1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (16122) 19 мамыр, бейсенбі 2016
ҚР президентi Н.Назарбаевқа,
Бас прокурор Ж.Асановқа,
Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәмиге,
Iшкi iстер министрi Қ.Қасымовқа

– Мұхтар Әуезовтiң “Кеден кеден болды, кедергi неден болды?” деген сөзi бар едi. Сол айтпақшы, жер қоз­ғалса да қозғалмайтын қазақ неге қозғалды? Бәрiне төзген қазақ неге көшеге атып-атып шықты? Оларды үйлерi­нен сүйреп шығарған кiм? Әрине, билiктiң өзi. Бұған дейiн ел бәрiне көндi. Төбесiнен протон құлап жатса да үндемедi, “қойшы, билiкке сенейiк­шi, бiр бiлгендерi бар шығар” дедi.

“Рұқсат етiлмеген жиынға келген әрбiр адам үшiн ұйымдастырушылар, сiздi шақырғандар емес, анығында жоғарғыдағылар, бесiншi колонна 50 доллардан 150 долларға дейiн алуда. Бұл – әшейiн бизнес. Сiз, сiздiң достарыңыз оны бiлмейдi, ең бастысы олар сiзге қалай шығу керектiгiн бiледi. Сол үшiн төлейдi. Өте алыс жақтан төлеп жатыр – басқа, бiздiң тағдырымызға бей жай қарамайтын елдер... Өкiнiшке қарай, мен асыра сiлтеп отырғаным жоқ.

“Жер сатылады” деген суыт хабар шыққалы берi “Жас Алашқа” күнiне кемiнде 4-5 адам келедi. Ондаған оқырман өз қарсылығын айтып, қоңырау шалады. Олардың кейбiрiнiң ой-пiкiр, ұсыныс-талабы газет бетiнде жарияланып та жатыр. Ал Құнапия Жанпейiсұлының жөнi бөлек. Өйткенi бұл кiсi – сонау Орынбордың қазағы. Қазақстандағы балаларына әдетте қыстың күндерi келiп қайтатын қарияның биыл сапар мерзiмi өзгерiптi. Себеп – елдi дүрлiктiрген Жер дауы

Жүсiпбек Аймауытов: Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүрiп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегiмен сабанның топанындай ағылып келiп, сенiң жерiңе атақонысындай орнығып алады. Ел алу, жер алу – Қытайға түкiргеннен де оңай. Ол көптiгiмен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзiмен қоңсылас елдердi соғысып жой­ған жоқ, сауда жасап жүрiп-ақ жұтып қойды. Бұ сияқты жер алу, ел алу әдiсiн дүние жаралғалы тарих жүзi көрген жоқ шығар.

АТЫРАУ МЕН ОРАЛДА БЕЛСЕНДIЛЕР АБАҚТЫҒА ҚАМАЛЫП, ЖАҢАӨЗЕНДIКТЕР ЕСКЕРТУ АЛДЫ
Азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянды Атырау қалалық мамандандырылған әкiмшiлiк соты рұқсат етiлмеген митингiнi өткiзуге заңсыз шақырды деп айыптап, 15 тәулiкке абақтыға жапты. Олардың адвокаты Төлепқали Аянов әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамасының дәлелсiз жасалғанын айтады.

Қарағанды облысының әкi­мiнiң аппаратындағылардың басым көпшiлiгi мем­лекеттiк тiлдi бiлмейдi. Мысалы, Қарағанды облысы әкiмi­нiң энергетика, коммуналдық шаруашылығы және ТЖ мәселелерi жөнiндегi орынбасары Андрей Ляпунов, Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская, кәсiпкерлiк басқармасының басшысы Татьяна Аблаева, Саран қаласының әкiмi Анатолий Шкарупа қазақша сөйлемек түгiлi,

Елiмiздегi орта мектептерде пәндердi үш тiлде оқыту реформасы жасалып жатыр. “Ойланбай жасалған iс ойран болады” деген сөз бар. Барлық тәуелсiз мемлекет өз тiлiнде бiлiм беруi қажет және барлығы солай iстеп те жүр. Тек бiздiң ел ғана айды аспанға шығарып отыр. Ұстаз ретiнде айтарым, балаларға бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейiн ғана өзге тiлдi оқыта бастау керек.

