1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16116) 26 сәуір, сейсенбі 2016
ОЛАРДЫҢ ТЕГЕУРIНДI ТАЛАБЫ АСТАНАҒА ЖЕТЕДI
Сәуiрдiң 24-i күнi Атырау қаласының орталығындағы Исатай-Махамбет алаңына төрт мыңнан астам адам жиналды. Билiктiң рұқсат етпегенiне қарамаған халық үкiмет­тен жер кодексiне енген өзгерiс­тердi алып тастауды, қазақ жерiне кiмдер иелiк етiп отырғаны туралы ақпаратты жария етудi талап еттi. Атырау жұртшылығы облыс әкiмi Нұрлан Ноғаевқа 21 мамырға дейiн жауап берудi мiндеттедi.

Парламентте отырғаннан кейiн үндемей қойғанша, ыңғайын тауып, бiрдеңе деп тұрған дұрыс. Егер ақылыңыз жетсе, тың ой айтыңыз, өзгеше ұсыныс бiлдiрiңiз, бөлекше бастама көтерiңiз, мұның бәрi айналып келгенде өзiңiз үшiн керек – жұртқа таныласыз. Тек айтқан пiкiрiңiз елдi елең еткiзетiндей болса, жетiп жатыр. Өткенде ғана бiрқатар мәжiлiсмендер қарындары шермиген шендiлердi спортқа жегуге қатысты ұсыныстарын

20 наурызда едел-жедел ұйымдастырылған мәжiлiс сайлауы алдында бұрынғы үкiмет басшысы Әкежан Қажыгелдиннiң елi­мiздi модернизациялау жөнiндегi бағдарламасы “DAT” басылымына жарияланған едi. Осыған орай редакцияға оқырмандардан хат-хабар көптеп түскендiктен, таяуда Германияда тұратын журналист В.Волков бағдарлама авторымен кездесiп, әңгi­мелесiптi. Сол сұхбатта Әкежан Қажыгелдин былай дейдi: “Менiң ұсынысымның негiзгi түйiнi, екi мiндеттi шешу арқылы: экономиканы

МЕДИАФОРУМ ӨТКIЗУГЕ КЕТКЕН ҚАЙРАН ҚАРАЖАТ-АЙ! ОБАЛЫҢДЫ ОЛ ҚАЙДАН БIЛСIН!
Астанадағы сенбiлiкке келiп, ағаш еккен президент Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдiң орынбасары, үлкен қызы Дариға ұйымдастыратын кезектi Еуразиялық медиафорумына келмедi. Сәуiрдiң 20-22-сi аралығында өткен бұл жиында бастапқыда “президент сөз сөйлейдi” деп жоспарланған болатын.

Iлгерiде бiр бейбақтың “Самарқанда бiр әпкем бар, менен де өткен сорақы” деген сөзiн Өзбекстанмен ауылы аралас, қойы қоралас қоныстанған оңтүстiк жақта жиi қолданады. Сол айтпақшы, ширек ғасырға жуықтаған тiлшiлiк тiршiлiгi­мiзде бұра тартуға, бұрмалаушылыққа толы талай сайлауға куә болған едiк, бiрақ дәл биылғыдай депутаттық мандат үшiн таласта соншалықты сорақылықтарға баруды бұрын-соңды кездестiрiп көрмеппiз.

ЖАСАНҒА ЖАНЫҢЫЗ АШЫҒАН ЕКЕН...ҚИЯНАТ ҚЫЛАРЫҢЫЗДЫ НЕГЕ ОЙЛАМАДЫҢЫЗ, ҚАБЕН МЫРЗА?
 
Медицина ғылымының докторы, профессор, академик атақта­рын иеленген Жасан Зекейұлы сізді бізбен бірге жауапкер жасады. 40 млн теңгені сот шешімі ар­қылы «нұқсан келген» ар-на­мысының, абыройының өтеуі ретінде өндіртіп алмақ. Сізден және бізден. Орта есеппен әр­кімге 6 млн 666 мың теңгеден келеді. Сіз Алмалы аудандық №2 сотының судьясы А.Бей­се­уо­ва­ның шешімімен келіскен се­кіл­дісіз.

Қазақстан билігінің қазақтың ұлт­тық санасын түбегейлі өзгерту, яғни ұлтсыздандыру бойынша жүргізіп келе жатқан ең қуатты тәжірибесінің     бірі – Қазақстанның көпұлтты екенін дәлелдеу, яғни елдің иесі – қазақ деген ұғымды жою. Бұл тәжірибеге «Қазақстан халықтарының бірлігі, дос­тығы» негізге алынады. Тіпті, олардың бәрі бір отбасының, бір ата-ананың балаларындай деген ерсі тұжырымдар ұрандата айтылады. Бірақ олардың ортақ, яғни ресми тілі – орыс тілі.

