1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16096) 18 ақпан, бейсенбі 2016

Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың анда-санда қазақ тiлiнiң жанашырларына кiжiнiп қоятыны бар едi ғой, бұл жолы да, яғни Алматыға келген сапарында да шарай топтың көзiнше былай дедi: “Маған мынадай ақпарат жеттi: бiр мекемеге орыстiлдi адам орыс тiлiнде өтiнiш айтса, оған әлгi мекеме қазақ тiлiнде жауап қайырыпты. Бұған кiм жол бердi? Осындай тiл туралы заңды бұзушылықты прокуратура неге тексермейдi? Егер ол орыс тiлiнде өтiнiш айтты ма, ол орыс тiлiнде жауап алуы керек...” (президенттiң орысша айтқанын қазақшаға аударып берiп отырмыз – ред.).

АҚПАН САЙЫН АСТАҢ-КЕСТЕҢ
Дәл былтырғы ақпан айында Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ елдi мекенiндегi дүниенi дүрлiктiрген оқыс оқиғаға ұқсастау жанжал ендi ауылы аралас, қойы қоралас Әулиата жерiндегi Бу­рыл ауылында бұрқ ете қалды. Жазықсыз төгiлген қан, қыршынынан қиылған өмiр. Елдiң ашу-ызасы ақыры әлем елдерiне үлгi болып жүрген ұлтаралық татулықтың бiр-ақ күнде жұрнағын да қалдырған жоқ. Әйтеуiр, абырой болғанда әзiрге Сарыағаштағыдай жаппай үй-көлiк өртеу оқиғаларына жол берiлмедi.  
Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске түсiруге арналған дөңгелек үстелге қатысқан жұртшылық жиынының қарары
Бiз, осы жиынға қатысушылар, баяндамалар мен сөз алғандардың пiкiрлерiн тыңдай және талқылай келiп, былай деп есептеймiз: Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшiлерi Ба­уыржан Байбосын, Василий Журавлев саяси тапсырыстың құрбаны болды.

Қазақстанның жаңа тарихын елдiң бiрiншi президентi жалғыз жасаған жоқ. Тәуелсiз жаңа мемлекеттiң институттары мен дәстүрiн қалыптастыруда аянбай адал еңбек еткен, бiрақ Назарбаевтың “тарихи рөлiнiң” тасасында қалған талай аяулы тұлғалардың өмiр жолы зерттеудi қажет етедi. Олардың iшiнде қазақ халқының аяулы ұлдарының бiрi, ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысындағы қазақ елiндегi сарабдал тұлғалардың қатарынан табылатын

Президент Н.Назарбаев Алматыдағы сапарында Оңтүстiк Кореяның бiлiм беру саласындағы тәжiрибесiн зерттеу ке­рек­тiгiн ескерттi. Дамыған елдер қатарына қосылу үшiн бiр жоғары бiлiм алып, кемiнде бiр шет тiлiн бiлуге шақырды. Президент әдетiнше бiлiм деңгейi жоғары Сингапурды тiлге тиек етудi де ұмытпады. Тек сол Сингапурда мектеп мұғалiмде­рi­­нiң ең жоғары жалақы алатынын айтқан жоқ, бүгiп қалды.

“Жас Алаш” республикалық газетi Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы президентiнiң 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызына белгiленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кезектен

Бұл қазақтың өзiне де обал жоқ. Не дұрыстап аула сыпырып, артынан компания ашып, ақырында байып кетудi бiлмейдi. Жалаңбұт жүргенiне қарамай, той жасаса, шетелден жын-жыбырды шақырады. Басқа жер таппай қалғандай, Алматының тынысын тарылтып, Шынбұлаққа коттедж соғатыны тағы бар. Мәдениетiнiң түрi – анау, айтпасаң, сырттан келер қонаққа боқтық сөзсiз жөн сiлтегендi де бiлмейдi.

Ұлттық банктi EXPO-2017 халықаралық көрмесiнiң алдында Астанаға көшiрiп, елорданы қаржы орталығына айналдыру идеясынан билiк бас тартты. Мұны өткен аптаның соңында онлайн-конференция өткiзген бас банкир Данияр Ақышев мәлiм еткен. Сейсенбi күнi Алматыда жиын өткiзген президент Нұрсұлтан Назарбаев оның бұл сөзiн растады. Сонда президенттiң өзi былтыр­ғы жылдың 19 мамырында қол қойған орталық банктi Астанаға көшiру жөнiндегi жарлығы қайда қалды?

Елiмiздiң ауылшаруашылығы министрлiгi бүгiнде жағамыздан алып жатқан дағдарысқа ерте бастан-ақ дайындалды. Жер өңдеп, кетпен шауып, мал бағамын деген жандарға жеңiлдiктер жасады. Әр өнiм түрiне берiлген субсидиялар осы саланы жандандырып, бағаның шарықтамауына, шаруаның тiрлiгi алға басуына ықпал етуi тиiс едi. Рас, осындай жеңiлдiктердiң арқасында тiрлiгiн түзеп, шаруасын дөңгелетiп алып кеткендер де бар.

«Жақсы адам болу үшін депутат болу міндетті емес, депутат болу үшін жақсы адам болуыңыз міндетті» деген екен Міржақып Дулатұлы. Депутат –халықтың сенімді өкілі. Ол ел мүддесі үшін қызмет етуі тиіс. Депутаттардың қызметі жайлы ел арасында да әрдайым-ақ сөз болып тұрады. Қазіргі депутаттардың белсенділігінің төмендігі, ләппайшыл, жалтақтығы, жағымпаздықтары ашық айтылып жүр. Иә, шындығында бүгінгі күні парламент аса құдіретті емес, сондықтан да елдегі ахуалды қадағалай алмайды.

