1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (16109) 31 наурыз, бейсенбі 2016
Алматы қаласының апелляциялық алқасы азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң жазасын жеңiлдетiп, сот залынан босатты. Қаңтардың 22-сi күнi Алмалы ау­дандық сотының судьясы Марал Жарылғасова Е.Нарымбаев пен С.Мәм­бетәлиндi ҚР Қылмыстық кодексiнiң 174-бабы 1-тармағы бойынша кiнәлi деп тауып, оларды сәйкесiнше үш және екi жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесiп, бес жылға дейiн қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салған едi. Ендi

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың үстiнен қозғалған қылмыстық iс бойынша ақпараттандыру және байланыс комитетiнiң төрағасы Талғат Қазанғап пен комитеттiң бұрынғы төрағасы Болат Қалиянбеков ешқайда кетпеу туралы қолхат бердi. Бұған дейiн, өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлерi “Матаевтың iсiне” қатысты ақпараттандыру және

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТАҒЫ БIР “ПАЙДАСЫ”
Bloomberg агенттiгi Қазақстанды инфляция мен жұмыссыздық деңгейi жағынан әлемдегi экономикасы “бақытсыз” елдер тiзiмiне қосты. Қосып қана қоймай, Misery index деп аталатын рейтингтiң “алдыңғы” ондығына кiргiзiп қойды. Қазақстан экономикасы құлдыраған Венесуэла, Украина, Сербия, Түркия сынды елдермен көршi тұр. Былтыр осы “қара тiзiмде” 7-орында тұрған Еуразиялық экономикалық одақтағы басты әрiптесiмiз – Ресей санкцияға қарамастан, жағдайын “түзеп” 14-орынға сырғыған.

Бұл қазақтың арманы жоқ шығар, өзге жұрт күлу үшiн 1 сәуiрдi күтсе, қазекең сәуiрден сәуiрге iшек-сiлесi қатқан күйi келдi. Ара-арасында сәл езу тартқызған, болар-болмас жымитқан күндерге де кезiккенiмiз рас. Бiрақ одан қазақтың күлкiсi кемiп қалған жоқ. Өйткенi бiздiң халықты жақсылап тұрып бiр күлдiрiп алсаң жетiп жатыр, сол қарқынмен айлап-апталап жырқылдайды да жатады. Мiне, сөйтiп Қой жылы басталған күлкiнiң күшiмен маймылша ыржалақтаған күйi Мешiн жылына қойдық та кеттiк.

Бiздегi дағды бойынша, әр жыл сайын, “аса iрi көлемде мемлекет қаржысын ұрлаған” деген айыппен жер-көктi шулатқан қылмысты iстер қозғалып жатады. Бұған халықтың да бойы үйренiп алған, биыл кiмдi қолға алады екен деп тосып отырады. Билiктiң де бетi бүлк етпейдi. Себебi, қылмысты жасайтын өздерi. Сондықтан ұялдың не, ұялмадың не...
Орталық сайлау комиссиясының мәлiметiне қарағанда, 20 наурыздағы сайлауда ақтөбе­лiктердiң 80,26 пайызы қар аралас жаңбыр астында дауыс берген. Бұған сену-сенбеудi өзiңiз бiлерсiз. Наурыз мерекесiнен соң облыстық мәслихаттың 6-шақырылымының тұсауы кесiлiп, жаңа шақырылымның ескi депутаттары бұрынғы орындарына жайғасты. Облыстық мәслихаттың 31 депутатының 28-i “Нұр Отаннан”. “Ауыл”, “Ақжол”, “Бiрлiктен” бiр-бiр депутаттан сайланды.

