1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16110) 5 сәуір, сейсенбі 2016

Қазақстан билiгi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi жеке меншiкке беру үшiн 2016 жылдың 1 шiлдесiнде жергiлiктi атқарушы органдар арқылы 1,7 млн гектар жер аукцион арқылы сатылатынын жариялады. Бұл президент Назарбаевтың реформалау туралы “100 қадамының” жердi тиiмдi пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн нарықтық қатынасқа көшiру туралы 35-қадамын жүзеге асыру саясаты екен. Бiр ғана адамның бастамасымен шешiлiп жатқан өзектi мәселенiң мән-жайына түсiнiктеме беруiн сұрап, мемлекет және қоғам қайраткерi, экономика ғылымдарының докторы Серiкболсын Әбдiлдиннен сұхбат алған едiк.  

МЕКТЕПТЕР ПАЙДА ТАБАТЫН МЕКЕМЕ БОЛМАҚ ПА?..
Қашаннан-ақ бiлiм-тәрбиенiң басты ошағы саналып келген мектептен ендiгi жерде мән кететiн түрi бар. Қайдан құлақ шығарса да өзi бiлiп, өзi кесiп-пiшiп үйренген шолақ белсендiлер мектептiң мәртебесiн өзгерткендi жөн көрiптi. Соңғы кезде әрi бiлгiш әрi нұсқау бергiш кейпiне енген Дариға Назарбаева астаналық мұғалiмдермен кездесуiнде осы жайтты мәлiмдедi.

Өткен сенбiге қараған түнi Таулы Қарабақта Армения мен Әзiрбайжанның әскери күштерi арасындағы қақтығыс аймақтағы ахуалды ушықтырып жiбердi. Бұл – екi ел бiтiмгерлiк жөнiндегi келiсiмдi жасаған 22 жылдан берi болған ең жойқын кескiлескен шайқас. Бiтiмгерлiк келiсiмiнiң бұзылғаны үшiн екi тарап бiрiн-бiрi айыптады.

БIЗ НЕГЕ ТАБЫСТАН ҚАҒЫЛДЫҚ?
2017 жылдан бастап әр тұр­ғынға шамамен 220 мың теңге көлемiнде қаржы берiлетiн болды. Қарызға емес. Қайтарымсыз. Ешқандай үстем ақы­сыз. Тегiн. Бәрiне бiрдей. Бай-ке­дейiне қарамастан. Еңбегiне айлық алушыға да, жұмыссыз жүрген жанға да. Ай сайын. Тұрақты түрде. Не үшiн? Мемлекет байлығының қызығын халыққа теңдей көрсету үшiн! Әрине, шендiлер үкiмет үлестi­рер мемлекеттiң бұл
Өткен аптада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ұшып барып, Вашингтонда өткен ядролық қауiпсiздiк саммитiне қатысты. Жиында баяндама жасаған ол тақырыптан ауытқып, елдiң “iшкi мәселелерiн” де сөз еттi. Оның бiрi мақтанғандай әсер қалдырса, ендi бiрi ақталғанға ұқсады. Шынын айту керек, ядролық қауiпсiздiк саммитiнен де сән кетiп бара жатыр.
Вице-премьердiң соңғы бiрнеше күн iшiндегi аяқ алысы ерiксiз осындай ойға жетелейдi. Президент АҚШ-қа аттана сала Д.Назарбаевадан да тыным кеттi. Ерке қыздың мұнысын тiзгiн ұстауға ұмтылыс ретiнде бағалаған жандар көп, қиялдағы дәменiң жылт еткен көрiнiсiне телiгендер де бар. Расымен, соңғы кезде жұрт Дариғаны танымай қал­ған
Маңғыстау облысының прокуроры Дастан Сартаевтың назарына
Президент жыл сайын жарғақ құлағы жастыққа тимей жолдау жасап, онда кәсiпкерлерге ерекше қолдау керектiгiн айтып жатса да, Ақтауда оны құлаққа iлмейтiндер бар. Қаланың ортасындағы “РусКаз” базарының қожайыны Юрий Волков солардың қатарынан.
ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫ — ЖАС АЛАШТЫҢ ЖЕҢIСI     
“Жас Алаш” газетiнiң тұрақты оқырманы болғандықтан оның әр санын асыға күтiп, ондағы материалдарды ой сүз­гiсiнен өткiзе оқимын. Газетте жарияланған Жасан Зекейұлына қатысты мақалалардың бiрде-бiрiн мүлт жiбермей оқып отырдым. Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 сотының да, кейiнгi апелляциялық соттың ше­шiмдерi де қайран қалдырды.

