1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16113) 14 сәуір, бейсенбі 2016

Күнi кеше ақпарат құралдары мен әлеуметтiк желiнi шулатып, Назар­баев пәнiн енгiзудi ұсынып жүрген шымкенттiк ғалым Нұрали Өткелбаев жақында баспадан “Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаевтың мақал-мәтелдерi мен қанатты сөздерi” деп аталатын жаңа кiтабын жарыққа шығарғалы жатыр. Ал “Назарбаевтану” пәнiн енгiзудi ұсын­ған мақаласы “

Анығында, Шымкент университетiнiң профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрали Өткелбаевтың жалпы бiлiм беретiн мектептерге “Назарбаевтану” сабағын енгiзу жөнiндегi ұсынысымен Бiлiм және ғылым министрлiгiне шыққанын әрi бұл бастаманың мақұлданғанын бiр емес, бiрнеше БАҚ жазды.

Қырғыз халқының ел билiгiн електен өткiзуi едел-жедел. Қызметiнен “қылпық шықса”, ешкiмдi де аямайды. Анау-мынау шендi-шекпендiнi былай қойғанда, президенттiң өзiн жер аударып жiбередi. Күнi кеше үкiмет басшысы Темiр Сариев те елiнiң елегiнен құрғақ құмдай сусып түстi. Бұл – тәуелсiздiк алған 25 жыл iшiндегi орнын босатқан 28-iншi премьер-министр.

«ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» СОНЫҢ БIРI
Елiмiздiң “бас мұғалiмi” бi­лiм саласында жүзеге асырғалы жатқан жаңалықтарын не­гiз­деуге жаңа дә­йек­тер тапты. Оның айтуынша, мұның бәрi ауыл мен қала мектептерi­нiң арасындағы деңгей алшақтығын жоюды көксейтiн көрi­недi.
“Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргiзген зерт­теу­лер бойынша, ЭЫДҰ елдерiндегi ауыл мектептерi қала мектептерiнен
«ТРИБУНА» ҰЖЫМЫ БҰҒАН ЖАУАП РЕТIНДЕ «ПЕРУАШЕВКЕ ҚАЙЫРЫМ ҚЫЛ!» АКЦИЯСЫН БАСТАМАҚ
Ақпараттық кеңiстiкке шыққан 3,5 жылдың iшiнде “Трибуна” газетi билiктiң қудалауын аз көрген жоқ. Жарық көргенiне бiр жыл толар-толмаста Алматы қаласы әкiмшiлiгi ойдан құрастырылған себептермен газеттiң жұмысын 3 айға тоқтатты. Алайда редакция ұжымы қысымға қарамастан, тiркеуден өткен бас­қа газеттiң көмегiмен,
ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ОСЫНДАЙ ПIКIРЛЕР НЕГЕ АЙТЫЛАДЫ?
Қазақстанда ғылымға бөлiнетiн қаржы жылдан-жылға азайып, биылғы жылы бұл саланы дамытуға жалпы iшкi өнiмнiң небәрi 0,076 пайызы ғана жұмсалмақ. Бұл салада еңбектенетiн ғалымдардың жағдайы да мемлекет назарынан тыс қалғалы қашан. Жақсы жалақыны былай қойғанда, белдi ғылыми институттар таратылып, ендi бiрi бiрiгудiң алдында тұрғандықтан, бiрер жылда ғылымды дамыту емес, сақтап қалу төңiрегiнде сөз қозғауымыз бек мүмкiн.

“Бiрқатар елдi мекендерде алабөтен оқиға басталып, апаттық митингiлер өттi. Мұның соңы дүкендердiң жаппай ойрандалуы мен әкiмшiлiк ғимараттар, көлiктердiң өртенуiне ұласты. Бұдан бөлек, елдегi жолы қиын аудандарда атыс қаруымен, қол граната ат­қыштары, тасымалданатын минаатқыштармен жарақтал­ған 150 шақты адам жасақ құрып, елдi мекен iшiндегi ғимаратқа жасырып алған”. Астана

Алматыдағы ҚР Ұлттық кiтап­ханасында 12 сәуiр күнi “Ел мақтаныштары” атты фотокөрме өттi. Ұйымдастырушысы “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгi, бас демеушi “Bank RBK” АҚ.  Көрмеде “Халық қаһарманы”, “Еңбек Ерi” атақтарына ие болған тұл­ға­­лардың, олим­пиада чем­пиондары, мәден­иет, экономика салаларында мем­лекеттiк сыйлыққа ие бол­ған және де басқа да танымал тұлғалардың фото­су­рет­терi қойылды.
Қазақстан – инвестиция салу үшiн қолайлы ел. Осы орайда әр өңiр өз мүмкiндiктерiн ескере отырып инвесторлар тартуға мүдделi. Айталық, Жамбыл облысы бұл бағытта ауылшаруашылық саласына басымдық берген. “Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелерiне арналған брифинг барысында

