1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16101) 8 наурыз, сейсенбі 2016
Әлихан Бөкейханов–150
Қазақ ұлтының көш бастаған көсемi, сөз бастаған шеше­нi, “Алаш” қозғалысының жетек­шiсi, Алашорда үкiметiнiң төрағасы, ғалым, публицист, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды. Бұл орайдағы ең үлкен қуаныш, ЮНЕСКО тарапынан “дүниежүзiлiк даңқты да шынайы қайраткер” деп таныл­ған Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойланатын болды. Мәселен, дәл қазiр Анкара қаласындағы (Түркия) Ғази уни­верситетiнде Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ЮНЕСКО деңгейiндегi iрi халықаралық конференция өтiп жатыр.

Қазақстандағы Қытай халық республикасының төтенше және өкiлеттi елшiсi Чжан Ханьхуэй мырза ақпан айының соңында қазақ билiгiне әртүрлi жолмен кiндiгi бай­лау­лы газет-журнал, телеарна мен ақпарат агенттiгi тiлшiлерiн Астанада жинап алып, бес сағатқа созылған әңгiме-дүкен құрыпты. “Достық кездесу” деген атау тағылған бұл отырыстан кейбiр басылымдар ғана қысқаша ақпарат берумен шектелдi.

Оқырман құлағдар болуы тиiс, “Жас Алашты” сотқа сүйрелеу өткен жылы басталған. Жасан Зекейұлының “ар-намысыма нұқсан келтiрдi” деген желеуiмен 2015 жылдың 13 қарашасында Алматының Алмалы аудандық соты жауапкер тарапты 40 миллион теңге айыппұл төлеуге мiндеттеген. Оның iшiнде “Жаса Алаш” газетi, басылымның бас редакторы және “Академик” обасымен соттасып жүр” мақаласын жазған журналистен бөлек, тағы екi адам бар.

Жуырда қазақ басшысы 8 наурыз қарсаңында қыз-келiншектермен “Көктем шуағы” атты дәстүрлi кездесу өткiздi. Әдеттегiдей әдемi әзiл айтып, Ақордаға келген әйелдер қауымының көңiлiн көтердi. Айырмашылығы – жан тебiрентер тәмсiлi арулардың жүрегiн елжiретiп, жанарынан жас болып тамды. Қысқасы, президент бұл жолы қыздарды бiр жылатып, бiр күлдiрдi.

Украинаның шығысындағы соғыс кезiнде ресейлiк журналистердiң өлiмiне қатысы бар деген күдiкпен Ресейде соты өтiп жатқан украиналық ұшқыш Надежда Савченко 3 наурыздан бастап аштық жариялады. Аштық болғанда да украиналық ержүрек қыз нәр де, су да татпаймын деп кестi. Бұлай жалғаса берсе, оның өмiрiне қауiп төнетiнiн түсiнген түрме әкiмшiлiгi Н.Савченконы мәжбүрлеп тамақтандыруы мүмкiн. Ұшқыш қыз олардың бұл әрекетiне жол бермейтiнiн, мұның алдын алатын жоспары бар екенiн мәлiмдеген.

Мұндай мақалдан мән-мағына кеткелi қашан?! Қазiр — “Нұр Отанның” аузына қараған заман. Әсiресе, сайлау кезiнде...
Бұрын үгiт-насихат жұмысының “ноқтасы” сыпырылған күнi, тiптi түннiң бiр уағында есiгiңдi тықылдатып, көзалдау болса да: “Бiз “пәлен” партияның өкiлiмiз, қаласаңыздар қатырамыз!” деп, қақылдап тұратын едi. Сосын демократияның дәмiн сезiнгендiктен “

5 наурызда Ресей жұрты 63 жыл бұрын көрге кiрген Сталиннiң өлген күнiн атап өттi. Мәскеудегi Қызыл алаңда «жолдас Сталин үшiн екi қалампырын» қолына ұстаған ресейлiктер таңертеңнен осы күнге арнап ашылған монументке тәу етуге кезекке тұрды. Бұрын Сталинге ортодоксалды коммунистер ғана табынса, ендi қызыл көсемге құрмет көрсетуге келгендердiң басым бөлiгi өздерiн “еңсесiн тiктеген Ресейдiң” патриоттары атайтын әртүрлi жас пен ортаның өкiлдерiнен құралды.  

Болатхан Тайжан – 75
Мен Бөкеңдi бұрыннан, тiптi ертеден бiлетiн сияқты елестететiнмiн. Бөкең Кеңес елiнде, Қазақстанда Бая­науыл жерiнде, мен Алтайда Моң­ғолия топырағында дүниеге келсек те, арада бiр жақындық бары сезiлетiн. МГИМО-ны (Мәскеу Мемлекеттiк халықаралық қатынастар институты) бiтiргендер, оның iшiнде Таяу Шығыспен айналысатын арабистер бiрiн-бiрi қайда да болсын сұрастыратын жазылмаған заңдылық бар болатын.
Бiздiң ауылдың тауындай,
Бабалар қонған жұрттардай.
Күркiреп жауған жауындай,
Дүркiреп көшкен бұлттардай,
Күндерiм менiң, күндерiм...
Кездеспей кеткен кезеңдей,
Үрия дәурен үр қыздай.
Сарқырап аққан өзендей,
Жарқырап жанған жұлдыздай,
Күндерiм менiң, күндерiм...
Жездем Батырханов Бұқарбай 1986 жылдың 16 сәуiрiнде менiң туған күнiме үлкен сый жасаған едi. Ол – қазақ вальсiнiң королi, қайталанбас композитор Шәм­шi Қалдаяқовтың еш жерде жарияланбаған суретi. Жездем Алматыға шет тiл­дерi институтына оқуға түсiп, кейiнiрек шығармашылық жолды таңдап, қаламын қару етiп, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет еттi.

