1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23-24 (16105-106) 17 наурыз, бейсенбі 2016
«Жас Алаш» – 95
“Өлмеген құлға келдi жаз”. Сонымен, Мешiн жылы да келiп жеттi. 22 наурыз – Жаңа жыл, яғни Наурыз мерекесi болса, сонымен бiрге бұл күн – биылғы Мешiн жылының алғашқы күнi. Айтпақшы, “мешiн” дегенiмiз не? Мешiн дегенiмiз – кәдуiлгi маймыл. Кейбiр ғалымдардың айтуынша, мешiн – маймылдардың iшiндегi ең ақылдысы. Тағы бiр деректерге сенсек, мешiн – қазiргi күнгi маймылдың көне атауы. Не десек те, 21 наурыз күнi Қой жылы аяқталып, 22 наурыз күнi Мешiн жылы енедi.
Наурыз-сұхбат
– Наурыз жайлы пайымдар мен ой-пiкiрлер қазақтарда аз емес. Оның бiразы Наурызға байланысты мифтiк наным-сенiмдер жайында болса, ендi бiр алуан әңгiме наурыздың шығу тегi жөнiнде деуге болады. Наурызды жылдың бас күнi ретiнде тойлау мәдени қарым-қатынастың барысында парсы жұртынан ауысқан деген көзқарас бар. Не болмаса, “наурыз атауы бұрын қазақтарда болмаған, Ақтабан шұбырынды
Дәстүр дегеніміздің өзі – озық үлгіні қабылдай отырып, оны әрі қарай ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып сақтау дегенді білдіретін ұғым. Олай болса, дәстүр – халықтың зияткерлік меншігі. Дәстүрінен айырылған ел де, ұлт та жер бетінен жойылып кетеді. Ондай елдің өз мемлекеті де болмайды.

Наурыздың 14-і күні Маңғыстау жұр­ты амал мерекесін қарсы алды. «Амал келді, жыл келді» дескен Маңғыстаудағы әр үйде көл көсір дастарқан жайылды. Жастар үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, көрісті. Жылдың басымен құттық­тап, жылдан жылға аман жетейік деген тілек айтты. Бүгінде әркім білетін бұл ұлық күннің мән мағынасын ежіктеп айтып жатудың қажеті шамалы.

БIЗДЕР, ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ, БИЫЛҒЫ ЖЫЛҒЫ 20 НАУРЫЗ КҮНГI САЙЛАУҒА ҚАТЫС­ПАЙТЫНЫМЫЗ­ДЫ МӘЛIМДЕЙМIЗ!
Бiз “сайлау” атты қа­зақ­стандық қойылымның қызығына тойып болғанбыз. Жар дегендегi жал­ғыз президенттi құтты орнына қайта-қайта қондыра қоятын“сайлаулардың” сүйкiмi қалмады. Өзiн-өзi таратқыш, дәрменсiз депутаттарды қойдай қайырып, қораламаса қайтедi? Ондай депутаттарға не үшiн дауыс бермекпiз? Мерзiмi бiтпей жатып, майлы жерлерi жабысқан жерден су шыққандай, безе жөнелетiндiгi үшiн бе?

20 наурыз күнi өтетiн мәжiлiс пен мәслихат сайлауы қарсаңында бұған дейiнгi төменгi палатаға сайлау қалай өттi, оның нәтижесi қандай болды, парламент төрiнен қандай партиялар орын алды деген мәселеге тоқтап, соңғы 12 жыл iшiндегi парламент сайлауын ой елегiнен қайта өткiзсек.

Қазақтың намысына тиетiн сөз естiсе, “Жас Алаштың” жаны селт ете түседi. Халыққа қарсы қиянат байқаса, билiктiң белге басар озбырлығын көрсе, “Жас Алаш” отқа түскен қайыстай жиырылады. Сосын екi аяғы аспаннан салбырап түссе де, ондайлардың сазайын бередi. Басын жарып, көзiн ағызбаса да, сөзбен сойылдап, сiлiкпесiн шығарады. Мұның қоғам түсiнiгiндегi бiр атауы – сынау. “Жас Алаштың” әр бетiнде кемi

