1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16098) 25 ақпан, бейсенбі 2016
Жамбыл Жабаев –170
Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толды. Ұлы жыраудың дүниеден өткенiне де 70 жылдан асып барады екен...
Осы 70 жылдың iшiнде Жамбыл Жабаев туралы түрлi пiкiрлердiң бой көтергенi де рас. Тiптi Жамбыл туралы айтыс-тартыстың, әдеби пiкiрталастың болғаны да анық. Мұны жасырып-жабудың еш жөнi жоқ. Бiзде жамбылтану бар ма? Бар. Жамбылтанушылар ше? Жамбылтанушылар да жетерлiк. Жамбылтанушылардың iшiнде “филология ғылымдарының докторы” атағын алғандардың өзi едәуiр.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми мырзаға
АШЫҚ ХАТ
Қайрат Әбдразақұлы мырза!
Сiзге айтар датымыз бар, зейiн қойып тыңдаңыз. Ең алдымен елi­мiздегi тұтастай сот жүйесiнiң абыройын ойлап, көңiл бөлгенiңiздi қалаймыз. Өзiңiз бiлесiз, бiзде заң үстемдiк етуден қалып барады. Ол қалай болса солай бұрмаланып, құзырлы адамдардың қолжаулығына айналды. Сот жүйесiндегi толып жатқан келеңсiз­дiк­тiң қатарында бiз ақпарат құралдарына байланысты бұрын қаралған iстердi ерекше атаймыз.
ЖАСАНДЫ СЦЕНАРИЙ, КӨПЕ КӨРНЕУ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ЖҰРТТЫ ЖАЛЫҚТЫРЫП БIТТI
23 ақпанда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өңiр басшылары өткiзетiн дәстүрлi брифинг кезегi Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұловқа тиiп, журналис­тер тарапынан қойылған он шақты сауалға шама-шарқынша жауап қайтарды. Атамқұловпен ат ауыстырған облыстың бұрынғы әкiмi Асқар Мырзахметов былтыр дәл осындай брифингте көпшiлiктiң көкейiндегi сұрақтарды бұдан екi-үш есе көп қамтыған едi.

“Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды” дейтiн тiркес негiзiнен төзiмдi, ерiк-жiгерi мықты, мүйiздесе де мұқалмайтын тұлғаларға қатысты айтылса керек. Дегенмен осы сөздiң “ДАТ-қа” да қатысы бар. Өйткенi заты қағаз болғанымен, осы жоба аясында шыққан басылымдардың өртенiп “күлi қалған”, езiлiп, “суға кеткен” кезi жоқ. Бiрiншiсi “буындыруға” ұшыраса, оның мiндетiн екiншiсi жалғап әкете бередi. Өткен аптада “ДАТ” жобасымен шыққан басылымдардың 700-iншi саны оқырман қолына тидi.

Универсиадаға да­йындық мәселелерi жөнiнде Алматыда 16 ақпанда өткен жиын барысында Мемлекет басшысы “Егер азамат орыс тiлiнде сұраған болса, оған орысша жауап беру керек. Орысша өтiнiш жасаған адамға қазақ тiлiнде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу керек” дегенi бәрiмiздiң есiмiзде. Осындай мәлiмдемеге не себеп болды екен деп бiраз жұрт баc қатырған. 

Дүйсенбi күнi таңғы тоғыз жарымда жемқорлыққа қарсы қызметтiң Алматыдағы департаментiне күштеп жет­кiзiлген Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев сол күнi қамауға алынды. Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз жиынында “Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау ұйымының төрайымы Тамара Калеева мен Журналистер одағының басқарма мүшесi Ермұрат Бапи С.Ма­таев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттiнiң бас директоры Әсет Матаевтың ұсталғанын хабарлаған едi.

Кеше Алматыда қала әкiмi Бауыржан Байбектiң тұрғындармен есептiк кездесуi өттi. Қоғам қайраткерлерi, өнер мен мәдениет, әлеуметтiк сала өкiлдерi қатысқан жиын көпшiлiктiң көңiлiн күптi етiп жүрген бiрқатар мәселелердiң түйiнiн тарқатқандай болды. Атап айтқанда, халықты қолже­тiм­дi баспанамен қамтамасыз ету, бiлiм беру сапасын
“Есiрткi сақтау” iсi бойынша күдiкке iлiнiп, қылмыстық кодекстiң 296-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық iс қозғалған “Накануне” сайтының журналисi Юлия Козлованың сотында куәгерлер сұралды. Журналистiң адвокаты заттай айғақтың бүтiндiгi сақталмағанына, тiнту хаттамасы дұрыс толтырылмағанына назар аударды.

Бүгiнгi қоғамдағы қиыншылық жайлы әңгiме қозғайын десең, қайсысынан бастарыңды бiлмей дiлгiресiң. Елдi жайлап алған жұмыссыздық, баспанасыздық, парақорлық, нашақорлық, дiни секталар жайлы күнде естiп, көрiп жүрмiз. Ендi “қыстың айы алтау едi, сенiмен жетеу болды” дегендей, осылар­ға тағы да бiр нәубет – ойын автоматтары қосылды. Бiр өкiнiштiсi, бұлардың әлеуметке әкелер қатерi жайлы әзiрше БАҚ беттерiнде жарытымды ештеңе жазылып жүрген жоқ.

