1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16115) 21 сәуір, бейсенбі 2016

Елiмiздiң бiлiм саласына, оның iшiнде орта мектепке жүргiзiлгелi жатқан реформа қоғамда үлкен пiкiрталас туындатты. Осы мәселеге орай, өткен бейсенбiде “Жас Алаш” редакциясында “Ұлтымыздың түбiне үштiлдiлiк жетедi” деген тақырыпта қоғамдық талқылау өттi. Оған ұлт патриоттары Мұхтар Тайжан мен Расул Жұмалы, сондай-ақ, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәлi Баешов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мәриям Қондыбаева, А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты директорының

Жердi жекеменшiк­ке сату туралы қабылданған заң қазiр қоғам iшiнде үлкен шу тудырып жатыр. Шындығын айтқанда, шетел азаматтарына жер   сату – басқаға өз еркiңмен құл болу деген сөз. Үкiмет­тегiлер шетелдiктерге жер сатылмайды деп сендiргiсi келедi. Бiрақ iс жүзiнде олай болмайды. Амалын асырып, жемқор шенеунiк­тердiң пайдакүнемдiгiн пайдаланып жерiмiзге қалай қожалық етудi олар бiледi. Жердi аукционға қою жұмысы былтырғы жылы басталып кеткен. Мысалы, Қостанай облысының Меңдiғара ауданындағы бұрынғы

Жер сатуға өлермендiкпен ұмтылған үкiмет оның құнын да белгiлеп үлгерiптi. Бiрақ оны қандай критерийлер арқылы бағалағаны жұмбақ. Нақ­тысы, билiктiң көзiне күйiк болған жердiң ең арзаны 3-4 мың теңгеге сатылады екен. Ал құнарлы жердiң әр гектары ең қымбат дегенде 130 мың теңгеге саудаланады

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың iсi бойынша өте­тiн сот барысы туралы ақпаратты iрi шетел­дiк бұқаралық ақпарат құралдары таратпақшы. Мұндай мәлiметтi осы аптада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында “Дат” жобасының жетекшiсi Ермұрат Бапи мәлiмде­дi.
Ауыл адамдарының несие алу мүмкiндiгi тым аз, шаруашылықтар бытыраңқы әрi көбi қағаз жүзiнде, өнiм сату реттелмеген, ауыл кә­сiпкерлерi мен жергiлiктi билiктiң арасындағы байланыс әлсiз. Бiрнеше жылдан берi мал жаю, бау-бақша өсiру – ауылда ең қиын шаруаға айналған. Ауыл адамының кепiлге қоятын жалғыз мүлкi –үйлерiн банктер кепiлге алмайды, себебi бұлар саманнан не лай кiрпiштен салынған ескi баспаналар.

Бiздiң қоғамда заңнан хабары аз қара халық түгiлi, баптарды бақайшағындай шағатын заңгерлердiң өзi билiгi барлардың көзi көрмес, құла­ғы естiмес Фемидасының құрбанына айналып жатқанда елең етерлiк жағдай болды. Бұл оқиғаның төркiнi “Астана ЭКСПО-2017” компаниясының iстi болған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтен басталады. Мемлекет ақшасын жымқырды деген айыппен үй қамауында отырған Ермегияевтiң көлiк жүргiзушiсi

Елiмiзде заңға бағынғысы келмейтiн, тiптi заң қызметкерлерiнiң өзiне айбар шегiп, қоқан-лоққы жасайтын мықтылар аз емес. Солардың бiрi жақында Жол полициясы қызметкер­лерiнiң қолына түстi. Алматы-Талғар тас жолының бойында ереже бұзып, назарға iлiккен 19 жасар жiгiт 4 сағат бойы құжатын көрсетпей полицей­лер­дiң ығырын шығарған. Онымен қоймай, аузына кел­генiн айтып, балағаттаған.
Жақында Алматыда “Орталық Азия жастары. Қазақстан” деп аталатын ауқымды әлеуметтiк зерттеудiң қорытындысы жарияланды. Еңбектi саясаттанушы Толғанай Үмбеталие­ва мен Ботагөз Рақышева мен Пэр Тешендорф секiлдi әлеуметтанушылар жазған. Ф.Эберт атындағы Қордың мың адам қатысқан зерттеуiн талдаған сарапшылар елiмiздегi жастардың өмiрлiк құндылықтары мен бағыттарын анықтауға тырысты.
1985 жылы Мәскеуде Сә­уiр пленумы өттi. Сол пленумда КСРО басшысы М.С.Горбачев алғашқы рет “қайта құру, жаң­ғыру” жө­нiнде бастама көтердi. Мұндай тарихи деректердi келтiрiп отыруымның себебi – бүгiнде “сәуiр” деп аталып жүрген айдың түп-төркiнiн анықтау.

