1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16102) 10 наурыз, бейсенбі 2016

Мәжiлiс сайлауына қатысу құқын иеленген 6 партияның өкiлдерi қазiр ел аралап, үгiт-насихат жүргiзiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны – “Бiз Қазақстанды көркейтуге күш саламыз. Халықтың жағдайын көтеруге бiлек сыбана кiрiсемiз” дегенге саяды. Көзге таныс бағдарламалар, құлақсiңдi баяндамалар, күлкi шақыратын кездесулер. Ертең “Нұр Отан” партиясының желаяқтай заулатқан күйi көш басына шығатынын халықтың iшi сезiп отыр.

Соңғы 25 жылда 18 министр ауысып, сансыз сынақ алаңына айналған елiмiздiң бiлiм жүйесi кезектi бiр реформаға бет бұрды: орта мектептер ендi үш тiлде бiлiм беруге көшпек. Бiлiм және ғылым министрлiгi осы бойынша 2015-20 жылдар­ға арналған жол картасын жасап, оны Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму министрлiктерiмен келiсе отырып бекiтiп те қойды. Тiптi осы шешiмнiң негiзiнде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Бiлiм академиясының жанынан Үш тiлде бiлiм беру орталығы да құрылып үлгердi. 

ЖСДП төралқасының мүшесi Петр Своик партия қатарынан шығарылуы мүмкiн және бұл мәселе социал-демократтардың кезектi съезiнде қаралмақ. ЖСДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Тазабек Сәмбетбай партия мүшелерiнiң басым бөлiгi партияның бағдарынан ауытқыған адамның мүшелiктен кетуiн талап еткенiн хабарлады.

Маңғыстауда Techno Trading LTD жұмысшылары бiр сағаттық наразылық акциясын өткiздi
Көктем туа Маңғыс­тау­да жұмысшылар наразылығы тағы қылаң бере бастады. “Маңғыстаумұнайгаздың” мердiгерi Тechno Trading LTD  жұмысшылары тоқсандық сыйақыны бермей отырған компания директорының орнынан кетуiн талап еттi. Жалақының аза­йып, жұмыс уақытының қысқартылуына ұжымдық шартта көрсетiлген тоқсандық сыйақының берiлмеуi қосылып, жұмысшылардың ашу ызасын тудырып отыр. Олар талаптары орындалмаса, жаппай аштық жариялауға бел буғандарын айтады.
“Қазақстан мен Әзiрбайжан да бiз секiлдi мұнай өндiрiсiн қаңтардағы деңгейiнен асырмай, ұстап тұрса” дейдi Ресейдiң энергетика министрi Александр Новак. Қайткен күнде де мұнай бағасының өсуiне мүдделi Ресей ОПЕК-ке мүше және мүше емес мемлекеттердiң бәрi мұнайдың өндiрiсiн өсiрмеу қағидасын ұстанса деп тiлек бiлдiрiптi.

“Жас Алаш” (бұрынғы «Лениншiл жас») газетi кеше ғана марқұм болған Әбiлсейiт Айханов жайлы кезiнде өз бетiнде мың мақала жариялаған. Сол жылдары Айхановтың күресi, оның теңдессiз жеңiстерiн бар қазаққа қуана  жеткiзген бiрден-бiр  газет осы  едi. Ал Әбекең жазықсыз құқай көрген кезде де оған сүйенiш болған осы жастар газетi. Тiптi сонау сексенiншi жылдары Әбiлсейiт ағаны сотқа сүйрегенде де газет оны ұжым боп қорғап,өз бетiнде “Ережесiз белдесу” деген ащы мақала жария­лаған.

Екiбастұздағы құрылысы аяқталмай қалған оқу қалашығы жайлы бiз бұрын да жазғанбыз. Естерiңiзге сала кетейiк, сонау бiр жылдары “Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламасы” бойынша, Н.Назарбаевтың тiкелей нұсқауымен әр аймақта кәсiби бiлiм беру орталықтарын ашуға шешiм қабылданған. Осыған орай, Екiбастұз қаласында да отын-энергетика саласына техникалық қызмет көрсету мамандарын оқытатын және

8 наурыз күнi Астанада қазақстандағы алғашқы McDonald’s (Макдоналдс) мейрамханасы ашылды. Батыста тым жақсы бағаланбайтын бұл мейрамхананың ашылуына үш күн бұрын президент Н.Назарбаевтың өзi барып кеттi. Кейiннен оның бұл жүрiсiне президенттiң баспасөз хатшысы Дәурен Абаев түсiнiктеме бердi.
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның қаперіне
Дәл қазіргі жағдайда мұғалім­дердің қағазбасты жұмыстары көбейіп кеткенімен қоймай, Шым­кент қаласының мұғалімдері әр сайлау сайын көше аралап, сайлаушылардың тізімін жүргі­зіп, кезбе болып кетті. Мұндай жағдайда білім сапасы туралы сөз қозғауға да келмейді.

Желтоқсан көтерілісінің жарық жұлдызы, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің есімін исі қазақ жұрты құрмет тұтады. Арамызда сау-саламат тірлік кешіп жүрсе, Қайрат 13 наурызда ердің жасы елуге толатын еді. Бір емес, бірнеше баланың әкесі ретінде еліміздің өркендеп-өрістеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген қоғам қайраткерлерінің алдыңғы легінен табылатыны сөзсіз еді деп айта аламын.