Ақтаудағы Қарттар үйi тұрғындары зейнатқыларынан 70 пайыз ұсталып отырғанына наразы. Мекеме басшылығы болса ұсталған зейнетақының әзiрге шотына келiп түспегенiн айтады. Маңғыстау облыстық “Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйi” тұрғындары биылғы қаңтардан бастап қолдарына зейнетақыларының 30 пайызын ғана алған. Бұл онсызда қамкөңiл жандардың наразылығын тудырып, сары уайымға салып отыр.

2015 жылы “Жас Алаш” га­зетiнде Дәнеш Ұзақтың “Бауыржан атындағы мемлекеттiк орден керек” деген мақаласын оқы­дым. Баукеңмен кездескенiм есiме түстi. Мен 1961 жылдары Алматының ауыл шаруашылық институтында оқып жүргенiмде, институтта жазушы Бауыржан Мо­мыш­ұлымен кездесу болды. Сол кездесуде Баукеңнiң “Куба әсер­лерi” деген кiтаптың маз­мұнын өз аузынан естiдiм.

КСРО кезiнде АҚШ-та және басқа да озық мемлекеттерде “детектор лжи” деген құралды жансыздарға (шпионға) пайдаланатын. Ол “сен жансызсың ба, жоқ па?” дегендi анықтау үшiн қажет болатын. Кейбiр жаны сiрi, жүйкесi мықты жансыздар бұл құралды да “ақымақ етiп”, жансыз бола тұра жансыз болмай шығады екен.

Қазiр баспасөзден ең жиi оқитын, теледидардан ең жиi еститiн тiзесi шыққан сөз – “жас­тар кiтап оқымайды”. Осылай деп оларды жерден алып, жерге салатын болдық. Бәлкiм, олар кiтапқа қызықпағаны үшiн бiздiң алдымызда кiнәлi де шығар. Бiрақ расында солай ма? Мүмкiн, керiсiнше шығар?  

Қазақта “Жылылық – күннен, мейiрiмдiлiк – адамнан” деген даналық сөз бар. №178 лицей де жақында “Жүректен – жүрекке” деген атпен қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету, қоғамда әркiмнiң ойып

“Төле би” мешiтiнiң бастамашылығымен, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының қолдауымен, 2016 жылдың “Дiн және тарих тағылымы” деп жария­лануына орайластырып, Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнде “Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле” тақырыбында дөңгелек үстел өттi. Дөңгелек үстел­дiң басты мақсаты – тарихымыздағы батыр, ибалы қыздарымызды жастар арасында насихаттау.

Қазақ туған жерiне байланыстырып жаңа туған нәрестеге Жайлау, Үмбет, Құлан деп ат қоятын болса, қыс, көктем айларында дүниеге келген балаларға Қаржау, Аязбай, Жаңбырбай деп ат қоя берген. Сондай-ақ отбасында дүниеге бiрiншi қыз бала келсе, оның артынан ұл болсын деген ниетпен қыздың есiмiн Ұлту, Дәмелi, Ұлбала дейтiнiмiз тағы бар. Қазақтар көбiнесе, жас нәрестеге “балам ержеткенде сол ағаларындай болсын” деген ниетпен үлкен азаматтардың есiмiн бередi.

Боямасыз өмiр
Тарс-тұрс! Тарс-тұрс! Тамыздың тамылжыған тыныштығын бұзған дауыстан жұрттың алды шошып оянып, тарсыл шыққан жақ­қа беттедi. О, тоба! Кеше ғана “менi көр” деп асқақтап тұрған көршiлерi­нiң үйiнiң орнында қабiрге ұқсап қаңқиып төрт қабыр­ға ғана қалыпты. Көп өтпей-ақ, ауладан үстерiне тау ғып жүк артқан қос машина қайқайып шығып, үлкен көшеге түсе бердi.

Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде бокстан қыздар арасында ел чемпионаты жалауын желбiретiп, 23 ақпан күнi алғашқы айқас өттi. Ел бiрiншiлiгiне әлем чемпионы Назым Қызайбай, ел намысын халықаралық сайыстарда абыроймен қорғап жүрген Жайна Шекербекова, Мәдина Нұршаева, Мөлдiр Базарбай, Дәриға Шәкiмова сынды боксшылар да ел чемпионатында мүмкiндiктерiн сынап көредi.

ОН МЫҢЫНШЫ ГОЛ
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф (8/1 финал) кезеңiнiң алғашқы тартысы өттi. Лондонда “Арсенал” каталондық “Барселонаға” есе жiбердi. Месси 71-минутта есеп ашып берiп каталондықтарды бiр желпiнтiп тастады да, 83-минутта пенальтиден нәтиженi еселедi. Осы ойында екi дерек тiркелдi: Месси алғаш рет әйгiлi қақпашы Петр Чех қорғаған қақпаға гол соқты, екiншiсi “Барселона” клубы футболшыларының ресми матчтарда соққан голы 10 мыңға жеттi.