1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (16097) 23 ақпан, сейсенбі 2016

Кеше Журналистер одағының төрағасы, “Ұлттық баспасөз клубы” қоғамдық бiрлес­тiгiнiң президентi Сейiтқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаевтың таңғы тоғыз жарымда үйiнен шыға бергенде ұсталып, жем­қорлыққа қарсы күрес жөнiндегi ұлттық бюроның Алматыдағы департаментiне сұраққа алу үшiн күштеп жеткiзiлгенi хабарланды. Дәл сол күнi күндiзгi сағат он бiрде әкелi-балалы Матаевтар Ұлттық баспасөз клубында өздерiнiң үстiнен қозғалып жатқан қылмыстық iс жөнiнде баяндап, баспасөз жиынын өткiзуi тиiс болатын. Олардың орнына баспасөз мәслихатын өткiзген “Әдiл сөз” қорының төрайымы Тамара Калеева мен Журналистер одағы басқарма мүшесi Ермұрат Бапи Матаевтарды қудалаудың артында әлдебiр ықпалды адамдардың тұрғанын мәлiмдедi.

Вице-премьер Дариға Назарбаева ел тұр­ғындарының “өзiн-өзi қамтушылар” дейтiн тобының “бюджетке бiр тиын” төлеместен тегiн медициналық көмек, әлеуметтiк жәр­дем­ақы алып отырғанын “әдiлетсiздiк” деп атады. Сөйтiп, ұяттан безген халықты “са­раң болмай”, тапқан-таянғандарын мемлекетпен бөлiсуге шақырды. “Жалпыға ортақ еңбек қоғамын” құрған мемлекет күнi-бүгiнге дейiн осындай салықтан жалтарғандарға көз жұмып келiптi. Ондай “сараңдар­ға” Дариға Нұрсұлтанқызы табысының 60-70 пайызға дейiнгi бөлiгiн салыққа беретiн скандинав халқын үлгi еттi.

“Қазақстанның азық-түлiгi Қытайға бағытталуы қажет”. Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласына осындай бағыт сiлтедi.  – Қытай нарығына ендi басқаша қарау керек. Бiз не өндiрсек те, не шығарсақ та, ендi олар қалдырмай бiзден ала бередi. Оның үстiне солардың стандарттары бо­йынша тауар шығаруға да­йын екенiмiздi айттық.
Өткен аптада “Нұр Отан” партиясының сайлау алды штабында болған қазақ басшысы естiген жұртты елең еткiзетiн бiрнеше сөз айтты. Оның бiрi – халыққа ұнаса, екiншiсi – “бұл қалай болғаны?” дейтiн сауал тудырды. Ал келесiсi тiптi көптiң күлкiсiн келтiрдi. Ендi осы мәселелерге жеке-жеке тоқталып көрейiкшi. “Нағыз патриот – өз елiн мақтайтын адам емес, қайта кемшiлiктердi көрiп, ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететiн адам.

Сонымен, науқан басталды. 20 ақпаннан бастап мәжiлiске үмiткерлер өзiн таныстыруға, өзiнiң кiм екенiн көптiң назарына салуға мүмкiндiк алды. Бұйырса, бiр ай бойы талай қызыққа кенелемiз. “Нұр Отан” партиясы үмiткерлерiнiң сапындағы әртiстердiң көбеюi биылғы сайлаудың аса “көңiлсiз” өтпейтiнiне дәлел болса керек. Ал мәслихаттың жайы не болып жатыр? Аймақ-аймақта да сайлаудың күбiр-сыбыры қызу жүрiп жатқанын ескерiп әрi оқырмандардың сұрауына орай мақалалар топтамасын ұсынып отырмыз.

