1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (16095) 16 ақпан, сейсенбі 2016

Қазақстан халқының ертеңгi қамсыз қарттығына жинаған 5,828 трлн теңгесi дағдарыста ақшадан тарыққан елдiң қаржы жүйесiн бақылайтын олигархтар мен шенеунiкте­рiнiң аранын аштырды. “Аңдыған жау алмай қоймайды” демекшi, зейнетақы қорындағы қазақстандықтардың 1 жарым трлн тең­ге­ге жуық ақшасы мемлекет мұқтажы деген желеумен жұмсалатын болды.

Отыз елге қара, өзiңе қара
Норвегия – Еуропаның солтүстiгiндегi мемлекет. Еуропа құрлығындағы көлемi жағынан ең үлкенi саналатын Скандинавия түбегiнде екi мемлекет орналасса, соның бiрi – Норвегия. Ресей, Финляндия һәм Швециямен шекаралас елдiң жер көлемi 386 мың 960 шаршы шақырым. Жерiнiң кеңдiгi жағынан әлемде 125-орында болса, Скандинавия мемлекеттерi арасында Норвегия жерiнiң көлемi үлкен екiншi мемлекет саналады.

Түркияның әуе күштерi Сирияның солтүстiгiн­дегi күрдтердiң “Халықтың өзiн-өзi қорғау күшiн” әуеден атқылады. Анкара осылайша Алеп­по­дағы бейбiт тұрғындарды Ресей, Сирияның үкiмет әскерi және сириялық күрдтердiң басқыншылығы мен езгiсiнен қорғамақ. Ал АҚШ президентi Барак Обама мен Ресей президентi Владимир Путин Сирия мәселесi бойынша телефон арқылы әңгiме­лестi. Бiрақ Ақ үй мен Кремльдiң әрқайсысы телефон әңгiмесiнiң мазмұнын әртүрлi баяндайды.

12 ақпан күнi “Бөбек” қорының президентi, Қазақстан президентiнiң зайыбы Сара Алпысқызы мерейлi 75 жасқа толды. Әншейiн сәйкестiк пе, әлде бәйбiшесiн Алатаудың таза ауасымен серуендеткiсi келдi ме, әйтеуiр, қазақ басшысы туған күннiң қарсаңында Алматыға ұшып келдi. Ресми БАҚ Олжас Сүлей­меновтi қабылдағанын ғана сөз еттi. Бiрақ президенттiң бұл сапары жөнiнде күнi кешеге дейiн мардымды ақпарат берген жоқ. “Тұңғыш” президенттiң “бiрiншi ханымға” не сыйлағаны да беймәлiм

Ермек Нарымбаевтың әлеуметтiк желiде өз қолымен жазған “айыбын мойындау” хаты жарияланды. Бұл хатта Е.Нарымбаев Конституциямен қамтамасыз етiлген пiкiрiн бiлдiру еркiндiгiне сүйенгенiн, бiрақ Қазақстандағы бұл құқықтың барын тым асыра бағалағанын “мойындайды”. Iле-шала “мойындау” хатынан кейiн азаматтық белсендi өз iсiнiң дұрыстығын дәлелдеу нелiктен маңызды екенiн түсiндiретiн мәлiмдемесiн жариялады. Е.Нарымбаевтың анасы

Ақпанның 14-iмен тұспа-тұс келген жексенбiде әлем ғашықтары “Әулие Валентин күнiн” тойлады. Қазаққа жат екендiгi қанша жерден айтылып, қаншама рет сын садағына iлiнгенiне қарамастан, қылы да қисаймаған бұл шараның шашбауын көтеруден бiздiкiлер бұл жолы да қалыс­қан жоқ. Сән-салтанаты бiрiнен-бiрi асқан ду-думандар Алматы
А. Сәрсенбайұлын еске алу шарасына жиылған қауымның ортақ пiкiрi осыған сайды
11 ақпан күнi мемлекет және қоғам қайраткерi, оппозиция көшбасшысы Алтынбек Сәрсенбайұлының екi серiгiмен бiрге қастандықпен өлтiрiлгенiне 10 жыл толды. Сондықтан да болар, марқұмдарды еске алуға, Алтынбектiң халыққа аманат болып қалған азаматтық iстерiн зерделеуге, оны қайта жаңғыртуға, құпиясын iшiне бүккен қанды қылмыстың ашылуын талап етуге жиылған халық жылдағыдан көп болды.
Жұбайлық жарасым әліппесі
Әдетте, жаныңа балаған жақын адамыңнан ештеңе жасырғың келмейді. Бірақ кейде солай істеудің қажеті бар ма, жоқ па?! Міне, бұл – назар аударарлық нәрсе. Егер де психологтар немесе әлеуметтанушылар ажырасудың себептерін ашып көрсетер болса, бұл құбылыстың жалпыға түсінікті сыртқы себептерімен қатар, бір қарағанда аса байқала қоймайтын басқа да қалтарыстары барын аңғарар еді.

