1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16111) 7 сәуір, бейсенбі 2016

Егер халық шендiлердiң жұмысына мектептiң мұғалiмi құсап баға қойып, үлгерiмi нашарларды сыныптан сырғытып отырса, Кәрiм Мәсiмов баяғыда-ақ санаттан шығып қалғандай екен. Себебi қымбатшылық құрсауындағы халықты былай қой­ғанда, салқынқанды сарапшылардың өзi үкiмет басшысының жұмысын жаратпай жатыр. Жуырда ғана 3653info.kz порталы “Мәсiмовтiң екiншi премьерлiгiнiң бiрiншiсiнен айырмасы неде?” деген материал жариялады.

ҮКIМЕТ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН ДА ЖЕКЕМЕНШIККЕ БЕРУДI ҰЙҒАРДЫ
Қазақстан шенеунiктерiнiң бюджетке түсер салмақты азайтудың қандай да болсын жолдарын табуға тырысқан жанталасы күннен-күнге өршiп барады. Қазына қаражатынан қағылар мекеме­лердi аяусыз қиып жатқан өткiр қайшыға бұл жолы денсаулық саласы iлiндi. Астаналық дәрi­гер­лермен   жуырдағы кездесуiнде Дариға Назарбаева осы мәселенiң басын қылтитты. Елiмiздегi медициналық мекемелердiң барлығы болашақта жекемен­шiкке берiлмек.

Дайын тапсырыстағы әр түрлi әскери немесе жұмысшы киiмдерiн тiгетiн жиырма шақты кәсiпорын сәуiрдiң 5-i күнi Астанада көрме өткiзiп, көктеп тiккен мектеп формаларын Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтiң алдына жайды. Сөздерiне қарағанда тапсырыс болса, олар ендi мектеп формасын қиналмай тiгетiн жағдайға жеткен. Министр “манекенге” кигiзiлген жейде, костюм, юбкаларды қолымен ұстап көргенiмен, iшi-сыртын ашып қарамады.

3 сәуiрден берi бүкiл әлемдi дүрлiктiрiп, кейбiр мемлекет жетекшiлерi мен олардың туыстарының оффшордағы шоттарын жария еткен Панамагейт әзiрге талайдың түбiне жетпесе де, дамыған демократиялық елдерде айтарлықтай дүрбелең тудырды. Жария етiлген есепте Исландия премьер-министрi мен оның әйелiнiң аты аталады. “Панама құжаттарына” сенсек, премьер-министр Сигмундур Давид

Қар ерiсiмен қазан шұңқырлар мен батпаққа айналған Ақтөбе қаласының көшелерiн осы жылы мердiгерлер қайта жөндеп шығады. Өйтпеген жағдайда бұл мекемелер жол жөндеу жұмыстарына   қатыстырылмайды. Осылай деп шешкен облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев жолды қабылдау комиссиясы құрылатынын да ескерттi. Қала әкiмi Бекбол Сағын бюджеттен 100 миллион теңгенi шұғыл қарастырып

Әзiрбайжан мен Армения 5 сәуiрде Таулы Қарабақ бойынша бiтiмге кел­ген­­дерiн жариялады. Екi елдiң қорғаныс министрлiгi даулы аймақтағы шекара сызығында оқ атуды тоқтатуға бұйрық бергендерiн мәлiмдедi. Алайда мұны жауласқан тараптардың уақытша тыныстауы деп қарастырған жөн. Бiтiм туралы жарияланған күннiң ертеңiнде-ақ, Баку армяндардың бiтiм туралы уағдаластықты 115 рет бұзғанын мәлiмдедi.
Мен 1980 жылдардың ортасында Моңғолия Спорт коми­тетiнде жауапты жұмысқа орналастым. Жұмысты қабылдап алып жатып, көзiм бiр сандыққа түстi. Сандық болғанда да, қа­зақы сандық. Моңғолдың сандығы алдынан ашылады, ал мына сандық төбесiнен ашылады. “Қазақтың сандығы бұл жерде қайдан жүр?” деп сұрастырсам, бұл сандықты 1980 жылы Әбiл­сейiт Айханов сыйға тартыпты. Осы жылдары Ә.Айханов

Бүгінде ел-жұрт құлақтанып қалғандай, 2017 жылдың басынан бастап халық тұтынатын тауарлардың, азық-түліктердің бағасы реттелмейтін болады. Бұны оқырмандарға түсінікті етіп айтсақ, мемлекет тарапынан бағаға бақылау жасалмайды деген сөз. Осы жөнінде өт­кен жылдың аяғында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті­нің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Бала күннен әдемi ақ көйлек киiп, салтанатты неке қию рәсiмiн армандамайтын бойжеткен жоқ шығар. Осындай ерекше той ұйымдастырудың қыр-сырын, өзiндiк қиындығын көрсету үшiн 31 арна “Келiндер бәйгесi” атты жоба ұйымдастырыпты.

