1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16103) 15 наурыз, сейсенбі 2016
ОРТА ЖОЛДА ЖАТҚАН ТЕГIН ОЛЖА КӨРIНЕТIНI НЕСI?!
Қазақта “сасқан үйрек артымен сүңгидi” — деген көпке белгiлi мәтел бар. Үкiметтiң бүгiнгi тiрлiгiне қарасаңыз, осы сөз ерiксiз ойыңа оралады. Дағдарыс деген желеумен ұлттық қордың бүйiрiн бiраз ортайтып тастаған билiк, ендi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына (БЗЖҚ) ауыз салды. Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаевтың айтуынша, БЗЖҚ-дан алынатын 1 триллион 450 мил­лиард теңге былайша бөлiнедi екен: 350 миллиард теңге – 2016 жылғы республика бюджетiнiң дефицитiн қаржыландыруға; 500 миллиард теңге – азаматтардың зейнетақы жинағының

Дүние жүзi бойынша алты мыңнан астам тiл бар дейтiн болсақ, бүгiнде соның жартысына жуығы жойылып кетудiң алдында тұр. Шамамен алғанда, әлемде ай сайын ең кемi 2 тiл өлiп отырады. Мамандардың тұжырымдауынша, белгiлi бiр тiлдiң өмiр сүруi үшiн ол тiлде сөйлеушiлердiң саны жүз мыңнан кем болмауы тиiс. Әсiресе оны үйренушi балалардың қатары 30 пайыздан аспаса, кез келген тiлдiң болашағына қатер төнген болып есептеледi.

Қазақ басшысының сайлау қарсаңында Оралға соғып қайтатыны бар. 2015 жылы да президент сайлауынан үш апта бұрын Батыс Қазақстан өңiрiне барып, жастармен емен-жарқын кездесiп, соңында топтық селфиге түсiп қайтқан едi. Биылғы сапары да соншалықты көңiлсiз өттi дей алмаймыз. Әйтсе де “үй алмай тұрып үйленбеуге” қатысты жастарға айтқан ақылы көпшiлiкке ұнамағаны анық. Тiптi дәл осы сөзi ел басшысының бұрынғы айтып жүрген көп-көрiм уәделерiнiң астын үстiне шығарды.

Әртүрлi деңгейдегi шенеунiктерден, құқық қорғау органдарынан, билiк басындағы партия – “Нұр Отаннан”, соттардан әдiлдiк таппай, тауы шағылып барар жерi қалмаған адам не iстейдi? Жасыратыны жоқ кейбiреулерi қатты күйзелiстен өздерiне қол жұмсауға дейiн барады. Биiк үйлерден құлау, өзiн өртеу сияқты жантүршiктiрерлiк алабөтен оқиғалар да ұшырасып жатыр.

Кеше Алматыда Сейiтқазы Ма­таев­ты қорғау жөнiндегi комитет оның iсiндегi жаңа фактiлер мен заңбұзушылықтарды баяндап, баспасөз мәслихатын өткiздi. Жиынға қатысқан С.Матаевтың адвокаттары Андрей Петров пен Мәдина Бакиева бас прокурор Асхат Дауылбаевқа Жем­қорлыққа қарсы күрес жөнiндегi ұлттық бюро төрағасының орынбасары Талғат Татубаевтың үстiнен қылмыстық iс қозғау жөнiнде өтiнiш түсiргенiн мәлiмдедi. Оған себеп – аталған ведомство орынбасарының ақпарат құралдарына берген сұхбатында тергеу материалдарын жария еткенi.

“Ақ жолдан” жалғыз үмiткер Жанат АСАНҚАЛИ шыққан едi бiлек сыбанып. Алайда әкiмдiк сайлауға жеткiзбей “желкесiн қиыпты”. Сайлауалды бағдарламасы ұнаған соң барып жолыққан едiм. — Бауырым, бұл қалай болғаны? — “Ақ жол” демократиялық партия­сы құрылғалы елiмiздiң саяси өмiрiне араласып келемiн.

“Жас Алаш” газетiнiң 8 нау­рыздағы 19-шы санында шыққан “Қытай елшiсi кiжiндi немесе “Нұрлы жол” кiмнiң жобасы едi?” атты мақаласына Сыртқы iстер министрлiгi үн қатты. Әлқиссаны сәл әрiден бастасақ, ол мақаланы жазуға Қазақстандағы Қытайдың төтенше және өкiлеттi елшiсi Чжан Ханьхойдың астаналық таңдаулы тiлшiлерге оңаша отырыста айт­қан оғаш пiкiрi түрткi бол­ған едi.

