1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16119 6 мамыр, жұма 2016
Сүйiншi, ағайын! Алкеуде билiк райынан қайтты. Қазақтың жерiн сатамын деп халықтың қарсылығына ұшыраған Ақорда ақыры көппен санасуға мәжбүр болды. Кеше премьер-министр, президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi, үкiмет мүшелерi мен мемлекеттiк органдардың басшылары қатысқан кеңесте Н.Назарбаев Жер кодексiндегi түзетулерге мораторий жариялады. Бұл – халықтың жеңiсi! Тоқымдай жердi де саудалауға қарсымыз деп елiмiздiң әр түкпiрiнде дүрк көтерiлген жұрттың отаншыл рухының, халықшыл мiнезiнiң өтеуi!

Отан деген немене? Ел экономикасының доноры атанған Алматы ма, көркiне көз тоймайтын Бурабай ма? Бәлкiм, “тақыр жерден тау болып тұрған” Астана шығар? Жоқ, шекараның бергi бетiнiң бәрi – Отан. Отан – бiртұтас. Кәдiмгi адам ағзасы секiлдi. Ол бөлiп-жаруды көтермейдi. Мәселен, Сiз бiр саусағыңызды өзгеге кесiп бара аласыз ба? Кесiп бере алмайсыз. Ендеше Отан да сондай. Айырмашылығы, жаны жоқ. Отанды қорғау – адамның борышы, халықтың мiндетi. Отанды тану үшiн Астана мен Алматыда тұру шарт емес. Сiздiң табаныңыздың астындағы алақандай жер де – Отан.

Газетiмiздiң алдыңғы санында жазғанымыздай, Алматы қаласының әкiмдiгi ұлт патриоттарының 7 мамырда “Жерiмiздi қор­ғаймыз! Тiлiмiздi сатпаймыз!” деген тақырыпта бейбiт жиын өткi­зуiне үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. Оның орнына, 6 мамырда “Достық” үйiнде 200 адамның қатысуымен жер мәселесiне бай­ланысты қоғамдық талқылау өткiзудi ұсынды. Басты мақсаты – дә­лелдi дәйектер арқылы,

“Жас Алаш” газетiне жердi сатуға қарсылық танытып, өздерiнiң азаматтық ұстанымдарын ашық бiлдiрiп, келiп-кетiп жатқан оқырмандар легi толастар емес. Солардың бiрi – өз өмiрiн ауыл шаруашылығына арнаған, жердi сату және оны игеру барысындағы қитұрқы амал-айла, iс-әрекеттердi жетiк бiлетiн тәжiрибелi маман Түзел Тапалов редакцияға келiп, өз ойымен бөлiстi. Газет тiлшiсiмен болған екеуара әңгiменi оқырман назарына ұсынамыз.

30 елге қара, өзiңе қара
Бельгия – бар болғаны 30,51 мың шаршы шақырым жердi алып жатқан Еу­ро­паның батысындағы шағын ел. Солтүстiгiнде Нидерландымен, шығысында Германиямен, оңтүстiгi мен батысында Франциямен және оңтүстiк шығысында Люксем­бург­пен шектеседi. 11 миллионнан астам тұрғыны бар бұл мемлекет халық санының аздығына қарамастан, тұрғындары ең тығыз орналасқан елдер санатына кiредi.

Өткенде бiз өңiрдiң жаңа басшысы Б.Бақауов бiраз өзгерiстер жасап жатқаны жайлы хабарлағанбыз. “Бас­қа аудандардың әкiмдерi жылма-жыл ауысып жатқанда, тапжылмастан алты жыл отырған Екiбастұз қаласының әкiмi А.Вербняк секiлдi мықтыға Бақауовтың шамасы жетер ме екен”,– деген едiк. Аузымызға Құдай салған шығар, өткен аптада “суға батып, отқа жанбайтын” Вербняк мырза орынан алынып, қала басшылығына Қайрат Нүкенов келдi.

Халықаралық валюта қорының мәлiме­тiнше, қайтарылмаған несие жөнiнде Қа­зақстан бiрiншi орында екен. Таяуда ғана жерлестерiмiздiң 64 пайызы алған несие­сiн төлемей жүргенi белгiлi болды. Мұның себеп-салдары неде? Мамандардың айтуынша, бiздiң елiмiзде тұтынушылық несие әлi күнге дейiн қымбат. Ranking.kz сарапшыларының жазуына қарағанда, ең танымал несиенiң пайыздық мөлшерле­месi 30 пайыз шамасында.
Халқының бостандығы үшiн күрескен тұлғалар ешқашан ұмытылмайды. Олардың есiмi тарих бетiне алтын әрiптермен қашалады. Сондай ұлы тұлғаның бiрi – тау халықтарының көсемi Имам Шамиль. Тәуелсiздiк алғанға дейiн кеңестiк иедология “КСРО құрамындағы халықтар Ре­сейге өз еркiмен қосылды” деген сыңаржақ пiкiрдi жұрттың миына құйып келдi. Бiрақ шын мәнiндегi жағдай мүлде
Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының әкiмi Серiк Әбжанов осы жолы оңбай тығырыққа тiрелдi. Ауылдас­тары қашанғы “аузын ашып” жүре берсiн, тiлшiлер қосынына тiлдей қағаз жөнелттi. “Жалған жазады” деп, журналистердiң де “жағасына” жармасты. Тiлдей қағаздан түсiнгенiм — төмендегiдей. Биыл қаңтарда аудан басшылары қатысқан жиында жұртшылыққа есеп берген С.Әбжанов: “ауылда шағын тiгiн цехы жұмыс iстеп тұр” дегенде, тұрғындар таң-тамаша
Ұйықта, қазақ!
Ұйқың сенің қанбаған.
Міржақып та оята алмай,
Жырыменен зарлаған.
Басқа халық ояу болса,
Бізде – ұйқы.