(Бөгенбай батырдың рухына)
Ұран қылып ұрпаққа арлы әніңді,
Аманат қып кетіп ең арманыңды.
Кешір, баба, бейуақ қалам алып,
Мазалаймын тағы да аруағыңды!
Шүкір Шахай Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласындағы Сырдария университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2003 жылы, Шымкент қаласындағы Қазақ гуманитарлық Заң университетін заңтану мамандығы бойынша 2006 жылы бітірген. Биыл ер жасы 50-ге келген Шүкір Шахай еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Киров (қазіргі «Мақтаарал») аудандық «Комунистік еңбек» газетінде
«Канзастық фотограф Джейсон Толботт екі басты жыланды суретке түсірді» деп жазады Би-Би-Си агент­тігі. Жыланды Толботтың дос­тары тауып алған. Оны естіген фотограф бауырымен жорғалаушыны суретке түсіруге асыққан. «Мен жы­ланның түр-түрін суретке түсіргенді жақсы көремін. Қазірдің өзінде мен олардың жүздеген түрлерін түсірдім. Тіпті кейбірі мені шағып алған болатын. Бір жақсысы, олар улы жылан емес едi», – дейді фотограф.

1986 жыл, қаңтар. Нұрғиса Тілендиевтің «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакциясы қызметкерлерімен кездесу сәті. Солдан оңға қарай: 1-қатарда: Ж.Аупбаев, Ж.Бейсенбаев, С.Бердіқұлов, (редактор),    Н.Тілендиев, (КСРО халық әртісі, композитор), Б.Жандосай, Н.Үркімбаева,

Кәсіби фотографтар және әуесқойлар, 2016 жылдың 1 сәуірінен 10 мамырына дейін өздеріңіз түсірген фотосуреттерді ұсынылған бес номинацияның бірі бойынша сайтқа жүктеуге асығыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңызды кәсіби қазылар алқасы, сондай-ақ, біздің сайттың

Фотоаппарат неден тұ­рады және қалай жұмыс істейді? Кез келген сандық фотоаппарат 2 құраушы бө­ліктен – объектив пен матрицадан тұрады. Кино­театр­дағы проектор экранға көрі­ністі қалай шығарса, камера объективі дәл солай жарықты фотоаппарат матрицасына бағыттайды. Матрица бұл жарықты қабыл алады, содан фотосурет пайда болады. Телефонға енгізілген камера, қымбат айналы камера болсын, осындай қа­­ғи­­да­мен жұ­мыс істейді.

Бiр кездерi аумақты жерлерi, үйiр-үйiр малы және қызметкерлерi, iрi-iрi сауда көздерi болған Айюб Пайғамбар (оған Алланың сәлемi болсын) Алланың сынағына түсiп, өмiрiнiң бiраз мерзiмiн тауқыметпен өт­кiзедi. Оның бар мал-дүниесi таусылып, кембағалға айналады, ұлдары мен қыздары бiрiнен соң бiрi өлiм құшады. Сосын Алла оған ауыр бiр дерт жiбердi. Нау­қасы меңдеген Айюб жүре алмай қалады. Денесi шiрiп, етi жидiп түсе бастайды.
Арнаулы тiлшiмiз Несiп Жүнiсбайұлы Лос-Анжелестен хабарлайды
Лос-Анжелесте өтетiн Головкин - Уэйд шайқасына кетiп бара жатқанымды хабарлаған едiм. Ендi сол шайқас туралы қысқаша есеп берейiн. Кеңiрек, амандық болса, келген соң жазармын. Шайқас өздерiңiз көрген боларсыздар,шайқас болмады. Бұл жерде айтар нәрсе бiреу-ақ: Головкин секiлдi табиғатынан талантты боксшыға бiрiнен-бiрi өткен қарсылас таңдау керек қой! Генаның жеңiп, Қазақстанның

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылатын    “Қазақстан ба­рысы” республикалық тур­нирiнiң облыстық iрiктеуi әр өңiрде өтiп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы бойынша өткен iрiктеудiң финалына Мұхит Тұрсынов пен Дәурен Нұралинов шыққан-ды. Екi алыптың тартысында Дәурен Нұралинов әдiс қолданып екеуi де құлаған. Ұпай Мұхит Тұрсыновқа берiлдi. Төрешi­лердiң көпе-көрнеу жығып бергенiне наразы болған Нұралиновтың жанкүйерлерi дау тудырды.

СЫНАП КӨРДI
Ұлттық құраманың боксшылары Сербияда өткен халықаралық турнирде бес алтын медаль олжалады. Мырзағали Айтжанов өзi бастап барған жiгiттерiнiң жiгерлiлiгiн байқап көрдi. 49 келi салмақта Бiржан Жақыпов финалда шотландық Акил Ахмедтi ұтты. Жалпы тәуелсiз Қазақ елiнiң боксшылары арасында жазғы Олимпиадаға үшiншi рет қатысуға мүмкiндiк алған (әзiрге) жалғыз серке – Бiржан