Ертеректе үлкен кісілердің ешқайсысы жасын айтпайтын. «Қаншаға келдіңіз?» десең, мысалы, «барыс жылы туғам, биыл мұнша мүшелдемін» дейтін. Ал өзіміздің ата-әжелеріміз немерелерінің мүшел жасына ерекше мән беретін. «Мүшелден аман өтсін» деп, жақсы көретін бір затын ба, киімін бе, ырымдап біреуге беріп жататын. Бәрі сенімге байланысты ма, әлде шынымен де солай ма, әйтеуір мүшел жастан кәдімгідей шошитын едік.

Өмірде жиі кездесетін бір жағдай бар. Ол – бала қызғанышы. Яғни үйдегі тұңғыш бала ата-анасын қызғанады. Көбінесе өзінен кіші бауырынан. Ал неге бұлай? Осының астарына үңіліп көрейікші... Мамандардың пікірінше, бала ең әуелі ата-анасының ықыласын жоғалтып алудан қорқады. Сол кезде қызғана бастайды. Бұл – заңды құбы­лыс. Өйткені ата-ана көп уақытын, бар ықыласы мен қамқорлығын жаңа туылған сәбиге арнайды.

Көптеген елдерде еркектің өз әйелінен бөлек әйелмен жүріс жасауын қаперге алмау, тіптен кешіру мәдениеті қалыптасқан. Бірақ ері бар әйелдің бас еркекпен ойнас болуы ешқашан кешірілмеген, кешірілмейді және қатаң жазаланады. Тіпті кейбір халықтарда еркегіне жеңіл жүріске түскен әйелін өлтіруге де рұқсат етілген. Ал нәпсіқұмар әйелін қаражатсыз, үй-күйсіз, баласыз, қарақан басын қаңғыртып, көшеге қуып шықса, «жексұрынға өте жеңіл жаза қолданды» деп қоғам еркекті айыптаған да.

Дастарқанынан бауырсақ үзілмейтін қазақтың ас мәзірін ұннан жасалатын тағамдарсыз елестету қиын. Бірақ ұн таңдай білеміз бе? Дүкеннен алғанда нені ескерген жөн? Мұны білгіңіз келсе, мына кеңестерге назар аударыңыз. Ұнның негізгі үш түрі бар. Олар – жоғарғы сұрыпты, бірінші сұрыпты және екінші сұрыпты ұн. Жұрттың көп алатыны – жоғарғы сұрыпты ұн. Мұн­дай ұн тоқаш, торт, тәтті нан пісі­ру­ге пайдаланылады.

Осыдан біраз ғана бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай арнайы шығармашылық жабық бәйге жариялап, оның қорытындысын шығарды. Әрине, ниет түзу, мақсат дұрыс болған да шығар әу баста. Бірақ сол ниет, мақсаттың дұрыстығы да, бұрыстығы да оның нәтижесі шығарылғанда барып бір-ақ мәлім болатыны тағы бар ғой. Ендеше, осынау үлкен мемлекеттік мерекенің құрметіне ұйымдастырылған бұл бәйгенің нәтижесі қандай болды?

“Жас Алаштың” өткен санында (№10, 9 ақпан) журналист Болат Шайманұлының “Жүз жасаймын десең – жүгiр” деген мақаласын жарияладық. Редакциямызға жүгiрудiң адам денсаулығына пайдасы ұшан-теңiз екенiн айтып хабарласушылар, хат жолдап пiкiрiн бiлдiрушiлер көп. Жүгiрудi жанына серiк еткен оқырмандарымыздың бiрiнiң мақаласын ұсынғанды жөн көрдiк.

Оқушыларға арналған, екi айда бiр шығатын “Алгорифм” журналының биыл­ғы бiрiншi нөмiрi жарық көрдi. Бұл нөмiрде академик Асқар Жұмадiлдаев­тың 60 жылдығына орай берiл­ген сұхбат және 35 “Алтын белгiге” ие болған оқушыларды тәрбиелеп шығар­ған мектеп туралы арнайы мақала бар. Сонымен бiрге физика, математика тақырыптарына арналған қызықты мақалалар берiлген.

Ол – Сербияның астанасы Белградта күнi кеше ғана футзалдан өткен Еуропа құрылығының бiрiншiлiгiнде қарсыластардың қақпашысын 6 рет қапы қалдырған Серiк Жаманқұлов! Ол – “Қайрат” командасының шабуыл шебiндегi ойыншысы, Қазақстан құрама командасының белдi мүшесi! Сөйтiп, Серiк баламыз осы чемпионатта атой салған сұрмергендердiң қатарына қо­сылды! 

Венгрия биыл алпысыншы рет Иштван Бокшай атындағы халықаралық турнирдi өткiздi. Жылдан-жылға өрiсi кеңiп, беделi артып келе жатқан додаға жарыс иелерi, Англия, Великобритания, Германия, Түркия, Әзiрбайжан сынды елдер бiрiншi құрамын әкеп қосты. Бiз де еуропадағы са­йысқа төрт боксшымызды қосып бағын сынап көрдiк.
ТАЛАНТТЫ ТАБУ – БАПКЕРДIҢ МIНДЕТI
Бразилиялық маман Какау баптайтын футзалдан елiмiздiң ұлттық құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионатына қатысып, қола медаль иелендi. Құрлықтың қайнаған аламанына алғаш рет қосылғанына қарамастан жiгiттер жiгерлiлiк таныта бiлдi.