1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (16121) 17 мамыр, сейсенбі 2016
Қабдеш Жұмадiлов – 80
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының және Тәуелсiз платиналы “Тарлан” сыйлығының лауреаты, “Парасат” орденiнiң иегерi Қабдеш Жұмадiловтiң туғанына 80 жыл толды. Шетелдерде “Ең көп оқылатын жазушы кiм?” деген зерттеу жүргiзiлетiнi мәлiм. Егер осындай зерттеу бiзде де жүргiзiле қалса, көзi тiрi жазушылардың iшiнде ең көп оқылатын жазушы, сөз жоқ, Қабдеш Жұмадiлов болар едi. Үлкен жазушы ғана үлкен сұранысқа ие бола алады, Қабдеш Жұмадiловтiң
Мiне, осындай жағдайда, ел-жұртты елең еткiзiп, әп-бәрекелдi дегiзерлiктей не iстеуге болады? Арқаның же­­лi­мен тараған бiр сыбыс: “Мызғымастай болған Мәсi­мовтiң “астынан су шығады” дейдi. Ендi Ақорданың табалдырығын жиi аттайтын оқырманымыздың ақпарын сөзбе-сөз келтiрейiк: “Билiк қазiр халықтың өре түрегелуiнен қатты қорқып отыр. Әсiресе, 21 мамыр жақындаған сайын үрей күшейдi.

Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың басында-ақ iрi өнеркә­сiптi, оның iшiнде энергетика, мұнайгаз және тағы басқа салаларды бақылауды өз қолына алды. Ол жеке өзi және Машкевич сияқты серiктестерiмен, қытайлықтармен бiрлесiп, өнер­кәсiптi жекешелендiрдi. Ендi оның алдында бақылауға алатын маңызды екi бағыт қалды, мен бұл жерде экономика жайлы айтып отырмын, ол банктiк сектор мен жер едi.

Сонымен, үкiмет жанынан құрылған “жер комиссиясының” алғашқы отырысы 7 сағатқа созылып, жиынға қатысқан 70 адамның 60-ы сөз сөйлеп, “айтарларын айтып қалды”. Комиссия төрағасы, премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссия құрамына барлық аймақтардың өкiлдерi, парламент депутаттары, үкiмет мүшелерi, ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерi мен азаматтық белсендiлер қатысқанына ерекше

Сенбi сайын бас қосып, дөңгелек үстел басына жиналатын Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерi – негiзiнен елге белгiлi адамдар. Бiрақ белгiлi адамдар халықтың емес, билiктiң сойылын соғатын бүгiнгiдей заманда комиссияның қай тарапқа қисаятынын болжау аса қиын емес. Өйткенi тiзiмге енген жетпiс бес адамның iшiнде қазақ жерiнiң саудаға түсуiне қасқайып қарсы тұрады-ау деп үмiт артуға болатындары санаулы

              Негiзi комиссия отырысында “Алаш жолы”, Зәуреш Батталова бар, бәрiмiз келiсiп, күн тәртiбiндегi мәселенi дауыс берумен емес, келiсiм бойынша шешудi ұсындық. Өйткенi қарап отырсақ, комиссия құрамындағы 67 мүшенiң 10-12-сi ғана қоғамдық ұйымдардан екен. Қалғандары билiктiң ресми өкiлдерi, билiктiң айналасындағы адамдар. Фермер-шаруалар. Сондықтан бұл комиссияның жұмысына халық сенбейдi

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересi Ай­сұлтан Назарбаев Астанадағы танауды жарған сасық иiстi кетiрмесе, Әдiлбек Жақсыбековке арнап, қаланың қалдық суы жиналатын Талдыкөлдiң жағасына киiз үй тiгiп беруге уәде еттi. Өткен айдың соңында Н.Назарбаевтың қала әкiмiне қысқа уақытта Астанадағы қоңырсық иiстi жоюды бұйырғаны белгiлi. Айсұлтан Назарбаев Фейсбуктегi парақшасында футболдан бастаған жазбасын Астананың исiмен көңiрсiттi. 

