1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16106) 25 наурыз, жұма 2016

22 наурыз күнi Брюссельде болған терактiлердi бүкiл әлем айыптады. Әуежай мен метродағы жарылыстар 31 адамның өмiрiн жалмап, 300-ге жуық адам жараланды. Париждегi терактiлердiң iздерi Брюссельге әкелдi. Бiрақ Еуродақтың төрiндегi мемлекет терроризммен күресуге қауқарсыз болып шықты. Терактiлерге қатысты тергеу жүргi­зiп жатқан Бельгияның прокуратурасы жарылыстарға төрт адамның қатысы бар дейдi. Олардың бiрi – Брюссель

 20 наурызда Қазақстанда сайлау атты ескi қойылымның ремейк нұсқасының тұсаукесерi өттi. Дәл алдындағы түпнұсқасы сияқты “Нұр Отан” 82 пайыз дауыспен көрерменнiң “бұрын-соңды болмаған қолдауына ие болды”. Қосалқы рөлдегi “Ақ жол” мен ҚХКП өздерiне тиесiлi 7 пайыздық межеден өткендерiне мәз. Қажеттi дауыс ала алмаған өзге партиялар бұл жолы билiкке өкпе назын айтып, арыз жазып, алашап­қын болмады.

ӨЗ-ӨЗIМДI ӨРТЕЙМIН ДЕП ҚОРҚЫТПАСА САЙЛАУ ӘДIЛ ӨТПЕЙ МЕ?
Елдi әңкi-тәңкi қылған сайлау да өттi. Оңтүстiк өңiрде бұрын-соңды дәл мұндай айқай-шуы, өкпе-ренiшi, дау-дамайы жер жарған сайлаудың болған-болмағаны есiмiзде қалмапты. “Оң­түс­­тiк Қазақстан облысының Шардара ауданында мәслихат депутаттығына үмiттiлердiң бiрi сайлау комиссиясының отырысына баса-көктеп кiрiп, үстiне бел­гiсiз сұйықтықты құйып, өз-өзiн өртеп жiберемiн деп қорқытты.
Таңертең тұрсақ, су жоқ. Салқыны. Үйреншiктi үрдiс. Мұндайда жылумен-сумен жабдықтау кәсiпорнының диспетчерi “Өлдiм!” десең, телефон тұтқасын көтермейдi. Сосын қала әкiмiнiң қабылдау бөлмесiне телефон шалдым... — Хабарласып жатқан жалғыз сiз емес, сумен жабдықтайтын мекемемен өзiм де жаңа әрең байла­ныс­тым. Су сорғышта тоқ жоқ көрiнедi, жөндегесiн қосады...

Бүгiнде берiсi елудi, арысы жетпiс-сексен жасты еңсерген кiсiлердiң iшiнде Сайлау, Сайлаубек, Сайлаухан, Сайлаубай, Сайлаукүл деген есiмдер жиi кездеседi. Кездескенде де бiр ауылда бiрнешеуi бар болғандықтан “қай Сайлау” деп жаңылыспау үшiн оларға түр-түсiне, жүрiс-тұрысына, iс-қимылына қарап жанама теңеу жапсырып қойғанбыз. “Ұзын Сайлау”, “Сары Сайлау”, “Завферме Сайлау”, “шопыр Сайлау” деп жалғаса бередi.

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаевқа тағылған айыпқа қатысты дау-дамай әлi жалғасып жатыр. “Мемлекет қаржысын жымқырды әрi салық төлеуден жалтарды” деп айыпталған С.Матаевты қорғау шаралары ел аумағымен ғана шектелiп қалған жоқ. Сонымен бiрге Еуропарламент депутаттары мен 50-ден астам халықаралық журналистiк ұйым қолдау көрсетiп, ел президентi мен бас прокурорына хат та жолдаған болатын.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченконы Ресейдiң Ростов облысындағы Донецк қалалық соты 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Сот оны ресейлiк мемлекеттiк теле-радиокомпанияның журналис­терi Игорь Корнелюк пен Антон Волошиннiң қазасына қатысы бар деп тапты. Әу бастан айыптауға бағыт алған ресейлiк соттың басқа үкiм шығаратынына ешкiмнiң күмәнi болған жоқ.

Сонымен, бәрi айқын көрген түстей өте шықты. Жаңа күш, жаңа идеяны қажетсiнiп, аяқ астынан ерте тарап кеткен сол үш партия еш өзгерместен баяғы бағзы қалыптарында мәжiлiске қайтадан келдi (“Нұр Отан”, “Ақ жол”, “ҚХКП”). Баяғы айлалы амал, баяғы қара қарқын, баяғы нұршыл науқан, баяғы ұлық ұран. “Нұр Отан” жеңдi. Мемлекеттiк қаржыға күн көретiн телеарналар мен газет-журналдар бұл сайлаудан еш­қандай көзбояушылық көрген жоқ.

АҚШ президентi Барак Обаманың Кубаға екi күндiк сапары жөнiнде әлем газеттерi жазудай-ақ жазып жатыр. Бiр-бiрiнiң шекарасынан 90 жыл бойы тiрi тышқан өткiзбеуге тырысқан екi елдiң ендi келiп жүздесiп жатуы, кездесiп жатуы, әрине, кiм-кiмнiң де қызығушылығын тудыратыны анық.

