1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16125) 31 мамыр, сейсенбі 2016
31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнi
“Мың өлiп, мың тiрiлген” қазақ халқы өз тарихында талай зұлматты басынан кешiрдi. Соның бiрi – 30-жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiн. Халқымызды сандық жағынан да, сапалық жағынан да үлкен қасiретке душар еткен бұл нәубеттерге қатысты бiзде толыққанды көзқарас қалыптасты деп айта аламыз ба?

Қазiр 21 мамырда заңсыз ұсталып, заңсыз әкiмшiлiк жазаға тартылғандардың, жалпы сол күнi белсендiлiк танытқан азаматтардың қудалауға түсе басталғаны айғақталуда. Осыған орай, бiр шоғыр қоғам қайрат­кер­лерi өзiнiң белсендi азаматтық ұстанымы үшiн қудалауға түскендердi қорғау жөнiнде, анығында, бүгiнгi қуғын-сүргiнге қарсы “Араша” комитетiн құрды. Комитет мүшелерi Гүлжан Ерғалиева, Маржан Аспандиярова, Расул Жұмалы, Жанболат Мамай, Аман Шорманбаев кеше Алматыда баспасөз мәслихатын өткiздi.

– Бiздiң халқымыздың сан жағынан қазiр азшылық болып отырғанының ең басты себебi де – осы ашаршылық. Барлық қуғын-сүргiн құрбандары шығынын қоса есеп­тегеннiң өзiнде ол осы ашаршылықтың жарым-жартысына да жетпейдi. Бiрақ, әрине, рухани шығын өте жоғары болды. Қуғын-сүргiнде елiмiздiң көрнектi мемлекет қайраткерлерi, iрi тұлғалар, Әлихан, Ахмет сияқты рухани көсемдер кеттi. Әрине, бұл екi шығынды бiр-бiрiне қарсы қою ойымызда жоқ.

– Төрт жарым жыл болыпты. Кельн қаласының Театр Академиясында сабақ берiп жүрмiн. Бұл оқу орнының ерекшелiгi – студент ұстазды өзi таңдайды. Оқу жылы басында студенттер бiр ай бойы кез келген ұстаздың сабағына қатысуға құқылы. Тақтада әр ұстаздың аты-жөнi жазылған, атақ-даңқ, еңбегi сiңген-сiңбегенi туралы бiр сөз жоқ. Студент таңдаған ұстазының астына аты-жөнiн жазады. Бiттi. Тiзiмде, кем дегенде, екi студент болуы шарт. Болмаса жұ­мыссыз қаласың!

Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Саға­диевтiң сүйкiмiн әбден кетiрген үштiлдi бiлiм жүйесiнiң ырду-дырдуына ендi кәсiпкерлер қосылды. Олардың өзгелерден басты айырмашылығы, үштiлдiлiктi қолдайды екен. Соған қарағанда, қолдаушыны қолдан жасағандар “қалтасы қалың жiгiттер айтса, халық елп ете түседi” деп ойлайтын болуы керек. Қайдағы, өздерiнiң жұмысына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мәселеге “пәтуа” шығармақ бол­ған кәсiпкерлердi жұрт жерден алып, жерге салып жатыр.

ПРЕЗИДЕНТТIҢ НЕ АЙТҚЫСЫ КЕЛДI?
“Қазақта мемлекет болмаған... өйткенi шекарасы болған жоқ”, “Қазақ ешқашан қазiргiдей өмiр сүрген жоқ”. Осындай сөздердi басқа адам айтса, ашынған жұрт оның жағын айырып жiберуi мүмкiн едi. Президент айтқан соң амал жоқ, ел iштен тынады. “Мұнысы не сөз?” деп күйiнедi. Әлеуметтiк желi арқылы кәрiн төгедi. “Сосын шынымен бiз қалай өмiр сүрiп жатырмыз өзi?” деп ойлана бастайды. Бұл – заңдылық. Бiз де ойландық.
Құқықтық мемлекет құрып жатырмыз деп ойлаушы едiм. Көңiлiм көкте екен. Жаңа­өзеннен кейiнгi жылдары жербауырлап қалды. Қанатынан қайырылып... Кейiнгi күндерi көшедегi жүргiншiден сақшылар саны көбейдi. Анағұрлым. Қара­ғұрым. Бұлар бiздi қорғап жүр ме? Кiмнен? Әлде басқаларды бiзден қорғап жүр ме? Олары кiм? Бiзден не қауiп?.. Бiраз күн бұрын бiраз жұртты қамап тастады. Iшiнде кәрi де, жас та бар. Кеше де бiраз жұртты ұстап әкетiп, бiраз әурелеп барып босатып жатты. Iшiнде кәрi де, жас та бар.