Кәне, ойланып көрейiкшi, осы әңгiме неден басталып едi өзi? Кеңестiк үкiметтiң талқаны шығып, әркiм өз тәуелсiздiгiне ие болып, көппен бiрге қазақ та өз қолым өз аузыма жеттi-ау деген бiр тұста президент елеусiздеу ғана бiр әңгiменiң шетiн шығарған. Бұл – 2009 жылдың желтоқсан айы едi. Қытай қазақтың мұнайы мен газына мелдектете ауыз салған кезең болатын.
Маңғыстау облысында 2011 жылдың мамыр айында мұнайшылар мен сервис­тік қызмет көрсететін компаниялар жұмыс­шыларының ереуілі басталды дегенді естігенде, бар жұмысты жиып қойып, бірден Ақтауға қарай тарттық. Бұл уақытта Маңғыстау облысының бір­неше аймағында ереуіл жүріп жатқан еді.
Cоңғы бес жылда «Жас Алаш» көтерген, көтеріп қана қоймай, оның тәуелсіздігімізге төнген қатер екенін ескертіп, үнемі жазып келе жатқан тақырып – Еуразиялық одақ. Cонау 1994 жылы Еуразиялық одақ құру идея­сын айтып, күнi кешеге дейiн сол ойын тықпалап келген президент Н.Назар­баевтың орындалған арманы бар алаштың сан ғасырлық арманын күлге айналдырады дедік.
Бес жылдың бедерiнде
“Жас Алаш” бастаған алаш ардақтыларының тағдырына алаңдаушылық осыдан бес жыл бұрын, 2011 жылы атыраулық Абдулла Әбдiрахманов ақсақалдың Мағжан Жұмабаев туралы әң­гiмесiнен басталған едi. Бүгiнде 95 жастағы Абдулла ақсақал Мағжан Жұмабаевтың 1938 жылы емес 1951 жылы Колымада цингадан ауырып, көз жұмғаны жайлы тәптiштеп баяндаған жалғыз тiрi куәгер.
Алаштың айтулы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының сөзiмен айтсақ, газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi. Қоғамдағы кез келген жанды жара газет бетiнде көрiнiс табады, әдiлетсiздiк әшкереленiп, шындық жария етiледi. Ал жауырды жаба тоқып үйренген ресми билiк бұған, әрине, мүдделi емес. Атқамiнерлердiң айтқанына қарасаң, Қазақстан қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған алтын ғасырда өмiр сүрiп жатыр.
«Жас Алаш» — 95 жылдық тарихы бар жалпыұлттық жетекші басылым. Бұл күнге орай жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімшесі «Лениншіл жас» – өмір мектебі» атты көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – республикалық мерзімді баспасөз басылымдарын насихаттау арқылы жаңа оқырмандарды тарту, оқырмандарды 1984 жылдан бастап жаздырылып алынатын «Жас Алаш» газетімен таныстыру, қызығушылығын қалыптастыру.
Жас Алаш-95
Құрметтi “жасалаштықтар”! Баршаңызды басылымның 95 жылдық торқалы то­йымен шын жүректен құт­тық­таймын! Бұл газеттiң мен үшiн ерекше орны бар екенiн айта кеткiм келедi. Шалғайдағы ауданның бiр ауылында мектеп мұғалiмi болып қызмет етiп жүрген кезiм. Бұған дейiн Шет аудандық “Ильич туы” газетiнде, аракiдiк “Жез­қазған туы”, “Орталық Қазақстан” газеттерiнде (екi-үш рет)
Ұлы наурыз мерекесi қарсаңында редакциямызға Қазақстан Республикасындағы Жапония елшiлiгiнiң үшiншi хатшысы Марико Цунокаке келiп, сұхбаттасып қайтты. Өз елiнде тарихшы мамандығын алған, Алматыда Қазақ ұлттық университе­тiнде шетелдiк­терге арналған дайындық курсынан өткен ол қазақша сайрап тұр. – Мәселен, қоғамдағы жағдайлар, қазiргi саясат туралы. Мем­ле­кеттiк газеттер көрсетпеген нәрсенi ашық жазасыздар. Қытай елшiсiнiң айтқаны туралы пiкiр бiлдiрiп, талдау жасағансыздар. Сайлаудың қандай сайлау болатынын көрсеткенсiз­дер.
Әріптестер естелігі
95 жас... «Жас Алаштың» қазіргі жасы. Ойланасың. Жас­тар басылымы мәңгі жас болып тұра беретіндей көретін көңіл дағы. Солайына солай ғой. «Жастар газеті Омбыда, Орын­борда, Ташкенде шықты деп отыратын Бей­секең. Оны бүгінгі тарихшылар ескермей жүр ғой деп хоштар еді Темкең. Баспасөз тарихын мойынсерік болып зерттеген ұстаз бен шәкірт Кенжебайұлы мен Қожакеев әңгімесін тыңдап мен отырар едім.