Газетiмiздiң өткен сандарында жарияланған («Жас Алаш» №17 (16099) 1 наурыз, сейсенбi 2016) “Казактар Қазақстан Конституциясын өзгертудi талап етпек пе?” атты мақала бiраз мәселенiң бетiн ашты. Бiрiншiден, Олжас Сүлейменовтiң тiлдердiң қолданылуына қатысты атышулы мәлiмдемесi мақалаға арқау болған Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының Үйлестiру кеңесiнiң есеп беру-сайлау съезiнде айтылыпты.

“Бiр бала әкеге жете туады, бiр бала әкеден өте туады” дептi ата-бабамыз. Дариға Назарбаева ханым Нұрекеңе жете туды ма, әлде ол кiсiден өте туды ма, ол жағын сараптап анықтама беруге бiздiң өремiз де жетпейдi, құқымыз да жоқ. Бiрақ осы қарындасымыздың соңғы он шақты жылдың мұғдарындағы саяси қайраткерлiгiне қарап отырып ол әртүрлi ұсыныстар жасау жөнiнен көп ұзамай Нұрекеңнiң өзiн басып оза ма деп қаламыз.

Экс-премьер Серiк Ахметов пен оның “серiктерiне” қатысты былтыр төрт ай бойы қылмыстық iс қаралған “Серiктiң соты” туралы “Жас Алаш” жүйелi түрде жан-жақты жазды, 26 мақала жариялады.  Он жылға кесiлген экс-премьерден басқа он адам әртүрлi мерзiмге бас бостандығынан айырылды. Алтауы шартты жаза арқалады. Бiреуiне ақшалай айып салынды. Тергеумен “тiл табысқан” үшеуi сот залынан ақталып шықты.

9 наурызда Назарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келдi. Қыс ызғары басылмай, қар ерi­мей жатқанына қарамастан 5 нау­рыздан бастап қалада жедел көше тазалау жұмыстары басталды. Қолдарына күрек-сы­пырт­қы   ұстаған бюджеттiк мекеме, жеке кәсiпорын, коммуналдық шаруашылық қызмет­керлерi, студенттер   қаланың орталық көшелерiн, әуежайға баратын жолдарды 3 күн iшiнде тап-таза етiп жинады.

АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ
ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 332 және 335-баптарының тәртiбiмен берiлген
Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотының
2015 жылғы 13 қарашадағы №2- 8736/15 азаматтық iске қатысты шыққан сот шешiмiне

Е.Нұралиев, (төрағалық ету­шi): Бүгiнгi сот мәжiлiсiнде апелляциялық шағым түсiр­ген, Алматы қаласы Алмалы аудандық 2-сотының 13 қараша 2015 жылы шығарылған шешi­мiнiң заңдылығы қаралмақшы. Аталған сот шешiмiне iс бо­йынша апелляциялық шағым берген жауапкер тарапының өкiлдерi Меруерт Тұрлыбекова мен Рысбек Сәрсенбайдың қолы қойылған шағым қаралады...

ОҚ-ДӘРI ЖАСАЙМЫЗ ДА САТАМЫЗ
Кеше Қарағанды қаласындағы “Сарырқа” арнайы экономикалық аймағында қазақстандық алғашқы патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсiм өттi. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Жыл сайын 30 млн. патрон шығаруға қуаты жететiн бұл жаңа өндiрiс орны елiмiздi оқ-дәрi жеткiзушi мемлекеттерге тәуелдiлiктен арылтады деген үмiт бар.

Досжан Қартықов былтыр АҚШ-та өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленiп, Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиа­дасының жолдамасын қанжығасына бөктерiп қайтты. Ендi тек үздiксiз әзiрлiк қана қажет. Талай балуанның алдына көлденең тартқан “Қазақ баласы неге күрес түрлерiнен әлем чемпионатында, жазғы Олимпиада ойындарында туымызды желбiретiп, чемпион атанбайды?” деген сауалды Қартықовқа да қойдық.

ТIЗIМГЕ КIМДЕР ЕНДI? 
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы наурыз айында екi бiрдей жолдастық матчын өткiзедi. Бас бапкерлiкке еш­кiм тағайындала қоймаған ұжым алдағы ойындарға әзiр­лiктi бастайды. Ұлттық құраманы Талғат Байсуфинов, Нұркен Мазбаев, Юрий Новиков, Андрей Феропонтов бастаған бапкерлер ұжымы әзiрлемек. Жолдастық матчқа қатысуға мына футболшылар шақырту алды.

Аудан орталығына жақын орналасқан әпкемнiң үйiнде екi күндей қонақта болған мен күн ысып кетпей тұрғанда тезiрек ауылға қайтуды ұйғардым. Аялдамаға келсем, менi күтiп тұрған бiрде-бiр көлiк көрiнбейдi. Ал шiлденiң күнi болса шекемнен өтiп, тұла бойымды күйдiрiп барады... Егер көлiк күтпей өзен жағалап көлеңкемен жүрер болсам, онда ауылға 3-4 сағатта жетiп барарым анық. Асығып қайда барам, бәрiбiр еңбек демалысындамын ғой.