушы тек театр өнерi туралы ғана емес,
Өткенде электронды ақпарат беттерiнде: “Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнен Солтүстiк Қазақстан облысына 458 отбасы қоныс аударып баруға тiлек бiлдiрiп отыр. Қазiр олардан 50 жанұя жаңа қонысқа көшiп барып, үйренiсiп жатыр. Бұл адамдар “Жұмыспен қамту-2020” жол картасы бойынша баспанамен және жұмыспен қамтамасыз етiлдi.   Олар — құрылыс, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етуде”, — деген жаңалық тараған.
Қаңтардың соңында бензин арзандады. АИ-80 маркасы бақандай 23 теңгеге. Дизель отыны да осылай “құлады”. Бiзде емес. Көршiмiзде. Жер астында бiр тамшы мұнайы жоқ Қырғызстанда. Жергiлiктi мамандар бұл сиқырдың сырын “маусымдық жұмыстың жоқтығымен”, “әлемдегi мұнай бағасының арзандауымен” түсiндiрiптi.

Елiмiзде әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылардың 3-7 жас аралығындағы 600 мың бүлдiр­шiнi кедейлiк пен қатал тағдырдың сынына түскен. Бұлар саны жағынан елiмiздiң кiшiгiрiм бiр облысы тұрғындарымен шамалас. Әрi соңғы жылдары жағдайы төмен отбасылардың саны да күрт артып келедi. Қазақстан бойынша тiр­келген 33 мың жетiм баланың 8 мыңы балалар үйле­рiнде, 21 мыңы патронаттық тәрбиеге алынған.

Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмон өзiнiң қызы Озода Рахмонды президент аппаратының жетекшiсi етiп тағайындады. О.Рахмон бұған дейiн сыртқы iстер министрiнiң орынбасары қызметiн атқарған болатын. Озода Рахмон – 36 жаста. Оның күйеуi Тәжiкстанның қаржы министрiнiң орынбасары. Тәжiкстан президентi де қазақ көшбасшысынан қалмай, өз отбасы мүшелерiнiң мансабын өсiрiп жүр
Ерте заманда патшалар, хандар мен шаһар әкiмдерi өте қарапайым киiнiп, елдi аралап, жағдайларын өз көзiмен көрiп, хал­қының жоғарғы әкiмдер туралы не ойлайтынын қарапайым адамдардан сұрап, бiлiп отырады екен. Бүгiнгi күндерi заман өзгердi ме, әлде адамдар өзгердi ме – мұндай әңгiмелердi естiмейтiн болдық.Жақында Түркия мемлекетiнде бiр мектептiң ата-анасыз тәрбиеленiп, оқып жүрген бастауыш сынып оқушысы өзiнiң ұстазына:

Ата заңда депутат халықтың билiктегi өкiлi, жоқтаушысы, қорғаны деп тайға таңба бас­қандай жазылған. Шынын айтсақ, жағымпаз, жалтақ, халыққа еш пайдасы жоқ депутаттардан ел жалықты. Тәуелсiздiк алған 25 жылда өндiрiсi тұралаған, ауыл шаруашылығы құрдымға кеткен, тек шикiзатқа тәуелдi елге айналдық.

Жол жүрген адам әркiммен сапарлас болады. Өзара жөн сұрасудан басталатын сұбхат өткенге көз жiберiп, ой тербетуге жетелейтiнi бар. Серiк Мырзағалиевпен мен жол үстiнде таныс­тым. “Алматы – Атырау” пойызына мiнген орта бойлы сары жiгiт ұялы телефонымен жақындарымен сөйлесiп, өз қуанышын бөлiсiп келе жатты.
Бiр сөздi бiр сөз түртiп шығарады дегендей, Сәрiн­жiп Дайырұлының “Жас Алашта” жарияланған “Бе­йiм­бет кiм, Таран кiм?” (21 қаңтар, 2016 жыл) атты мақаласын оқып ойға қалдым. Өте дұрыс айтылған орынды, құнды пiкiр деп есеп­теймiн. Тәуелсiздiк алдық деп бөркiмiздi аспанға атып жүргенiмiзге ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де

...Қазақтың кейбiр мақал-мәтелдерi қазiр құнарын жоғалтып алғандай. Мәселен, “Шешесiн көрiп қызын ал” деген мәтел қазiргi қоғамға көбiнесе дәл келе бермейдi. Қазiр бiр отбасында бiр-ақ қыз (ер балаларды санамағанда) тәрбиеленедi. Және ол әкесiне жақын болады. Әкесi көп жағдайда әйелiне: “Тиiспе”, “сөйлеме” деп тыйым салып отырады.

Мен болмайын,
Сен аман бол, Көк пен Жер!
Қайыра айда қара бұлтты ескен жел.
Көш бастаған көсемiмiз көп деймiз
Қадiрiне жете алған ба көшпендi ел?

Мұғалiмнiң сабақты қызықты өткiзе бiлгенiне не жетсiн?! Сабақты қызықты өткiзе бiлетiн дәл осындай мұғалiм бiздiң ауылдағы орта мектепте биология пәнiнен сабақ бередi. Аты-жөнi – Дина Саудабаева. Ол педагогикалық талапқа асқан жауап­кершiлiкпен қарайды. Өзi сабақ беретiн оқушылардың бiлiм сапасын жоғары деңгейге көтеру үшiн өзiн-өзi жетiлдiруге құштар, икемдi,

Өмiр адамға бiр-ақ рет берiлетiн болса, сол аяулы ғұмырында адамдардың жүрегi неге ауыруға тиiстi? Бәрiне де себеп – адамдар қолымен жасалып жатқан ұятты iстер, күнделiктi өмiр­дегi көрiксiз, көңiлдi жұтататын көрiнiстер. Адамдардың бойынан тек әсемдiк, парасаттылық

Ерлан Қожағапанов басқаратын Қазақстанның футбол федерациясы балалар мен жасөспiрiмдер футболын дамытудың 2016-26 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлептi. Өткен сейсенбiде осы бағдарламаның таныстырылымы өттi.Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы конференцияға футбол федерациясының өкiлдерi, премьер-лига мен бiрiншi
ЖЕҢIСТIҢ СЫЙАҚЫСЫ – ДОЛЛАРМЕН
Рио-де-Жанейро жазғы Олим­пиадасында медаль иеленгендер мен алтыншы орын алған спортшыларға мемлекеттiң беретiн сыйақысы бұрынғы сомасында қала бередi. Яғни Олимпиада чемпионы атансаң, 350 мың АҚШ долларын аласың, күмiспен күптелсең – 150 мың, қола медальге қолың жетсе – 75 мың, төртiншi орынға тұрақтасаң – 30 мың
Бiрде Мәскеуде хирург-дәрiгерлердiң үлкен бiр жиыны өтедi. Жиналыстан соң белгiлi хирург, академик А.А.Вишневскийдiң каби­нетiн­де дастарқан жайылады. Банкетке бұрынғы Кеңес одағына қарайтын мемлекеттерден де атақты профессорлар, академиктер қатысады. Әрине, арақ та, коньяк те iшiледi.