Мамырдың 28-i күнi Астанада үкiмет жанынан құрылған жер комиссияның үшiншi отырысы өтiп, онда “шетел азаматтарына ауыл шаруашылығындағы жердi жалға беру қажет пе?” деген мәселе қаралып, жиынға қатысқан 62 адамның 30 шақтысы сөз сөй­ледi. Мұның алдында өткен екi отырыспен салыстырғанда бұл жолы пiкiр бiлдiргендердiң көп­шiлiгi “екi шоқып бiр қараған” сауысқанның сақтығын ұстанғандай болды.

Қазақстандағы танымал саясаттанушы Досым Сәтбаевтың пiкiрiнше, “Еуразия” телеарнасының журналистерi ұялмай-қызармай өтiрiк айтады және деректердi бұрмалайды. Екi жыл бұрын Досым Сәтбаев Украинадағы жағдайға байланысты сұхбат берген. Сұхбатта бұл елдегi тұрақсыздық пен бас прокуратураның мемлекеттiк төңкерiстiң алдын алғаны туралы мәлiмдемесiне қатысты сөз бол­ған. “Еуразия” телеарнасының тiлшiлерi “жерден жетi қоян
САВЧЕНКО САЯСАТ МАЙДАНЫНА ШЫҚТЫ
Табаны туған жерiне тиiсiмен Надежда Савченко Украинадағы ең танымал саясаткерге айналды. 2 жыл бойы Ресейде тұтқында болған оның әуежайдағы алғашқы мәлiмдемелерi ұшқыш қыздың елдегi саясатқа жаңа леп әкелетiнiн сездiрткендей болды.
31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнi
Тарихқа тереңдеген сайын, құнды деректер табыла түседi. Ақ жаулықты аналарымыздың мұң-зарын араға жарты ғасыр салып есiтiп отырмыз. Бүгiнгi мақаламыздың кейiпкерлерi – 1937 жылғы қуғын-сүргiндi басынан кешiрген аналарымыз, халық үшiн аянбай еңбек еткен абзал азаматтардың жарлары.
Ауылға барған сайын күре жолдың бойындағы қорымға жерленген нағашы атам есiме түседi. Нағашы атам алты жасқа толғанымда өмiрден өттi. Үлкен кiсiлердiң айтуынша атқұмар атамыздың ажалы астындағы атынан келiптi. Нағашы атам жастайынан атқұмар болып, ерден түспеген екен. Ес бiлгеннен өмiрiнiң соңына дейiн мал баққан атамыздың көкпар тартуға әуестiгi ерекше болған.

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чем­пио­наты да мәресiне жеттi. “Болғанынан боладысы қызық” әлем чемпионатында рекорд жаңалауға келген, атағын еселеу үшiн жеткен талай саңлақ сүрiндi. Әлемнiң бес дүркiн чемпионы деген атаққа ие үндiстандық Мэри Ком мен ирландиялық Кэти Тейлор алты дүркiн әлем чемпионы атана алмай қайтты. Лондон Олимпиадасының чемпионы,

КАПИТАН ДА ЖЕҢIЛДI
“Астана арландары” клубы бүкiләлемдiк бокс сериясының алтыншы маусымында жартылай финалда сүрiндi. Англияның “British Lionhearts” клубынан ұтылды. “Арландар” 26-27 мамыр күндерi Лондонда өткен жартылай финалық сайыстың он жекпе-жегiнiң жетеуiнде сүрiнiп, үш айқаста басым түстi.