1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (16108) 29 наурыз, сейсенбі 2016

Қызылорда қаласынан ұшып шыққан “Фоккер-100” ұшағы наурыздың 27-сiнде Астана әуежайына апатты жағдайда, алдыңғы шассисiз қонды. Ұшақтағы жүз он алты жолаушы мен 5 экипаж мүшесiнiң көрер күнi бар екен, бiр Құдай сақтады. Bek Air компаниясының пайдалануындағы ұшақтың экипаж командирi Дмитрий Родин тiлшiлерге 1981 жылдан бергi ұшу тәжiрбиесiнде алдыңғы доңғалағы ашылмай қалған ұшақты бiрiншi рет қондырғанын хабарлады.

Мәжiлiс сайлауынан бұрын да, одан кейiн де Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер, президенттiк-парламенттiк басқару жүйесiне өту жайы көптеп айтылды. Мұны тiптi президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзi де ауызға алды. Парламенттiң төменгi палатасының жаңа құрамы осы өзгерiстерге дайын ба? Саяси өзгерiстердi iске асыру үшiн қоғам не iстеуi керек? Бiз осы сұрақтарды саясаттанушы Айдос Сарымға қойып көрген едiк.

“Мәсiмов кетедi екен” деген әңгiме билiктегiлердiң бәрi сайлаудың қамымен шапқылап жүргенде бастал­ған. Бiреулер оны Ресейге елшi қылып “жiбердi”. Ендi бiреулер сәл төмендетiп, министр “тағайындады”. Тiптi оның орнына кiмнiң баратыны туралы да сөз болған. Ең шоқтықты үш үмiткердiң тiзiмiнде Астана қаласының әкiмi, “Нұр Отан” төрағасының орынбасары және бiрiншi вице-премьердiң аттары аталғаны есiмiзде.

“Республика” ақпараттық порталы жақында президент Назарбаевтың немере­ле­рiне қатысты Әлия Жұмалаева есiмдi оқырманның хатын жариялады. Хат иесi Әдiлбек Жақсыбеков пен Болат Өтемұратовтың қолдауына сүйенген Нұрлан Нығматуллин Нұрсұлтан Назарбаевтың немере­лерi – Нұрәли және Айсұлтан Назарбаев­тар­ға ауыз салды деп жазыпты. 

30 елге қара, өзiңе қара!
Австрияны өзi мүше Еуроодақ елдерiн былай қойғанда, бүкiл әлем ерекше үлгi тұтып, қызыға әрi қызғана қарайды. Австрия да Қазақстан тәрiздi мұнай және газ өндiредi. Жерiнiң асты мен үстi телегей байлыққа толы. Қара және түстi металлургия қарыштап дамыған. Бiрақ осыған қарамастан австриялықтар Құдайдың өздерiне сыйлаған байлығын мiсе тұтып, мұнайы мен металын сарп етiп, шикiзат көзiне қарап қалған жоқ. Әлемге философиясы мен мәдениетiн, музыкасын, бай рухани дүниесiн мойындата бiлген Моцарт
ӘКIМДЕР АУЫСҚАНЫМЕН, ЕЛДЕ ӨЗГЕРIС БОЛА ҚОЯР МА ЕКЕН?
Наурыздың 25-i күнi Павлодарға премьер-министр К.Мә­сiмов пен президент аппаратының жетекшiсi Н.Нығматуллин келiп, өңiрдiң жаңа басшысы Болат Бақауовты тағына отырғызып кеттi. Бұған дейiн облысты 2 жыл 4 айдай бас­қарған Қанат Бозымбаевтың энергетика министрлiгiн бас­қаруға баратыны мәлiм болып қалды. Бiр қызығы, “Бозымбаев кетедi екен” деген әңгiме өткенде Ертiс өңiрiне Н.Назарбаев арнайы сапармен келгенде шығып едi. Дегенмен, президент саяси науқанның
Сонымен, мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмыс уақытында смартфон мен планшет ұстауларына тыйым салынды. «Ақпараттың сыртқа шығуымен күресу үшiн”!   WhatsApp арқылы тараған фотокөшiрмеге сенсек, тыйым салуға мызғымас премьер-министр Кәрiм Мәсiмов қол қойған. Бiр қызығы, осыдан небәрi 6 жыл бұрын ғана (2010 жылы) Кәрiм Мәсiмов шендi-шенеунiктердi планшет ұстап жүруге мәжбүрлеген болатын.

