1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16099) 1 наурыз, сейсенбі 2016
“Бүгiнгiнiң батыры кiм?” деп басы қатып жүрген қазаққа жорғатiлдi әншi жөн сiлтедi. Бәсе, бабаларымыздан жалғасқан батырлық дәстүр үзiлмеуi тиiс-тiн. Бiрақ қолында найзасы бұлғақтап, белiнде қылышы салақтап жүрмегеннен кейiн “түк бiлмес қазақ” дәу де болса, батыр-екем осы шығар деп ешкiмге жiп таға алмаған. Ал Бекболат Тiлеухан тақты! Таққаны былай тұрсын, Нұрсұлтан Назарбаевты батырға балаған ол сөзiнiң растығына куә ретiнде Алланы көлденең тартып жiбердi. Мұнысы орынды. Өйтпесең, көңiлiне күмән кептелген халық өлтiрсең де сенбейдi қазiр.
30 елге қара, өзiңе қара
Әлемнiң қай түкпiрiнде күн кешiп жатқанына қарамастан кез келген еврей Израильмен мақтанады, “өркениеттiң ежелгi бесiгi” деп оны ерекше қасиет тұтады. Жоқ жерден пайда болып, жоғалып кетуге шақ қалған тiлiн қайта тiрiлткен, үздiксiз соғыс, қауiп-қатер жағдайында өмiр сүре тұра, заманауи, қуатты мемлекет құрған бұл халыққа таңғалмау, тәнтi болмау шынымен де мүмкiн емес.
Ақпанның басында өткен Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестiру кеңесiнiң есеп беру-сайлау съезi көпшiлiктiң назарынан тыс қалды. Осы жиында казактар атынан мәжiлiске депутат сайлау мәселесi көтерiлген екен. Онда тұрған не бар дерсiз? Мәселенiң мәнiсiне қараңыз, көңiлiңiзге күдiк толады.  Елдiң барлық облысынан келген бұл ұйымның делегаттары съезд соңында оның қарарын қабылдаған. Ол мынандай бес бөлiмнен тұрады:
РЕСЕЙ ДЕПУТАТТАРЫНА САЛЫНҒАН САНКЦИЯҒА ҚАСЫМ-ЖОМАРТТЫҢ НЕГЕ ҚИМАСЫ ҚЫШИДЫ?
Өткен аптада Қа­зақ­станға қатысты дау­лы iстермен дақпырты асқан Австрияның астанасы Венада тағы бiр отандасымыз “шу шығарды”. ЕҚЫҰ парламенттiк ассамблеясының жиынына келген Қасым-Жомарт Тоқаев     ЕО-ның кейбiр елдiң депутаттарына салған санкцияларына ашық түрде наразылық бiл­дiр­­дi.
ОҢТҮСТІКТЕ ПРЕЗИДЕНТ ШЕН БЕРГЕНДЕРДІҢ ҚҰНЫ БОЛМАЙ ТҰР
Генерал болуды армандамайтын солдат солдат емес. Қа­тардағы солдатты қайдам, бірақ генерал болуды арманда­майтын полковниктің жоқтығына бәс тіге аламыз. Иығына алтын жалатылған жұлдыз тағу, ең таңдаулылардың қатарына ену... осының бәріне полковник бір ғана қадам жасаса жетеді. Бірақ мәселе сол бір қадамды кім, қалай жасайтынында ғой.
Биылғы жылы солтүстік аймақ­тарда күннің ерте жылынуы, тағы да су тасқынын тудыратын түрі бар. Ақпан­ның 24-26 күндері ауаның жылынуы 5-6, кей жерлерді 9-11 градусқа дейін жылылықты көр­сетті. «Казгидромет» РМК Павло­дар филиалының хабарлауынша, 1936 жылдан бері бұндай ано­ма­­лиялық ауытқу болмаған екен.
Ресей сенбi күнi осыдан бiр жыл бұрын Кремль маңындағы үлкен Москворец көпiрiнде кiсi қолынан қаза тапқан оппозициялық саясаткер, “ПАРНАС” партиясы жетекшiлерiнiң бiрi Борис Немцовты еске алды. Мәскеудегi еске алу шеруiне 24 мың адам қатысты. Еске алу шаралары Ресейдiң өзге қалалары мен Берлин, Париж, Нью-Йорк, Прагада да өттi. Осыдан тура бiр жыл бұрын

“Қағазды көк, пластиктi сары, әйнектi қызыл, қалғанын жасыл жәшiкке!”. Бiр жыл бұрын Астананың шендi-шекпендiлерi қала тұрғындарының алдына осындай оп-оңай тапсырма қойған едi. Орындалуы түк те қиын емес бұл шараның дiттеген жерiне жетерiне ешкiм күмәнданған жоқ. Қалай ғана күмәндансын?! Астана – президенттiң қаласы. Астана тұрғындары – президенттiң ғана саясатын қолдайтын мемлекеттiк қызметкерлер.

«ЕСIРТКI САҚТАУ» IСI ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?
“Есiрткi сақтау” iсi бойынша айып тағылып, қылмыстық сотқа тартылып жатқан “Накануне” сайтының журналисi Юлия Козловаға Бостандық аудандық соты кеше үкiм шығарды. Юлия Козлованың адвокаты Айман Омарова сот процесi барысында тiнту кезiндегi заңбұзушылықтарды, хаттамадағы үйлеспейтiн нәрселердi, айғақты зерттеуде жол берiлген заңсыздықтарды тiзiп көрсеттi.

“Жас Алаш” газетiн алты айға жаптырып тастап, жауапкерлерден 400 млн теңге өндiртпек болған Ж.Зекейұлының талап арызынан басталған сот iсi әлi жалғасуда. Алмалы ауданындағы №2 аудандық сотының судьясы А.Бейсеуова ар-намыс, беделiн қор­ғау, моральдық шығынды өтеу туралы Ж.Зекей­ұлының талабын iшiнара қа­на­ғаттандырып, жа­уапкерлерден 40 млн теңге өндiруге шешiм шығарған едi. Өзiн кiнә­сiз санаған, сот шешiмi­мен келiспеген екiншi тарап сот­тағы заң бұзушылықтарды дәлелдеп беруге дайын.

Мағира Қожахметова –70
«Лениншіл жас» газетінің тұрақты оқырмандарының 1970-80 жылдары Мағира Қожахметованың мақалала­рын мүлт жібермей оқыған­да­рына кәміл сенемін. Өйт­кені оның ойлы да оқшау оқи­­­­ғалы, танымдық мақала­ларын бүкіл жұрт іздеп жү­ріп және қалт жібермей оқи­тын. Қазіргі күні біздің журналист қыздарымызға отба­сын­дағы арзан әңгімелер
Сайлауды оңай деп кім айтты?! Әр партияның үміткерлері қап-қоржынына кәмпит-сәмпит, сый-сияпаттарын сықап алып, ел кезіп кетті. Армандары –ауылдағы аңқиған Аралбай мен маңқиған Маралбайларды үгіттеп дауыс жинау.
Арамызда әжеміз бар, күн шуақта қалғып-мүлгіп отырғанбыз. Үміткер бізге де жетті:
– Армысыз, әже?
Жазылған жайдың жаңғырығы
«Жас Алаштың» 2014 жылғы 20 қарашадағы санында астаналық журналист Асқарбек Бектемісовтің «Аманатқа қиянат жасады» атты мақаласы жарияланған еді. Онда Алматы қаласында 2012 жылы жарық көрген әкелі-балалы ақындар Әбіқай Нұртазаұлы мен Ахметқан Әбіқайұлының «Дүлдүл» атты жыр жинағында орын алған жаңсақтықтар туралы сөз етілген еді.
Қазақтың музыкасын насихаттап, келешектiң көшiнен қалдырмай сүйреу мақсатында 1960 жылы құрылған, осы күнге дейiн жұмыс iстеп келген “Қазақконцерт” бiрлестiгi таратылып тынды. Таратқан – ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi.
Роза Бағланова, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Рабиға Есiмжанова, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова сынды таланттар өнер көрсеткен киелi сахнада осы күнге дейiн
«ТҮНЕКТЕН ОРАЛҒАН ЕСІМДЕР»
Жазушы Бейбіт Қойшыбаев 30-жылдардағы саяси қуғын-сүргін науқанының құрбандарына айналған Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұстафа Шоқаев, Жанша Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Темірбек Жүргенов, Дінмұ­хамед Әділов сынды халқымыздың ондаған
АБРОЙСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНУ БIР-АҚ СӘТТЕ 
Сөз қадiрiн түсiнуден қал­ғандаймыз ба, өзi? Радионың құттықтау бағдарламасында “Бауырлар” тобының орындауындағы бiр әндi бердi. Топтағылар былай деп әндетiп жүр?
“Қасыма келмейсiң,
Сүйгендi сезбейсiң,
Сағындым мен сенi.
Бокстан қыздар арасындағы ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Биыл­ғы ел чемпионатында көпшiлiк олимпиадалық салмақтардағы тартысты асыға күткенi рас. Өйткенi 51, 60, 75 келiде Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасы үлестiрiлетiн додаға кiмдердiң баратыны iшкi тартыстан кейiн анықталды. 51 келi салмақ дәрежесiнде былтырғы ел бiрiншiлiгiндегiдей финалда Жайна Шекербекова мен әлем чемпионы
ӨРЛЕМЕСЕ ҚИЫН СОҚПАҚ
Былтыр Қазақстанның бiрiншi ракеткасы атанып, әлемдiк рейтингте 32-сатыға дейiн өрлеген Зарина Дияс бұл күнде елiмiздiң үшiншi ракеткасы, әлемдiк рейтингте 95-сатыда тұр. Қазақстанның бiрiншi ракеткасы Юлия Путинцева әйелдер теннисi ассоциациясы (WTA) рейтингiнде 55-сатыға жайғасса, Ярослава Шведова 72-сатыға орнықты.
Бұрын адамдар үйде мысық, күшiк, ит асыраушы едi. Ал соңғы жылдары тасбақа, маймыл, кесiрт­ке, жанат, ергежейлi шошқа... есептей бе­р­сеңiз, он саусағыңыз да жетпейдi. Және олар қорада емес, үйдiң iшiнде, яғни үй иелерiмен бiрге тұрады. Айтпақшы, ерге­жей­лi шошқаның отаны – Германияда. Бұдан жарты ғасыр бұрын пайда бол­ған. Алайда бұлардың үй иелерiмен бiрге бiр шатырдың астында тұрғандарына көп уақыт бола қойған жоқ.