Өз елiнде, өз жерiнде құқай көрумен келе жатқан қазақ тiлiнiң-ақ басынан бұлт арылмай қойды. “Мемлекеттiк” деген мәртебесi – “тiл!” деп күңiренген көптiң көңiлiн жұбатып, алдарқатар айла болып қалды. Әйтпесе билiгi ресми түрде рәсiмделер тұста өзi үстiне қолын қойып ант берген Ата Заңда ол туралы не айтылғанын президент ұмытар ма едi?! Осы орайда еске алар болсақ, тап сол Ата Заңда қазақ тiлi
Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған жиында жасалған баяндама
80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басынан берi бiз транзит кезеңiн бастан өткеру­демiз. Алайда оның әлi күнге дейiн шетi де, шегi де көрiнбей­дi. Бұл ретте алдымен транзит процесiнiң өткенiн, қазiргi ахуалы мен келешегiн қарастырған дұрыс. Яғни, бiз неден бастадық, неге тап болдық және қайда бара жатырмыз деген сұрақтарға жауап iздейiк.
Күн жексенбі. Мықтыгүлмен екеуміз қол ұстасып базар ара­лауға шыққанбыз. Қалтамызды қампитып тұрған теңгеміз болмаса да, Мықтыгүлдің: «Не істейміз үйде отырғанда, ел мен жұртты көрейік, өзімізді көрсетейік», — деген сөзінен соң шығуға тура келді. Мен базар араламағалы не заман?! Қарасам, қаладағы қы­бырлауға жарайтын адамның бәрі бүгін осы араға жиналған секілді. Ерсілі-қарсылы ағылған елдің арасынан жол тауып жүрудің өзі қиын.
 Көкірек құрдасы Қисыққа телефон соқты.
– Ассалаумағалейкүм, аса құрметті Итеке...
– Әй, сен немене-ей, ел-жұртқа белгілі дардай адамды Итеке деп, итсің деп. Ой, оңбаған, ой, көргенсіз...
– Қисеке, таусылма, тоқтай тұр. Өзің емес пе, мені оңаша­да, ешкім жоқта «Итеке» деп ит екенімді есіме салып қой!» деген.
АҒАМЫЗ...
Жұмыстан соң үй, тірлік, бала қамы,
Жеңгеміз жүр тыншымай ойлап бәрін.
Көрші ауылда бір қызбен танысқалы,
Ағамыз жүр сапында бойдақтардың.
Үш елдің үш егде адамына бірдей сұрақ қойылыпты: «Сіз қандай табысқа жеттіңіз?».
Американдық:
– Мен мол байлыққа жеттім.
Қытай:
– Мен арманыма жеттім! Арма­ным – өзім тұрған

Ол анда-санда есік алдында­ғы шағын алаңға шығып, көпші­лік­ке арналған ағаш орындықтар­дың біріне отырып, аз-кем дем алатын. Өздері тұратын биік қабатты үйдің, басқа да көрші үй­лердің иелерінің біразы үлкен­ді-кішілі сәбилерін ертіп, осы алаңқайда ойнатады. Бұл арада арнаулы әткеншек, сырғанау тө­бе­шіктері, үстел тен­ни­сіне ар­налған орын, тіпті аяқ добын қуу­ға арналған жер де бар.Қашан болса да бұл арада балалардың шат күлкісі, у-ду әңгіме естіліп жатады.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылының iргесiнде, Iле Алатауының бөк­терiнде салынған АИБА-ның бокс академиясында көпсалалы медициналық оңалту орталығы ашылды. “Аруана” медициналық орталығының ашылу салтанатынан кейiн “Денсаулық және спорт” деген тақырыпта ғылыми конференция өтiп, елiмiздiң жетекшi мамандары Венгрия мен Қытайдан келген әрiптес­терiмен пiкiр алмасты.

ҚАЙРАТКЕРДIҢ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР ТАРТЫСТЫ ӨТТI
8 наурызда мемлекет және қоғам қайраткерi, елшi, арабтанушы Болатхан Тайжанның туғанына 75 жыл толады. Тәуелсiз Қа­зақ елiнiң iргесi бекiп, орнығуына орасан үлес қос­қан қайраткердiң 75 жылдығын еске алу құрметiне “Болатхан Тайжан атындағы қордың” ұйымдастыруымен үлкен теннистен турнир өткiзiлдi.
Тайландтың бас қаласы Бангкокте күрес түрлерiнен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасын грек-рим күресi балуандары бастап, медальден тау тұрғызды. Азия чемпионатының алғашқы күнi қанжығамызға алтын медальдi Досжан Қартықов байлады. 75 келi салмақта белдесуге түскен Досжан финалда өзбек Дiлшод Тұрдиевтi тұралатты.
ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА АЗАЯТЫН БОЛАДЫ
2025 жылға қарай әлем­дегi мұсылмандар саны 6,5 миллиардтан асады. Бұл туралы Вашингтон қаласындағы демография институтының мамандары айтты. Сарапшылардың сөзiне қарағанда, Жер ғаламшарының әрбiр екiншi тұрғыны мұсылман болады. Ал христиандардың саны жылдан-жылға азаятын болады. Бү­гiнгi таңда