1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (16112) 12 сәуір, сейсенбі 2016
Мектептердi үш тiлде бiлiм беруге көшiру бүгiнде даулы мәселеге айналды. Бiлiм жүйесiндегi былыққа жаны күйген азаматтар әлеу­меттiк желi арқылы президент пен парламенттiң, сала министрiнiң атына ашық хат жолдап үлгердi. “Бұл ­– ұлтқа төнген үлкен қауiп!” деп шырылдаған қа­уым: “Бiлiм жүйесi қазақ елiнiң мектеп жасындағы ұрпағына кезектi эксперимент жүргiзбекшi. Сорақысы, осы жолғысы тiлiмiздiң мүлде өшуiне (бұл ұлт өшуi­нiң алғышарты екенi сөзсiз) қойылған төте жол. ...Барлық ғылымның алғышарты жаратылыстану пәндерi екенi белгiлi.

Ахмет Байтұрсыновтың “Арыстан киiк һәм түлкi” дейтiн мысал-өлеңi былай басталады: “Бар едi бiр зеңгiр тау асқан биiк, Әртүрлi мекен еткен аңдар сүйiп. Жол шеккен тамақ iздеп аш арыстан, Сол таудың арасынан қуды киiк”. Алғашқы шумағының өзi шиеленiспен өрiлген өлеңдi бiр деммен оқып шығасыз. Сосын түлкiнiң сөзiне ерiп, жардан ұшып өлген арыстанның қылығына ерiксiз езу тартасыз.

Биыл адамзат баласының қазақ жерiнен ғарышқа ұшқан тарихи оқиғасына 55 жыл толды. “Байқоңыр” – адам баласын бұрын-соңды аяқ баспаған жаңа әлемге аттандырған тұңғыш айлақ. Оның тарихы 1954 жылы Кеңес Одағы алысқа ұшатын баллистикалық зымырандарды сынайтын қолайлы орынды табу үшiн Мемлекеттiк комиссия құрған кезден бас­талады. Кеңестер елiнiң бiрқатар өлкесiн аралаған комиссия сынақ полигонын

Канада премьер-министрi Джастин Трюдоның басы дауға қалып, тал қармап жатыр. Жағдайы қиын. Ол елдегi Торронто қаласына ресми iс сапармен барғанында мемлекеттiң, анығын айтқанда, қарапайым салық төлеушiлердiң қаржысын оңды-солды шашып тастапты. Бақандай 2 000 (екi мың) долларға! Трюдо кеңесi ақталып әлек. “Есеп-шотқа жиналыс өткiзуге алған кеңсе ақысы – 700 долларды қателесiп қосып жiберген. Сосын, Трюдо қонған бөлме бағасы 1800 емес, екi түнге 1200 доллар ғана.

“Эхо Москвы” радиосының хабарлауынша, өткен аптада Саратов облысындағы Балаково қаласы тұрғынының Ресей президентi Владимир Путиндi сотқа берген. Саратов облыстық сотына түсiрген шағымында арыз берушi Николай Суворов бұған Путиннiң “халық жауы, олигархтар мен шенеу­нiк­тердiң досы болғаны, Ре­­сейдi тонағаны мен Ресей халқын қайыршы қылғаны,  мил­­­ли­ардер-тонаушыларды байыт­­­қаны” себеп болғанын жазған.

Қырғызстан премьер-министрi Темiр Сариевтiң қызметiнен кетуiне Ыстықкөл облысындағы Балықшы-Корумды тас жолын қалпына келтiру төңiрегiндегi дау-дамай себеп болған көрiнедi. Кеше ол Бiшкекте өткен үкiметтiң кезектен тыс отырысында отставкаға кететiнiн ресми түрде мәлiмдедi.

Кезiнде Ұлттық банк төрағасы болып тұрғанда қызыл сөзге құмар Григорий Марченко “егер бiздiң банктердiң қызметiне шәк кел­тiрсеңiздер, менiң айтқаным (девальвация жөнiнде) айдай келмесе, онда сақал-мұртымды қырып тастаймын” деп бөскенi әлi ұмытылған жоқ. Бiреу бiлер, бiреу бiлмес, бұл Марченкоңыз Ұлттық банктi екi рет (1999-2004 жж. және 2009-2013 жж.) басқарды.

Жыл сайын көктемде келетiн бiр апталық су тасқыны – бiр жылға жетерлiк әбiгерге салып кетедi. Былтырғы жылы Ақмола облысының Целиноград, Атбасар аудандарында жүздеген отбасы баспанасыз қалған едi. Биылғы жылы да солтүстiк аймақтарда осы жағдай қайталанып жатыр. Қазiр Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тайынша, Аққайың, Шал ақын, Есiл аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Алматыдағы молалар жаппай жекешелендiрiлмек. Қала билiгi қаржы үнемдеу үшiн қорымдарды да сатуды көздеп отыр. Басқаша айтсақ, әкiмшiлiк бейiттердiң тазалығын сақтап, көгалдандыру жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ, қызметкерлерге жалақы төлеу үшiн қала бюджетiнен жыл сайын бөлiнетiн 67 миллион теңгенi ауырсынған.

