1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (16114) 19 сәуір, сейсенбі 2016
“Iшiп қойыпты”, “жеп қойыпты” деген тiркестер әу бастағы мағынасынан айырылған. Жұрт оны қазiр жаппай жемқорларға қатысты пайдаланады. “Жеп қойыпты” десеңiз бiттi, ел “е-е, мемлекеттiң қаржысын асап қойған екен ғой” деп түсiнедi. Бұл бiр жағынан дұрыс емес. Өйткенi мемлекеттiк тiлдi дамытамыз десек, әр сөздi өз орнымен қолдану қажет. Құдайға шүкiр дейiк, осы кемшiлiктiң орны депутаттардың арқасында толғалы тұр. Мәселен мәжiлiсмендердiң не iшiп, не жейтiнiн естiген жұрттың екi көзi аспанға шықты. Демек iшiп-жемге қатысты сөздiң мағынасы өз мәнiне ие бола бастады деген сөз.
Байқасаңыз, ел басшыларының халықпен тiкелей байланыс дәстүрi экономикасы шатқаяқтаған, авторитарлы режим орнаған елдерде кең тараған. Венесуэланың бұрынғы президентi, марқұм Уго Чавес көзi тiрiсiнде апта сайын “Алло, президент!” атты телебағдарламасында азаматтардың мәселесiн шешiп, олармен бiрге ән айтып, тiкелей эфирде шенеунiктердi жұмыстан қуатын. Санкция­лардан сансыраған “Бостандық аралының” көсемi Фидель Кастро да осындай медиа­тәсiл­ге жиi жүгiнетiн.
17 сәуiрде Дохада мұнай өндiрушi елдердiң саммитi өттi. Оған 18 елдiң мұнай министрлерi қатысты. Бұл жиынға бiздiң елiмiзден энергетика министрi Қанат Бозымбаевтiң барып-қайтатыны жөнiнде “Қазақстан жаңалықтары” хабарлаған едi. Шыны керек, бұл басқосудан бiраз ел, оның iшiнде бiз де бармыз, сүбелi “сыбаға” күткен едiк. Өкiнiшке қарай, сенiм ақталмады. Мұнай өндiретiн алпауыт елдер бiр үстел басында өндiрiс көлемi жөнiнде ымыраға келе алмады. Сөйтiп, Доха саммитiнiң екiншi раунды маусым айында Венада, ОПЕК елде­рiнiң келесi жиы­нында жалғасын табатын сияқты. 
Жалпы саны 520 томдық iске жүк болған, 23 адамның үстiнен қозғалған қылмыстық iстi қарау ендi көпке созылмайтын секiлдi. Соттың алғашқы күнi-ақ 23 айыпталушының 14-i қылмыс жасағандарын мойындап қойды. Басты айыпталушы Талғат Ермегияев қылмыс жасамадым дедi. Сәуiрдiң төртiнде басталған сотта айдың ортасына дейiн он шақты айыпталушы сөйлеп, оның бәрi Талғат Ермегияевқа қарсы айғақтар бердi. Ерме­гияев­тiң өзi өзге айыпталушылардан соң сөз 
БҰҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi комитетi журналист Рамазан Есiркеповтiң арызына байланысты басқаша шешiм шығарды
Қазақстан ендi Халықаралық пактiнiң бес бiрдей бабы – 9 (5), 14 (1), 3 (б), 3 (д), 19 (2) бойынша азаматтық және саяси құқықтарды бұзған ел ретiнде танылды. Алматыда баспасөз мәслихатын ұйымдастырған құқық қорғаушылар Евгений Жовтис, Тамара Калеева, Розлана Таукина және Бақытжан Төреғожина бұл шешiмдi

Тәуелсiздiкке қол жеткiзген қазақ халқы тарихи бiлiм саласында да жаңашылдыққа бет бұрып, өзгерiп, жаңару үстiнде. Бүгiнгi таңдағы қазақ қоғамын “посткеңестiк қоғам” деп атау ендi бiрте-бiрте өткенге кетедi. Өйткенi сол “кеңестiк кезеңнен” кейiн де, мiне жиырма бес жыл өте шықты. Мұның өзi – бiр ұрпақ алмасу кезеңi. Бiр ғасырдың өзiнде генеалогиялық жағынан, атадан немере-шөбереге дейiн үш-төрт буын ауысып шыға келдi. ХХ ғасыр сұрапылы есiмiзде.

Аймаққа жаңа басшы келгесiн, мiндеттi түрде ат ауыстырулар бас­талады. Павлодар облысының жаңа басшысы Б.Бақауов та ақырындап осы iске кiрiстi. Бұрын­ғы өзiнiң орнына – Павлодар қаласының әкiмi қызметiне осыған дейiн облыс әкiмiнiң орынбасары болған Нұржан Әшiмбетовтi қой­ды. Оның орнына көпшiлiкке танылмаған Бауыржан Касеновтi тағайындады.