Мектептегі бес күндік оқу аптасы әлем мемлекеттерінің көпшілігінде баяғыдан бар. Бірқатар мамандардың пікірінше, бұл оқушылардың сабақ жүктемесін азайтып қана қоймайды, сонымен қатар, сенбі күні толыққанды дем алып, спортпен шұғылдануына, көркемөнер үйірмелеріне барып, өзін жан-жақты дамытуына мүмкіндік береді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қа­зығұрт ауданынан «Сирияға кетті» деп хабарланған Марат Мәуленов пен оның ұлдары жіберген видео-жолдау WhatsApp арқылы тарап жатыр. Қазақстан жеріне шын жүрек­тен жолдау» (орысша түпнұсқасын­да «Послание от сердца в земли Казахстана» – ред.) деген тақы­рып­пен тараған төрт минуттық ви­деоның бастапқы бөлігінде қазы­ғұрттық жерлестері Марат Мәуле­нов екенін таныған қару асынған шоқша сақалды жігіт

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов таяуда үлкен кадрлық ауыс-түйіс жасады. Облысты басқарғанына сегізінші айға сырғыған әкім жаңа қызметке келгелі дәл мұншалықты топырлатып тағайындау жасаған жоқ еді. Бір күнде жеті басқарманың басшысын құтты орнына қондырды, араға бір күн салып, өзінің көмекшілері, аппаратындағы бөлім басшылары арасында жаңартулар жасады.

Бұл оқиға баяғыда болған. Айтайын дегенiмiз... Рачо Чобан қария таудың қуысында ешкi бағушы едi. Ешкiлерi 300-ден асады. Отбасының қамы үшiн Рачо Чобан ала жаздай ауылдың бетiн көрмейдi. “Ала жаздай” деймiз-ау, Рачо қарт ауылға екi жылда, кейде екi жарым жылда бiр-ақ рет келедi. Ешкi бағу оңай емес, Рачо қарт та ешкiнiң соңында ертелi-кеш салпақтайды да жүредi.
Анасы:
 – Балам-ау, жасың 40-тан асты. Сұрбойдақ атандың. Үйленсеңшi. Менiң де немере сүйгiм келедi. Уақыт та зырғып барады.
Баласы: – “Ой, апа-ау! О не дегенiңiз?! Президен­тiмiз айтты емес пе: “Алдымен үйлi болу керек, содан соң үйлену керек” –деп. Үлкен кiсi бекер
САЙЫН НАЗАРБЕККЕ
Қабағы мен мұрты сертиiп,
Онда Әзiретi Әлидiң
Түгi менен түсi бар.
Құрыш бiлегi серпiлiп –
Адайдың бес батпан қайрат-күшi бар.
Ленин өлiм үстiнде жатыр. Сталин:
– Жағдайыңыз өте ауыр. Билiктi маған берiп кетiңiз!
– Берер едiм, бiрақ сенiң артыңнан халық ермейдi-ау деп қорқам.
– Кiмде-кiм менiң артымнан ермесе, сол адамды сiздiң артыңыздан жiберемiн де отырамын!
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ С.ШҮКЕЕВ МЫРЗАНЫҢ ҚАПЕРІНЕ
Менің отбасымда 1-сыныпта оқитын қызым және жекеменшік балабақшаға баратын ұлым бар. Күйеуім мемлекеттік мекемеде жұмыс істейді. 2014 жыл­дың 14 қарашасында «Қол же­тімді бас­пана – 2020» бағдар­ламасы ар­қы­лы «Тұрғын жайларды сатып алу» құқығымен «Асыл Арман» ықшамауданынан
В.Любич (Қазақстан)
М.Златковский (Ресей)
Г.Басыров (Татарстан)
Л.Насыров (Өзбекстан)
И.Смирнов (Ресей)
Жақында «жоғалып» жүрген бір қыз­бен кездейсоқ танысып қалдым. 16 жасында анасымен түсініспей үйінен қашып кетіпті. Содан төрт жылдай бі­реудің табалдырығында жүріп тапқаны – басыбайсыз күйеу, некесіз бала. Үйінен безіп, дала кезіп жүрген «қаралы» күндердің бірінде Сағира өзінен 14 жас үлкен ер азаматпен жолығып, екеуі азаматтық некеде тұра бастаған.