Мен саясаткер де, кәсiпкер де, шенеунiк те емес, қарапайым халықтың бiрiмiн. Дегенмен қоғамнан тыс өмiр сүрiп жатпағандықтан, қоғамдық мәселенi қалт жiбермеймiз. Қазiр халықтың сана-сезiмi оянып, айналадағы оқиғаларды өз түсiнiгiмен қабылдап, өз көзқарасын бiлдiретiн халге жеттi. Ақиқатты қажетсiнбейтiн қоғам болмайды. Халық қашанда шындықты қалайды.

Бүгінгі өзекті мәселе – адамзат қозғалыстан қалып барады. Қоғам дамыған сайын қол еңбегінің көпшілігін тұрмыстық техникалар атқарады. Жұмыста да, үйде де аз қозғаламыз. Жаяу жүретіндер де сирек. Соның салдарынан семіздік елдің көпшілігінің бас ауруына айналды.

Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады. Ойлап көріңізші, Даяна, Диана, Диас, Аруна, Аслан, Рифхат, Равиль деген есімдерде не мағына бар? Мамандар адамның есімі болашағына, тағдырына әсер ететінін растайды. Мысалы, Батыр, Азамат, Алпамыс, Қайрат, Қайсар сияқты қатқыл есімді балалар өмірде батыл
Тауық еті бағзы заманнан бері ауыр науқас­тардың әлденуі үшін таптырмас тағам ретінде белгілі. Өйткені, ол сіңімді, сондай-ақ, дәрумендер мен минералдарға бай, қан айналымын ретке келтіреді, шаш пен терінің жағдайын жақсартады, жүйке жүйесін нығайтады. Сондықтан тауық еті көптеген халықтардың ас мәзірінде кеңінен қолданылады.
Отбасының сүйікті асына айналар ерекше тағамның бірі– «Қалташадағы тауық».

Демограф ғалым Мұқаш Тәтімнің соңғы деректеріне жүгінсек, бүгінгі таңда Қа­зақ­станда 270 мыңнан астам кәрі қыздар бар екен. Оның 200 мыңға жуығы – өзіміздің қара­көздеріміз. Тұрмыс құр­ма­ған қыздар саны күн санап өсе түсуде. Адамның ғана емес, бұл қоғамның да қасіре­ті шығар. «Оқуымды бітіріп алайын. Содан соң елге барып, екі-үш жыл жұмыс іс­тейін, ата-анама еңбегімнің жемісін жегізейін»

Қазақтың ұлттық сусыны– қымыздың денсаулыққа пайдасын айтпағанда, тері күтіміне де жағымды әсері көп. Сол себепті, бүгінде ол косметика саласында кеңінен қолданыла бастады. Адам ағзасын, терісін жасартатындықтан, қымыздан шашқа арнайы маскалар жасалады. Ал Германияда қымыздан түрлі әтірлер мен сабындар жасау өндірісі дамып келе жатыр.

Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың өткен ғасырдың 30-жылдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар жайында сыр шертетін «Түнектен оралған есімдер» атты төрт томдық жинағының төртінші кітабы жарық көрді Бұл томда жазықсыз жазаланған мемлекет және әдебиет пен мәдениет қайраткерлері туралы сөз болады.

«Сұмдық-ай! Мұнысы несі?» дер біреулер. Сұмдық екені рас. Алайда біз бұл сөзді тіпті де ерте емес, көп кешігіп айтудамыз. Өйткені адамзат осы бағы­тымен енді бірнеше адым жасаса, әлемнің әлде бір тұңғиығына тура барып түсудің алдында тұр. Егер доңғалақ өзінің шең­бе­рінен шығып, төмен қарай сырғып кетсе, енді оны тоқтата­тын ешбір құдіретті күш табылмасы анық! Және бұл – сары­уайым да емес, төтеден төніп тұрған нақты қатер.

Әлеуметтік желідегі «қысыр әңгімелерге» көңіл аудара бермеймін. Ондай «сыншылар», әдетте, бүркеншік атпен жазады. Мәселен, «Қазақтың қарапайым біреуі», «Мен», «Семей» деген сияқты. Айтар ойың болса ашық білдір, өзіңе сенсең, өзіңдікін жөн деп тұрсаң, несіне жасырынасың? Сонан кейін ауыз өзімдікі екен деп, жөнді-жөнсіз адамға тіл тигізу де аса мәдениеттілік емес тегінде...

Бокстан Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамаларын әуесқой бокстың халықаралық ассоциа­циясы (АИБА) бiрнеше бағыт бойынша таратты. Алдымен АРВ (AIBA Pro Boxing) жобасында Рио Олимпиадасының жолдамалары үлестiрiлдi. Одан кейiн бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымында да әр салмақта боксшылар Олимпиада жолдамасына ие болды.

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚОРЖЫНДА
Италияда өткен әлем чемпионатына В дивизионында қатысқан елiмiздiң қыздар құрамасы қола медальға ие болды.
Азиаго қаласындағы әлем чемпионатының қола жүлдесiне таласта бойжеткендерiмiз Италияның бұрымдыларымен тең тарқасқан (1:1), бiздiң қыздар 7 ұпай жинап, 3-орынға жайғасты. Зарина Тухтиева мен Аленка Фукс әлем чемпио­натында 8 шайбадан соғып, мергендер қатарынан көрiндi.