1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (16120) 12 мамыр, бейсенбі 2016
Биыл Жеңiс күнiн әр елдiң президенттерi әртүрлi атап өттi. Өткен жылы Жеңiстiң 70 жылдығында әрiптестерiмен бiрге Мәскеудегi әскери парадқа қатысқан қырғыз басшысы Путинге жағынам деп сынға ұшыраған. Кремльге келмей қалған ел басшыларына өкпе артпақ болған Алмазбек Атамбаевты Ислам Каримов жұрт көзiнше сөгiп тастаған едi. Сондағы қылығы сабақ болды ма, биыл Атамбаев алашапқынға түскен жоқ. Өз елiнде, Бiшкектiң төрiнде Жеңiс күнiн атап өттi.

9 мамыр – Жеңiс күнi әлемдiк журналистiк зерттеулер тарихындағы ең iрi әшкерелеуге айналған “Панама құжаттары” деген атпен танымал офшорлық компаниялардағы миллиондаған есепшот иелерiне қатысты ақпарат интернет бетiне шығып кеттi. Өз елiн тонаған диктаторлардың, салықтан жалтарған бай бизнесмендер мен қылмыс әлемiнiң көсемдерi, тағы басқаларының заңсыз ақшалары Панамадағы құпия офшорлық компания­лардан пана тапқаны белгiлi болды.

Өткен аптаның ең айтулы оқиғасы – Жердi сатуға және шетелдiктерге жалға беруге қатысты заңға енгiзiлген уақытша тоқтам. Көпке дейiн үндемей келiп, аяқасты мораторий жариялаған президент бiрқатар шендiлердiң апай-топайын шығарып, кадрлық ауыс-түйiстер жасады. Жер сатудың тиiмдiлiгiн жұртқа түсiндiрiп әлек болған Ұлттық экономика министрi мен оның орынбасары қапелiмде жағдайдың қалай аунап түскенiн түсiнбей қалған сияқты. Екеуi де аң-таң болған кейiпте қызметiмен қош айтысты. Басында сөгiс алып құтылғандай болған Ауыл шаруашылығы министрi де атынан ауып қалды.

Қазақстан даму банкi басқармасының төрағасы Болат Жәмiшевтiң айтуынша, аукцион арқылы ақшасы бар адам келсе, жердi тиiмдi пайдалануға болады, деп хабарлайды Baq.kz “Негiзi, бүгiнде ауыл шаруашылығы жерлерiнiң басым бөлiгi жалға берiлген. Ал аукционға шығарылатыны – мемлекет меншiгiне қайтарылған жерлер.
Ресей “Байқоңырды” пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра бередi. Бұл туралы кеше сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеннен кейiн Ресей Федералдық Жиналысы Федерация кеңесiнiң төрайымы Валентина Матвиенко мәлiмдедi деп хабарлады Казақпарат. “Бүгiнде “Байқоңыр” ғарыш айлағын пайдалану бойынша
«ЖЕРIМIЗДI ҚОРҒАЙМЫЗ! ТIЛIМIЗДI САҚТАЙМЫЗ!» ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТIНIҢ МӘЛIМДЕМЕСI
Президент Жер кодексi­нiң кейбiр баптарына уақытша мораторий жариялады. Бұл шешiмдi бiз халықпен мәмiлеге келуге жасалған, саяси жағынан жауапты қа­дам деп санаймыз. Ендiгi жерде берiлген уақытты тиiм­дi пайдаланып, ол құ­жаттың халықтың наразылығын туғызған баптарын түбе­гейлi қайта қарап, қазақ жерiнiң тағдырын оң шешетiн өзгерiстер енгiзу қажет. Және де мәселе тек қана бiрдi-екiлi бапқа тiрелмеуi тиiс:

Жер қазақстандықтарға да, шетелдiктерге де сатылмасын, шетелдiктерге жалға берiл­ме­сiн деген талап қойып, жер реформасына наразылық бiлдiрген “Алаш жолы” қоғамдық қозғалысы өкiлдерi жер реформасы жөнiнде  комиссия құрамына кiргiзiлсiн және “аталған комиссияға қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан кiретiн мүшелер саны шектел­месiн” деген мәлiмдеме жасады.