Атырауда аса көрнекті ақынымыз, Әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің еңселі ескерткіші ашылғанына да бірер айдың жүзі болды. Сөз жоқ, ескерткіш өте еңселі, әдемі. Көзің де тояды, көңілің де сүйсінеді. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес. Біз ескерткішке адамның аты-жөнін жазғанда неге әлі күнге «ов», «ев» деп жазамыз? Біле білсек, ескерткіш дегеніміз – бүгін қойып, ертең

Ұмытпасам, 1970 жылы бо­луы керек. Алматы – Мәскеу бағытындағы пойызбен Жам­был (қазіргі Тараз) қаласынан Қызыл­ордаға қарай бет алып келе жат­қанмын. Тамақтанып алу үшін пойыздың мейрамханасына барып бос орынға жай­ғас­тым. Бір уақытта орта жас­тағы жігіт мен отырған үстелге келіп отырды. Екеу­міз дастар­қандас болдық. Тамақ та екеу­мізге бірдей келді.

Бүгінде «сәбиді қырқынан шығару» деген ұғымның астарында қандай мән-мағына бар екенін ескере бермейтіндер бар. Олай дейтінім, жақында құрбым босанып, ауылына бардым. Барған бетте бөпенің шашын, тырнағын қыр­қынан шықпай тұрып алып тастаған ата-енесінің әрекетін көріп таң­ғалдым. «Кешіріңіздер, бұларыңыз қалай?

«Жас Алаш» газетінде Батыс Қазақстан облысы, Зелен ауданы, Мичурин ауылының тұрғыны Марат Батайұлының «Баукең атындағы орден керек-ақ» деген мақаласы     (25 ақпан, 2016 жыл) жарияланды. Баукеңнің майдандағы ба­тылдығы мен батырлығы жөнін­де аз жазылған жоқ. Баукеңнің ерлігі туралы шетелдіктердің де (кубалықтар, венгрлер, поляктар және т.б.) тамсана жазғаны белгілі.
Мұғалжар ауданының орта­лығы – Қандыағаш қаласынан 130 шақырым жердегі Мұғалжар дей­тін ауылда тұрамыз. Ауылдың 2100 тұрғыны бар. Айтайын деп отырғаным, ауыл имамының кісілік келбеті жөнінде. 2015 жылдың қарашасында Мұғалжар ауы­лының мешітіне бас имам болып 33 жастағы Бақытжан Демесінов тағайын­далды. Мешіт­тің кілті қолына тап­сырыл­ғаннан бері жас имам өзінің білік­ті­лігін жан-жақты көрсетіп келеді.

ағайындардың орнын грузиндер басқан сияқты. Қаламызда грузиндердің дәмхана, мейрамханалары қаптап кетті. «Дареджани», «Гамарджоба», «Генацвале», «Кахети» деп кете береді, түгендеп тауыса алмайсың. Оңтүстік астанамыз тап бір Грузияның қаласы сияқты. Алматыда

Қазіргі күні балаларымыздың бо­лашағы ҰБТ-ге тікелей тәуелді болып қалды. Өйткені олар өзі қалаған маман­дықты таңдай алмайды. Бұл сұрақтар қазір ұстазды да, ата-ананы да көп толған­дыр­майды.    Барлығының    алға қойған мақ­саты – тестілеуден сүрінбей өту. Баланың болашағы ешкімді қызықтырып жүрген жоқ. Бәрінің ойы – әйтеуір оқуға түсу. Қайткен күнде де оқуға түсу! Өзі ұнатпайтын мамандығына амалсыздан түскен жас       

ӨМІР ГРАММАТИКАСЫ
Бұл өмірде
Тіркескен
Жұрнақ та бола алмадым.
Жабысқан
Жалғау да бола алмадым.
Өзімше тірлік еттім.
Әйтеуір жоғалмадым.
19 сәуiр – Әбдiсалан Нұрмахановтың туған күнi. Қанды қол қарақшылардың қолынан қапия­да қаза таппағанда Қазақ боксының алып бәйтерегi мерейтойын туған халқының ортасында мерекелейтiн едi. 1936 жылы Өзбекстанның Сұрхан-Дария облысына қарас­ты Күлтапа ауылында өмiрге келген Әбдiсалан Нұрмаханов Қазақ даласында бокс өнерi­нiң қарыштап дамуына өл­шеусiз үлес қосты. 1957 жылы СССР-дiң спорт шеберi атағын алды.
АУЫЛДАҒЫ САЙЫС AIBA ЕРЕЖЕСIНЕ САЙ ӨТТI
Жуырда Нарынқол ауылындағы “Райымбек батыр” атындағы спорт кешенiнде 2002-03 жылғы жасөс­пiрiмдер арасында бокстан “Шығыс” аймақтық бiрiншiлiгi өттi. Бiрiншiлiк AIBA ережесiне сай жүргiзiлгендiктен, елiмiздiң алыс-жақын жерлерiнен барлығы 138 спортшы қатысып, бақтарын сынады.