Жуырда Мәскеудiң Басманн көшесiнде биiктiгi үш метрлiк ескерткiш пайда болды. Ол – ЛДПР партиясының көшбасшысы Владимир Жириновскийге арнап қойылған мүсiн. Мұны Жириновскийдiң өзi “саяси қызметiме жасалған құрмет” деп бағалапты. Ал оның агрессорлық пиғылынан жиренетiн жұрт ескерткiштi айғайшыға қойылған айғайтасқа көбiрек ұқсатады.

Өз басым онша ұнатпайтын, көп жағдайда мүлдем қабылдамайтын бiр адами анықтама бар: “мемлекет немесе қоғам қай­раткерi”. Мемлекеттен гөрi өзiнiң қара басының қамын көбiрек күйттеген шендi пенденi әй­теуiр, кезiнде бiр мансап иесi болғаны үшiн ғана “мемлекет қайраткерi” деп дабырайтып атап жатамыз. Ал оның дәл осы мемлекетке, оның түпкi мүд­делерiне титымдай да ең­бек сiңiрмегенiн барша бiледi.

Бұдан 110 жыл бұрын Санкт-Петерборда Бірінші орыс революциясының дүмпуімен дүниеге келген Мемлекеттік дума жұмыс істей бастады. Халқымыздың ұлттық мүддесін қорғауды мақсат еткен тұңғыш мәселені Думаның қазақ мүшелері ішінен Торғай облысынан сайланған депутат Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов көтерді. Ол Ресей империясы парламентінің мінберіне осыдан 110 жыл ілгеріде шыққан алғашқы қазақ еді.

Өткенде қайтыс болып кеткен бір қарияны жер қойнына тапсыра алмай, біздің ауылда сұмдық шу болды. Қабір қазайық десек, жер жоқ. Жер жоқ емес-ау, бар. Бірақ... Осы ауылға тиесілі пәленбай мың гектар жерді өткенде Қытайдан келген бір алпауыт пен Ресейдің ақшалы бір дөкейі қақ бөліп сатып алған.

Дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі биыл Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстық мәдениет бас­қармасының ұйытқы болуымен үш күн бойына танымал жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың шығармаларын сахналады. Фестиваль аясында «Сағыныш шөбі», «Абай», «Му­зы­ка түні», «Аяулым Анфиса», «Қараша қаздар қайтқанда», «Двойник», «Поэзия түні», «Тү­нек торы», «Мұстафа Шоқай» қойылымдары тамашаланды

Баяғыда Киотода Хакуга деген атақты сыбызғышы болыпты. Сарайда императорға қызмет етіп, елдің ықыласына бөленген өнер иесі екен. Бірде кешке осы Хакуганың үйіне бетперде киген төрт-бес ұры кіріп келіпті. Тарс-тұрс еткен дыбыстан оянған Хакуга орнынан атып тұрып, едендегі тақтай төсенішті кө­теріп, жертөлеге жасырынады. Бұл күні әйелі қызымен төркіндеп кетіп, Хакуга үйде жалғыз қалған-ды. Ұрылар адам жоғын пайдаланып, үйдің астаң-кестеңін шыға­рып, қолға ілінген заттарды түгел тасып әкетеді.
Биыл қазақтың ән өнерінің асқақ тұлғасы Дәнеш Рақышевтың туғанына 90 жыл толады. Жаратқанның таңдайына таңбалап берген әншілік өнерді Қытайда дәріптеп жүрген Дәнешті кезінде Ахмет Жұбанов аттай қалап атажұртына шақыртып, дарынды ұштау үшін білім қажет екенін айтқан екен. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жиырма бестегі Дәнештің даусының диапазонына тәнті болып батасын берген.
Ол Алматы қаласында 1924 жылы 24 ақпанда қара­пайым малшы Диханбаев Бекбо­сын­ның отбасында дүниеге келді. Оның бола­шақта балет артисі болатынын әрине, ешкім біл­ген жоқ. Жастайынан жиын тойларда би билеп көзге түскен Алмас Бекбосынұлы қазақ балет өнерін күллі әлемге паш етті. Біртуар бишіміз Қазақ­станның еңбек сіңірген артисі Алмас Бекбосынұлы туралы деректер жоқтың қасы.
ЕСТІ ӘН ЕСТІСЕК
«Төртінші мәрте өтетін The Spirit оf Tengri-2016 этникалық музыка фестивалі Алматы қаласының мыңжылдығына орай өткізіледі», – дейді ұйымдастырушылар. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асатын фестиваль аясында Алматы қаласының тарихынан сыр шертетін фильм көрсетіледі екен.
ҚУАНЫШЫН ҚЫЗЫНА АРНАДЫ
Өткен жексенбiде премьер-лиганың 6-тур ойындары өттi. Талдықорғанның “Жетiсуы” “Таразды” тұсап, еншiлерiне үш ұпай жазды. Савич 47-минутта есеп ашса, Симоновский 58-минутта нәтиженi еселеп бердi. Қо­нақтар сапынан Мане 65-минутта гол тоғытып, есеп айыр­масын қысқартты. Былтыр бұл екi ұжым өзара төрт мәрте тартысқа түсiп, екi рет “Жетiсу” ұтып, екi ойында “Тараз” жеңген болатын.