Тоқсан бес жылдық тарихы бар, бүкiл қазақ халқының жүрегiнен терең орын алған, 30 мыңнан астам оқырманы бар, Қазақстан бойынша қазақтiлдi басылымдардың iшiндегi ең бетке ұстар,танымалы газетiмiз – “Жас Алаш­қа” Жасан Зекей мырза жап­қан жазықсыз жалаға Алмалы аудандық екiншi – соты мен Алматы қалалық алқа соты арт-артынан әдiлетсiз шешiм шығарды.

Түрлі реформалардан көз ашпай келе жатқан Білім және ғылым министрлігі тағы бір жаңалықтың шетін шығарды. Бұл туралы жуырда ғана сала басшысы Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта оқу гранттары ваучерлерге ауыстырылады екен. Ал ваучер деген немене? Оның қазіргі гранттан қандай айырмашылығы бар?

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетте журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі олимпиада өтті. Олим­пиа­даның 1-кезеңінде студенттер журналис­тикаға кіріспе, шетел журналистикасы, журналистика тарихы және тележурналистика пәндері бойынша тест тапсырмаларын орын­дады. Білім сайысының екінші күнінде қатысушы командалар «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»

Араб жігітіне күйеуге шығып, Мысыр асқан қазақ қызының аянышты тағдыры туралы пікірлер әлеумет­тік желіні шарлап жүр. Бұл - белгілі тарихшы, түркітанушы ғалым Қар­жау­бай Сартқожаұлының әңгімесі жазылған бейнежазба көпшілікті бей жай қалдырмағанын білдірсе керек. Ал одан аруларымыз қандай сабақ алуы керек?

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанда студенттік туризмді дамытудың нақты шараларын жасақтауды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. – Студенттік туризмді дамыту – өте жақ­сы идея. Бірлесе отырып, туристік маршруттарды анықтауға болады. Алайда инфра­құры­лымға бүгінде көңіл толмайды.
ЖАҢАЛЫҚТАРЫ – АДАМ ҮШІН
Әрине, өнертапқыштардың ойлап тапқан барлық жаңалықтары қоғамның, өркениеттің дамуына үлес қосатыны анық. Оның бәрі айналып келгенде адамзатқа қызмет етеді. Дегенмен адамға, оның денсаулығына, өмір сүру дейгейін жақсартуға тікелей қатысты жаңалықтар да бар. Біз бүгін өнертапқыш студенттердің еңбегін іріктегенде осы жағына мән беруге тырыстық.

Қазақтың біртуар ұлы, талантты журналист, жазушы, баспагер, «Жас Алаш» газетінің байырғы қызметкері марқұм Нұрмахан Оразбековтің дүниеден озғанына да үш айдан асып барады. Бұл мақаланы әріптес інісі, ақын Есенғали Раушанов оның көзі тірісінде жазған екен. Бірақ түрлі себептерге байланыс­ты уақытында жарық көрмей қалған. «Ештен кеш жақсы» деп, ардақты ағамыз туралы ақын лебізін жариялауды жөн көрдік.

АРНАЙЫ КЕШ ӨТТІ
Қарапайым ауыл мұ­ға­лімінен Қазақ КСР Ор­та­лық атқару комитеті төра­ғалығына дейін кө­те­ріл­ген Ұзақбай Құлым­бе­товтің қазақ халқы­ның тарихында алар орны зор. Қазақ­тың маң­­­дайы­на біткен дара тұлға ке­ңес өкіметінің қылышы­нан қан тамған қиын-қыстау заманда елі мен жерінің азаттығы үшін аянбай еңбек етті.

Қытайда Азия құрлығы мен Мұхит аймағы елдерiнiң боксшылары арасындағы електiк турнир мәресiне жеттi. Мырзағали Айтжанов баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы жоспарды орындады. “Бiз кемiнде төрт жолдама алуымыз керек” деген атқа қонарда бас бапкер М.Айтжанов. Бiлiктi бапкердiң додаға қосқан алты нояны да Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиа­дасына барады.

ҚҰРЛЫҚҚА КҮШIН КӨРСЕТПЕК  
Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 21-30 сәуiр аралығында Ташкент қаласында өтедi. Ұлттық құраманың бас бапкерi құрлық бiрiншiлiгiне бес атлеттi қосуды жөн көрiптi. Ташкент төрiнде елiмiздiң намысын Азия чемпионы Рүстем Сыбай, жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионатының жүлдегерi Альберт Линдер, әлем чемпионы Владимир Седов, жасөспiрiмдер арасында өткен

Футболдан ел чемпионатының үшiншi турында күтпеген нәтижелер тiркелдi. Жек­сенбiде өткен ойында оралдық “Ақжайық” футбол клубы алматылық “Қайратты” 2:1 есебiмен ұтты. Бiрiншi лигадан топ жарып шығып, премьер-лигага қайта оралған оралдықтардың қарқыны күштi. Оралдағы матчта есеп­тi “Ақжайық” футболшылары ашты. Коронельдiң 49-минутта соққан голына