“Жер реформасына қатысты бүкiлқазақ­стандық митинг өтедi” деген ақпарат тарағалы Астана мен аймақтарда полиция азаматтарды ұстауын жиiлеттi, кейбiр белсендiлерге қылмыстық iс қозғалды. 17 мамырда полиция 8 адамды ұстап, прокуратура шақырғаны хабарланған едi, бүгiн ұсталғандар көбейе түстi. 10-15 тәулiкке қамалғандар саны 10-нан асты”, – деп хабарлайды Azattuq.org

Ыстамбұлда Сауд Арабиясына Қырғызстан төлқұжатымен ұшып кетпек болған 98 Қытай азаматы ұсталды. ҚХР азаматы саналатын этникалық ұйғырлар Ыстамбұлдан Ататүрiк әуежайына Үрiмжiден ұшып келген. Олар Солтүстiк Кипр­ге билет алған. 16 мамырда олар төлқұжаттық бақылаудан өтiп, транзиттiк дәлiзге шығады.
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДIНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Мұсылман қауымының бiр парызы – қажылыққа бару. Қазiргi теңгенiң құлдырауы, қажылыққа барып-келу құнының жоғарылауы мұсылман азаматтарды тығырыққа тiреп отыр. 2007 жылға дейiн қажылыққа бару 1700 АҚШ долларына тең болған. Бүгiндерi 3600 АҚШ доллары да аздық ететiндей.

Шынжаңның (ҚХР) Майтау деген қаласының көшелерiне жаңадан ойлап табылған қоқыс жәшiктерi орналастырылыпты. Бұл жәшiктiң пiшiнi қандай деп ойлайсыз? Ол – қазақтың киiз үйiнiң үлгiсiндегi жәшiк. Тiптi, төбесiндегi қақпағы да киiз үйдiң шаңырағының бейнесi. Сыртын ұлттық ою-өрнегiмiзбен көмкерiптi.  Осы күнге дейiн қазақтың киiз үйi барша әлемге танылды. Бiрақ дәл бұлай киiз үйiмiздi ешкiм масқаралаған емес.

Қызылорда қаласында жаяу жүргiншiлердiң жолдары мен көлiк жолдарына деген талап өте күштi. Қала орталығының кө­шелерiнде қазiр бiр мiн жоқ. Дегенмен, тұрғындардың кө­кейiнде қаланың орталық кө­шелерiн сылап-сипай бергенше, шет аймақтардағы көшелердiң ой-шұңқырын неге түземейдi деген сұрақ туындап жүр. Жақында ғана бiр топ жұмысшының қала ортасындағы айнадай тегiс жатқан жолдардың асфальтын жаңалауға кiрiскенiн байқадым
Қабдеш Жұмаділов – 80
Қабдеш Жұмаділовтің «Қылкөпір» атты романы бар (2003 жыл). Бұл ро­манның басты кейіпкері – Айжарық деген жазушы. Осы Айжа­рықтың өмірлік позициясы жөнінде автор былай дей­ді: «Айжарық үшін бір ғана таразы, бір ғана өлшем бар. Адастырмас Темір­қазық жұлдызым деп соны ғана мөл­шер тұтты. Ол – қазақ ұлтының мүд­десі. Империя кезінде қазақты азат етуден, азаттықтан кейін тәуел­сіздікті бекемдеуден артық міндет жоқ деп білді.
Ана тілім, ардақ тілім, асылым.
Тумай қойды-ау сенің де бір ғасырың.
Қуанып ем сен алғаш «тәй» басқанда,
Алшысынан түскендей-ақ асығым.
Бірақ, бірақ қуаныппын ертерек,
Тасындым да, су сепкендей басылдым.
Ол – қазақ жастарының арасында Олимпиада айдындарының тұңғыш рет алтын медалына ие болған саңлақ. 1967-80 жылдары  баскетболдан КСРО құрамасында ойнады. КСРО халықтарының V, VI,VII спартакиадаларының (1971, 1975, 1979ж.) КСРО-ның (1970,1974, 1976-80жж.) Еуропаның (1967, 1977, 1979) үш дүркiн және ХХ жазғы олимпиаданың (1972жыл, Мюн­хен) чемпионы.

Жапонияның Токио қаласында волейболдан қыздар арасында Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасы үшiн електiк сайыс өтiп жатыр. Бүгiн додаға қатысушылар тынығып алып, ертең тартысты жалғастырады. Вячеслав Шапран баптайтын елiмiздiң қыздар құрамасы електiк турнирдi Нидерланды құрамасына қарсы өткiзiп, төрт сетте 3:1 есебiмен жол бердi. Бiрiншi сетте 12:25 есебiмен тiзерлеп, екiншi сетте 25:21 нәтижесiмен жеңiс бiзге ауды.

АЛАМАНҒА АРУЛАРЫМЫЗ ТУ АЛЫП КIРДI
Бүгiн Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем бiрiншiлiгi басталады. Кеше өткен жеребе тарту рәсiмi бойынша боксшы қыздарымыз алғашқы айқасын мына спортшыларға қарсы өткiзедi.Қыздар құрамасының аға бапкерi Вадим Присяжнюк әлем чемпионатында елiмiздiң намысын қорғайтын боксшылардың есiмiн тек спаррингтiк жекпе-жектен кейiн ғана