(Б.Майлиннің ізімен)
1993 жыл:
– Уа, кімсіз?
– Біз бе? Біз – теңгеміз!
– Уа, қайдан жүрген теңгесіз?

Бүгінгі таңда өнер адамдарына, соның ішінде әсіресе эстрада әншілері мен кино актерлерге ресми атақтармен бірге «жұлдыз» деген атақ та жиі тағыла бастады. Елімізде көктегі жұлдыздардан гөрі жердегі жұлдыздар көбірек ауызға алынатын болды. Болсын. Көбейсін. Жарқырай берсін. Оған жаны әнге, тойға құмар қазекем қол шапалақтап қуанбаса, ренжімесі анық. Бірақ маған жердегі «жұлдыздар» көбейген сайын көктегі шамшырақтардың қадір-қасиеті төмендеп бара жатқан секілді көрінеді. Өйткені жердегі «жұлдыздардың» ішінде май шамның, тіпті балауыз шамның жарығындай да жарығы, таланты жоқ «жұлдыздар» көбейіп барады.

Халқымыздың аяулы ұлы Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл болды. Шәмші сияқты таза алтынымызды бағалай алып жүрміз бе? Сөз өнерін зерттеуші болмасақ та, ән қадірін саралай алатын қазақпыз. Шәмшінің әні – төбедегі ән, қазіргілер – бір күндік «көбелек». Қарапайым жандардың өмірде де, өнерде де өзіне тиесілі үлесінен құр қалуы жиі кездеседі. Сондай асқақ тұлғаның бірі – Шәмші ағамыз.

Алдағы уақытта аналогтік эфирдің өшірілетінін «Қазтелеком» дембіл-дембіл хабарлап жатыр. Ал 2017 жылы Қазақстан түгелдей сандық эфирге өтпек. Бірақ «Отау ТВ»-ға байланысқан сандық эфир әлден-ақ сыр беріп жатыр. Мысалы, Мақтааралда жиі болатын желдің және жаңбырдың әсерінен «Отау ТВ»-ға қосылған телеэкраннан «Нет сигнала» деген жазуды оқып отырамыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Ақмола облысын Андрей Браун деген неміс басқарды. Қазір оның қайда кеткенін кейінгі ұрпақ түгілі, қа­сында құшақтасып бірге жүргендер де білмейді. Жарайды, мәселе онда емес. Сол Браун облыс басқарып тұрғанда белгілі сатирик, журналист, ана тіліміздің үлкен жанашыры марқұм Жұматай Сабыр­жанов «Браун неге қазақша сөйлемейді?» деген мақала жазып (ұмытпасам «Ана тілінде» ғой деймін), үлкен шу болғаны есімде.
Соңғы уақытта кеңінен жайылып бара жатқан бір дерт – ұмытшақтық. Бұрын ұмыт­шақтықты қартаюдың бір белгісі деп түсінетін едік. Қазір жасқа қарамайтын болды, кішкене баладан бастап, орта жастағылардың өзі де не істеп, не қойғанын білмеуге айналды. Неге бұ­лай? Бір мезет осының сырына үңіліп көрейікші. Бір анығы, бүгінгі таңда бізге сан алуан ақпараттар үлкен мөлшерде құйылып жатыр.

Қарап тұрсаңыз, үйде отырған әйелдердің көпшілігі кейде уақы­тын зая кетіреді. Әрине, бала-шағасына қарайды, үй шаруасын істейді, одан қалса, сериал көреді. Бірақ осындай бірсарынды тірлік адамды жеп қояды, бірте-бірте өзіңнің қарайып, көп нәрседен мақұрым қалып бара жатқаныңды байқайсың. Міне, осындай жағ­дай­да өзіңе де, отбасыңа да тиім­ді жолды таба білсең, ұтасың. Үйде отырып та кәсіппен шұғыл­дануға болады.

Баласыз үйді қу мазарға теңеген ата-бабаларымыз ұрпақ жалғастығына баса мән берген. Cол себепті де, «Адамның бір қызығы – бала деген» деп еміренген. «Байлық – қолға ұстаған мұз, бала – артта қалған із» деп, перзентін пәни дүниедегі бар байлықтан жоғары қойған. Өкінішке қарай, соңғы кездері баласыз
Биыл мектептен түлеп ұшқанымызға тұп-тура 15 жыл толады екен. Өмiр­дiң ағысы солай ма, жоқ әлде жанбағыс үшiн жанталасып, уақыттың диiр­менiнде шыр айналып кеттiк пе, мектеп бiтiр­гелi сыныптастарымыздың кейбiрiн көрген жоқпыз. Ер балалар ауылдан үлкен шаһарға келгелi берi бiр-бiрiмiздi iзде­сiп, хал сұрасып, жақсылығымызға жиналып жүр­мiз, бойжеткен­дердiң көпшiлiгi тұрмысқа шығып үйлi-баранды, алдының балалары мектептi тәмамдауға таяу.
Алматының iргесiндегi АИБА-ның бокс академиясында бокстан елiмiздiң ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткiзiп жүр. Академияға Германия ұлттық құрамасы да келiп, әзiрлiктi бастады. Екi елдiң боксшылары бiрлесiп оқу-жаттығу жиы­нын өткiзу үшiн немiс бапкерлерi Алматыға 16 серкенi ерте келiптi. 
ҚОЛА ЖҮЛДЕ БҰЙЫРДЫ
Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтiп жатқан жасөспiрiмдердiң қысқы Олимпиа­дасында қанжығамызға тағы бiр қола медаль байланды. Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жасөспiрiмдердiң қысқы Олимпиадасының қола жүлдегерi атанды. Олимпиаданың алтыны мен күмiс медалiн ресейлiк мәнерлеп сырғанаушы Полина Цурская мен Мария Сотскова иелендi.