1967 жылы “Лениншiл жасқа” жаңа кино түсiрiлетiнi, сол фильмде ойнайтын актерлерге байқау жарияланғаны туралы ақпарат жарық көрдi. Қыз Жiбек рөлiне үмiткерлер тiптi көп болды. Кастингке 400-ден астам қыз қатысқан екен. Кiлең сұлулар, сән-салтанаты бiр-бiрiнен асып түседi. Сырт келбет маңызды болғанымен, iшкi сұлулықсыз, Алла берген дарынсыз тағы болмайды.

Оқу құралы
Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нiң “Қазақ университетi” баспасынан Асылхан Әбдiрайымұлының “ФОТОЖУРНАЛИСТИКА” оқу құралының жаңартылған,толықтырылған екiншi басылымы жарық көрдi. Оқу әдiстемелiк құралында автор фотоөнердiң тарихына барынша шолу жасайды, оның қазақ топырағындағы өрiс алу баспалдақтарын саралайды. Фототехника түрлерiмен таныстырады, фотограф шеберлiгiнiң құпияларын ашады.  Фотоаппаратпен жұмыс iстеу машықтарына үйретедi. Фотожанр түрлерiн ажыратып

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нiң журналистика факульте­тiнде, 2015 жылдың сәуiр – желтоқсан айларының арасында, бүгiнгi қазақ фотоөнерiнiң бел ортасында жүрген таңдаулы, танымал деген 10 фотошебер байқауға түскен болатын. Яғни олар кезекпен ай сайын өздерi­нiң жеке шығармашылықтарын көпшiлiкке, соның iшiнде арнайы сурет өнерiнiң мамандарына таныстырды

Орталық Азиядағы Reuters агенттiгiнiң фототiлшiсi Шамиль Жұматовтың осы салада жүр­генiне – 20 жыл. Дәрiгерлер әулетiнен шыққан ол, бұл мамандыққа кездейсоқ келген. Ата-анасы фотоаппарат сыйлаған сәттен бастап бұл өнерге қызығушылығы артып, “Ленинская смена” газетiне бiр суретiн апарады. Алайда сапасы нашар болғандықтан суреттi қабылдамағаны Шамильдiң намысын оятады. Осы сәттен бастап Шамиль Жұматовтың шығармашылығы дами түседi. Ең ал­ғашқы репортаждық суретiн “Дружные ребята” газетiне бе­редi. “Ленинская смена” газетiн­де 4 жыл, ҚазТАГ-те 4 жыл қызмет етедi. Әлемнiң 2400 жур­налис­терiн, фотографтар мен бейнеоператорларын бiрiктiретiн Reuters агенттiгiнде 1994 жылдан берi жұмыс iстейдi.

Ол футболды жетiншi сыныптан бастап жақсы көрдi. Ауылдың қай ауласында доп дүбiрi естiлмесiн сол жерден табылатын алаөкпе, жалаңаяқ балалармен кекiлi желпiлдеп Тәуiржан да жүретiн. Доп десе делебесi қозатын ол футболға жанкүйер ғана боп қоймай, өз әлемiнiң бөлiнбес бөлшегiне айналдырды. Сондықтан да болар жасы елуге иек артса да жасыл алаңда допты шырқ үйiргенде жастардан кем түспейдi.

Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Әбiлсейiт Айханов өмiрден өттi. Ұзаққа созылған науқас қазақтың алыбын алып тынды. 15 сәуiрде Әбiлсейiт Айханов 78 жасқа толар едi. КСРО-ның чемпионы, КСРО кубогының иегерi, Қа­зақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы, еркiн күрестiң Қазақ даласында өрiстеуiне өлшеусiз үлес қосты.
БОКСШЫ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГIМЕСI
Алматыда Kaspibank баспасөз қызметiнiң ұйымдастыруымен әлем чемпионы Назым Қызайбай журналистермен жүздестi. Емен-жарқын әңгi­ме­лесуде қазақ қыздары арасынан тұңғыш әлем чемпионы атанған боксшы өзi жайында айтып бердi.

Анамыз Оразгелдiқызы Айғаным әкемiз Тәженов Қыдырбекпен бақытты ғұмыр кешiп, он баланы дүниеге әкелiп, оларды өсiрiп, оқытып, 28 немере мен 25 шөберенiң қызығын көрген аяулы жан едi. Өсiрген ұл-қыздары өмiрден өз орындарын тауып, жоғары қызметтер атқарып жүрген абзал азаматтар. Ана алдында балалық борышың еш уақытта өтелмек емес, сондықтан адам оның аруағының алдында да борыштар болып қала бермек...

16 САҒАТ БОЙЫ БАЛАСЫН САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА МӘЖБҮРЛЕЙДI
Чунцин (Қытай) қаласында бiр әйел ұлына күнiне 16 сағат бойы демалыссыз сабаққа дайындалуға мәжбүр етедi екен. Мұны естiген ата-аналар: “Бұл не деген сұмдық? Өз баласына деген жанашырлық қайда?” деп, әлгi әйелдi жан-жақтан сыбай жөнеледi.