1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16090) 2 ақпан, сейсенбі 2016
Көңiлi даладай қазақ далақтап шаба бергендi ғана бiледi. Бiр уақ спортпен айналыссам, йоганы игерсем дейтiн ниеттен жұрдай. Мiне, мұның әсерi елдiң экономикасына да кесiрiн тигiзiп жатыр. Тiптi теңгенiң құлдырауына да қазақтың дұрыс “тыныс ала алмауы” себеп. Естiр құлақ, ұғатын адам болса, президент оның жай-жапсарын әдемiлеп тұрып түсiндiрiп бердi. Бiр өкiнiштiсi, онысын жұртқа құпиялап жеткiзбей, жария түрде мәлiмдедi. Сол сол-ақ екен, iргедегi қырғыз баспасөзi жерден

Қазақтың жыл санауында мешiн жылы наурызда кiредi. Бiрақ күнтiзбедегi уақыт 2016-ны көрсеткенде-ақ, бiр әрiптесiмiз (әдебиет сыншысы Әмiрхан Меңдеке) “бұрынғы бұрынғы ма, жалбақтау мен жарамсақтанудың көкесiн биыл көресiңдер! Көпiрме мадақтан ауыз көпiредi” деп сәуегейлiк жасаған едi. Оның айтқаны дәл келдi деуден аулақпыз.

Ұлыбританиялық “Би-Би-Си” арнасының Путиннiң құпия байлығын әшкерелеуi, Лондон сотының Литвиненко қазасы бо­йынша ашық тыңдаудың баяндамасын жария етiп, “қылмысқа Путиннiң қатысы болуы мүмкiн” деген тұжырым жасауы, ендi мiне, Гаагадағы халықаралық соттың 2008 жылы Ресей мен Грузия арасындағы бескүндiк соғыс кезiндегi қылмыстарды зерттеуi Батыстың Кремльге қарсы ақпараттық науқаны басталғанын көрсетедi.

1400 қызметкерi бар “Ұлы қабырға” қазақ-қытай бұрғылау компаниясы” ЖШС директоры Чжан Цзюнь банкроттықтың алдында тұрғанын ұжымның жылдық есеп беруi кезiнде жасырмады. Бас мердiгер – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-на қарасты кен орындарында мұнай ұңғыларын орнату, бұрғылау және кенiштерге мұнайшылар тасумен айналыстатын қызмет көрсету мекемесiне тапсырыстың 65 пайызға азайып, оның қиын жағдайда қалғанын айтып ақталды.

«Сенбесеңiздер, өздерiңiз тексерiңiздер!»
Президент те пенде. Ол да басқа халық тәрiз­дi ет жеп, сүт iшедi. Мемлекеттiк қызметтен боса­майтын ол қолы қалт еткенде базарға барады екен. “Патша да пенделiк тiрлiктермен айналысады екен” деп күлмеңiздер. Онда тұрған не бар? Ұлыбританияның ең мықты дейтiн премьер-министрi Маргарет Тэтчердiң өзi күйеуiне шұжық алу үшiн апта сайын дүкен аралады емес пе.

Шымкенттiк бизнесмен Тоқтар Төлешевтiң тұтқындалуы жұртты бiр дүрлiктiрдi. Мұның астарында саяси тапсырыс жатқанын Ресейдiң ақпарат құралдары, “Америка дауысы” жарыса жариялауда. Ал шымкенттiк құқық қорғау органдары әзiрше үнсiз. Т.Төле­шевтiң тұтқындалуы бөтен ойлы, басқаша пiкiр бiлдiретiн азаматтарды жуасыту үшiн жасалып жатқан шаралардың жалғасы ма, әлде мұның астарында бiз бiлмейтiн басқа себеп бар ма?

Жуырда президент Н.Назарбаевтың Астана базарына барып, азық-түлiк бағаларын өз көзiмен көргенi жайлы ақпарат жарияланды. Бұл жөнiнде елбасы “Нұр-Отанның” кезктен тыс өткен съезiнде азық-түлiк түрле­рiнiң барлығы “керемет арзандағанын” айта келiп: “Рас, лимон 150 теңгеге қым­баттапты, бiрақ лимонсыз да күн көруге болады ғой.

Адам түгiл, құмырс­қаға да қылдай қиянаты жоқ қазақы орта үшiн кiсi өлтiру деген баяғыда ең өрескел, ең сорақы жағдай едi. Содан да шығар, “Қыз Жiбек” фильмi ең алғаш көрсетiлген кезде ауылдастары “Балаң кiсi өлтiрдi, не деген жауыз” деп, Асанәлi Әшiмовтiң анасына кейiптi дегендi естiп едiк. Кiсi қаны төгiлгенiн кинодан көргеннiң өзiнде денесi түршiгетiн сол аңғал да таза, дархан көңiл қазақтың бүгiнгi болмысы жан шошытады.

Оның аты - Артур. Жасы 28-де. Тумысынан ДЦП дертiне шалдығып, аяқ -қолы үйлесiмдi қимылынан айырылғаны болмаса, әңгiмешiл әрi әзiлқой. Үзiлiп, қиналып шығатын сөз орамдарын жалықпай бiрнеше қайталап, ойын ұқтыруға тырысады. Отаншыл, ұлтшыл. Қазақ кинолары мен әндерiн берiле көредi, тыңдайды. Тек қоғамнан ада. Өзiмен өзi. Бiр арманы бар

Ермек Имамбеков баптайтын дзюдодан елiмiздiң ұлттық құрамасы бұл күнде Жапонияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Дзюдо спортының отанында ойдағы мақсат-мұратты жүзеге асыру үшiн спортшыларымыз жапондармен бұған дейiн де бiрлесiп әзiрлендi. Мысалы, былтырғы жылдың басында да Жапонияның жампоздарымен тiзе қосып әзiрлiктен өттi. Биыл ұлттық құрама Токай университетiнде шеберлiктерiн шыңдап жүр.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫНЫ БIЗДЕ
Румынияда өткен жасөспiрiмдердiң әлем чемпио­натында қанжығамызға алтын медаль байланды. 7,5 шақырымға iз қуып жүйткуде жерлесiмiз Арина Пантова алдына қара салдырмай, көмбеге жеке-дара жеттi. Одан үш секунд кеш келген украин қызы Анна Кривонос күмiстi мiсе тұтса, қола медаль немiс спортшысы Марина Саутерге бұйырды. Осы қашықтыққа тағы бiр спортшымыз да
ЭЛЕКТРОНДЫ ДӘРЕТ АЛУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ПАЙДА БОЛДЫ
Жапонияда дәрет алуға арналған электронды құрал пайда болды. Сол елде тұратын мұсылман қауым бұл құрылғыны тексерiстен өт­кiзiп те көрдi. Бiр жақсысы, мұны кез келген жерге орнатуға болады екен. Жаңа құрылғы тек суды үнемдеуге ғана емес, жуынуды ыңғайлы әрi тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi.