1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16100) 3 наурыз, бейсенбі 2016
АЛ ОНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТIРУДI ҚАЗАҚСТАН БИЛIГI ОЙЛАЙ МА?
Қазақстандағы саяси тұтқын Мұхтар Жәкiшевтiң iсiне БҰҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi комитетi үн қосты. Ұйымның адам құқықтары жөнiндегi комитетi өзiнiң 15-сессиясында М.Жәкiшевтiң Қазақстанға қарсы шағымын қарап, оның құқы бiрқатар баптар бойынша бұзылды деп таныды. БҰҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi комитетi Мұхтар Жәкiшевтiң шағымы бойынша дайындаған есебiнде әуе­лi “Қазатомөнеркәсiптiң” бұрын­ғы басшысының қандай заңсыздықтарды тiзiп шыққанына тоқталады.

Интернетте вице-премьер Дариға Назар­бае­ваның аяқ астынан қытай тiлiн үйренуге шақырған мәлiмдемесiне қатысты Франция түрмесiнде отырған, қуғындағы қаржыгер, саясаткер Мұхтар Әблязовтiң түсiнiктемесi пайда болды. Бiз Әблязовтiң жазғандарын түгелдей шындық деп айта алмаймыз. Алайда мық шегедей мығым цифрлары мен қисынды пiкiрлерi кiсiнi ерiксiз ойландырады. Сондықтан билiк тарапынан бұл жазбадан туатын сұрақтар­ға түсiнiктеме берiледi деп күтемiз.

Атырауда қыс бойы қалың жауған қар ерiп, қаладағы елу жылғы ескi үйлер суға кетiп жатыр. Экологтар дренаж жасалмаса, мұнайлы астана су астында қалуы мүмкiн дейдi. Мәсе­ле­мiздi сайлау өтпей шешiп алуы­мыз керек деп дүрлiккен ел болашақ депутаттарға жаутаңдайды. Атырау көктем шыға әбiгерге түстi. Ақпан    айында күрт ерiген қар­ға жаңбыр суы араласып, қаланың еңiс жағындағы үйлердi су басып жатыр.

Астананың Сарыарқа аудандық соты “Арқанкерген” уақытша шекара бекетiнде қаза тапты делiнген жа­уынгер Денис Рейдiң анасы Татьяна Рейдiң 370 млн теңге талап еткен шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Татьяна Рейдiң адвокаты Серiк Сәрсенов Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен (ҰҚК) және ҰҚК шекара қызметiнен, бас прокуратурадан 370 миллион теңге (бiр миллион доллардан астам) моральдық шығын төлеудi талап еткен едi. 

Өткен аптада 2016 жылдың 1-тоқсаны үшiн елiмiздегi кедейлiк шегiнiң мөлшерi белгiлендi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенованың жарлығымен кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс шамасының (22 859 теңге) 40 пайызы, яғни 9 143 теңге ретiнде анықталды. Демек атаулы әлеуметтiк көмекке мұқтаж жандарға үкiмет тарапынан ай сайын осынша қаржы бөлiнедi деген сөз.

“Алғыс айту күнiндегi” сөзiнде Н. Назар­баев әр қазақтың көкейiне отаншылдық сезiм ұялататын бiраз мәселенi айтты. Соның бiрi ауылға қатысты. “5 жыл бұрын Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай менiң бастамаммен “Ауылдың гүлденуi – Қазақстанның гүлденуi” атты жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы да дәл осындай патриоттық акцияны бүкiл елде жүргiзу қажет.

Президентке рақмет, ел-жұртқа өресiнiң жеткенiнше жөн көрсетiп келе жатыр. Бiрақ соны iлiп әкетiп, жалғастыра жөнелетiн адам аз бiзде. Мысалы, қазақ басшысы жыл басында “Алғыс айту күнiн” белгiлеп, арнайы Жарлық шығарған. Осыдан кейiн есi бар кiсi ақпан аяқтала сала алақайлай жөнелмей ме? Жоқ, бiздiң қазақ өйтпейдi. “Сонда кiм кiмге алғыс айту керек?” деп өзiңе сауал қояды. “Менi жұмыстан қысқартып жiберген мекеме басшысына

Маңғыстау облысы әкiмiнiң жылдық кезектi есебiнде “Жас Алаш” тiлшiсi аймаққа Ираннан қоныс аударған оралмандар ахуалы туралы сұраған едi. Оған орысша жауап берген облыс әкiмiнiң орынбасары “азаматтық пен баспанаға қол жеткiзе алмаған оралмандардың өздерi кiнәлi” дедi. Бұл бес жылға созылған баспана мен азаматтық мәселесiнiң шешiмiн облыс басшысының аузынан естiгiсi келген қандастарымыздың жанын жаралап көңiлiн қалдырды.

Әлемдiк деңгейге көтерiлген физик ғалым Альберт Эйнштейн «математиканы бүкiл ғылымдардың iшiнде айрықша қадiр-құрметке бөленген. Мұның бiрден-бiр себебi оның қағидаларының ақиқаттығы мен даусыздығында жатыр» деген екен. Ал Отырардан шыққан ұлы ойшыл әл-Фараби математика, геометрия, астрономия, физика, география, биология, медицина, ғылыми философиялық еңбектердi де көп жазған.
Қазіргі кезде баға ертегінің Ертөстік, Кендебайлары секілді күн сайын емес, сағат сайын өсуде. Оларды өсіріп отырғандар – кәдімгі базардың алыпсатарлары. Он тиындық дүние мың теңгеге сатылады. Мұндай адам айтқысыз өсіммен саудагер байымай, кім байиды? Шындығына келсек, бізде азық-түлік те тапшы. Оның себе­бі бізде өнім өндірушіге жағдай жасалмайды. Бұған

«Адамға үш жұт бар» дейді халық . Біріншісі – өлім, екіншісі – кәрілік , үшіншісі – тексіз ұрпақ. Біріншісі алмай қоймайды, екіншісі келмей қоймайды, ал ұрпақтың тексіз болуы – тәрбиеден. Баланың бас ұстазы ата-анасы десек, қызын – арға, ұлын – нарға балаған кешегі ата-бабалар ұрпағының бүгіні қандай? Біз өзіміздің рухани құндылықтарымызды жоғалтудың алдында тұрғанымызды білеміз бе?

Соңғы жылдары ажырасу көбейді ғой. Мұның себеп-салдары неде деп ойлансам, есіме біздің қоғамның өткен ғасырдың 90-жылдары есе жіберіп алған қателіктері түседі. Сол жылдары қоғам секске шөліркегендей төсек қатынасы туралы мақалаларды, анайы суреттерді, хикаяларды, порнокиноларды жұта берді ғой.

Жақында ғана Оңтүстік өңірде кезекті демалыста болдым. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік жолы айнадай жарқырап жатыр. Жан-жағынан автокөлік және техникалық, сауда, басқа да қызмет көрсету орындары бой көтере бастаған. Дәмханалар мен мейрамханалар, қонақүйлер паркингімен қоса менмұндалап тұр. Алайда жолаушылардың дені осы мейрамханалар мен дәмханалардан ас ішуге тіксінеді.

Мен Халықаралық құқық кафедрасында жұмыс істеймін. Күн сайын ұжымымды көріп, бір қуанып қаламын. Себебі мен біраз жылдардан бері білімді, мейірімді, адал ұжыммен қызметтес болып келемін. Біздің, яғни әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халық­аралық қатынастар факультеті заман талаптарына сай мамандар дайындап, қазақ халықаралық құ­қық ғылымын дамытуда орасан зор

Оқырман шығармашылығынан

Жемқорлар өтеді көмейден қағынып,
Саудагер өтеді қалтадан қағылып,
Байшікеш өтеді шетелге ағылып,

Бүгiн – демалыс. Ерте тұрып, табиғат аясында серуендеп қайтуды ойладым. Жақын маңдағы жасыл желекке оранған орман алыстан көз тартады. Мен орман iшiмен ақырын жүрiп, жол бойы жан-жағыма қарап, ну орманның сұлу табиғатына көз тастап, тамсанып келемiн. Бiр кезде жақын маңнан бiр белгiсiз дыбыс естiлдi. Тоқтап, құлағымды түрiп бiраз тұрдым. Құстың ақырын ғана әлсiз шыққан даусы естiлетiн сияқты.

Жақында «Жас Алашта» Жиенбай Ғабиттің «Ақ халатты «ажал» жандарға ешқандай жаза жоқ па?» деген мақаласы жарық көрді. Біз осы мақалаға байланысты хабарлаймыз. Мақала иесі Жиенбай Ғабиттің отбасы мүшелері: әйелі Нұрила Данаева, 1,5 жастағы қызы Айша Жұмахан №2 терапевт учаскесінің дәрігері Р.К.Нұрпейісованың қарамағында. Р.Нұрпейісова бірінші санатты дәрігер,
Мұндай ащылау әрі күйінішті­леу тақырыпты мен оқырманды жалт қарату үшін, не болмаса мақаламды өткізбекке бола қойып отырған жоқпын. Архивте көп отырамын, архивпен көп жұмыс істей­мін, енді сондағы көзбен көріп, қолмен ұстағандарымды оқырман қауымға ұсынайын деп шештім. Қазақтың ұлттық рухын жою – Ресейдің отарлау саясатының бір­ден-бір мақсаты еді.

 «Нағыз талант іздесең – ауылға бар!» деген қағиданың растығы талай рет дәлелденген. Қазақтың ауыл-аймақтарында небір дарынды, өнерлі жас­тар жүр. Тек соларды тауып, бұлақтың көзін ашқандай, көпшілікке, елге таныта білу керек. Осыменен жиырмасыншы рет ұйымдастырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық «Арай» байқауы көп жылдан бері дарынды жастардың қанатын қатайтып

– Халық жиналды, сөз сөйлеңіз, – деді оған сенімді өкілі. Өмірінде көпшіліктің алдында сөз сөйлеп көрмеген болашақ мәжіліс депутаты мінберге шықты.
– Мен... Мен сіздерді.., – деген ол кемсеңдеп жылай жаздады. Бет-аузында түрлі-түрлі иірімдер пайда болып, көздері жасқа шыланды. Халық қол шапалақтады.

Жуырда Ақтөбе облысының әкiмi, есiмi елге танымал ұлтжанды азамат Бердiбек Сапарбаев “Ақтөбе” футбол клубының сырттан шақырылған легионер ойыншыларына төленiп келген жалақының мөлшерi жа­йында айтып, ысырапшылықты доғару жөнiнде тапсырма бергенiн бiлемiз. Былтырғы маусымда “Ақтөбе” футбол клубының   легионерлерi 55-75 мың еуро аралығында жалақы алып келген. Бұл дегенiңiз – елiмiздегi ең жоғары жалақы. Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?

«БАКУ ОТЫН» СӨНДIРУ ҮШIН
Ертең “Астана арландары” клубы бүкiл­әлемдiк бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымындағы кезектi айқасын Әзiрбайжанның бас қаласында өткiзiп, “Баку отының” боксшыларына қарсы тұрады. 52 келiде Олжас Сәттiбаев Магомед Ибиевтi илiктiруге күш салады, 60 келiде Зәкiр Сафиул­лин Насраддин Маммадовты мойындатуға тырысса