Бастау көзін күні кешегі «Лениншіл жастан» алатын қаймана қазақтың жасындай жарқылдаған «Жас Алашы» – 95-те... Көңілді қуанышқа бөлеген осы бір сәтте өткеніңді ой көзімен шолып, осы мен қаламгер ретінде «Жас Алашқа» қатысым бар ма, бар болса қаншалық?» деген сауалға жауап іздейсің. Аллаға шүкір, сонау 1984-89 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде

Әрiптестер естелiгi
      Сонау алпысыншы жылдары, ауылда, бала күнiмiзде Лениншiл жас” газетiн асыға күтушi едiк. Әй, бiр түгiн қоймай оқитынбыз таласа-тармаса! Әдебиет, мәдениет, спорт тақырыбындағы дүниелерге бiр дүрiлдеп қалатынбыз. Ғалам ғажайыптарына аузымыздың суы құритын. “Күмбiр-күмбiр күмбездер” айдарымен шыққан материалдар, әсiресе Ақаңның – Ақселеу Сейдiмбековтiң мақалалары кеудемiздi күмбiрлетiп жiберетiн.

1975 жыл. Мәдениет және ғылым бөлімінің тілшісі кезім. Жетісудағы көне ескерткіштер туралы әңгіме қозғауға тиіс газет мақаласы үшін деректер іздестіру үстінде, өзімнің шағын кітапханамдағы Шоқанның 1958 жылғы таңдамалы шығармалар жинағын қайта парақтап отырғанымда, ғалымның 1856 жылы жазған «Ыстықкөл сапарының күнделігі» саяхатнамасы өз-өзінен жіпсіз байласын.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап “Жас Алаш” газетiнiң Жамбыл облысындағы меншiктi тiлшiсi қызметiне кiрiстiм. Бiр айдан кейiн “Хабар” телеарнасының Өзбекстандағы тiлшiсi Ерсұлтан Әмiрбек Жамбылға ауысып келдi. Бұрын аралас-құраластығым болғандықтан, келген күнi Ерсұлтанды Таразда күтiп алдым. Ол келе сала бiр айға пәтер жалдады. Сол пәтерде екеуiмiз шай iшiп отыр едiк,