Менiң дос қызым кезiнде кикбоксингпен кәсiби шұғылданған, қазiр де үнемi фитнесс залға барып, дене шынықтырумен айналысады. Былтыр Алматыда марафонға қатысып, 42 км. қашықтыққа жүгiргенi тағы бар. Бiрақ қалың киiм киген адамның қайсысы спортшы, қайсысы қарапайым екенiн ажыратып болмайсың ғой. Дос қызымның бойы да орташадан тө­мендеу, көзiнде көзiлдiрiгi бар. Шамасы, ұрлықшы бұл қызды сыртқы пошымына қарап әлжуаз бiреу деген болуы керек. Ендi құрбымның әңгiмесiне құлақ түрелiк:

Бармаған жерiмiз, баспаған тауымыз қалмады. Шағымымызды айтып, Шымкент қалалық әкiмдiгiне талай рет арыз да жаздық. Оның бiр данасын “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалына да бердiк. Кезiнде облыс әкiмi Асқар Мырзахметовке де жазғанбыз, мәселемiз бәрiбiр шешiлген жоқ. Бұдан алты жыл бұрын жазған арызымызға қала әкiмiнiң сол кездегi орынбасары былай жауап берiп едi: “112-орамдағы

Бүкiл қазақты қаралағым келмейдi, бiрақ ұлт болашағы үшiн қоғамдағы бүгiнгi келеңсiз жағдайларды айтпасқа амал жоқ. Тастанды сәбилер мен темiртордың ар жағындағылардың, тәнiн сау­далаған қыздар мен сүр бойдақ жiгiттердiң арасында қаракөз қазақтардың саны көбейген үстiне көбею­де. Осы жағдайлардың барлығы қазақтың болашағына балта шабуда. Ұл-қыздарымызға жат, жағымсыз қылықтардың барлығына отбасындағы, қоғамдағы

Қыркүйек айының орта шенi. Шаруам болып, ауылдасымның үйiне жолым түстi. Ауылдасымның өзi де, әйелi де мұғалiм. Жексенбi болғандықтан екеуi жайланып, шай iшiп отыр екен. Төрге шығып жайғаса бергенiмде, асүйдiң бұрышында үйiлiп жатқан газеттерге көзiм түстi. Қызығушылық танытып, қолыма бiр газет алып қарасам, белгiлi республикалық газеттiң соңғы саны

Тәуелсiз Қазақстан тұ­сында қазақ телеарналарының жалғыз жетiстiгi – әртiс ағайындарды жүз пайыз жұмысқа жеккендiгiнде. Қай арнаны қоссақ та, баяғының, бүгiнгiнiң әртiстерi сан түрлi бағдарламаларды жүргiзiп жатады. Теледидар – 300-400 адам жиналып тамашаға бататын мейрамхана, театр емес. Ол – дүйiм жұрт телмiре қарап отырып ақпарат, рухани азық алатын сандық. Құдды өмiрде айтар жаңалық қалмағандай,

Жасым алпысқа келiп, сама­йымды ақ қырау шалса да, тiстерiмдi протез алмастырса да, атың өшкiр егделiктi жуық арада мойындайтын түрiм жоқ. Бетi жылтыраған келiншек көр­сем болды, өзiмнен-өзiм елiрiп, қылмыңдап, сөзбен тиiскiм келiп тұрады. Ол менi жақтыра ма, жақтырмай ма, онда шаруам жоқ. 

ҰЛЫ ҚАЙҒЫ
Өмiр өттi арпалыспен, тартыспен,
Кездерiм көп артық кеткен, кем түскен.
Бабалардан – маған дейiн ұласқан,
Қайғым ұзақ ұзын аққан Ертiстен.

2014 жыл басталғаннан-ақ “Биыл алаштың айбоз ұлы Мұстафа Өзтүрiктiң туғанына алпыс жыл толады. 2004 жылы елу жылдығында едел-жедел орнатылған ескерткiштiң елге күлкi болып он жыл тұрғаны жетедi. Қазақ даласына шығыс жекпе-жек өнерi таеквондо спортының қазығын қағып, мәуелi бәйтеректей тереңге тамырлануына орасан үлесiн қосқан жампоз – Мұстафа Өзтүрiк. Елiне еңбегi сiңген азаматтың маңдайы жар­қыраған,

ҚАРЫМТА ТАРТЫСТА ШЕШIЛЕДI
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы тартысы өттi. Каталондық “Барселона” мадридтiк “Атлетиконы” 2:1 есебмен ең­сердi. Тартыста есептi қонақтар ашып, Фернандо Торрес дараланған. Арада он минут өткенде төрешi Торрестi өрескел тәртiп бұзғаны үшiн алаңнан қуып жi­бердi. Бiр футболшының