Бiр әпенде өзiнiң ескi-құсқы киiмiн тастап, қасындағы тамырының киiмiн киiп, қонаққа барыпты. Бiрақ бiреудiң киiмiнiң қалталарының қайда екенiн бiлмей, көзiлдiрiгi мен бет орамал салған жерiн таба алмай, әуре-сарсаңға түсiптi. Соны байқаған құрдасы: – Сенiң өзiң бiртүрлi болып отырсың ғой, үстi-басыңды сипалай бересiң, бiреудiң киiмiн киiп алғаннан саумысың? – дептi. Ұрлығының үстiнен түскендей,

Соңғы уақытта ысырапшылыққа жол беретiнiмiз соншалық, көп жағдайда той мен садақаның ара-жiгiн ажыратудан қалып бара жатырмыз. Өмiрден беймезгiл өтiп жатқан жас адамның садақасында да ас шашылып, рәсуа болып жататыны тағы рас. Қайтыс болған адамның 7 күндiк, 40 күндiк, жылдық садақасын беруге қаржы таппаған ағайын банктен несие алып, белшеден қарыз­ға

Алматы қаласындағы бюсттер туралы өз ойыммен бөлiссем деп едiм. Әлем тiлдерi универ­ситетiнiң бас корпусының артында Куйбышев, Масанши, Розыбақиев, Фрун­зе және тағы басқалардың бюсттерi тұр. Мұндай күнi өткен бюсттер кiмге керек?! Осылардың орнына нағыз мемлекет және қоғам қайраткерлерi, шынайы ақын-жазушылар Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан

Колледждi тәмамдап, болашаққа жол тартқан ұл-қыздарымыз елiмiзде ұдайы үлкен кедергiлерге жолығады Мысалы, колледж бiтiргендi жұмыс орындары алмайды. Алған күннiң өзiнде қысқартуға бiрiншi болып iлiгетiн де – солар. Ендеше, “мына қаптаған колледждер неге балалардың басын ауыртып, үш-төрт жыл әурелейдi?” деген ой менi қатты мазалайды.

Бiз – кiтап оқып өскен ұрпақпыз. Бiр жазушының жақсы кiтабы жарық кө­рiптi дегендi естiсек, жар­ғақ құлағымыз жастыққа тимей, бiр-бiрiмiзден сұ­рап, iздеп, тауып оқитын едiк. Ал қазiр... Қазiргiлер көп кiтап оқымайды. Олар бәрiн “ға­ламтордан аламыз” деп ойлайды. Алайда адамның жан дүниесi, санасы, өр­кендеуi, рухани өсуi – менiңше, ға­ламтор емес, кiтапқа байланысты. Адам­гершiлiк, үлкендi сыйлау, мейiрбандық
Бүгін, яғни 25 наурыз күні мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 100 күндік асы беріледі. Ақтау қаласында. Осы күнге орай белгілі журналист Жұмабек Мұқановтың «Жүз күндік жалғыздық» атты кітабы шыққан болатын («Ақ Жайық» баспасы). Осы кітапқа алғысөзді дарынды жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев жазған екен. Халықтың аяулы ұлы Әбіш Кекілбайұлының 100 күндігіне орай өз оқырмандарымызға енді Р.Отарбаевтың осы алғысөзін («Жолданбай қалған хаттар...») ұсынып отырмыз.
Үлкен жолдың бойындағы алаңқай жерде кескен томардай болып көлiк күтiп отыр­ғанмын. Менен 20-30 қадамдай қашықтықта кiшкене жетi-сегiз бала өз ара топтанып алып, “Ұшты, ұшты” ойынын ойнап жатыр. Балалардың iшiндегi ең белсендiсi топтың ортасына шығып: – Ұшты, ұшты, тiкұшақ ұшты, – деп едi, балалардың бәрi бiрдей қол көтердi. Одан кейiнгi кезек қарлығаш, шымшық, бүркiтке келдi.
Астанаға барғанда
Жазылмай жүр неге өлең?
Қайда ақынның айбыны?
Кекірейген немеден
Кекірігім айныды.
Болған оқиғаның iзiмен
Күресте қайран қылған бар халықты,
Қазақта кiм бiлмейдi Айхановты,
Бас қосып алты құрлық алысқанда,
Айбаты Айхановтың байқалыпты,
Белiнен бұрап ұстап ырғағанда,
Ерлер арасында әр салмақта үш боксшы ғана жолдама олжалайды. Яғни жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшiн кем дегенде финалға шығуың керек. Жарылай финалда сүрiнсең де жолдамаға таласудың тағы бiр мүмкiндiгi туады. Ал қыздарға қиындау. Әр салмақта тек финал­ға шыққан боксшы бойжеткендер ғана жолдамаға қол жет­кiзедi. Мырзағали Айтжанов баптайтын елiмiздiң ерлер құрамасы Қытайға тас-түйiн дайындықпен аттанды.
«АРЛАННАН» ҚАЙМЫҚТЫ МА?
Ертең Петропавл қаласында “Астана арландары” бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымындағы кезектi жекпе-жегiн өткiзедi. Қонаққа “Puerto-Rico Hurricanes” клубының боксшылары келдi. 49 келiде Жомарт Ержан Джон Ортистiң қарымын байқап көредi, 56 келiде Нұр­сұлтан Көшеғұлов Эдгардо Ролон Варелаға қарсы айқасса, команда капитаны Самат Бәшенов Ханкарлос Ривьераға қарсы айқасқа түсуi тиiс едi.
140 МЕШIТТI ТАЗАЛАП ШЫҚҚАН
Ағайынды Аннас Аймен мен Мұхаммад Айдил Джафри және олардың достары Хизамутдин Адам Алидин көлемi жағынан әлем бойынша үшiн­шi орынды алатын Борнео аралындағы 11 штатта болып, 140 мешiтке тазалық жұмыстарын жасап, қалпына келтiр­ген. Көптеген достар тапқан.