Өкінішке қарай, тәуелсіз Қазақстан осы күнге дейін бұрынғы метрополиясы Ресейге адалдық танытып, 9 мамырды Жеңіс күні ретінде төл мерекесіндей тойлайды. Жыл сайын бұл шараға бюджеттен миллиондаған қаржы бөлінеді. Әнші-әртістеріміз Совет армиясының формасын киіп алып, «Катюша» мен «Смуглянканы» айтып, орыстың биін орындайды. Телеарналарымыз күндіз-түні орыс халқының ерлігін әспеттейтін, коммунистік идеология рухында түсірілген фильмдер мен хабарларды көрсетуден бір жалығар емес...

Қаз дауысты Қазыбек пен Әлібек батыр ел аралап келе жатса, жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Әлібек батыр мынадай сауал қояды:
– Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?
Ақсақал сәл ойланып былай дейді:
Адам тағдырынан гөрі қолы­ңыз­дағы бір жапыраққа, мөрі басылған қағазға көбі­рек көңіл бөлетін мына заманда талай мекеме басшыларының табал­ды­рығын тоздыруға мәж­бүрсің. Әңгіме қағазды қабыл­дай­тын, яғни сол жылы кабинет­тің иесінде болып отыр. Бастықтардың мінез-құл­қының құбыл­ма­лы болатынды­ғына қайран қаламын. Егер үлкен бір дөкей­дің баласы, не інісі болсаң, онда бәрі бітіп жатыр

Педагогикадан, онда да әлемдік педагогикадан арнайы білімі бар адам ретінде мына бір мәселені сөз етейін деп отырмын. Қазақстан президенті Н.Назарбаев бұдан былай «қазақ тілі мен қазақ әдебиетін бір пән ретінде оқыту» жөнінде сөз айтты. Елбасы айтқаннан кейін оның дәл солай болатынына еш күмән жоқ. Әсіресе, әбден иленіп, жүнжіп, көнбіс боп алған Қазақстанда

«Жас Алаш» газетіндегі «Алла разылығы үшін күйеуі­нің сынақтарына сабыр еткен әйел» атты мақаланы (26 сәуір, 2016 жыл) оқып, өзім­нің аяулы жарым Әлиямның маған жасап жүрген жақсы­лықтары есіме түсті. Молшы­лық­та өмір сүрген Айюб пай­ғамбар ауыр дертке шалды­ғып, дос-жаранда­рының бар­лығы теріс айнал­ған кезде жанынан тек жары ғана табылған екен. Өлместің тір­шілігін кешкен әйелі тар

«Жас Алаш» газетінің жақында жарық көрген нөміріндегі «Мұстафаның мүсініне кім жауапты?» деген мақаланы (7сәуір, 2016 жыл) оқып, біраз қынжылдым. Ауылдың атқамінерлері қайда қарап жүр? Мұстафаның мүсінін күтіп ұстауды бір мектепке тапсырып қойса болмай ма? Оқушы кезімізде Лениннің, Сталиннің тағы басқа көсемдердің ескерткіштерінің айналасын тазалап, гүл егіп, күтіп едік қой...

Қашаннан белгілі, өзбектер – жер емген халық. Оңтүстік Қазақстан облысында олардың саны 400 мыңнан асады және ірі-ірі мекендерде ұйымдасып отыр. Олармен арадағы таныс-біліс­тер­ден естуімізше, «Қазақстанда жер сатылады» дегенді естіген өзбектердің көбі қазір алақандарын ысқылап отыр. Өйткені бұлардың ауқатты дегендерінің көбісі Өзбекстандағы байлармен тіке­лей байланыста,

Азуын айға білеген Арыстандарым-ай!
Жерім жатқа кетпесін деп,
Артымда қалған көбеген
Жат жұртқа құл боп өтпесін деп –
Қаныңды төктің! ... Не таптың?!
Арнаулы тiлшiмiз Несiп Жүнiсбайұлы Лас-Вегастан арнайы хабарлайды.
Құрметтi оқырман, өзде­рiңiздi құлағдар еткенiмдей британдық Әмiр Ханмен мексикалық Сауль Альварес айқасын көру үшiн Лас-Вегасқа ұшып келдiм. Әлемнiң әр түкпiрiнен теңiзге құйған өзендей қаржы саулап түсiп жатқан қалада ертең көптен күткен айқас өтедi.
СОҢҒЫ САЙЫС
Бүгiн Түркияның Ыстамбұл қаласында күрес түрлерiнен әлемдiк iрiктеу турнирi басталады. Грек-рим күресiнен ұлттық құраманың бас бапкерi Таңат Сағындықов Түркия төрiнде тартысқа Магомед Чухалов (66 келi), Даниал Гаджиев (85 келi), Ерұлан Ысқақовты (98 келi) алып барды. Кеше балуандар салмақ өлшеу рәсiмiн өткiздi, бүгiн белдесулерiн бастайды. Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының
Тау алыстаған сайын биiктей түседi екен ғой. Асқар тау әкемiз өмiрден озбағанда биыл ғасыр жасаған мерейтойын ұл-қыздары, немере-шөбере­лерiнiң ортасында мереке­лейтiн едi. Әкемнiң қилы тағдырын өз аузынан естiгенде кө­зiмiзге мөлтiлдеп жас тұнатын. Өйткенi оның балалық шағы аласапыран заманға тұспа-тұс келдi. 1916 жылдың 13 наурызында өмiрге келген Даупас әкесi Жолдыбайдың кiн­дiгiнен өрбiген 8 ұл, 2 қыздың сүт кенжесi екен. Қазiргi Балқаш ауданына