Әрiптестер естелiгi
“Жас Алаш” газетiнiң редакциясы 1998 жылдың тамыз айында М.Мақатаев көшесiндегi 22 үйге көшiп барды. Бұрын баспахана болған ғимараттың үлкен бөлiгi жөндеу жұмыстарына жабылды да, 13-14 журналист кеңдеу бiр бөлмеге жайғастық. Iшiндегi ең жасы – Қасым Аманжолұлы екеумiз. Екеумiзге ортақ бiр жазу үстелi бұйырды. Қайсымыздың қолымыз бос болса, орнымызды босатып, аулада қыдырыстап,
АЛМАТЫ – 1000 ЖЫЛ
Естерiңiзде болса, кезiнде В.Храпунов қаланың 150 жылдығын өткiзбекке тыраштанған. Онысы – Верный бекiнiсiнiң қалануын негiзге алғаны едi. Бiрақ оны тарихшылар мен зиялылар “Ресейдiң Қазақ елiне жасаған басқыншылық жорығын дәрiптеу” деп бағалап, қарсы болды.
ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ ҒИМАРАТЫН ТАРТЫП АЛУ КIМГЕ КЕРЕК БОЛДЫ?
Кеше ғана қарымды қаламгер, ақиық ақын Жүрсiн Ерманның “Аbai.kz” сайтында 40 жылдық тарихы бар Республикалық кiтап музейiнiң жабылғаны туралы мақаласы шығып едi. Оның алдында ғана БАҚ-та елiмiзге белгiлi талай өнер майталмандарының iзi, үнi қалған Қазақ өнерiнiң ордасы “Қазақконцерт­тiң” жабылғаны туралы мәлiметтi оқыған едiм. Ендiгi тықыр Қазақ радиосына келген секiлдi.
Қазаннан хабар келді... Ғабдулла Тоқай айтатын: «Дертті Қазан, мұңлы Қазан!». Оның басынан мұң тарқама­ғалы қашан?! Османлының көне шайырлары «Дүния дейшиер» деген, яки әлем бір қалпында тұра бермейді, өз­гереді дейді. Мұңлы Қазанның жырлы Қазанға, еркін де егемен қалаға айналуын аңсай­тын­дардың арасында татар ұлтының отанпәруар (патриот) қызы, талантты жазушы, ға­жайып көркемсөзші Фаузия Бай­рамованың орны ерекше.
Көне күнделiк беттерiнен
Бақытжан үйге жадыраған шыраймен көңiлдi кiрдi. Келдi де, ләм деместен бiр буда ақшаны үстел үстiне тастай салды. Ақша шашылып жайыла түс­кендiктен, тiптi мол болып көрiндi.
              Мұнша ақшаны қайдан ал­дың? – деппiн.
Оның өңi лезде өзгерiп сала бердi. Әлгiндегi жайдары жүзi өрт
ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕ
Елiмiзде соңғы кездерi қылмыстың бiр түрi көбейiп барады. Қазiр әр жерден “бала жоғалыпты”, үйiнен кеткен бойжеткен “оралмай қалыпты”, ересек адам­ға “iздеу салды” деген жаңалықты күн сайын дерлiк еститiн болдық. Көп жағдайда жоғал­ғандардың артынша ұрланғанын бiлiп, жағамызды ұстап жатамыз. Үкiметтiк емес құқық қор­ғаушы ұйымдардың бейресми дерегiнше, жыл сайын Қазақстанда 500-ден астам адам жоғалады екен.
Елiмiздегi қылмыстық-атқару жүйесiне пробация қызметi енгiзiлгенiне көп бола қойған жоқ. Пробация қызметiнiң Қазақстанда заңды түрде бекiгенiне 1 жыл ғана. Дегенмен әлемдiк тәжiрибеде кеңiнен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бiрнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.
АЙЫППҰЛДЫ ТӨЛЕМЕУ ҚҰҚЫҒЫ ДА БАР
Өткен аптада iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов интернеттегi блог платформасында айыппұлдардың бiр жылдан соң күшi жойылатыны туралы ережеге түсiнiктеме бердi. Министр Олег Арестов дейтiн интернет қолданушының жол жүру ережесiн бұзғанына байланысты салынған айыппұл сотқа жетпеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық Кодексiнiң 890-бабына сәйкес шынымен жойыла ма деген сұрағына жауап берген.

Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып

Тiрлiк деген таразысы-ау Тәңiрдiң,
Сәттер сайын сынағында жаңылдым...
Ақша бұлттай ақ көйлегiм желбiреп,
Арманыма жетер күндi сағындым.

ҚЫРАНДАР ТОРДАН БОСАТЫЛСА...
Таразда Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегерi, белгiлi ақын Құрал Көмек бiрнеше кездесулер өткiздi. Атап айтқанда, Тараз мемлекеттiк универ­ситетiнде, №5 Жамбыл атындағы мектепте, Абай атындағы орталық кiтапханада оқырмандармен кездестi. Ақын шығармашылығымен көпшiлiктi Ерғали Мұхамеджанов таныстырды. Ақынның кейiнгi жазылған туындылары “Баба рухы – гольфстрим ағысы” мен “Сенiм жеңiсi”

«Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының редакциясы жұртшылық алдындағы міндетін орындап, 2016 жылға жазылған оқырмандар арасында «20 жылқы+4 түйе» және сатып оқитындар үшін «Автокөлік» ұтыс ойынын 13 наурызда «Тянь-Шань» қонақ үйінде белгілі қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылар, танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өткізді.

Бірі – анасы, екіншісі – қызы. Анасы елуден асып барады, қызы – биыл орта мектепті аяқтайды. Анасы – шешен қызы, қыздың әкесі – қазақ. Дания – бір әулеттің келіні, Алға ауданының Қарабұлақ ауылында тұрады. Дария – Ақтөбе қаласындағы бір орта мектепті биыл тәмамдамақ, ҰБТ-ға күндіз-түні дайындалып жатыр. Қолы тисе, уақыт болса, Қарабұлаққа қарай ұшады.