Мен алматылық емеспiн. Десе де, бүкiл студенттiк шағым Алматыда өттi. Содан ба екен, Алматы – мен үшiн аса ыстық әрi жақын. Айтып-айтпай не керек, көп жылдардан соң Алматыға жолым түстi-ау ақыры. Алматыны сағынып-ақ қалған екем, көп араладым. Сондағы бiр байқағаным, Алматыда шiркеу көбейiп кетiптi. Ташкент

Жуырда мемлекет басшысы билiктегi қозғалмай отырған шалдарға “орындарыңды жастарға босатыңдар...” дегенге саятын аса жағымды пiкiр айтты. Кешегi КСРО-ны он сегiз жыл басқарған Брежнев көкемiз 76 жасында дүниеден озғаны белгiлi. Бiр ғажабы, бұл кiсiнiң билiк құрған заманында ел экономикасының негiзi болып саналатын аудандық, облыстық партия комитеттерiнде жасы алпыстан асқан бiрде-бiр шал жоқ болатын.

Қоңыр күз болатын. Ай­қайға сүрең қосуға құмар Шақпақтың “тентек” желi де өр­шелене соғып тұрған. Күндегi әдетiмше жұмыстан шығып, автобекеттiң алдында тұр­мын. Жасы 55-60-тарға келген орта бойлы, ақсары жүз­дi, үстiне көнелеу киiм киген, сұр кепкалы, бұйра шашты орыс кiсi менен сағат сұрады:

Оқырман шығармашылығынан
Қай көкеге осы жайлы түс кiрдi,
Кiм күрсiндi? Кiм құлаққа қыстырды?
Қазақ тiлiн бiлмей жатқан ұрпаққа,
Не көрiндi үйретердей үш тiлдi?!
Бiздiң жақын бiр iнiмiз арнайы жолдамамен Ресейге барып, жоғары әскери учи­лищенi бiтiрiп қайтты. Әскери бiлiм-бiлiгiнiң қандай екенiн бiлмеймiн, бiрақ арақ iшу мен орысшалап жерiне жеткiзе боқтауды “келiс­тiре” үйренiп қайтты... Айтайын дегенiм, бiз өз жастарымызды әскери жоғары оқу орындарында оқыту үшiн неге тек Ресейге жi­беремiз? Естуiмiзше, Түркияның, Венгрияның және өзге де елдердiң әскери
Жексенбiнiң таңында жерлесiмiз Геннадий Головкин кәсiпқой бокстағы 35-iншi жекпе-жегiн өткiзедi. Американдық Доминик Уэйд пен Геннадий Головкин жекпе-жегi Ингливудтағы “Форум” кешенiнде өтедi. “Болғанынан боладысы қызық” айқастың 15 мың билетi сатылып кетiптi. Кәсiпқой бокста 18 жекпе-жек өткiзiп сүрiнбей келе жатқан Доминик Уэйдке жерлестерi жанкүйерлiк ететiнi анық. Геннадий Головкиннiң де жанкүйерлерi Калифорнияны бетке алды.

Бiздiң Өспен ауылын әзiрше темiр жол құтқарып тұр. Ер-азаматтардың денi сонда жұмыс iстесе, әйел қауымы сауда-саттықта жүредi. Өзiмнiң төрт балам бар, алды, Құдайға шүкiр, өсiп, өз қолдары өз аузына жеттi. Тек кенже қызым өмiрге дерттi келiп, оның ауыр науқастан айығуына кiшкене кезiнде көп жү­гiрдiм. Үй-жай, бала-шаға, оған қора-қопсыны қосыңыз. Сөйтiп, тiршiлiк қамымен жүрiп, жұмыстан бiраз қол үзiп қалдым

Жадыра оқуын тауысқан соң жатақханадағы бөлмесiн де өткiзiп берiп, Алматының шет жағындағы ауданға пәтер жалдап тұрады. Қасында өзi құралпы тағы екi құрбысы бар. Үшеуi де жұмыста, бiрi бiр күн iстеп, екi күн тынығатын ауыспалы жұмыста да, екiншiсi сатушы, таң азанда кетiп, қас қарая үйге жетедi. Жұмысының уақыты қолайлысы – Жадыра. Оның үстiне жалдамалы пәтерi мен жұмысының арасы да онша қашық емес.

ЧЕМПИОННЫҢ АЛДЫНДА ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ТҮСТI
Алматы облысы, Еңбекшi­қазақ ауданындағы Шелек политехникалық колледжiнiң құрылғанына биыл – 60 жыл. Осы мерейтойға орай жасөспiрiмдер арасында бокстан турнир өтiп, 300-ге тарта жас өрен қатысты. Азия чемпионы, әлем кубогының иегерi Мират Сәрсембаев сынды спорт саңлақтары арнайы қонақ ретiнде қатысқан тартыста жасөспiрiмдер шеберлiктерiн паш ете жұдырықтасты. Төрт күнге созылған сайыста көрермендер тартысты жекпе-жек­тердi тамашалады.