Қазір қызмет бабымен көтеріліп, көпшіліктің көз алдында жүрген қыз-келіншек баршылық. Бірақ содан тапқан абырой мен бедел отбасындағы сүйіспен­шілік пен бөбектің былдырына балама бола алмайды. Өнер көгінде – жұлдыз, билікте әкім болмай-ақ жамиғаттың назарын­да жүргені де жеткілікті. Соның бірі – жиырма тоғыз жасында жеті балаға жарық дүние сыйлап үлгерген Әсел.

Сіздердің газет бетіндегі жарияланып жүрген мұғалімдер туралы мақала­лардың дені шындық. Бала тәрбиесі – қазіргі уақытта ұшқындап тұрған өте ауыр сала. Елге мәлім болып жатқанды ғана оқып, таңғалып жатқан көпшіліктің өздерінің ішінде күнде неше түрлі сорақылықты кездестіріп жүрміз. Газеттегі жазылған жайлар кез келген ауданда бар. Жауырды жаба тоқымдап жабылып қалғандары қаншама.

Бірде Ресей императоры Бірінші Петр се­натта болған бір мәжілісте елді жайлаған ұрлық-қарлық жөнінде естіп, ашуға басады. Ол мәжілістен шыға сала генерал-прокурор Ягужинскийді шақырып:
– Дереу менің атымнан жарлық жаз! Егер шенеуніктің ұрлаған ақшасы бір құлаш арқан сатып алуға жететін болса, дарға асылсын! – дейді.

Бала кезімде атама ілесе жүріп, той-томалақтарда әрдайым ауыл ақсақалдарының ортасында отыратын едім. Сонда байқағаным, кейбір қариялардың берген батасы жүрекке жылу кұйып, қуат беретін. Дастарқанға, дәм-тұзға деген құрмет сезімін оятушы еді. Алайда әлі күнге дейін кей жерлерде бата бермек тұрмақ, батаның не екенін де білмейтін жас отбасылар аз емес.

Қазақ киносы тағы бiр құнарсыз, құнсыз туындымен “толықты”. “Құнанбай” фильмiн көргеннен кейiнгi алғашқы әсерiмiз осыған сая бердi...  Жалпы, ұлттық кино өнерiнiң кенже қалғаны – дәлелдеудi қажет етпейтiн шындық. Сон-а-а-ау Шәкен Аймановтың бiрнеше сәттi фильмiнен соң қазақ киносында әлемдiк тұрмақ, одақтық прокаттан ойып орын алған бiрде- бiр туынды болған емес.
Қазiргi сайлауға байла­ныс­­ты бiр-екi идеямды ортаға салғанды жөн көрiп отырмын. Сайлауды, менiңше, аук­цион түрiнде өткiзу керек. Сөйтiп, барлық үмiткерлер сол аукционға қатысып, депутаттық мандатты жеңiп алуы керек. Түсiнбедiңiз бе? Онда, былай түсiндiрiп көрейiн. Астанадағы ең үлкен кең сарай мәжiлiс депутаттығынан дәме­лi үмiткерлерге лық толы.

Футболдан әлем чемпионаттарының тарихы туралы кiтап шығару көптен ойында жүргенiн Сәкен Сыбанбай маған осыдан 5-6 жыл бұрын айтқан да едi. Өйткенi ала доптың аламандары өткен жылдарды, сондағы ойыншыларды, айта қаларлықтай айрықша оқиғаларды алтыншы-жетiншi сынып оқушысы кезiнен бастап үзбей жазып, жинап ке­ле­дi екен. Футбол клубтары, ондағы ойыншылар мен жаттықтырушылар,

Абылайхан Жүсiповпен Алматы облысындағы АИБА-ның бокс академиясында жүздесiп, шағын сұхбат алудың сәтi түстi. Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрама боксшыларының арасында бозбала Жүсiпов те жүрдi. Жастар арасынан ересектер сапына жаңа қосылған жампоз – Олимпиада чемпионы. 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспiрiмдердiң жазғы Олимпиадасында Абылайхан Жүсiпов алтын медаль олжалап, чемпион атанды.

Алматының “Қайраты” Қа­зақстан суперкубогына ие болды. 8 наурыз күнi “Астана Арена” стадионындағы тар­тыс­ты 14 мыңнан аса жанкү­йер желпiне отырып тамашалады. Өзбекстандық қазы Равшан Ирматов қазылық еткен тартыста есеп ашылған жоқ, жеңiм­паз пенальти тебу сынында белгiлi болды.

ШИРЕК ФИНАЛҒА ЖЕТТI
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық тартысының қарымта матчы өттi. Мадридте “Реал” италиялық “Рома” клубын 2:0 есебiмен еңсердi. Тоқсан минуттық тартыста екi жақтың да футболшылары сiңiрлерi созылғанша алыстан көздеп, қақпашылардың құтын қашырды. 64-минутта Криштиану Роналду есеп ашты, 68-минутта Хамес Родригес нәтиженi еселеп бердi.

ХХ ғасырдың басында шотландиялық бiр фермер үйiне қайтып келе жатады. Бiр кезде “Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!” деген ай­қайды құлағы шалады. Ол айқай естiлген жаққа бар пәрменiмен жүгiредi. Сөйт­се, былқылдаған ми батпақ жап-жас баланы жұтып барады екен. Бала әлгiден шықпақшы болып тырбаңдаған сайын батпақ өзiне қарай онан әрi тартады. Баланың қорыққаны соншалық, айқайлағаннан басқа амалы қалмайды.