7 мамырда Алматыда митинг өткiзу жөнiндегi ұйымдас­тыру комитетi жер мәселесiне қатысты мораторий жариялануына орай, аталған бейбiт жиынның өтпейтiнiн мәлiмдеген. Белсендi азаматтар халықтың наразылығын ескерiп, райынан қайтқан билiктiң бұл қадамын құптады және мұны “халықтың, отаншылдық сананың жеңiсi” ретiнде бағалады. Сонымен қатар, елдiң тәуелсiздiгiне, аумақтық тұтастыққа, ұлттық қауiпсiздiкке залалын тигiзетiн заңды қайта қарау талабы әлi

Қадiрлi замандастар!
Жер мәселесi жеке меншiк объектiсi ретiнде президент Н.Назарбаев тарапынан алғаш күн тәртiбiне қойыла бастаған сонау 90 жылдардың басына бармай-ақ, 2003 жылдың 20 маусымы күнi “елбасы” халық наразылығына қарамастан Жер кодексiне қол қойған сәттен берi қарай бiздiң елiмiзде орын алған жағдайды қысқаша ғана шолып өтсек, не көремiз? Ата-бабадан бүгiнгi қазаққа мұраға қалған қасиеттi қара жердiң ең
Бүгiнгi таңда төтесiнен қойылатын қабырғалы мәселе – жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру. Бұл мәселенi шешпей тұрып, жер қатынастарын реформалауға және жердi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану құқығы барларға бөлiп беруге (сату, жалға беру) болмайды.

Халықтың Жер кодексіне енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтырулардың күшін жою жөнінде биліктің алдына қойған қатаң талабы орындалды. Қарашаның мүддесін көзге ілуден, көзқарасымен санасудан әлдеқашан қалған үкіметтің белден басқан әділетсіз шешіміне күллі қазақ дүрк көтеріліп қарсы тұрды. Тәуелсіз еліміздің иесі – жергілікті ұлт жеңіске жетті бұл жолы. Мемлекеттің қазынасын өздерінің жекеменшігіндей көріп қалған төменді-жоғары шенді,

Жер кодексiндегi бiрқатар түзетулердiң күшiне енуiне мораторий жариялайтынын мәлiмдеген атышулы жиында Н.Назарбаев басқа министрлермен қатар, Е.Сағадиевке де бiраз шүйiлдi. “Жерге байланысты наразылық – халықтың оны дұрыс түсiнбеуiнен” деп тұжырымдаған президент, “бiлiм реформасына қатысты жағдайды да жұртқа дұрыс жеткiзiп айту керек” дедi. Өзiнен зордың сөзiн екi етпеуге дағдыланған Ерлан Сағадиев соның ертесiне-ақ дереу атқа қонды.

Біздің мемлекет сырттай қараған адамға – түбі шіріп жатқан, бірақ жапырағы жай­қа­лып тұрған әсем ағаш сияқты көрінеді. Алайда сол ағаштың түбі шіріп жатқанын көретін көз ғана көре алады. Ал жалаң ұранға еліткендер, тек сыртқы көрініс пен бүгінгі тыныштыққа тоқмейілсіп, бір күнгі тамағының тоқ болғаны­на және жеңіл жолмен ақша тапқанына мәз болғандар,

Зар жылап та, заманнан қалжырап та,
Кешір, Алла, бет бұрсам сандыраққа!
Сен кессең де тілімді, ешбір патша
Кесе алмайды шідерлеп, қарғылап та.
Бәріміз мәз болып, перзентха­наның алдында тұрмыз. Мәз болмағанда ше! Өмірге тұңғыш немереміз келіп, бүгін перзентханадан шығармақшы! Қуанышымызда шек жоқ. Бәйбішемнің қолында бір құшақ гүл. Дәрігерлердің қолына ұстататын бір қорап торт пен бір шиша шампанымды өңгеріп мен тұрмын. Кенет түстері суықтау екі-үш адам келіп кірді.
Ұлы Отан соғысының ардагерi ашынғаннан президентке осылай деп хат жолдады
 “Жас Алаш” газетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тiлшiлер қосынына Ұлы Отан соғысының ардагерi келдi. Жасы биыл 94-ке толды демесеңiз, Әбу Полатбеков әлi тың. Сонау 100 шақырымдағы Сарыағаш ауданынан осында қоғамдық көлiкпен келiптi. Ақсақалдың денсаулығының мықтылығына қайран қалдық.