Атыраулық полицей Манарбек Өтеуов қалалық iшкi iстер басқармасының лауазымды тұлғаларын өзiн қылмыс жасауға итермеледi деп айыптап, облыстық iшкi iстер саласын “қызмет бабын пайдаланып кәсiпкерлерден ақша бопсалайтын бизнес орталық, жезөкшелерден салық иеленетiн орын” деген шулы мәлiмдеме жасаған едi. Ол өзiнiң Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимдi басшыларының тапсырысымен өлтiргенiн мойындап, марқұмның және өзiнiң ата анасы мен туған-туысқандарынан кешiрiм сұраған.

Жамбыл облысы аумағындағы әскери бөлiмдер өткен жексенбiде дүрк көтерiлдi. Қорғаныс министрi Иманғали Тасмағамбетов жедел түрде Әулиета жерiне келiп, әскерилердi кенеттен сынақтан өткiздi. Министр Құлан ауылындағы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы, Тараз қаласындағы әскери бөлiмдерiнде және “Терiс-Ашыбұлақ” полигонында болып, осындағы сарбаздардың жауынгерлiк әзiрлiгi мен қабiлетiн тексерген. Түнгi сағат бiрде. Түн ортасында Тасмағамбетовтi не түлен түртiп жүр?

Жұмыссыздық етек алып, қымбатшылық қысқанда екi қолға бiр күрек табам деп жүрiп, тағдыры тал­қан болатындар көбейедi. Сондай жанның бiрi – Ақтөбе облысында құлдыққа түскен. Бұл туралы кеше NUR.KZ хабарлады. Ринат Омаров есiмдi азамат бұрын Ақтөбе қаласында күзетшi болып жұмыс iстеген екен. Қысқартуға ұшырағаннан кейiн, жұмыс iздеп
Он шақты жылдан берi жұ­байымыз екеуiмiз “Алматы” санаториясында тиiстi емiн алып, мүмкiндiгiнше демалып жүрген жайымыз бар.  Бастапқыда оның құрылысы ауруханаға арналып салынған екен. 1967 жылы Алматы облысы мен қала басшылары сол кез­дегi республиканы басқарған Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевты шақырып көрсетедi. Жақсы аяқ­­талып бiткен iстi ұқыптылықпен зер салып көрген соң:    
Жапонияның Фудзи жанартауының маңында Аокигахара Дзюкай атты орман бар. Жапонияның ең көрiктi жерiн аралауға келген туристер оған жақын жерде талай адамның ажалына куә орманның барын бiле бермейдi. Аокигахараның екiншi атауы – Дзюкай. Бұл сөзбе-сөз аудар­ғанда “ағаштардың теңiзi” деген мағынаны бiлдiредi. Бiрақ осы орманның ағаштары жыл сайын өзiне-өзi қол жұмсайтын адамдардың өлiмiне куә.