Қадірлі оқырман! Сіздердің төл бет­теріңізді, яғни «Оқырман хаттары» деп аталатын арнайы бетті жүргізетін журналист Сәлима Ысқақова 2016 жыл­дың 1 сәуірінен бастап зейнет демалысына кетіп барады. Сәлима Сұлтекеқызы 1975 жылдың 8 жел­тоқ­санында «Лениншіл жас» газетіне (қазіргі «Жас Алаш») қаршадай қыз кезінде келіп, содан тіккен жерінде ғана жайқалатын алып бәйтерек секілді осы газетте табан аудармай 41 жыл еңбек етіпті.

Әрбір қызбала бой жетіп, ұясынан ұзатылып, жат елдің келіні атанады. Әрине, кез келген жас келін ененің мектебінен өтуі тиіс. Ене мен келіннің арасында әртүрлі түсініспеушіліктер болатыны да сөзсіз. Егер бұл түсініспеу­шіліктерге дер кезінде мән берілмесе, артынан бұл үлкен түйінге айналмақ. Яғни, ене мен келіннің арасына үлкен сызат түседі. Ал бұл отбасының кикілжіңге ұрынуына, отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінбеуіне, дүрдараздық­қа

2011 жылдың қаңтарынан бастап Эко­номика және бизнес жоғары мекте­бінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рек­торының бұйрығымен құрылған «Эко­номикалық зерттеу орталығы» жұ­мыс істейді. Бұл Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Ж.Ермекбаеваның бастамасымен ашылған еді (директоры – профессор Р.К.Сағиев). Мұнда ғылы­ми-әдістемелік

Қытайда 1,5 миллионға жуық қандастарымыз тұрады. Міне, осы қандастарымыздың Қытай саяса­тының кесірінен тілінен, дінінен айырылып бара жатқанын айтып та, жазып та жүрміз. Қазақ мек­тептерінің жабылуы, қазақ қыздары мен қытай азаматтарының үйленуі ҚХР-дағы қара көздеріміздің күннен-күнге мәңгүртке айналып, жойылып бара жатқанын көрсетсе, бұдан да сорақысы – арақ бөтелкелерінің маркасын «Қазақ» деп жапсыруы намысы бар қазаққа ауыр тиері анық. Бұл қорлау ма, әлде...

Қулық тауының бөктерінде жатқан Жылысай   ауылы Наурыз мерекесін тойлауды әр көшеге бөліп беру үрдісін он шақты жылдан бері үзбей жалғастырып келеді. Малдың аузы көкке, халықтың аузы аққа жаритын, жер-ана оянатын, күн мен түн теңеліп, жаңа жыл басталатын түркілердің төл мерекесін біздің ауыл биыл да ерекше өткізді.

Бұл оқиға осыдан отыз жыл бұрын болған едi. Жаңадан үйленген кезiм. Қалада бiрнеше күн бойы жалдамалы пәтер iздеп, әйтеуiр таптым-ау. Пәтер әйелiм екеумiздiң ойлағанымыздан да керемет болып шықты. Үш бөлмелi қызыл кiрпiштен соғылған керемет үй. Айлық төлем ақысы да онша қымбат емес. Үй иесi: “Алты айға алдын ала төлеп тастаңдар” дедi. Үйдiң iшiнде диван, айна, үстел, орындық

Қытайдың Цяньань қаласында бокстан Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына жолдама үлестiретiн турнирдiң жартылай финалына шыққан боксшылар белгiлi болды. Азия құрлығының һәм Мұхит аймағы елдерiнiң боксшылары бас қосқан доданың аяқталуы­на санаулы күн қалды. Бүгiн боксшылар жартылай финалдық бәсекелерiн өткiзiп, жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасын иеленушiлер анықталады.

ИТЖЫҒЫС ТҮСТI
Футболдан елiмiздiң ұлт­тық құрамасы Тбилисиде Грузия ұлттық құрамасына қарсы жолдастық матч өткiзiп, итжығыс түстi. “Динамо-Арена” стадионындағы тартыста алдымен бiздiң жiгiттер гол соқ­ты. 35-минутта Азат Нұр­ғалиев еншiсiне гол жазған, 38-минутта Окриашвили таразы басын теңестiрiп кеттi.  Бұл күнде Грузия ұлттық құрамасын Владимир