Смағұлов Нұрекеш (1902 жылы туылған), Смағұлов Әукіш Арынұлы (1905 жылы туылған), Арынов Қосан (1922 жылы туылған), Назарбаев Бөлеу (1915 жылы туылған) – бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген азаматтар. Барлығы да Ақсуат аудандық соғыс комиссариатынан соғысқа шақырыл­ ғандар. Бүгінде хабарсыз. Он жылдың шамасы болды, осы азаматтарды іздеп, Ресейдің біраз қаласына хат жаздым. Барлығы да «хабарсыз кеткен» деп жауап береді. Шынымен-ақ бұлар хабарсыз кеткендер ме?

Алматы қаласы әкімінің назарына
Қызылорда, Шымкент, Тараз қалалары мен осы үш облысқа тиесілі ауылдардың тұрғындарының Алматыға қатынауы қиынға соғып тұр. Себебі, екі жылдан аса уақыт бойы қалааралық екі автобекет «Сайран» мен «Саяхатқа» үлкен автобустар кіре алмайды. Жолаушы тасымалдайтын автобустар «Барлық» және «Үшқоңыр» деген, қала шетінде орналасқан жолаушыларға ыңғайсыз бекеттерге
Соғыс кезінде тылда еңбек еткен балалар­дың көбі бүгінде тыл ардагерлеріне теңес­тірілген. Олардың қатарында 1938 жылы туғандар да бар. Бірде Қармақшы аудандық зейнетақы төлеу орталығының бастығы Ә.Мырзақұлов мырза маған: «Сіз 38-жылғы екенсіз ғой. Тыл ардагері санатына өтуге толық мүмкіндігіңіз бар. Бізге қажетті құжат­тарды өткізсеңіз, оны тиісті орындарға береміз», –деді. Айтқанын құп көріп, тиісті қағаздарды өзіне әкеп өткіздім

Жақында Атырау қала­сының іргесіндегі Ақсай ауылында дойбы мектебі ашылды. Ол мектепті ашқан спорт жан­күйері, танымал дойбышы – Берік Молдаш. Жастайынан спорт ойындарын өзіне серік еткен Берік – интеллектуалдық ойлау қабілетін қажет ететін дойбы ойынының кәнігі шебе­рі. Республикалық біріншілік­тердің бірнеше рет жүлдегері, облыстың әлденеше рет чемпионы. Дойбы

 
Орманға бастық түлкі болды,
Орманның тең жартысы соның мүлкі болды.
Сол мүлікті шашып-төгіп,
Аң атаулыға күлкі болды.

T-Mobile-Арена кешенiне бокстың жекпе-жектерi басталардан бiр сағат бұрын келдiм. Кешегi көрген аренаны бүгiн мүлде танымай қалдым. Спорт кешенiнiң алдында ринг құ­рыл­ған, ринг iшiнде қыздар бокстың атрибуттарын сатып жатыр. Автокөлiктердiң сыртына Альварес пен Әмiр Ханның суреттерiн жапсырып қойып сусындарын сатты. Спорт кешенi айтулы бокс сайыстарын көрсетуге арналып салынғандай әсерге бөледi.

САМҒАЙ БЕР, ҚАНАТ!
АҚШ-та айбоз ұл Қанат Ислам көк бай­рағы­мызды желбiреттi. Кәсiпқой бокстағы жиыр­ма бiрiншi жекпе-жегiн өткiзген Қанат колумбиялық Хуан Де Анхельдi 6-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Рингтен бапкер­ле­рiне сүйенiп түскен Хуан де Анхель ауруханадан бiр-ақ шығыпты. Кәсiпқой бокста 22 рет жекпе-жекке түсiп, 18 айқасында жеңiске жеткен Хуан де Анхель Қанаттың құрығына түскенге дейiн бiр рет жеңiлiп, үш айқасында тең түстi.