1974 жылы Ян Жи Ван деген қарапайым қытай шаруасы археологияда ойламаған жерден үлкен төңкеріс жасады. Сиань қаласының маңынан артезиан құдығын қазып жатқанда ол саз балшықтан жасалған бірнеше мүсінге кезігіп қалады. Оның тарихи құндылық екенін сезіп, шаруа археологтерге хабар береді. Мамандар көмбені сынақ ретінде қазып көргеннің өзінде-ақ, оны сенсация деп бағалайды.
Мен бұл әңгімені Түркиядан келген Әбілхакім ағамыздың аузынан естігенде, сенер-сенбесімді білмей, қатты таңғалдым. Тіпті, көпке дейін есімнен шықпай қойды. Ойлана келе «МБМ»-ге жазуды жөн деп таптым да, қолыма қалам алдым. Бұл өткен ғасырдың 70-жылдары болған оқиға. Бір күні Айжамал деген қа­рындасымыз ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Қайда, қалай кеткенін, үйден қашан шық­қанын ешкім көрмеген де, естімеген. Тек білетіні­міз, сол

Менің жасым 70-ке келіп қалды. Осы өмірімде барды да, жоқты да, жаманды да, жақсыны да көрдім. Ұлымды ұяға, қызымды қияға қон­дыр­дым. Жастар біле жүрсін деген ниетпен бүгін өз ойымды ортаға салып отырмын. Бізді әке-шешеміз «біреудің ала жібін аттама», «қиянат жасама», «қарғыс алғанша, алғыс ал» деп өсір­ді. Рас, жас күнің­де оған мән бермейсің. Қызылды-жа­сылды дүниенің қызығы­мен жүре бересің.

Биыл наурыз айының аяғын ала Оңтүстік өңірге жолсапарға шықтым. Мақсатым – Бетпақдаланы ендей жатқан «Жуантөбе» елдімекенінде тұратын, он жыл бірге оқыған сыныптас досым Жұмағали Арынның қырық күндігіне қатысу. Мінгенім – Алматы – Атырау бағытына жүретін жүрдек пойыз. Көршілерім – жас жігіт пен екі келіншек. Қаладан едәуір ұзаған соң көршілерім шай қамына кірісіп кетті. Бәріміз жолға алып шыққан дәмдерімізді ортаға қойып жатырмыз

Алматыда дзюдодан   “Grand Prix” сайысы мәресiне жеттi. Алтын медаль алған спортшыға – 300, күмiстi қанағат еткенге – 180, қола медаль бұйырған балуанға 120 ұпай тиген сайыста елiмiздiң 34 балуаны күш әлеуетiн сынап көрдi. Үш күнгi тартыста қоржынымыз­ға 1 алтын, 2 күмiс, 3 қола медаль тидi. Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құраған гран-при сайысының аясындағы игi шараның бiрi ретiнде дзюдо академиясы ашылды.

ҮЗДIКТЕР ДЕ ҮМIТКЕР
19 мамырда Астанада бокс­тан қыздар арасында әлем чемпионаты жалауын желбiретедi. Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиа­дасының 12 жолдамасы сарапқа салынатын сайысқа әлемнiң таңдаулы боксшылары қатысады. Мәселен, бес дүркiн әлем чемпиондары үндiстандық Мэри Ком, ирландиялық Кэти Тейлор да Астана рингiнде күштерiн сынайды. Американдық

“Қазақстан барысы” республикалық турнирiне iрiктеу Алматы қаласында дүркiреп өттi. “Алматы барысы” сайысы, сөз жоқ, жылдағыдан жаңаша, жанкүйердi жалықтырмайтындай ұйымдастырылыпты. Көрермен алты сағат тапжылмай отырып күрестi көре бергеннен жалығады. Сондықтан да үзiлiсте әншiлердiң ән шырқап, бишiлердiң мың бұрала билеуi, шағын көрiнiстiң сахналануы көрермендердi серпiлтiп отырды.

КОФЕНI КӨП IШКЕНДIКТЕН...
Француз жазушысы Оноре де Бальзак көзi жұмылғанша кофе iшiптi. Елудi еңсерген шағында-ақ өмiрмен қош айтысқан жазушының жақын-жуықтары   кофенi мөлшерден тыс iшуi ажалына себеп болды деп есептейдi. Расында да Бальзак 51 жасқа қараған шағында өкпе мен жүрек ауруынан көз жұмды.