Бiздiң ауыл тауға жақын орналасқан. Түнде үйден шықсаң, жақын маңнан қарауытқан тау сұлбасы төбеңнен төне қарап тұрады. Басқаларға қайдам, етегiнен ойын үзiлмейтiн ауыл өзiмiзге қатты ұнайды. Жаз бойы қозы-лақтар маңырап, балалардың шатты күлкiлерiнен ол жер жаңғырып жатса, қыс мезгiлiнде сырғанақтың дәуренi жүрiп тұрады. Шаналарын көтерген қара домалақтар қырдан ылдиға қарай зуылдап, кеш қарайғанша сол маңайдан шыққылары келмейдi. Тек

СЕЗУ ТҮЙСIГIНIҢ СЫРЫН АШТЫ
Адамдардың басым көпшiлiгi сүйiскен кезде көздерiн жұматыны белгiлi. Ұлыбритания ғалымдары мұның себебiн былайша түсiндiредi. Көздi жұму миға сезу түйсiктерiн iске қосуға көмектеседi. Ал керiсiнше, көздi жұмбай, жан-жақты көру миға сипап-сезу түйсiктерiн сезiнуге кедергi келтiредi.

Осынау жұмыр жердi басып жүрген адамзат баласын Алла тағаланың қалауы­мен қауiп-қатерден аман сақтап, жебейтiндер кiмдер? Олар жайлы бiз не бiлемiз? Егер бiр адам көлiк апатынан аман қалса, болмаса лаулаған өртке оранған үйден күйiкке шалдықса да, сап-сау болып, қатарға қосылған адамдар жайлы естiгенде “перiштесi қағыпты” деймiз. Сонда перiште деген кiм? Әлбетте, адам баласын

Қытайда бокстан Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасын үлестiретiн лицензиялық турнир өтiп жатыр. Газетiмiздiң өткен сандарында електiк турнирге кiмдердiң аттанғанын жазғанбыз. Өкiнiшке қарай, сенiм артқан серкенiң бiрi Назым Қызайбай алғашқы айналымда бес дүркiн әлем чемпионы үндiстандық Мэри Комға есе жiберiп, жолдамадан қағылды

Жүз жасаған адамдар бұл өмірде, әрине, баршылық. Бірақ өлшеулі ғұмырдың осы айтулы межесін кім қалай бағындырады, оған қандай жағдайда жетеді, ол – бөлек мәселе. Бүгінгі әңгімемізге өзек болып отырған Хабиба апа – Хабиба Елебекова өмірі тағылымға толы ерекше жан! Театр табалдырығын 17 жасында аттап, өмірі өнермен біте қайнасып кеткен Хабиба апа бүгінде жүзге толып отыр.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жексенбі күні өзінің 90 жылдығын атап өтті. Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілген салтанатты шараға жиналған жұртшылықта есеп болған жоқ. Әдетте қойылым басталғанша ашық тұратын сыртқы есік бұл жолы уақы­ты­сынан бұрын тарс жабылды. Жақсыны көрмек үшін деп, жан-жақтан ағылып келіп жатқан жұртты есіктегі бақы­лаушылар:
ОЛАРДЫҢ ӘЛI ЖЕТПЕЙДI
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы Түркияда өткiзген оқу-жаттығу жиыны барысында Әзiрбайжан ұлттық құрамасына қарсы жолдастық матч өткiзiп, 1:0 нәтижесiмен жеңдi. Әзiрбайжан­дарды еңсеруге сеп болған жалғыз голды 8-минутта Мақсат Байжанов соқты.
ҚҰСТАР, ҚҰСТАР...
Жақында Өзбекстан Республикасының Ташкенттегі “Шарқ” (“Шығыс”) баспасы қазақ ақыны Есенғали Раушановтың құстар туралы кітабын мемлекеттік тапсырыс бойынша өзбек тілінде жарыққа шығарды. Кітап “Құстар,құстар, жан құстар немесе құстар әлеміне саяхат”деген атпен осымен екінші рет басылып отыр.
Льюис Кэрролл
Ұлыбританияның жазушысы Льюис Кэрроллдың ауырмайтын жерi болмапты. Қуық ауруы, қышыма, артрит, плеврит, ревматизм, сыздауық, ұйқысыздық және басқа да түрлi аурулардан зардап шегiптi. Басы да тыныштық бермей, қатты ауырып мазасын әбден алған екен.