Айдос пен Мөлдірдің бір-біріне деген ғашықтық сезімі мектеп қабыр­ғасынан басталған болатын. Айдос Мөл­дірден екі сынып жоғары оқыды. Бірде мектепте өткен қыздар байқауына 9-сынып атынан Мөлдір қатысатын болды. Қыздардың сұлулығымен қоса, ақылдылығы, парасаттылығы сыналатын бұл керемет кешке бүкіл ауыл жиналды. Сайысқа он қыз қатысатын болды. Бір кезде ортаға жүргізуші шығып, кешті бастап жіберді.

Қазақтың ежелгі дүниетанымынан бүгінге жеткен кейбір сөз, сөз тіркестері бүгінгі ұрпаққа түсініксіздеу болып жатады. Жасы келген апа, аталарымыздан сұрай қалсаң, әр сөздің шығу төркінін, мағынасын майын тамызып тұрып түсіндіріп береді. Мәселен, өз басым үлкендердің аузынан сырқаттанып немесе шошынып қалғанда «шыбын жаным-ай!» деген сөзді жиі еститінмін. Және де қазақта «шыбын жаны көзіне көpінді»,

Кеудесіне толтырып дала гүлін,
Нұрға бөлеп жер мен көк аралығын.
Жыл құстары ән салып қырда, көлде,
Наурыз келді жыл басы – Жаңа жылым!
Қызық екен
Данияның ұлы физигi Нильс Бордың есiгiнде үнемi таға iлулi тұрады екен. Мұны көрген бiр журналист:
– Сiз сутегi атомының моделiн жасадыңыз. Көп жаңалық аштыңыз. Сөйте тұра қайдағы бiр ырым­ға сенгенiңiз бе? – дептi сұрапты таңғалғанын жасырмай. Сонда Нильс:
– Жоқ, әрине. Бiрақ тағаның бiр қасиетi бар. Тағаның – сенбейтiн адамдарға да көмегi тиедi.

Үшінші жылға кетті, «Қа­зақстан» телеарнасының жанынан – дербес спорт жарыс­тары мен хабарларына ар­налған «Қаз.спорт» арнасы ашылды. Республиканың ішіндегісі бар, онымен бірге шетелдерде де өткізілген спорт жарыстары бар, соларды тікелей эфир арқылы жан­күйерлерге ұсынады. Осы жерде айтуға тура келе­тін мәселе, сол жарыстардан түсіндірме жасаушы (комментатор) журналистер телеарна талаптарына сай болуы керек.

Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына жолдама алған төрт боксшымыз: Бiржан Жақып (49 келi), Берiк Әбдiрахманов (60 келi), Данияр Елеусiнов (69 келi), Василий Левиттi (91 келi) Финляндияның Хельсинки қаласында өткен халықаралық турнирге қатыстырып, сынап көрдiк. Хельсинкидегi турнирге 17 команда қатысты. Ресейлiктер бiр салмақта негiзгi құраманың боксшысын қосып, қалған салмақ дәрежелерiнде екiншi нөмiрлi боксшыларын сынап көрудi жөн санапты.

Ғаламтордағы Айбек Нұрсейiт пен Қытайда тұратын этникалық қазақ Ғабит Тұрсынбектiң   WBK тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласта бiр-бiрiне соққы сiлтемей бауырмалдық танытқан жекпе-жектiң бейнежазбасы Қытайда ғана емес, елiмiзде де кеңiнен талқыланды. Екi батырдың жекпе-жек үстiнде жанашырлық танытуын тө­решi құп көрмей ескерту жазып, чемпиондық белбеу­дi берген жоқ.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛСА
Әз наурыз мерекесi – бiздiң бала күнiмiзден ерекше тойланып келе жатқан мейрам. Албырт шағымызда ауылдың ат баптайтын атбегiлерi ерте көктемнен арғымақтарын жаратып, сәйгүлiктерiн сылап-сипап бәйгеге әзiрленетiн. Ат бәйгесi қызып, қыз қуу, теңге iлу, аударыспақ ойындары өтетiн. Жастар жағы алтыбақанның көрiгiн қыздырса, бозбалалар арқан тартыста күштерiн сынап, жеткiн­шектер көз мергендiгiн паш етiп асық ойнап мәре-сәре болатын. Қазiр де бұл үрдiс үзiлмей жалғасын тауып келедi.